ЖАЛДАУ ШАРТЫНЫҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
С.БӘЙІШЕВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК КОЛЛЕДЖІ ЖШС-і
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
ТАҚЫРЫБЫ: ЖАЛДАУ ШАРТЫНЫҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
ПӘНІ: АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ
МАМАНДЫҒЫ: 0201000 ҚҰҚЫҚТАНУ
Орындаған: Б.А.Ноғайбаев
Ғылыми жетекшісі: Л.Ө.Дүйсалиева
Қорғауға жіберілді (жіберілмейді)
Экономикалық, әлеуметтік және құқықтық
пәндік бірлестігінің жетекшісі
_________________________ Г.С.Исатаева
қолы
________________________2018ж.
Ақтөбе 2018 жыл
С.Бәйішев атындығы Ақтөбе университетінің медициналық-әлеуметтік колледжі ЖШС-і
Мамандығы: 0201000 Құқықтану
Топ білім алушысы ___________________________________ ______________
(білім алушының аты-жөні)
Азаматтық құқық пәні бойынша
___________________________________ _______________________________
(курстық жұмыстың тақырыбы)
___________________________________ _______________________________
тақырыбына жазған курстық жұмысына
Пікір
___________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _______________________________________
Бағасы___________________________________ _________________________
Курстық жұмыстың тапсырылған күні_______________________________ __
Пікір жазушы: Дүйсалиева Л.Ө.
(аты-жөні)
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3-4
І ТАРАУ. ЖАЛДАУ ШАРТЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1 Мүлік жалдау шартының ұғымы және элементтері 5-10
1.2 Мүлік жалдау шартының нысаны және мерзімі 10-15
ІІ ТАРАУ. ЖАЛДАУ ШАРТЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ
2.1 Лизинг ұғымы және оның түрлері 16-22
2.2 Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді жалдау
шарты 23-29
ҚОРЫТЫНДЫ 30
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 31
ҚОСЫМШАЛАР
КІРІСПЕ
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорындардың дамуы, жекешелендірілген кезеңнен өтіп, кәсіпкерліктің көбі толықтай жекеленіп қызмет атқару түрлері қоғамда кеңінен таралып келеді. Енді жеке кәсіпкерлік бірлесіп немесе бір-бірімен алыс-беріс ретінде жұмыс жасау дамып келеді. Солардың бірі — аренда шартының көздерінен қамтамасыз ету. Кәсіпорын мен ұйымдар, сондай-ақ халыққа қызмет көрсетудің бір түрі мүлік жалдау қызметі дәстүрлі түрлеріне жатады. Қазақстан Республикасының әкімшілік экономикадан нарықтық экономикаға көшу процесінде мүлік жалдаудың бұл түрі заңды тұлғалар арасында да, жеке тұлғалар арасында да кең таралуда. Бүгінгі таңда негізінен «аренда» және «мүлікті жалдау» бір-біріне синоним болып келетін ұғымдар. Заңнамаға бет бұрсақ, олардың арасында айтарлықтай айырмашылық жоқ екенін байқаймыз. Аталмыш терминдерді қолдану мұндай шарттардың арасындағы өзгешеліктермен емес, белгілі бір салалардағы атауының қалыптасқан тәжірибесімен байланысты. Аренданың күнделікті өмірдегі жоғары рөлі оның тиімділігімен түсіңдіріледі. Оны жасауға екі тараптың да ықыласы бар. Себебі, көп жағдайларда жалға алушы шартта көзделген мүлікті уакытша ғана керек етеді немесе оны сатып алуға жағдайы келмейді. Жалға берушіде мүлікті біреуге уақытша пайдалануға беру арқылы пайда кіргізу мақсаты болуы мүмкін. Мұндай жағдайда жалға алушы мүлікті пайдаланғаны үшін ақы төлейді. Мүлік жалдау (аренда) шарты бойынша жалға беруші жалға алушыға мүлікті ақы төлеп уақытша иеленуге және пайдалануға беруге міндеттенеді.
Курстық жұмыстың өзектілігі: шағын және орташа бизнестердің мүлікті жалға беру жолымен сатып ала алмаған мүліктерін пайдалана отырып өз қаржылық деңгейін қаржыландыра отырып, экономиканың нақты секторын дамытуға жанама түрде қатысады. Кәсіпорындарға, ұйымдарға мүлік жалдау (аренда) шартының қазіргі жүйесі бұрынғыдан көп айырықшаланады. Ол жалдап алушы қаржы тапшылығына байланбай, қызметін пайдаланғысы келетін жалдау мүлкін өзі таңдай алады. Қазір біздің республиканың экономикасы әлі нарықтық қатынастарға көшу барысында. Осы кезеңге дейін, әкімшілік экономикада кәсіпкерлік саясат түп төркінімен болған емес, оның ішінде жеке адамдардың қажеттілігін ескермеген директивалар мен қаулылар арқылы жүзеге асырылып келді. Дамыған нарыққа көшу жағдайында анықтаушы фактор — экономика субъектілерінің еркін әрекет етуі. Өтпелі кезеңдегі шаруашылықтың қызмет ету негізінде орталықтанды-рылған және нарықтық экономикаға тән емес заңдылықтар болып келді. Бұл өтпелі кезеңдегі кәсіпкерлік саясатының қалыптастыру мәселелерін, тұтынушылардың өзара қатынастағы коммерциялық саясатын қалыптастырудың жаңа әдістерімен механизмдерінің қалыптасу мәселелерін зерттеу, сондай-ақ осы бағытта белсенді тәжірибелік қызмет жүргізу қажеттілігін тудырады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақстандық коммерциялық ұйымдардың немесе жеке тұлғалардың мүлік жалдау (аренда) шарты бойынша жалға беруші жалға алушыға мүлікті ақы төлеп уақытша иеленуге және пайдалануға беруге міндеттерінің әртүрлі формаларына талдау жасау болып табылады.
Аталмыш мақсаттарға жету үшін төмендегі міндеттер алға қойылып, шешіледі:
— Қазақстандық мүлік жалдау (аренда) шарты бойынша механизмін толығымен игеру;
— Қазақстандағы мүлік жалдау (аренда) шарты нарығының даму түрлерімен ерекшеліктерін, оның жағдайын қарастыру;
— шетелдік мүлік жалдау (аренда) шарты бойынша қарастыру;
— мүлік жалдау (аренда) шартының жолдарын анықтау.
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, 2 негізгі тараудан, пайдаланылған әдебиеттерден, қорытындыдан және қосымшалардан тұрады.
І ТАРАУ. ЖАЛДАУ ШАРТЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1 Мүлік жалдау шартының ұғымы және элементтері
Аренда шартының сатып алу, сату рента шарттарынан айыр-машылығы, ол мүлікті уақытша иеленуге беруге байланысты қатынасты реттейді. Мүлік жалдау шарты Римде кеңінен таралған еді. Оның анықтамасы қазіргі кезде жүзеге асырылып отырған анықтамадан елеулі ерекшеленген жоқ. Аренданы заттық қүқықтарға жатқызу немесе жатқызбау сауалы ұзақ мерзім бойы даулы болып келді. Заттың қүқықтарға (олардың мәселелеріне) арналған соңғы Қазақстандық жұмыстарда аренда заттық қүқықтардың қатарына жатқызылады. Бұл көзқарас көріп тұрғанымыздай аренданың заңнамалық анықтамасында да қолдау табады, яғни онда пайдалану мен қоса иеленуде бірге қарастырылады. Бұл заңнамалық шешім арендалық қатынастарға бұрынғыдан көрі жоғарылау (көбірек) тұрақтылық береді, олардың мәнін көтереді. Осының нәтижесінде мүлікті меншік қүқығы негізінде иемденуге мүмкіншілік жоқ бөтен біреудің мүлкін пайдаланған кезде, мүлікті жалдау шарты тиісті қатынастарды тыйымды реттетуге мүмкіншілік береді. Кейбір жағдайларда аренда тіпте меншік құқығына балама ретінде қарастырылатын 1999-жылға дейінгі ұзақ мерзімді жер арендасы Қазақстан Республикасы Президентінің 1995-жылғы 22-желтоқсаңда қабылданған «Жер туралы» заң күші бар Жарлығының 41-бабыңда қарастырылған еді. Аренда белгілі мөлшерде жерге меншік құқығының баламасы деген түсінік қазіргі күшіндегі заңнамада да сақталып тұр. Қазақстан Республикасының 2001-жылы 24-қаңтардан «Жер туралы» заңының 28-бабымен 49 жылға дейінгі жердің ұзақ мерзімді арендасы қарастырылған. Аренда тек жалдаушының қажетін, мүддесін қамтамасыз етіп қоймайды. Оның нормаларында жалға берушінің мүдделерінде есепке алу бар меншік иесі ретінде ол бәрі бір жалға алушыға қарағанда артықшылық жағдайында болып келеді. Арендалық шарттан туындайтын міндеттемелік құқықтык қатынастарды және заттық құқықтық қатынастарды ажыратып қарау қажет. Әрине, міндеттемелік құқық шеңберіңде бірінші кезекте аталған қатынастардың бірінші тобын қарау керек. Аренданың заттық құқығы жеткілікті дәрежеде жан-жақты және толық заттық құқық мәселелеріне арналған еңбектерде талданған. Сонымен қатар, аренданың заттық құқығы ескерілмесе жалға алушының да жалға берушінің де құқықтық жағдайының сипаттамасы толық болмайды. Жалдаушы мен жалға берушінің заттық құқық қатынастар негізінде қатысуын (олар сырттай шарттық болып көрінгенімен) жоққа шығаруга болмайды. Біздің айтып отырғанымыз арендаға берілетін мүлікті меншік иесінің (жалға берушінің) және жалдаушының заттық құқықтарының бәсекесіне және тағы басқа ұқсас нәрселерге қатысты. Мүлікті жалдау шартының тараптары жалға алушы және жалға беруші, жалға беруші және жалға алушы ретінде кез келген тұлға, заңды және жеке тұлға бола алады. Егер шарт мемлекет атынан не әкімшілік-аумақтық бірлестік атынан жасалса мүлікті жалға беруші болып өкілетті мемлекеттік орган, Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру бойынша комитетінің аумақтық органдары келеді. Жалға беруші — бұл пайдалануға берілген мүліктің иесі, ал заңды тұлға — оқшауланған мүлікке меншік, шаруашылық жүргізу, оралымды басқару құқығы бар субъект. Кейбір жағдайларда немесе заңды тұлғалар келуі мүмкін, олар мүлікті жалға беруге заңмен немесе шартпен өкілденуі тиіс. Жалдаушы (арендатор) — мүлікті уақытша иелену және пайдалануға, немесе тек пайдалануға алған жеке немесе заңды тұлға. Мысалы, станокты жалдаушыға онда белгілі сағаттарда немесе күндерде қажетті жұмыстарды жасау мүмкіншілігі берілуі мүмкін. Мүлкіне оралымды басқару құқығы бар коммерциялық емес заңды тұлғалар, олардың мүлкінің меншік иесімен мүлікті жалдау құқығында шектеулі мүмкін. Тараптар құқықтары мен міндеттерінің өзге тұлғаларға ауысуы ішінара және де әмбебап құқықтық мирасқорлық негізінде болуы мүмкін. Жалға берілген мүлікке меншік құқықтарының өзге тұлғаға ауысуы мүлікті жалдау шартын өзгерту немесе бұзу үшін негіз болмайды. Басқаша айтатын болсақ аренда құқығы жалға берілген мүлікке ауыртпалық тудырады. Азамат өлуімен жалға алушының құқықтарына қатысты мұрагерлік трансмиссия егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше қарастырылмаса жалпы тәртіп бойынша болады. Заңды тұлғалар қайта құрылған кезде де әмбебап мирасқорлықтың бұл тәртібін қолдану керек. Аренда шарты бойынша (негізінде) берілетін заттар жеке сипаттары мен анықталатын, тұтынылмайтын заттарға жатады, олар оларды пайдалану барысында өздерінің түтынушылық қасиеттерін бірте-бірте табиғи тозу салдарынан жоғалтады. Кейбір объектілер пайдалану тәртібі дұрыс болса тіпті өздерінің қасиеттерін жоғалтпауы мүмкін, оларға жер бөлшектері, көп жылдық егістер және т.с.с. жатады. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодекстің 541-бабына сәйкес, мүліктік жалдауға, кәсіпорындар мен басқа да мүліктік кешендер, жер учаскелері, үйлер, ғимараттар, жабдықтар, көлік құралдары берілуі мүмкін. Жалдаудың объектісі өзге де заттар бола алады. [І: 2; 34-35бб.]
Заңнамада оларды мүліктік жалдауға беруге тыйым салынған, немесе жалдау мүмкіншілігі шектелген мүлік түрлері анықталуы мүмкін. Бірінші кезекте шектеулер азаматтық айналымнан алынып тасталған, немесе азаматтық айналымы шектеулі заттарға қатысты болып келеді. Әрине, азаматтық айналымнан алынып тасталған заттар жалға берілуі мүмкін емес. Ал азаматтық айналымы шектеулі заттар жалға оларды пайдалану тәртібі, жалпылама оларға меншік құқығын жүзеге асырудың барлық тәртібі сақталып жалға берілуі мүмкін. Мысалы, тұлға азаматтық айналымы шектеулі бір немесе өзге мүлікті иеленуге рұқсат алмаса, ол өзінде бар сондай (азаматтық айналымы шектеулі) мүлікті иелігінен шығаруы керек. Заңның (Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 252-бабы 2 тармағы) тікелей нұсқауына сәйкес көрсетілгендей мүлікке меншік құқығы тоқтатылуы қажет. Яғни, ондай мүлікте иеліктен шығаруға бағытталған шарттар болып сатып алу-сату, сыйға тарту, айырбас шарттары келеді деп болжам жасаймыз. Бірақ мәселені тым шектеулі шешуге болмайды. Сілтеме жасалған Азаматтық Кодекстің нормасы өмірде оны әртүрлі жағдайларға лайықтап қолдануды талап етеді. Мысалы, айналымы шектеулі мүліктің иегері болашақта оған рұқсат аламын деп үміттенетін болса оған оны жалға беруге тыйым салынбауы керек. Немесе мүлікті иеленуге рұқсаты жоқ айналымы шектеулі заттың меншік иесі бірден сатып алушыны таппаған соң оны болашақта сатып алу жағдайы қарастырылатын жалдау шарты негізінде бере алады. Қаралғандай, қосымша шешімдер меншік иесі жағдайын жақсартады. Қандай да болсын мүлікке меншіктің заң бойынша кепілдіктерін нығайтады. Кейбір объектілерді (негізінен табиғи объектілерді) жалға тапсырған кезде шарт ерекшеліктері пайда болады (ерекшеліктер шарт мазмұнына және т.б. қатысты болуы мүмкін). Айтатын болсақ, Қазақстан Республикасының «Жер туралы» Заңының 48-бабына сәйкес, жер пайдаланушылары жерді жер учаскесін беру актісіне немесе аренда шартына (уақытша ақысыз жер пайдалану шартына) сәйкес пайдалануы тиіс. Осымен бірге жалға алушыға тағы да бірқатар міндеттер жүктеледі. Бұл міндеттер жалға алушының жалға берілген мүлікті тиісті пайдалану бойынша азаматтық құқықтық міндетімен тығыз байланысты, кейбір көріністерінде оларды мүлікті тиісті пайдалану бойынша міндеттің нақтылануы ретінде бағалауға болады. Жер пайдаланушыға мынадай міндеттер жүктеледі:
— тиісті санитарлық және экологиялық талаптарға сәйкес келетін өндіріс технологиясын қолданудың, халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаға зиян келтірілуіне жол бермеу;
— топырақтың құнарлығын нашарлатпаудың жер қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырудың, орман, су ресурстары мен басқа да табиғи ресурстарды пайдалану тәртібін сақтаудың, жер учаскесінде орналасқан, заңдарға сәйкес мемлекет қорғайтын тарих, сәулет ескерткіштері, археологиялық мұра мен басқа да объектілердің қорғалуын қамтамасыз ету;
— басқа меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтарын бұзбау;
— топырақтың құнарлы қабатын сындырып алу оның біржола жоғалуын болғызбау үшін қажет болған жағдайларды қоспағанда, басқа тұлғаларға сату не беру мақсатымен құнарлы қабатты сындырып алуға жол бермеу;
— сервитуттары заңдарда көзделген тәртіпте ұсынуды қамтамасыз ету. Өз ерекшеліктері тұрғын үйді жер қойнауының учаскелерін және басқа объектілерді жалдауда орын алады. Жер қойнауының учаскілері концессиялық және басқа келісімдер негізінде пайдалануға беріледі, олар Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 541-бабының, 4-тармағының сәйкес өзінің заңды табиғаты бойынша мүлікті жалдауға түбірлес болып келеді және оның жалпы (негізгі) ережелеріне негізделеді. Мұндай кең түсінік Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында шарттардың бұрынғы кеңестік кезеңдегі азаматтық құқыққа таныс емес тәртіптенген жүйесі қалыптасып келетінін сипаттайды. Бұл бөлек шарттардың құрылысын өңдеуде де, бүкіл шарттық құқық жүйесін өңдеуде де өз көрінісін тауып отыр. Жер қойнауын пайдаланумен байланысты және өзге де шарттардың жаңа түрлеріне қатысты пайда болған айқынсыздық ақырындап жойылып келеді. Мүлікті жалдау шарты нақты анықталған мерзімге жасалуы мүмкін. (Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 545-бабының, 1-тармағы.) Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексімен, жалға берілетін мүлік түріне қарамастан мүліктік жалдаудың мерзімі 10 жылдан аспауы тиістігі қарастырылған еді. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің аренданың ақырғы мерзімін тек оның бөлек түрлері үшін, немесе бөлек мүлік арендасы үшін қарастырады. Айтылғандай, жердің арендасы 49 жылдан аспауы керек. Прокат шарты бір жылдан аспайтын мерзімге ғана жасалуы мүмкін. [ІІ: 1; 49-50бб.]
Мүлік жалдау шарты нақты анықтамлаған мерзімге жасалуы мүмкін, бұл үшін ол күшінде болып келетін мерзім шартта көрсетілмейді. Нақты анықталмаған мерзімге жасалған мүлікті жалдау шартында әрбір тарап, шарт қозғалмайтын мүлік жөнінде болғанда екінші тарапқа 3 ай бұрын ескертіп, ал шарт қозғалатын мүлік жөнінде болғанда бір ай бұрын ескертіп, кез келген уақытта шарттан бас тарта алады. Өзгеше тәртіп заң актілерімен немесе шартпен қарастырылуы мүмкін. Мысалы, шартта тараптар нақты анықталмаған мерзімге жасалған мүлікті жалдау шартын бір жақты тәртіпте бұруға тыйым салуы мүмкін. Егер мүлікті жалдаудың ақырғы мерзім заңнамада қарастырылса, ал шарттың өзі нақты анықталмаған мерзімге жасалса, мүлікті жалдаудың ақырғы мерзімі өтуімен ол күшін өзімен өзі жоғалтады. Яғни, мүлікті жалдау шартының мерзімі заңнама бойынша қарастырылған ең үлкен (ақырғы) мерзімнен асып кетсе де шарт бәрі бір заңнамалық мерзімнен аспайтын (оған тең) мерзімге жасалған болып саналады. [ІІ: 2; 38-39бб.]
1.2 Мүлік жалдау шартының нысаны және мерзімі
Мүлiктi жалдау шартының нысанына арнайы талаптар да қойылады. Егер, мысалы, ол бiр жылдан астам мерзiмге жасалса, онда оның нысаны жазбаша болуы тиiс. Кәсiпкерлiк әлде кәсiпкерлiк емес болғанына, мерзiмiне қарамастан, тарабы заңды тұлға болып келетiн мүлiктi жалдау шарттары да жазбаша нысанда жасалуы керек. Жылжымайтын мүлiктi жалдау шарты мемлекеттiк тiркеуге жатады. Туралап айтсақ, Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу туралы» заң күшi бар Жарлықтың 2-бабына сәйкес мемлекеттiк объектiсi болып мерзiмi бiр жылдан асатын пайдалану, жер пайдалану құқығы келедi. Бұдан, егер аренда шартында мерзiм анықталмаса не жасау керек деген сұрақ туады. Қойылған сұраққа мынандай жауап беруге болады. Тараптар бiрiншi кезекте басшылыққа өз мүдделерiн (қажеттерiн) алуы керек, соларға сәйкес ниеттенулерi танылуы тиiс. Ал тiркеушi орган болса анықтамаған мерзiмге жасалған, аренда шартын тiркеуден бас тартпауы (соған кедергi жасалмауы) тиiс. Қазақстан Республикасындағы жылжымайтын мүлiкке тiркеу жүйесi Еуропалық тiркеу жүйесiмен ұқсас болып табылады. Оның мiндетi мүлiкке пайда болатын барлық құқықтардың кепiлдiгiн қамтамасыз ету. [ІІ; 3; 78-79бб.]
Азаматтар араларындағы 1 жылға дейiнгi мүлiктi жалдау шарттары ауызша нысанда жасалуы мүмкiн. Егер, болашақта жалдаушыға мүлiкке өтетiнi қарастырылса, меншiк құқығы онда мүлiктi жалдау шарты сатып алусату шартының нысанындай нысанда жасалуы тиiс.
Мүлiктi жалдау шарты нақты анықталған мерзiмге жасалуы мүмкiн. (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 545-бабының, 1-тармағы) Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексiмен, жалға берiлетiн мүлiк түрiне қарамастан мүлiктiк жалдаудың мерзiмi 10 жылдан аспауы тиiстiгi қарастырылған едi. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі аренданың ақырғы мерзiмiн тек оның бөлек түрлерi үшiн, немесе бөлек мүлiк арендасы үшiн қарастырады. Айтылғандай жердiң арендасы 49 жылдан аспауы керек. Прокат шарты бiр жылдан аспайтын мерзiмге ғана жасалуы мүмкiн. [ІІ: 4; 56-57бб.]
Мүлiк жалдау шарты нақты анықтамлаған мерзiмге жасалуы мүмкiн, бұл үшiн ол күшiнде болып келетiн мерзiм шартта көрсетiлмейдi. Нақты анықталмаған мерзiмге жасалған мүлiктi жалдау шартында әрбiр тарап, шарт қозғалмайтын мүлiк жөнiнде болғанда екiншi тарапқа үш ай бұрын ескертiп, ал шарт қозғалатын мүлiк жөнiнде болғанда бiр ай бұрын ескертiп, кез келген уақытта шарттан бас тарта алады. Өзгеше тәртiп заң актiлерiмен немесе шартпен қарастырылуы мүмкiн. Мысалы, шартта тараптар нақты анықталмаған мерзiмге жасалған мүлiктi жалдау шартын бiр жақты тәртiпте бұруға тиым салуы мүмкiн. Егер мүлiктi жалдаудың ақырғы мерзiм заңнамада қарастырылса, ал шарттың өзi нақты анықталмаған мерзiмге жасалса, мүлiктi жалдаудың ақырғы мерзiмi өтуiмен ол күшiн өзiмен өзi жоғалтады. Яғни, мүлiктi жалдау шартының мерзiмi заңнама бойынша қарастырылған ең үлкен (ақырғы) мерзiмнен асып кетсе де шарт бәрiбiр заңнамалық мерзiмнен аспайтын (оған тең) мерзiмге жасалған болып саналады. [ІІ: 5; 34-35бб.]
Жалға берушi мүлiктi жалға алушыға шарт талаптары мен мүлiктiң мақсатына сәйкес келетiн күйде беруге мiндеттi (Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 547-бабының. 1-тармағы). Мүлiктiң күйi бiрiншi кезекте шартпен анықталуы тиiс. Мысалы, жалға қоймалар берiлгенде, олар өрт қауiпсiздiгiнiң талаптарына бөлмелердегi ауаның ылғалдылығына не құрғақтығына қойылатын талаптарға және басқаларға сәйкес болуы керек екенi болжанылуы мүмкiн. Шарттың мүлiктiк күйiне талаптар анықталмаса, онда олар мүлiктiң тағайындалуы және мүлiктi пайдаланудың болжамды (мақсаты ескерiлiп мүмкiн күйiне талаптар туралануы мүмкiн. Бiрақ мүлiктi жалдау шарты бойынша мүлiкке талаптарды анықтау сатып алу-сату шарты бойынша заттың қажеттi сапасын анықтаудан ауырға түседi. Жалға берiлетiн мүлiктiк күйiне қатысты талаптар өте субъективтi болып келедi. Олар жөнiнде келiспеген тараптар араларында қиын жолмен шешiлетiн даулар пайда болуы мүмкiн. Сондықтан, жалға алушы мүлiктiң кейбiр ерекше қасиеттер бар болуын қаласа, оның бұл туралы жалға берушiмен келiскенi аса қажеттi болады. Жалға берiлетiн мүлiктiк кемiстiктерi болмауы керек, немесе кемiстiктер тiкелей шартта ескертiлуi керек. Бұл жасалмаса жалға берушi берiлген заттардың кемiстiктерi үшiн жауапты болады. [ІІ: 6; 78-79бб.]
Кейбiр жағдайларда заттың кемiстiктерiмен байланысты тараптардың құқықтары мен мiндеттерi туралы мәселе басқаша шешiмiн табады. Жалға берiлген заттың кемiстiктерiн оны қараған кезде бiрден табуға мүмкiн болса, немесе затты жалға алғанға дейiн жалдаушы затпен пайдаланып үлгерген болса, онда жалға берушi заттың кемшiлiктерi үшiн жауапты болмауы тиiс. Затты тұтынудың одан құтылу мүмкiн емес (сөзсiз) салдары болып оның белгiлi дәрежеде нашарлауы (тұтынушылық қасиеттерiн жоғалтуы) келедi. Сондықтан, бiрнеше жыл пайдалануда болып келген мүлiктiң (заттардың) күйi тиiстi емес тiптi қанағаттанатындай болмай шығуы мүмкiн. Осыған байланысты шарттың екi тарабы бiрдей белгiлi бiр шешiмдердi қабылдап әрекеттердi жасауға мәжбүрлi болады. Жалға берушiнiң және жалға алушының құқықтары мен мiндеттерiн одан әрi қарағанда осыны анық көруге болады. Мүлiк жалға оның барлық керек жақтарымен және оған қатысты құжаттарымен (мүлiктiң жиынтықтылығын, қауiпсiздiгiн, сапасын, пайдалану тәртiбiн куәландыратын және т.б. құжаттармен) бiрге берiледi. Сатып алу-сату шарты (мысалы, қозғалмайтын мүлiктi сатып алу-сату шарты) бойынша затқа (мүлiкке) құқықтарды растайтын құжаттар табыс етiлуi мүмкiн қаралып тұрған шартта негiзiнен әңгiме мүлiктi тұтыну (пайдалану) үшiн қажеттi құжаттар жөнiнде жүргiзiледi. Шартта құжаттар жалға берушiде қалатыны, жалдаушы олармен таныса алатыны және т.б. қарастырылуы мүмкiн.
Құжаттар, қажетті жарақтар берiлмесе және оларсыз жалға алушы мүлiктi мақсаты бойынша пайдалана алмаса, немесе ол шартты жасасуы кезiнде үмiттенуi мүмкiн болған нәрселерден (игiлiктен, пайдадан) едәуiр дәрежеде айырылса, онда өзiнiң қалауы бойынша ол жалға берушiден қажет жарақтардың және құжаттардың берiлуiн немесе шарттың бұзылуын талап ете алады. Жалға алушыда көрсетiлген жағдайға қатысты бiр ғана құқығы болып келмейдi. Жалға алушы құжаттарды және қажет жарақтарды олар жалға берушiмен берiлмеген өзге реттерде де талап ете алады. Басқаша айтқанда, жалға алушының мүлiктi пайдалану мүмкiншiлiгiнен айырылуы, оған ұтымсыз нәтижелердiң (салдардың) туындауы немесе туындамауы сол құқықты жүзеге асыру кезiнде мiндеттi түрде ескерiлетiн нәрсе емес. Бiрақ, әрине, жалға берушi тарабынан жасалған бұзушылықтың ауырлығы қолданылатын шараларға (мысалы шартты бұзу мүмкiншiлiгiне) әсер етедi.
Жалға берушi мүлiктi шартпен қарастырылған мерзiмде беруi керек, егер бұл мерзiм шартта қарастырылмаса, онда ол қисынды мерзiмде берiлуге жатады. Жалға берушi шартқа қайшылық жасап мүлiктi бермесе жалдаушы бұл мүлiктi Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 355-бабына сәйкес талап ете алады немесе шарт бұзылуын талап ете алады. Екi амалды қолданған кезде де жалға алушы өзiне келтiрiлген шығындарды өндiрiп ала алады. Затты бергеннен кейiн, меншiк иесi оған меншiк құқығына байланысты кейбiр ауыртпалықтарды сақтап қалады. Сондықтан, меншiк иесi мүлiк жағдайына жауапты болады, сонымен қоса жалға алушының да заттық құқығын есептеп алып тастамау керек. Затқа қатысты құқықтар тараптар арасында бөлiнгесiн меншiк иесiнiң ауыртпалықтары ол өзiне жататын мүлiктi өзi иеленген, пайдаланған жағдайда сияқты толық болмайды. Ертерек айтылғандай мүлiк жалдау шартының тараптары арасында мүлiктi күтiп ұстау ауыртпалығы бөлiнедi. Жалға берушi жалға берiлген мүлiкке тараптармен келiсiлген мерзiмдерде, егер заң актiлерiнде не шартта өзгеше көзделмесе, өз есебiнен күрделi жөндеу жүргiзуге мiндеттi. Жалға алушы жауап бермейтiн мәнжайларға байланысты пайда болған шұғыл қажеттiлiк талап ететiн жөндеудi, егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше көзделмесе, жалға берушi қисынды мерзiмде өз есебiнен жүргiзедi.
Шарт жасау кезiнде жалға берушi жалға алушыға жалға берiлетiн мүлiкке үшiншi тұлғалардың барлық құқықтары (сервитут, кепiл құқығы) туралы ескертуге мiндеттi. Бұл жағдайда бiз бiрiншi кезекте мүлiкке ауыртпалық тудыратын құқықтары туралы айтамыз. Мүлiктi жалға беру мүлiкке үшiншi тұлғалардың заттық құқықтарын тоқтату не өзгерту үшiн негiз болып табылмайды. Бiрақ, бiрқатар жағдайда бiз құқықтардың бәсекесi мәселесiмен соқтығамыз. Бұл жағдайда, бiр құқықты басқа құқық иеленушiнiң алдында басымдылығы туралы мәселенi шешу қиынға түседi. Бiр субъектi құқықтарының екiншi субъектi құқықтарының алдындағы артықшылығын анықтау үшiн тиянақты негiздер болуы керек. Мысалы, шарттық жағдайлар ақталса, онда жалға алушының иелену құқығының жалға берушiнiң иелену құқығының алдындағы артықшылығы сөзсiз болып келедi. Өзге реттерде (кездерде) бiр немесе өзге заттық құқықтық артықшылығын (басымдылығын) анықтаудың жанама өлшемдерi болып оның алғашқы болуы (ағалығы), өзге заттың құқық иесiнiң арам шеттiлiгi және өзге ұқсас жағдайлар келедi. Ресей Федерациясының Азаматтық кодексінде бәсекеде болып келетiн құқықтардың бiреуiнiң басымдылығын анықтау ережесi толығырақ реттелген. Затты алуға бiрнеше несие берушiлер талпынатын болса, зат олардың бiреуiне берiлсе өзгелерiнiң талаптары жоққа шығарылады. Зат берiлiп үлгерiлмеген болса, онда басымдылыққа оның пайдасында мiндеттеме ертерек туындаған несие берушi иемденедi. Бұның өзiн анықтау мүмкiн болмаса артықшылық (басымдылық) талапты ертерек ұсынған тұлғада (оның құқығында) болады. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 355-бабында құқықтардың артықшылығы туралы тек жалпы айтылып кетедi. Қарастыруы мүмкiн немесе мүлiктi пайдаланған үшiн ақының өзге түрлерi қарастырылуы мүмкiн. Егер шарттың өзiнде жалдау төлемiнiң нақты түрi (нысаны) анықталмаса, онда ол ақшалай төленуге тиiс. Бiр зат жөнiнде жалдаушылардың әрқайсысына затпен белгiленген уақытта тек пайдалану құқығы берiлiп бiрнеше мүлiк жалдау шарттары жасалуы мүмкiн. Оларды жалға берушi өз еркiмен жасасады, осыған байланысты жалға берушi шектеуге ие басқа да қарсылықтар айтуға ешкiмнiң құқығы болмайды. Жалға алушылардың бiрiнiң құқығына нұқсан келтiрiлетiн жағдайды қоспағанда, олардың ешқайсысы жалға берушiге өз талаптарын қоюға құқылы емес. Жалға берушiнiң негiзгi құқығы берiлген мүлiктi пайдаланғаны үшiн ақы төленуiн талап ету құқығы келедi. Осымен қатар, жалға берушi жалға алушының өзге мiндеттерiнiң орындалуын да талап ете алады. [ІІ: 7; 56-57бб.]
ІІ ТАРАУ. ЖАЛДАУ ШАРТЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ
2.1 Лизинг ұғымы және оның түрлері
Лизинг сөзі to lease ағылшын етістігінен аударғанда жалға беру дегенді білдіреді. Лизингтің жалға беруден айырмашылығы — жалға беруде екі жақ қатысса, яғни жалға беруші және жалға алушы болса, ал лизингте үш қатысушы: яғни лизинг беруші, лизинг алушы және жабдықтаушы болады.
Лизинг — бұл лизинг берушінің (жалға берушінің) өзіне тиесілі құрал-жабдықтарды, машиналарды, ұйымдастыру техникаларын өндіріске, сауда-саттыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға (жалгерге) лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдаланкға беруін қарастыратын жалға беру шарты.
Банктердің лизингтік операциялары несиелік операциялармен ұқсас болып келеді. Алайда, лизингтің несиеден бір айырмашылығы келісім-шартта келісілген төлемдер төленіп, мерзімі аяқталғаннан кейін де лизинг объектісінің лизинг берушінің меншігінде қала беруінен көруге болады. Ал несиеде банктің меншік объектісі ретінде қарыз алушының берген кепілдігі қалады.
Шетелдік зерттеушілер лизинг операциясының жасалғандығы туралы нақты зерттеулер ретінде 1877-жылы Белл Телефон Компани деген американдық компанияның телефондарды сатудың … жалғасы