Жалаң және жайылма сөйлем — Ашық сабақтар — Bilim

0

1 Ұйымдастыру


Оқушыларды сабаққа әзірлеу, түгелдеу


Сыныпты қызыл, көк, жасыл, сары гүлдер арқылы 4-топқа бөлу.


Топ басшыларын сайлау, топ ережесін еске түсіру.


Топ басшыларына бағалау парағы беріледі


    2.Өткен сабаққа шолу жасап, пысықтау


-Бастауыш дегеніміз не?


-Баяндауыш дегеніміз не?


-Сөйлем мүшелері қаншаға бөлінеді?


-Тұрлаулы мүшелер дегеніміз не?


-Тұрлаусыз мүшелер дегеніміз не?


-Қандай сұрақтарға жауап береді?


Мағынаны тану. Оқулықпен жұмыс


1-жаттығу. Бағандағы сөздерді оқу


-Балалар бірінші бағандағы  сөйлем неден құралған?


— Бастауыш пен баяндауыштан


-Тек қана тұрлаулы мүшелерден  тұратын сөйлемді жалаң сөйлем дейміз


-Екінші бағандағы сөйлем неден құралған?


-Бастауыш, баяндауыш және тұрлаусыз мүшелерден


-Тұрлаусыз мүшелердің сұрақтары қандай?


-Яғни, тұрлаулы мүшелермен қатар тұрлаусыз мүшелер қатысқан сөйлемді жайылма сөйлем дейміз


 


Дереккөз: http://bilim-all.kz/