Жаһандық жылынуға арналған арт-нысан

0

Жаһандық жылынуға арналған арт-нысан

Даниялық-исландиялық Олафур Элиассон есімді суретші Лондондағы Тейт заманауи өнер мұражайының алдына Гренландиядан әкелінген 24 мұз блогын орнатқан.

Суретші туындысы «Мұз сағат» («Ice Watch») деп аталады және адамзат назарын климаттың өзгеріс проблемаларына аударуға арналған. Қаланың қаржылық ауданындағы Bloomberg штаб-пәтерінің жанына тағы 6 мұз блогы қойылған.

Элиассон мен геологтардың тобы Антарктикадан кейін екінші орын алатын Гренландиядағы  мұз қабатынан ажыраған мұз бөліктерін ала келген. «Бұл жаһандық жылынудың себебінен орын алып отыр»,-дейді арт-нысанның авторы. Соңғы 25 жылда мұхиттағы су деңгейі 7,5 сантиметрге дейін өскен. Ғалымдар осы ғарыстың аяғына дейін бұл көрсеткіш тағы 6 сантиметрге дейін өсетінін болжайды.

Мұздық бөліктері Лондонда 21 желтоқсанға дейін тұрады. Егер мұз белгіленген уақытқа дейін ерімесе, ол климаттық мәселелермен айналысатын жергілікті мәдени мекемелердің көрмелерінде көрсетіледі.

Естеріңізге сала кетейік, бұрын Элиассон Парижде және Копенгагенде осыған ұқсас арт-қондырғылар орнатқан болатын.


Дереккөз: https://massaget.kz/