Жан түршігерлік жол апатынан аман қалған бойжеткен тұрмысқа шықты
Жан түршігерлік жол апатынан аман қалған бойжеткен тұрмысқа шықты
АҚШ-тың (Чикаго) 33 жасар тұрғыны Эрин Роллинс жан түршігерлік жол апатынан аман қалып, ұзақ уақыт бойы оңалтудан кейін тұрмысқа шықты. Дениис есімді ғашығы оны қиын сәтте тастамай, 2 жыл бойы қасынан табыла білдідеп жазады Daily Mail.
Бойжеткен жол апатына түскенде қатты соққыдан омыртқасы сынып, жарықшақтар омыртқа каналына түсіп, ішкі дене мүшелерін зақымдаған.Денсаулығын сақтап қалу үшін дәрігерлер жалпы 8 ота жасаған.
Роллинс өмірінің соңына дейін қатты ауырсынуды сезетін және нәжіс қабылдағышты пайдаланатын болады. Жамбасындағы жарақатына байланысты ол құрсақ көтере алмайды. Бірақ, осыған қарамастан бойжеткен өмірінің соңына дейін бақытты тұрмыс кешу үшін күресуге бел байлап отыр.
«Мен оқиғаға кінәлі көлік жүргізушісін кешіргенім менде бәрі дұрыс, жағдайымның жақсы екенін білдірмейді. Біз алдымызда не күтіп тұрғанын білмеймін және болашағымызды алдын ала ретке келтіре алмаймын, бірақ біз басымызға түскен жайттарға өзімізді қалай ұстау керектігін білеміз. Маңдайға жазылғаны осы шығар деп жай ғана жатып алып өмір сүруге де болады, керісінше, басымызды көтеріп, қиындыққа қарсы күресуге де болады», – дейді Эрин.
Дереккөзі: Сегодня
reactor.inform.kz