Жалпы театр өнері мен қазақ театры

0

МАЗМҰНЫ

Кіріспе
… … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … ..3-6

I тарау.
1.1.Қуыршақтың жасалу әдістері мен
тәсілдері … … … … … … .. … … … … … 7-8
1.2.Мектепалды даярлық тобында қуыршақты қолдану жолдары … … … … 9-
10

II тарау.
2.1.Мектепалды даярлық тобында театр түрлерін қолдану
ерекшеліктері
… … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … .. 11-13
2.2.Театрландырылған ойынның жіктелуі. Драматизация
Режиссерлық … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … .14-17
2.3.Жалпы театр өнері мен қазақ
театры … … … … … … … . … … … … … … ..18-24

Қорытынды
… … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … 25-27
Пайдаланылған әдебиеттер
… … … … … … … … … … … … … … … … … … …28-
29

Кіріспе
Қуыршақтар мәдениетіне бай Жапон елін Қуыршақтар патшалығы деп те
атайды. Дәстүрлі жапон қуыршақтары нингё деп аталады. Бұл сөзді жапон
тілінде жазғанда, адам және түр сөздердің мағынасында жазылған
иероглифтер қолданылады. Жапон қуыршақтары әр алуан түрлі, олардың
кейбіреулері бүлдіршіндерді, басқалары – император сарайының мүшелерін,
жауынгерлер мен батырларды, ертегі кейіпкерлерін, құдайлар мен әзәзілдерді
бейнелейді. Қазба жұмыстарында табылған ежелгі қуыршақтар Дземон дәуіріне
жатады. Алғашында қуыршақтар жебеуші немесе тұмар ретінде қолданылған.
Қуыршақтар мәдениетінің өркендеу кезеңі Эдо дәуірімен сәйкес келеді. Осы
кезеңнен бастап әр түрлі және мағыналық қуыршақтар жасала бастады. Жапон
қуышақтарын дайындауда ағаш, қағаз, мата, саз және гүлдеп тұрған
бақытгүлдер қолданылған.
Қуыршақтардың көп бөлігі сыйлық ретінде немесе Хина Мацури сияқты Қыз
балалар мерекесі үшін жасалынады. Бұл ғажайып мереке көне дәуірлерден
бастау алады. Бүгінде әрбір жапон отбасында өздерінің бүлдіршін қыздарының
бақыты үшін қастерлеп жинаған көптеген Хина қуыршақтары бар. Сонымен қатар,
көрмеде Жапонияда 5 мамырда атап өтілетін Ұл балалар мейрамына арналған
қуыршақтар – Гогацу Нинге тобы да ұсынылмақ. Жапонияда қуыршақтар жасау
өнері 1936 жылдан бастап ресми түрде танылды. 1955 жылы Жапон үкіметі
Шынайы ұлттық қазына (Нингэн кокухо) дәрежесі тағайындады, бұл дәрежені
қуыршақтар жасайтын озық шеберлер алады.
Көрмеде 70-тен астам қуыршақ ұсынылады, олардың ішінде Жапония театр
өнерінің ең озық дәстүрлі қуыршақтарын – әйгілі Но, Бунраку және Кабуки
театрларының белгілі сахна қуыршақтарын, сондай-ақ, дәстүрлі Кокэси
қуыршақтарын және қазіргі заман шеберлерінің дайындаған қуыршақтарды
тамашалауға болады.
Астананың 11 жылдық мерейтойы қарсаңында Президент Нұрсұлтан Назарбаев
қазіргі кезде Қазақстанның тұңғыш Президентінің мұражайы ретінде жұмысын
жалғастырып жатқан өзінің Астанадағы бұрынғы резиденциясына бас сұқты. Құр
қол емес. Еліміздің мәдениетінің, білім саласының және спортының өрлеуіне,
өркендеуіне айтулы үлес қосқан бір топ азаматқа зор қуаныш ала келіпті.
Елбасының қолынан пәтер кілтін алғандардың ішінде әйгілі әнші Қайрат
Байбосынов және белгілі опера әншісі Майра Мұхамедқызы, дәулескер күйшілер
Айгүл Үлкенбаева мен Секен Тұрысбеков, белгілі сыншы-жазушы Тұрлыбек
Мәмесейіт, нашар көретіндер арасындағы шахматтан екі дүркін әлем чемпионы
Мұрат Жүнісов, әншілер Айгүл Қосанова мен Клара Төленбаева, каратэден
халықаралық дәрежедегі спорт шебері, әлем чемпионы Мария Гриднева қатарлы
барлығы 19 азамат бар. Мемлекет басшысының айтуынша, жалпы, Астана күні
қарсаңында 300 адам пәтер кілтін алады.Астаналық көрермен қауым Қалибек
Қуанышбаев атындағы Музыкалық-драма театрдың талапқа сай келмейтін қазіргі
ғимаратына көңілі толмайтынын көптен білдіріп жүр. Президент кешегі
жүздесуде Астанада қазақ драма театрына да, орыс драма театрына да жан-
жақты жарақталған ғимараттардың болатынын айтты. Әрине, барлық ғимаратты
бір-екі жылда тұрғызып тастаудың мүмкін емес екені даусыз. Бір мезетте
3500 көрермен қабылдай алатын киноконцерт залының құрылысы аяқталуға жақын.
Келешекте қазақ және орыс драма театрларына арналған жаңа ғимараттар
саламыз. Жаңа опера театрын саламыз, – деді Елбасы. Нұрсұлтан Әбішұлының
мәлімдеуінше, Астана келешекте түрлі театрларымен қатар ғажайып концерт
залдары бар ірі мәдениет орталығына айналуға тиіс. Ғылым-білім, денсаулық
салалары бойынша да Астананың мақтаныш етер жаңалығы мол. Халықаралық
деңгейдегі университеттің шәкірт қабылдай бастайтын күні де алыс емес.
Интеллектуалдық мектептер ел игілігіне беріле бастады. Аса маңызды
денсаулық сақтау нысандары салынып, медициналық кластер құрылды. Өз
кезегінде мұның бәрі де аталған сала мамандарына үлкен жауапкершілік
жүктейтінін ұғынуға тиіспіз. Әйтпесе елімізге келіп жатқан ғажайып
технологиялар мен бай ресурсты өзіміз игеріп, игілігімізге жарата алуымыз
екіталай. Сіздерден де қазіргі заманғы талаптарға сай бола білу, білікті
болу талап етіледі, – деді ол. Елдің көркейіп, осы іспетті бақытқа кенелуі
Президентті де қуанышқа бөлейтіні белгілі. Қысқасы, жаңа ғасыр ғаламаты
Астана елін де, Елбасын да қуанышқа бөлеп отыр.Тағы бір жаңалық, Астана
тарихының алғашқы іздері қалған Президенттің бұрынғы резиденциясындағы
жүздесуде туризм және спорт министрі Темірхан Досмұхамбетов Астана
қаласының құрметтi азаматы құрметті атағына ие болды. Енді ол елордада
коммуналдық қызмет ақысын төлемейтін болады және қоғамдық көліктерде тегін
жүре алады. Ол 2003-2004 жылдары Астана қаласының әкімі қызметін атқарған
болатын.Өткен жылы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен
экономиканы тұрақтандыру және құрылыс саласын қолдау мақсатында шаралар
кешені жасалып, Үкімет пен жергілікті атқарушы билік орындары білек сыбанып
іске кіріскен болатын. Астана қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің
мәліметінше, осы кешенді шаралар аясында әкімдік құрылыс компанияларынан
6203 пәтер сатып алған. Жалпы көлемі 41 миллиард теңгені құрайтын осы
мақсаттағы инвестиция Астанадағы 47 тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқтауға
мүмкіндік береді екен. Сатып алынған пәтерлер Мемлекеттік тұрғын үй қорына
беріліп, Астана қаласының Тұрғын үй басқармасында баспанасыз немесе баспана
жағдайын жақсартуға мұқтаж жандар ретінде тіркеуде тұрғандарға беріледі.

Тақырыптың өзектілігі: Мектепке дейінгі жасөспірім баланы тәрбиелеу
мен дамыту ісіне байланысты мақсаттарды шешуде театр ерекше рөл атқарады.
Театр әр балаға қуаныш ұмтылмас әсер сыйлайды, оның көркемдік талғамын,
еліктеуі мен қиялын дамытады.
Зерттеудің мақсаты:Әдетте адамның жеке басының қасиеттері бес жасқа
дейін қалыптасады екен. Сондықтанда да баланың жан-жақты қалыптасуы үшін
мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің бойына жақсы, жағымды қасиеттерді
сіңіре білу керек. Бала әр нәрсеге құмар, қызыққыш, ол өзінің айналасында
болып жатқан өзгерісті, тамаша құбылыстарды сезінуге тырысады. Оның жан-
жақты дамып, жеке тұлға болып тәрбиеленуіне, тілінің дамуын
театрландырылған ойындар арқылы жетілдіруге болады. Ал, театрландырылған
ойындарды балалар қызықтап ойнайды. Театрландырылған ойындар желелі рөлдік
ойындардан тек желісі ғана емес, сондай-ақ ойнау іс-әрекетінің сипатымен
ерекшеленетіні айқындалған. Театрландырылған ойындар ойын – қойылымдары
болып саналады, бұл жерде балаларға арналған көркемдік шығармаларды
сахналық қойылымдарға айналдырып, оларды кейіпкер ретінде қатыстырудың
маңызы зор. Баланы сахнада кейіпкер ретінде ойната отырып, оның жеке
тұлғасын жан-жақты дамыту. Оның бойында әдебиетке, мәдениетке, өнерге деген
құштарлықты ояту. Бүлдіршіндер сахнада шағын рөлдерде ойнау арқылы
байланыстыра сөйлеуге, әдемі киініп, жинақы жүруге, үлкендермен және өзге
де балалармен тіл табыса білуге үйренеді. Жетілген диалог балалардың өз
пікірін жеткізе білуге жетелейді.
Зерттеудің болжамы:Ойын барысында ойын ситуациясына бейімделу, алғашқы
да жекелеген элементерді, кейінен рөлді толығымен ойнау арқылы баланың ой-
өрісі,қиялы дамиды. Рөлді ойнау арқылы өз кейіпкерін алдына елестетіп қана
қоймай, бала оның әрекеттерін, сезімдерін сезінеді. Осындай эмоциялық
күйлер баланы бұрын байқамаған өмір көріністеріне таң қалдырып,өз сезімін
мимика, ым-ишара, тағы басқа көріністер арқылы біреуге үйретеді.

Зерттеудің міндеті:
Мектепалды даярлық тобында жасөспірім баланы тәрбиелеу мен дамыту
ісіне байланысты мақсаттарды шешуде театр ерекше рөл атқарады. Театр әр
балаға қуаныш ұмтылмас әсер сыйлайды, оның көркемдік талғамын, еліктеуі мен
қиялын дамытады.

I тарау.
1.1.Қуыршақтың жасалу әдістері мен тәсілдері.
Түрлі түсті қағаздан қуыршақ жасайтын сабақта бір түрлі қуыршақ жасау
шарт емес. Оқушыларға сабақтың тақырыбын хабарлап, әр оқушыға өз қалауына
байланысты қуыршақ жасату — өте тиімді. Мұндай ұсыныс алған оқушылар
өздеріне ұнаған қуыршақтың моделін жасауға кіріседі.
Оқушылардың идеясы, фантазиясы іске асып қана қоймай, ол жұмысқа
қызыға жұмылады. Бірақ, мұндағы ескеретін аса маңызды жай, мұғалім сабақ
барысында барлық оқушыларды назарынан тыс қалдырмауы керек. Себебі, тақырып
бір болғанымен, сыныпта қанша оқушы болса, сонша адамның фантазиясы іске
асады. Мұғалімнің міндеті — әр оқушыға жеке-жеке кеңес, бағыт-бағдар беріп
отыру.Қуыршақ кірпіктер.Заманауи сәнқой қыздар макияжда ең бастысы — артық
кетпеу екендігін біледі. Алайда бұл ереже тушьқа қатысты емес. Осы маусымда
визажист мамандар қуыршақ кірпіктер макияж үлгісін жасауға кеңес береді.
Бұндай макияж жасау үшін жақсы тушьпен кірпіктеріңізді бірнеше қабат
жағыңыз. Астыңғы кірпіктерді ді жақсылап бояп шығу шарт. Бірақ бұндай
макияжда басқа да ескеретін нәрселер бар екен.
Біріншіден, бет терісінің реңкін мінсіз қылу керек. Беттегі
кемшіліктер көзіңізден көңілді аударып, бүкіл бейнені бұзуы мүмкін. Қою
реңк беруші кремді өте жұқа қабатпенен жағыңыз. 
Ашық түсті бояуды қабаққа жақсаңыз болдаы. Осылайша боялған
кірпіктеріңіз жақсырақ көрінеді. 
Астыңғы кірпіктерді бояңыз. Кейін тушьты тігінен ұстап, кірпік ұштарын
тағы бір бояңыз. Бірнеше кірпіктерді қысып ұстап, жабыстырыңыз.Жоғарғы
кірпіктерді де дәл солай бояңыз. Макияждағы басты көңіл көзге
бөлінгендіктен, ерінге табиғи түсті далап не жылтыр жағыңыз.
Мектепалды даярлық тобының балалары саханалық өнерді үйреніп, сезіне
бастағанда олардың тілі, ойлау түйсігі, өнерге құштарлығы арттады. Қандайда
да саханалық қойылымның алдында балалармен бірнеше кіріспе жұмыс
жүргізіледі.
1.Тәрбиешілер балаларға ертегі, әңгімелер оқып, не әңгімелеген кезде
ертегідегі кейіпкерлердің мінез-құлқына, дауысының ырғағына, қимылдарына
назар аударылады.
2.Әр кейіпкердің киіміне көңіл бөлінеді. Қуыршақ театрында
қуыршақтардың киімі өзгертіліп отырады.
3.Сұрақ – жауап арқылы кейіпкердің қимылын, іс-әрекетін байқап,
бағалап отыру.
4.Қимыл мен сөз арасындағы байланысын қадағалау.
Дайындық топтарындағы балалардың театрландырылған ойындары
қиындай түседі. Балалардың тілін жаттықтыру үшін, қазақ халқының асыл
сөздерімен сусындата отырып, әрбір сахналық қойылымның алдында қазақ
әндерін, қазақтың ауыз әдебиетіндегі өтірік өлеңдерді, мақал-мәтелдерді,
жаңылтпаштарды, санамақтар мен жұмбақтарды, түрлі ұлттық ойындарды, ән-
күйлер мен билерді кіріктіріп отырылды. Мысалы, Үйшік ертегісінде әр
кейіпкерлердің сахнаға шығуын Қонақ келсе құт деген мақалмен бастадық.
Театрлық ойынға қатысушы даярлық тобының балалары кейіпкерлердің мінезін,
жүріс- тұрысын, әдеттерін айнытпай салып көрерменге иланымды етіп ойнауы
үшін, талмай жаттығулар жасалады.
Сахналық өнерге баулыған балалар жаттаған сөзінің мағынасына
сәйкес, күйінікті-сүйінікті сезімдеріне сәйкес тебірене мәнерлеп айта
білуге үйренеді. Соның нәтижесінде олардың шығармашылық қабілеттері оянды.
Бейнелеу, көркем әдебиет, тіл дамыту сабақтарын байланыстырып өткізгенде,
әр сабақтың соңы әрқашанда дерлік ертегі сюжетімен байланысты қойылымдармен
аяқталып отырды. Сонымен қатар, балалардың сөздік қоры толықтырылды, сөйтіп
олардың белсенділігі артты, сабақтар мен сауық кештері еркін де қызықты
түрде өтетін болды. Балалар өздерін еркін де бос ұстап, сабаққа ынталана,
құштарланып қатысып отырды. Осы жұмыстарды өткізген кезеңде әрбір ұлттық
халық ертегілерінен көріністер қойылды.
Балалар өз беттерімен ойнаған дербес іс-әрекетінде де театр
ойындарының түрлерін жиірек қолданатын болды. Драмалық жанрға бейімделген
ойындар өздігінен туындап тәрбие жұмыстарының барысында ертегілер, сюжетті
көріністер де жиі қолданылып, тіпті кейде ертегінің кейбір бөліктері
өзгертіліп отырылды. Топ ішінде емін- еркін жүріп, өздеріне сабақ уақытында
керекті ойын құралдарын өздері таңдап алып отырды.
Балалардың шығармашылығы тек ролдерді орындаған кезде ғана емес,
сонымен қатар қуыршақтар, декорациялар дайындағанда да көрінді.
Қуыршақтардың түр-түрін, шымылдықтар, декорация жасау кезеңдегі ұжымдық
жұмыстар балалардың ұйымшылдығы мен белсенділігін арттырды. Балалардың
шығармашылық қабілеттерін, сөйлеу мәдениеті мен ой-өрісін, дүниетанымын
жетілдіру

1.2.Мектепалды даярлық тобында қуыршақты қолдану жолдары.
Қуыршақ театрын қолдану жолдарын дамыту қажет.Қаратөбе аудандық
Мәдениет үйінде Қазақстан Республик асына еңбегі сіңген мәдениет
қайраткері, тамаша тарланы Әділхан Қабылов бастаған Талғар аудандық
халықтық қуыршақ театры балаларға қуаныш сыйлады. Халық арасында Тамаша
тарланы деген атпен танымал Әділхан Қабылов ағамызды сахна сыртынан күтіп.
Ықылым заманнан бергі қазақтың қара домбырасымен бірге
мәдениетімізге енген Ортеке аңызын қойған қуыршақ театрымыз  1999 жылдан
бері жұмыстанып келеді. Құрамымызда 6 адам бар, әрқайсысының өз міндеттері
бар. Бұдан өзге құрамымызда 2 қыз бала болды. Олар іліспеді бұл сапарда.
Театрдың жанынан ашылған бұдан өзге Думан театры да бар. Қойылымдағы
барлық ертегілер мен әзілдердің авторы өзім.
  Қазіргі таңда қазақ сахнасында қуыршақ театры тапшы. Қуыршақ театрын
қолдауды қолға алып, дамытатын болсақ, біздің балаларымыз үшін тәрбиелік
маңызы бар тағы бір дүниеге ие болар едік. Қуыршақ театры — осыдан 2000-
3000 жыл бұрын қазақтың дәстүрлі аспабы — домбырамен қатар келген ортеке
ғой. Ал, Италияда — полишина, Францияда — панш, орыстың — петрушкасы бар.
Қазақта қуыршақ театры жоқ дейді біреулер, бар ғой! Ортекеміз бар. Тек
үлкен қолдауды қажет етеді.
  Оның себебі – қазіргі жастарымыздың ешқандай тәрбиелік мәні де,
мағынасы да жоқ әзіл-оспаққа әуесқойлығы деп ойлаймын.  Тамаша деген —
халықтың көңілін көтеруді мақсат тұтқан әзіл-оспақ. Ал театр — үлкен
тәрбиелік маңызға ие дүние. Қазіргі жастардың театрға бармайтынын айтып
қынжыламыз. Тәрбие — тал бесіктен дейді ата-бабамыз. Біз балаларымызды
жастайынан осындай театрларға апаратын болсақ, оның сана-сезімі кемелденіп,
көп нарсені білуге деген құштарлығы басым болып өсер еді.Бүкіл театр
актерлері қатысқан бұл шоу-бағдарламаны көрген де арманда, көрмеген де
арманда десек, артық айтпаймыз. Әсем безендірілген сахна, түрлі-түсті жарық
пен көңілді музыка бүгін біздің әртістеріміздің көңіл-күйін көтеріп,
демеушілер болса, көпшілік көрермен театр актерлерінің сахнагерлік
қабілетінен басқа да жеке талант қасиеттеріне куә болды.
Қызыл кілемше үстіне сән-салтанатпен сап түзеп, тізіліп шыққан
актерлеріміздің ойнаған рөлдері мен алған атақтары бір-бірлеп таныстырылып
тұрды. Сахнаға алдымен театрдың негізін қалаушылар, осы он жылдың ішінде 30-
дан астам рөлдерді сомдап, көрермен көзайымына айналған әртістер шықса,
олардың қатарын жаңадан келген жас буын әртістер толықтырды.
Көрерменнің ду қол шапалағы нөсердей жауды. Олар Баян сұлуымыз-Дина
Дөненбаева, Жәңгір хан мен Қожаназар атамыздың бейнесін келістіре
кейіптеуші Медғат Өмірәлиев, жас та болса -Ана рөлін, әйел рөлін көркем
ойнайтын Айнара Жансейітова, бір ғана Ескендір рөлімен театрға 5 жүлдені
қатар алып берген, көрерменнің сүйіктісі-Кенжебек Башаров,
Маңғыстаудың шерлі ғашығы, әнші- сазгер Қайып Қорабайұлының бейнесін
жасаушы Таңат Шайых, Томирис ханшайым-Құралай Мырзалинова, Серпер
сыйлығының иегері –Кенен Ақүрпеков, Маңғыстаудың ғазиз Ақбөбегі-Бану
Манкеева, Қозының анасы Мақпалды шебер сомдаушы Сәния Балхиева, Жантықтың
бейнесін сомдаушы-Марат Абай-Ділда…тізім осылай жалғасып кете береді.
Өнер иелері, өнердің хас шеберлері екенін көрсетіп бақты. Ән де салды, би
де биледі, опералардан ария мен романс та айтты. Және Театр тарихынан сыр
шертетін Ғ.Мүсіреповтің Қыз Жібек, Т.Әліпбаевтың Томирис және Қозы
Көрпеш-Баян сұлу, Гран-при және түрлі деңгейдегі 4 номинация жеңімпазы
Абайдың 38 қарасөзі желісі бойынша қойылған 38 немесе Қарақұрт
спектакльдерінен үзінді көріністерді қысқа да нұсқа өте әсемдеп, көрермен
назарына ұсынды. Сөйтіп, театр ұжымының бұл шоу-бағдарламасы жұртшылық
көкейіне қонымды болды. Ал, мерекелік кешке арнап, Жорға би ансамблі мен
эстрада әншісі Тамара Асардың ән, би шашуы кеш шырайын келтіре түсті.
Мерейтойға орай облыстық музыкалық драма театрының тұсауын кескен,
сахна абызы Асанәлі Әшімовтен, Қазақстан театр қайраткерлері одағының
төрағасы Тұңғышбай Жаманқұловтан және облысымыздан сайланған ҚР Сенаты мен
Парламенті Мәжілісінің депутаттары Б.Шелпеков, М.Бортник,
С.Оспанов, Г.Сейітмағанбетовадан келген құттықтау хаттар оқылды.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілі Гүлнафис Советханқызы ҚР
Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммедтен келген құттықтау-жеделхатты оқып
берді.
Х.Нұрғалиева театрдың бір топ әртістеріне облыс әкімінің Алғыс
хаттарын салтанатты түрде тапсырды және бір топ сахнагер ҚР Мәдениет және
Ақпарат министрлігінің Алғыс хаттарына ие болды.

II тарау.
2.1.Мектепалды даярлық тобында театр түрлерін қолдану ерекшеліктері.
Саусақ театрында– саусақтардың көмегімен қандайда болмасын ертегіні
немесе өлең-тақпақ шумағын саханалау болып табылады. Саусақ театры арқылы
баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және
шығармашылық әрекетіне жол ашылады. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар
қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды, құстарды және
ағаштарды бейнелей алады. Саусақтарының қозғалыс қимылына қарап, бала
қуанады шаттанады, сөз айтуға тырысады және өлеңде үйренген сөз шумақтарын
қайталап айта отырып, есінде сақтайтын болады. Сонымен қатар балалар екі
қолын қимылдата отырып, оң, сол, жоғары, төмен т.б. түсініктерді бағдарлай
алуда үйренеді. 
Үстел үстіндегі театры. Сәбилер тобынан бастап-ақ тақпақ пен қысқа
өлеңдерді айтқызғанда көркем сөздер әсерлі естілу үшін стол үстіндегі
театрды қолданған жөн. Мұнда үстелде құламай тұратын және қозғалтқанда еш
кедергісіз жүретін ойыншықтар қолданылады. Үстел үстіндегі қуыршақтар
театрдың бірнеше түрі бар: әр түрлі биіктегі конустан, цилиндрдан,
қораптардан жасалған ойыншықтар; таяқшадан жасалған театр; киндер- театр;
магнит театры; мочалка театр; үстел үстіндегі кейіпкерді тоқымадан немесе
крючокпен тоқуға болады ( олар өздерінің формасын ұстағандай пластмас
бутылкаларға кигізіп қойады); ағаш ойыншықтар, саздан жасалған ойыншықтар
(дымковски ойыншықтар). 
Суреттер (картиналар) театры. Декорация мен кейіпкердің –
суреттері. Олардың әрекеттері шектелген. Ойнаушының дауыс ырғағы
(интонация) арқылы кейіпкердің мінез-құлқы беріледі. Кейіпкер әрекет
барысында пайда болады, балалардың қызығушылығын арттырады. 
Стенд-кітапша театры. Бірін-бірі ауыстыратын иллюстрациялық оқиғалар
көрсетіледі. Стенд-кітапшаның беттерін ашу арқылы жүргізуші әр түрлі
сюжеттерді көрсеттеді (оқиғалар, кездесулер).
Фланелеграф театры. Суреттер мен кейіпкерлер экранда көрсетіледі.
Оларды фланельдер ұстап тұрады. Мұндағы суреттерді балалар мен бірге ескі
кітаптардан, журналдардан қиып алуға болады. 
Трафарет театры. Трафарет театры арқылы сөз құрамының байлығын,
диалог, монологты дамытуға болады. Балалар дайын трафареттердің көмегімен
болашақ кейіпкерлердің суреттерін жасайды. Оларды түрлі-түсті бояулармен
бояйды, дайын бейнелерді қайшымен қияды. Бұл жерде балалардың шығармашылық
ойлау қабілеттері дамиды. Ұжымдасып жұмыс істеу үрдісінде әрбір бала өзіне
берілген бейненің түр-тұлғасын, қимыл- қозғалысын өзгерте алады. 
Көлеңкелі театр. Жарық өте жақсы түскен экранда адамдар, жануарлар
және құстардың пішіндерінің қозғалысына қарауды балалар өте жақсы көреді.
Ертегі, әңгіме, өлең, әндерді көлеңке театры арқылы айтуға болады. Көлеңке
таетрдың қойлымын көрсетуге үш тәрбиеші қатысады. Біреуі мазмұнын оқиды,
екеуі көріністі көрсеттеді. Көлеңке театрдың сақанасы экран болады. Экранды
ағаштан немесе қалың кардоннан жасайды, ою- өрнекпен өрнектейді.
Кейіпкерлерді көрсету үшін – оны экранның арт жағынан ұстайды.
Кейіпкерлерді қара түспен жуқа кардоннан жасайды, жіп арқылы қозғалтады.
Кейіпкерлерді көрсеткенде қол көрінбеу керек. Бұл көріністер балалардың
шығармашылықтарын арттырады, ой өрістері дамытады.
Көлеңке театры – осыдан 1500 жыл бұрын Азияда пайда болған визуалды
өнер түрі. Бұл өнер шартты түрде көлеңке театры деп аталғаны болмаса,
экранда ешқандай көлеңке болмайды, тек жарық түсірілген экранның арғы
жағынан қуыршақтардың сұлбасы көрініп тұрады. Экран жұқалтаң болып келеді.
Әдетте қуыршақтар түйенің, ешкінің жұқа терісінен, қағаздан, қатты немесе
түрлі-түсті қағаздардан жасалады. Түрлі фигурадағы қуыршақтар бамбук, ағаш
және металл таяқтармен қозғалатын болған. Сондай-ақ көлеңке театрында тек
қуыршақтар ғана қолданылмайды, актерлердің қолының қимылы арқылы жасалған
түрлі фигуралар, тіпті актердің өзі де көрінуі мүмкін. Екінші мыңжылдықта
көлеңке театры Қытай мен Үндістанда өте кең тарады. Шыңғыс ханның әскерімен
бірге Азияның басқа елдеріне де тарала бастаған деседі. Көлеңке театры XVI
ғасырда Түркияда, яғни Осман империясында өте жоғары деңгейге көтерілді.
1767 жылы көлеңке театрының техникасын француздық миссионер Жюль Алод өз
Отанына алып барды. Ал 1776 жылы бұл театр Ұлыбританияда да танымал болды.
Немістің белгілі ақыны Гете осы бір өнер түріне аса қызығушылық танытып,
өзі арнайы қойылым қойған екен. Бүгінде көптеген коллекционерлердің
арасында теріден жасалған қуыршақтар қымбат бағаланады. Ал көлеңке
театрының өзі жойылудың аз алдында. Азиядан бастау алған бұл театр бүгінде
Грекияда, Чехословакияда, АҚШ-та бар. Ал Ресейде бұл өнер жеке театр емес,
қосымша қойылымдар түрінде пайдаланылады. Қазіргі таңда көлеңке театры
Индонезияда кең таралған.

Көлеңке көзге түскен сәт

Бір сәт балалық шаққа оралайықшы. Айналаны түн басқан кезде үйге
кіреміз. Қарлы боран кезінде үйден тоқ кетіп қалады. Шамның жарығына
үймелеп, сырласамыз ғой, сыр ақтарысып отырып, жарық көлеңкесімен
ойнайтынымыз-ай. Қолымызды олай да, былай да ербеңдетіп, қоян не қасқырды
салып, мәз болатынымыз-ай.
Ал қазір, достар, мен сіздерді Раймонд Кроудың (Raymond Crowe)
көлеңке өнерімен таныстырғым келеді. Өнерпаз өзінің туған жері Австралияда
өте атақты. Луи Армстронның Таңғажайып бұл әлем(Этот удивительный мир)
атты композициясының сүйемелдеуімен өтетін осы бір өнер барынша қарапайым,
барынша мейірімді. Раймонд жәй ғана балалар ойынынан керемет шоу жасап
шықты. Сахнадан көретін 3 минуттық қойылым кезінде ол сахнаға қаратыла
жарық түсірілген прожектор арқылы неше түрлі кейіпкер жасай біледі. Көлеңке
әп сәтте тіріліп, өмір сүре бастайды. Қысқасы, қызықты дүниенің куәгері
болып, сол бір шақтарда қалып қойған балалығыңызды қарсы алыңыз!

2.2.Театрландырылған ойынның жіктелуі. Драматизация Режиссерлық

Балабақшадағы театрландырылған іскерлік бағдарламасы: 5
бөлімнен тұрады.

Театрландырылған ойын. Кез келген өмірлік мән жайда өз
құрбыластарымен және үлкендермен қарым-қатынас жасай білуге, кез-келген
жұмысқа шығармашылық қабілетпен қарауға, эстетикалық сезіммен ойнау арқылы
мінез құлқын дамыту. Бұл бөлімдегі ойын 3-ке бөлінеді:
-дамытушылық
-әсемділік
-театрлық.
1. Ырғақты иілгішті (ритмопластика)– бұған кешенді (комплекст) ырғақтылық,
музыкалық, иілгіштік ойындар мен жаттығулар кіреді. Дене қозғалысының
нақтылығымен еркіндігін дамытуда, өзінің денесінің сыртқы қоршаған ортамен
байланысқан қарым-қатынасын сезінуге балаларды эстетикалық, психологиялық
қабілетін дамытады.
2.Сөз мәдениеті және техникасы. Ойындар мен жаттығулар сөйлеу логикасы мен
дикциясын дұрыс артикуляциясын меңгере білуге, сөйлеу құрылымын еркін
айтуға, тыныс алуын дамытуға бағытталған. Бұл бөлімге сөздермен айтылатын
ойындар кіргізілген. Бейнелеу арқылы сөйлетуін дамыту, шығармашылық
фантазиясын дамыту, шағын әңгіме және ертегі құрастыра білуге үйретеді.
Жаттығулар 3-ке бөлінеді:тынысалу және артикуляциялық,дикциялық және
интонациялық сөздер мен шығармашылық ойындар.
3.Театр мәдениеті: Балаларға театр өнерінің шынайы сезімдерін меңгерту.
Бөлімнің негізгі тақырыптары: театр өнерінің ерекшеліктері, театр өнерінің
түрлері, қойылымның жасалуы, сыртқы және ішкі театр, көрермендер
мәдениеттілігі.
4.Қойылыммен жұмыс – жанама бөлім, авторлық саханалауға негізделген. Оған
кіретін тақырыптар.
-қойылыммен таныстыру
-қойылымды мазмұндап, талдау, кейіпкерлендіру.
-Қойылымға қажетті құралдар дайындау. Көріністі безендіру.
-Дайындық
Қойылымды саханалау.

5. Театрландырылған ойынның жіктелуі. Ол екіге бөлімнен тұрады.
Драматизация. Режиссерлық.
Драматизациялық ойында бала – артист, интоноция, мимика,
пантомима арқылы өз бетімен бейне жасайды, өзіндік әрекет етіп рөлді
ойнайды. Бұрыннан жасалған саханалық қойылымда бала ойын –
драматизациясында қандай бір сюжетте ойнайды. Ойын драматизациясы
көрерменсіз музыкалық сипаттағы орындау болады.
  1.Драматизация түрлері:
— жануарлар, адамдар, ертегілер бейнесіндегі кейіпкерлер ойыны;
— мәтін бойынша негізделген диалог, маналог, рөлдік ойындар;
— шығармашылық көрсетілім;
— бір немесе бірнеше шығарма арқылы қойлым қою.
Ал, драматизация ойынның екі түрін қарастыруға болады.
Саусақтар ойын драматизациясы. Балалар атрибуттарды саусақтарына
киеді. Ертегінің мәтінін айта отырып саусақтарын қимылдатып сюжет жасайды.
Көріністі ширманың сыртында тұрып, немесе топта еркін қозғала жүріп
көрсетеді.
Қуыршақ бибабомен ойын – драматизациясы. Бұл ойында саусақтарға
қуыршақ бибабаоны киеді. Ширмада ойнайды. Бұл қуыршақтарды ескі
қуыршақтардан жасауға болады.
2.Режиссерлық ойында:
 балалар әрекет етуші бейне болмайды, өзі режиссер және сахна қоюшы рөлінде
ойнайды, ойыншықтардың орынында болады. Мұнда бала қозғалмайтын пішіндер
және ойыншықтармен әрекет етеді, сондықтан ойында интонация мен мимика
ерекше орын алады.
Балалар театрының бірнеше түрлері бар:
1.Ойыншықтар театры -Бұнда балалар қысқа тақпақтарды жаттап, оның
өзіне тән орындау кезінен бастап-ақ кішкене көлемді спектакельдер ойнайды.
Ондағы адамдар рөлін ойыншықтар орындайды.
Жіптің көмегімен басқарылатын қуыршақтарды – маринеткалар дейді. Оларды
әр түрлі материалдардан жасайды. Жұмсақ ойыншықтарды да қолдануға болады.
Мұндай ойыншықтар қозғалысқа ағаш таяқшалар арқылы келтіріледі, яғни екі
айқастырылған ағаш арқылы жіп өткізіліп ойыншыққа байланады. Қолмен
қуыршақтарды басқарады. Театр қуыршағының биіктігі баланың биіктігігіндей
болады. Бала өзіне кастюм, үлкен бетперде. Үлкен алақандар киеді, олар тірі
қуыршаққа ұқсайды. Өздері қуыршақты жасауға болады. Оның негізі болып үш
бұрышты орамалды алуға болады. Бір бұрышын қуыршақтың басына, екі
бұрыштарын резинка арқылы баланың саусақтарына бекітіледі. Қуыршақтың
басына тесмалар қосады, ол қуыршақ пен жүргізушінің мойынына ілінеді. Бұл
қуыршақтар балаларға әнмен, бимен, ойынмен көрсету арқылы шығармашылықтарын
дамытады. Бұл балалрдың өздерін еркін сезінуіне, өз күшіне сене білуге
көмектеседі.
2.Саусақ театрында– саусақтардың көмегімен қандайда болмасын
ертегіні немесе өлең-тақпақ шумағын саханалау болып табылады. Саусақ театры
арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және
шығармашылық әрекетіне жол ашылады. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар
қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды, құстарды және
ағаштарды бейнелей алады. Саусақтарының қозғалыс қимылына қарап, бала
қуанады шаттанады, сөз айтуға тырысады және өлеңде үйренген сөз шумақтарын
қайталап айта отырып, есінде сақтайтын болады. Сонымен қатар балалар екі
қолын қимылдата отырып, оң, сол, жоғары, төмен т.б. түсініктерді бағдарлай
алуда үйренеді.
3.Үстел үстіндегі театры -Сәбилер тобынан бастап-ақ тақпақ пен
қысқа өлеңдерді айтқызғанда көркем сөздер әсерлі естілу үшін стол үстіндегі
театрды қолданған жөн. Мұнда үстелде құламай тұратын және қозғалтқанда еш
кедергісіз жүретін ойыншықтар қолданылады. Үстел үстіндегі қуыршақтар
театрдың бірнеше түрі бар: әр түрлі биіктегі конустан, цилиндрдан,
қораптардан жасалған ойыншықтар; таяқшадан жасалған театр; киндер- театр;
магнит театры; мачалка театр; үстел үстіндегі кейіпкерді тоқымадан немесе
крючокпен тоқуға болады ( олар өздерінің формасын ұстағандай пластмас
бутылкаларға кигізіп қойады); ағаш ойыншықтар, саздан жасалған ойыншықтар
(дымковски ойыншықтар).
4.Суреттер (картиналар) театры -Декорация мен кейіпкердің – суреттері.
Олардың әрекеттері шектелген. Ойнаушының дауыс ырғағы (интонация) арқылы
кейіпкердің мінез-құлқы беріледі. Кейіпкер әрекет барысында пайда болады,
балалардың қызығушылығын арттырады.
5. Стенд-кітапша театры — Бірін-бірі ауыстыратын иллюстрациялық
оқиғалар көрсетіледі. Стенд-кітапшаның беттерін ашу арқылы жүргізуші әр
түрлі сюжеттерді көрсеттеді (оқиғалар, кездесулер ).
6. Фланелеграф театры — Суреттер мен кейіпкерлер экранда
көрсетіледі. Оларды фланельдер ұстап тұрады. Мұндағы суреттерді балалар мен
бірге ескі кітаптардан, журналдардан қиып алуға болады.
7.Трафарет театры -Трафарет театры арқылы сөз құрамының байлығын,
диалог, монологты дамытуға болады. … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz