​Жалаңаш қыздар диктатордың митингін бұзбақ болды

0

​Жалаңаш қыздар диктатордың митингін бұзбақ болды

Мадридте беліне дейін жалаңаштанған белсенді қыздар диктатор Франсиско Франконың жақтаушылары оның қаза болғанына бір жыл толуына орай ұйымдастырған акцияны бұзуға тырысқан.


 
Белсенділер кеуделеріне «заңды фашизм – ұлттық ұят» деген жазу жазып алған. Белсенділерді полиция тұтқынға алған. Қыркүйекте Испания парламенті диктатор Франсиско Франконың мәйітін эксгумациялауға дауыс берген болатын.
 
Франсиско Франко 1936 жылы әскери төңкеріс ұйымдастырып, нацистік Гермния мен фашистік Италияның қолдауымен республикалық үкіметке қарсы азаматтық соғыс бастаған. Соғыстан кейін ол тоталитарлық режим орнатты. Екінші дүниежүзілік соғыста Испания бейтараптық сақтағанымен, Франко көптеген қашқын нацистік қылмыскерлерге баспана берген.

Дереккөз: lenta.ru