ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ТОҚТАТЫЛУЫ
С.БӘЙІШЕВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК КОЛЛЕДЖІ ЖШС-і
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
ТАҚЫРЫБЫ: ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ТОҚТАТЫЛУЫ
ПӘНІ: АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ
МАМАНДЫҒЫ: 0201000 ҚҰҚЫҚТАНУ
Орындаған: Т.Қ.Алпысбаев
Ғылыми жетекшісі: Л.Ө.Дүйсалиева
Қорғауға жіберілді (жіберілмейді)
Экономикалық, әлеуметтік және құқықтық
пәндік бірлестігінің жетекшісі
_________________________ Г.С.Исатаева
қолы
________________________2018ж.
Ақтөбе 2018 жыл
С.Бәйішев атындығы Ақтөбе университетінің медициналық-әлеуметтік колледжі ЖШС-і
Мамандығы: 0201000 Құқықтану
Топ білім алушысы ___________________________________ ______________
(білім алушының аты-жөні)
Азаматтық құқық пәні бойынша
___________________________________ _______________________________
(курстық жұмыстың тақырыбы)
___________________________________ _______________________________
тақырыбына жазған курстық жұмысына
Пікір
___________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _______________________________________
Бағасы___________________________________ _________________________
Курстық жұмыстың тапсырылған күні_______________________________ __
Пікір жазушы: Дүйсалиева Л.Ө.
(аты-жөні)
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3-4
І ТАРАУ. ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Заттық құқықтың ұғымы 5-8
1.2 Заттық құқықтың түрлері 8-15
ІІ ТАРАУ. МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНА (ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚҚА) ИЕ БОЛУ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ТОҚТАТЫЛУЫ
2.1 Меншік құқығының пайда болу негіздері 16-20
2.2 Меншік құқығын тоқтату әдістері 20-25
ҚОРЫТЫНДЫ 26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 27
ҚОСЫМШАЛАР
КІРІСПЕ
Қазіргі кезде заттық құқықтың мәселесі сөзсіз, кеңестік және кеңестік кезеңнен кейінгі азаматтық құкық ғылымындағы ең өзекті және ең зерттелмеген болып табылады. Бұл жағдай әкімшілік-әміршілдік экономика кезеңінде заттық кұкыққа деген қатынас жағымсыз болғанымен, оларды мүлдем жоюға барлық мүмкін әрекеттер жасалғанымен түсіндіріледі. Кеңестік заң шығарушылар мұндай әрекетті жүзеге асыра алды. Кеңестік одақ заңнамасында заттық құқық түрлерінің ішінде тек, меншік құқығы қалған болатын (оның ішінде, мемлекеттік меншік құқығы басымдылықпен орын алды). Шаруашылық айналымда мемлекеттік кәсіпорынның катысуын заңды негіздеу үшін оралымды басқару құқығы енгізілді. Басқа заттық құкық түрлері жойылды. Заттық құқықтың теориялық зерттеулері де жойылды. Заң әдебиеттерінде көп жылға дейін заттық кұқық категориясының қажет еместігі туралы пікір нақты бекітіліп келді. Мұндай пікірді қазіргі кезеңде де кейбір авторлар әлі де ұстанады.
Заттық құқықтың маңыздылығы оның белгілі бір тұлғаның өз қарамағындағы жеке заттарға үстемдік (қожалық) етуін білдірумен және адамдардың осы зат арқылы өзінің түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыруымен түсіндіріледі. Себебі, кез-келген тұлғаның жеке меншігінде немесе пайдала-нуында, иеленудің қандай да бір зат міндетті түрде болады. Ол табиғаттың, адамның өмір сүруінің бірден-бір қажетті талабы болып табылады. Әдетте адамдардың затқа қатынасы әртүрлі болады: біріншіден, ол сол заттың меншік иесі, екіншіден, оны иеленеді, үшіншіден, өзгенің затын меншіктену құқығын еншілей алу нысандарында болуы мүмкін. Олардың айырмашылығы заңда өзінен тән ерекшеліктерімен айқындалады.
Курстық жұмыстың мақсаты:
— Заттық құқықтың ерекшелігіне тоқтатылу;
— Заттық құқықтың негіздерін қарастыру;
— Заттық құқықтың жекелеген түрлеріне жалпылама сипаттама беру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
— тақырыптың теориялық сипатын ашу;
— заттық құқықтың түрлерін жіктеу.
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, 2 негізгі тараудан, пайдаланылған әдебиеттерден, қорытындыдан және қосымшалардан тұрады.
І ТАРАУ. ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Заттық құқықтың ұғымы
Заттық құқық деп белгілі бір тұлғаның өз қарамағындағы жеке заттарға үстемдік (қожалық) етуін айтады. Әдетте адамның затқа қатынасы әртүрлі болады, біріншіден, ол сол заттың меншік иесі, екіншіден, оны иеленуші, үшіншіден, өзгенің затын меншіктену құқығын еншілей алады.
Олардың айырмашылығы заңда өзіне тән ерекшеліктерімен айқындалады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің жүйесінде құқықтың өзі меншік құқығы және басқалай заттық құқық болып бөлінеді. Оның соңғысына жерді пайдалану құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы, оралымды басқару құқығы және басқа да заттық құқықтар (мысалы, сервитуттар) жатады.
Азаматтық кодексте меншік құқығы заттық құқықтың жалпы жүйесіндегі негізгі құқық институты бола тұрса да, түптеп келгенде ол заттық құқықтың бірі болып саналады. Заң шығарушы затқа ауыртпалық түсірумен қатар оған өкілеттілікті жүктейді. Мысалы, өзге заттық құқықтың субъектілері сол заттың меншіктен туатын ауыртпалығын көтереді немесе белгілі бір адамға меншік иесінің құқығын жүзеге асыру өкілеттігі беріледі. Барлық заттық құқықтарға меншік құқығына, сондай-ақ басқа да заттық құқықтардың табиғатына тән нәрсе, олардың шексіз (абсолютті) құқықтар қатарына жататындығы дей аламыз. Ал қоғам мүшелерінің бәрі бірдей шексіз (абсолютті) құқықпен қорғалады. Мысалы, азаматтың меншігіндегі машинаға ешкімнің тиісуге құқығы жоқ.
Сонымен, заттық құқық дегеніміз өкілетті жақтың немесе өзге жақтардың заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын белгілі бір жаққа (жақтардың жиынтығына) тиесілі әртүрлі заттарға өз қалауы бойынша тікелей үстемдік (қожалық) ету құқығы болып табылады.
Заттық құқықтар жөніндегі тиісті нормаларды ажырата отырып, оның бірқатар белгілерін атап өтелік: заңда бекітілген заттық кұқықтың шектелген шеңбері, заттық құқықтардың шексіздігі (абсолюттік құқық); затқа тікелей үстемдік ету, затпен үздіксіз байланыс жасау, осыдан келіп «құқықтылықтың жалғасуы» өкілеттігі шығады, затты алудың заңды тәсілдерінің нақтылығы және нысанының ерекшелігі.
Заттық құқық шексіз (абсолюттік) құқық түрінде сипатталады. Демек, бұл барлық басқа субъектілердің аталған құқық өкілеттілігін жүзеге асыруына бөгет жасамау міндетін алға тартады. Шексіз (абсолюттік) құқыққа мазмұны жағынан қарама-қарсы тұратын міндеттемелік құқық. Бұл құқық бойынша міндетті болатын бір ғана жақ немесе бірнеше жақтар. Бұл құқықтың сол міндетті болған субъектіге не міндетті субъектілерге ғана күші бар, сондықтан міндеттемелік құқықты бұзатын тек солар ғана болады. Мысалы, мәмілеге негізделген құқықтардың бәрі де міндеттемелік құқық болып табылады. Бұл құқықтарды орыңдауды мәміле бойынша сол міндеттерді мойнына алушылардан ғана талап етуге болады. Мысалы, затты беру, белгілі бір жұмысты орындау, т.б. міндеттер. Заттық құқық басқа құқықтардан өзінің объектісімен ерекшеленеді. Заттық құқықтың объектісіне жеке дара белгілі бір мүліктер жатады. Бір-біріне тектес заттар, сондай-ақ материалдық емес өзіндік игіліктер заттық құқықтың объектісі бола алмайды. Өйткені, заттық құқықтың өзіне тән қасиеті басқа біреудің иелігінен затты қайтару болып табылады әрі бұл затты сыйға беруге болмайды, заттай жүзеге асады.
Заттық құқықтың шексіз (абсолютті) сипаты басқа адамдармен қатынасқа түскеңде айқын көрінеді. Мәселен, олар меншік иесінің құқығына қол сұқпауға міндетті. Демек, заң меншік құқығын қорғай отырып, азаматтарға өз құқығын жүзеге асыруға бөгет жасамауына жағдай жасайды. Мысалы, меншік иесінің затты иелену немесе пайдалану құқығына заңсыз түрде бөгет жасау әрекеттерінің бәрі де жоғарыда айтылған міндетті бұзушылық болып табылады.
Заттық құқықтың маңызды белгісі оның затқа тікелей үстемдік етуі болып табылады. Мұның өзі құқық объектісі араға үшінші бір адамды салып үстемдік етпейді дегенді білдіреді. Бұл арада затқа үстемдік толық күйінде болуы мүмкін, ал кейде заттық құқықтың шектелуіне орай шектелген түрінде де кездеседі.
Заттық құқықтың тағы бір ерекшелігі заттың иесі мүлкін басқа біреуге берген кезде өзінің құқығы иеленуші ретінде сақталып қалады деуге болады. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 188-бабына сәйкес меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекеттер жасауына, соның ішінде мүлын басқа адамдардың меншігіне беріп, иелігінен шығаруға, бірақ өзі меншік иесі болып қала беруіне құқылы. Басқаша айтқанда, мүлікке меншік құқығы сақталады. Егер зат заңсыз иеленген болса, онда ол синдикацияланады, яғни меншік иесі өзінің заңсыз иеленген өз мүлкін талап етуге құқылы. Мысалы, кепілге салынған мүлікке құқық басқа тұлғаға құқықты мирасқорлық тәртібімен көшірілгенде кепіл сақталады (Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 323-бабы). Заттық құқық мекемеш меншіктену құқығы басқа адамға ауысқан кезде бұл мекеме өзіне тиесілі мүлікке оралымды билік жүргізу құқығының сақталып қалуына байланысты заттық құқық та сақталады (Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 208-бабы). [I: 2; 33-34бб.]
Заттық құқық екі үлкен топқа бөлінеді: меншік құқығы және меншік иесі болып табылмайтын тұлғаның заттық құқығы. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 195-бабында заттық құқықтың үлгі тізімі келтірілген, бірақ онда бәрі бірдей қамтылмаған. Заттық құқыққа меншік құқығымен қоса жерді пайдалану құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы, оралымды басқару құқығы, басқа да заттық, құқықтар жатады.
Олардың субъектілеріне тән нәрсе, оны иеленіп, пайдаланып, билік еткенімен, мүліктің меншік иесі бола алмайды. Шаруашылық жүргізуге құқығы бар мемлекеттік кәсіпорындар, егер заң актілеріңде өзгеше көрсетілмеген болса, кәсіпорынның меншік иесінің немесе ол уәкілдік берген мемлекеттік органның келісімінсіз кәсіпкерлік қызметтің мына түрлерін жасатса:
1) өзіне тиесілі үйлерді, құрылыстарды, жабдықты және кәсіпорынның басқа да негізгі қорларын өзге адамдарға сатуға және беруге, айырбастауға, ұзақ мерзімді (үш жылдан астам) жалға беруге, уақытша тегін пайдалануға беруге;
2) филиалдар және еншілес кәсіпорыңдар құруға, жеке кәсіпкермен бірге кәсіпорындар мен бірлескен өндірістер құруға, оларға өндірістік және ақша капиталын салуға;
3) жеке кәсіпкерлерге қарыз беріп, олар бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасынан төмен сыйақымен (мүлдемен) төлетіп алуға;
4) үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша кепілдеме немесе кепілдік беруге құқығы жоқ. (Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 200-бабының 1-тармағы).
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіңде заңдық құқықтың жіктелуі (классификациясы) толық түрде берілмеген. Әдебиетте заттық құқықтарды дәрежелеуге ұмтылыс бар. [III: 1; http:lekcia.com; Заттық құқықтың ұғымы]
1.2 Заттық құқықтың түрлері
1. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан 2030» деп аталатын халыққа Жолдауында жеке меншік институттары жерге меншік арқылы беки түсетіндігі, сондай-ақ меншік құқығын қорғайтын заңдық жүйелердің құрылатындығы айтылған.
Бұл орайда әңгімемізді жерді пайдалану мен сервитутқа қатысты заттық құқықтан бастамақшымыз. Шаруашылық жүргізу құқығы мен оралымды басқару құқығы «Мемлекеттік меншік құқығы» тарауында қаралады.
Жерді пайдалану құқығы дегеніміз тұлғаның мемлекеттік меншігіндегі жер учаскесін өтеулі және (немесе) өтеусіз негізде мерзімсіз (жерді тұрақты пайдалану) немесе белгілі мерзім ішінде (жерді уақытша пайдалану) иелену және пайдалану құқығы. [II: 1; 39-40бб.]
Жер учаскелері өзінің құқықтық тәртібі бойынша жер пайдалану объектісі ретінде шаруашылық бағыты, нысаналы мақсатты пайдаланылуы, жер пайдалану субъектісі, жерді пайдалану құқығының түрлеріне орай (тұрақты немесе уақытша, иеліктен шығарылатын немесе шығарылмайтын, өтеулі немесе өтеусіз алынатындығына байланысты) бір-бірінен ерекшеленеді. Жер пайдаланудың өзіне тән объектісі жалпы жер пайдаланудағы жер үлесі болып табылады. Жер үлесі дегеніміз жер учаскесіне құқықтар мен міндеттерге басқа тұлғалармен бірге қатысудың «Жер туралы» заңда және өзге де заң актілерінде белгіленген жағдайлар мен шарттарда бөлінуі, мүмкін сан жағынан анықталған үлесі болып табылады.
Жер пайдаланудың маңызы Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 195-бабының 2-тармақшасында айқындалған. Жер пайдалану құқығына байланысты болатын ерекшеліктер жер пайдалану құқығының кімде болуына қатысты келеді. Мемлекеттік жер пайдаланушылар шаруашылық жүргізуге жерді алғаннан соң жер учаскесін иеленіп, пайдалануға құқық алады, оның өзі мақсатты пайдалану шеңберінде жүзеге асады әрі ол жер бөлу актісінде көрсетіледі. Ал негізгі билік мемлекеттің қолында қала береді. Жерді алып, оралымды басқаруға құқығы бар жер пайдаланушылар, сондай-ақ жер учаскесін иеленеді және оны пайдаланады, бірақ билік тізгіні мемлекетте де, сонымен бірге меншік иесі болып табылатын мемлекеттік емес заңды тұлғаларда да болады. Сонымен, мемлекеттік жер пайдаланушының өзіне тиесілі жер пайдалану құқығын окшаулауға, сондай-ақ кепілдікке беруге хакысы жоқ, бұған жер учаскесіңде орналасқан жылжымайтын мүлікті белгіленген тәртіппен оқшаулауға не оның кепілдікке берілуіне байланысты жағдайлар қосылмайды. Мемлекеттік жер пайдаланушы өзінің қарауындағы жер учаскесін ұзақ мерзімді жалға беруіне болады, бірақ бұл орайда алдымен өкілетті орган ретінде мемлекеттен келісім алуы тиіс, ал өзіне тиесілі жер учаскесін біреуге тегін пайдалануға беруіне мүлдем рұқсат етілмейді, бұл тек қызмет -бабына орай жер учаскесін бөлгенде ғана мүмкін болады.
Жер учаскесін пайдалану заттық құқықтар осы учаске шекарасындағы, яғни аумағындағы топырақтың үстінгі қабаттарына, түиық су тоғандарына, орман ағаштарына қолданылады. [II: 2; 41-42бб.]
Егер «Жер туралы» Заң мен өзге заң актілеріңде өзгеше белгіленбесе, жер пайдаланушылардың:
1) жер учаскесін белгілі бір мақсатқа пайдалана отырып, жерде дербес шаруашылық жүргізуге;
2) ауылшаруашылық және өзге де дақылдар егістеріне және отырғызылған көшеттерге, өндірілген ауылшаруашылық өнімі мен жер учаскесін пайдалану нәтижесінде алынған өзге де өнімді және оны өткізуден түскен табысқа меншік, шаруашылық жүргізу, оралымды басқару;
3) өз шаруашылығының қажеттері үшін жер учаскесінде бар құмды, сазды, қиыршық тасты және басқа да жалпы таралған пайдалы қазбаларды, шымтезекті, екпелерді, жерүсті және жерасты суларын кейіннен мәмілелер жасасу ниетін көздемей, бегіленген тәртіппен пайдалану, сондай-ақ жердің өзге де пайдалы қасиеттерін пайдалану;
4) жер учаскесін мемлекеттік қажеттер үшін альт қойылған (сатып алынған) жағдайда келтірілген залалды толык көлемінде өтетіп алу;
5) меншік, шаруашылык жүргізу, оралымды басқару құқығымен жер учаскесінің нысаналы мақсатына кайшы келмейтін түрғын үйлер, өндірістік тұрмыстық және өзге де үйлер (құрылыстар, ғимараттар) салу;
6) белгіленген құрылыс, экологиялық, санитарлық-гигиеналық өзге де меморациялық жұмыстар жүргізу, тоғандар мен өзге де суаттар жасау құқығы бар.
Жер пайдалану кұқығынан бас тарту осы жерді пайдалану құқығын басқа адам сатып алғанға дейін, жер пайдаланушының жер учаскесіне қатысты құқықтары мен міндеттерін тоқтатуға әкеліп соқпайды. [II: 3; 65-66бб.]
Жасалған қылмысы үшін санкция түрінде жер пайдаланушыдан жер учаскесін Заңдарда көзделгендегідей сот арқылы тегін алу жағдайы да болады. Бұған коса жер пайдаланушының құқығын тоқтатуда мынадай негіздер болуы мүмкін:
1) жер учаскесі берілген мерзімнің аяқталуы;
2) жер учаскесі кепілде түрган жағдайларды коспағанда жер учаскесін жалға беру шартының немесе өтеусіз уақытша жер пайдалану шартының мерзімінен бұрын тоқтатылуы;
3) соларға байланысты жер пайдаланушыға қызметтік жер үлесін беруге негіз болған еңбек қатынастарының токтатылуы.
Азаматтық кодекстегі сервитутты бөтен меншікке болатын заттық құқықты (затты) немесе бөтеннің затын пайдалануды шектеу деп түсіну керек.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде сервитутқа анықтама берілмеген, оны саралайтын арнайы тарау жоқ. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 188-бабының 6-тармағында «Заң құжаттарында көзделген реттерде, жағдайлар мен шектерде меншік иесі өз мүлкін басқа адамдардың шектеулі түрде пайдалануына жол беруге міндетті» деп анық жазылған. Сонымен, қазіргі азаматтық заң сервитуттарға нақты анықтама мен оның тізімін бермегенімен, бұл институт өмірінің әрқилы жағдайларына кеңінен қолдануға жалпы ережені бекіткенінін айтсақ та жеткілікті.
Қазақстан Республикасының казіргі заңдарыңда жер сервитуты деген түсінік кенінен мәлім, айталық, ол «Жер туралы» Заңда «сервитуттар» деп аталатын дербес тарау бар.
Сервитуттың елеулі белгілерінің қатарына мыналар жатады:
1) өзге біреудің (бөтеннің) затына құқық, бұл жағдайда меншік құқығы бұзылмайды, меншік құқығынан ешқандай жеке өкілдік туындамайды, тек сервитутты жүзеге асыру мөлшерінде ғана қажетті деңгейде оған жол беріледі;
2) сервитуттың мақсаты белгілі бір тұлғаға оның алар пайдасы мен мүддесі үшін жер учаскесін беру болып табылады (мысалы, бөтен біреудің үйіңде өмір бойы тұру құқығы);
3) сервитутқа билік ету құқығы менпгік иесінде калатындықтан, билік етуге жол берілмейді. «Жер туралы» Заңның 53-бабының 2-тармағына сәйкес сервитут мәміленің, оның ішінде сатып алусатудың және кепілге мәні салудың дербес нысанасы бола алмайды;
4) сервитутқа «жалғасу құқығы» жөн. Мысалы, «Жер туралы» Заңда «Сервитут басқа тұлғаларға қамтамасыз етілуі үшін сервитут белгіленген құқықпен бірге ғана ауыса алады» деп ашық айтқан. [II: 4; 77-78бб.]
Сервитуттың субъектілері азамат, заңды тұлға және мемлекет болып табылады. Сервитуттар заттық (жер) және жеке болып бөлінеді. Заттық (жер) сервитуттар белгілі бір тұлғаның пайдасына емес, белгілі бір жер учаскесінің пайдасына тағайындалады. Жеке тұлғаның қоршалмаған, жабық емес жер учаскелеріне әркімнің қаңдай да бір рұқсатсыз еркін жүріп тұруға хақысы бар. Мемлекет және мүлікті пайдалануда нормативтік шектеу кояды, онда ол жеке сервитут болып табылады. Мәселен, электр желісін көрші учаскесі арқылы тарту мұның айқын мысалы болып есептеледі.
Сервитуттар икемді және икемсіз болып жіктеледі. Икемді сервитуттарға меншік иесінің келісімімен оның иелігіне басқа тұлғаның кіруі жатады.
Сервитуттар заң күшінде немесе шартпен тағайындалады. Олар біржақты келісім болмаса, оны жүзеге асырудың көнелігімен көріне алады. «Жер туралы» Заңның 50-бабының 2-тармағына сәйкес бөтен жер учаскесін шектеулі нысаналы мақсатта пайдалану құқығы (сервитут) мынадай жағдайларда:
1) тікелей нормативтікқұқықтық актіден;
2) мүлделі тұлғаның жеке меншік иесімен немесе жер пайдаланушымен жасаған шартының негізінде;
3) жергілікгі атқарушы органның актісі негізінде;
4) сот шешімі негізінде;
5) заң актілерінде көзделген өзге де жағдайларда пайда болуы мүмкін. Мысалы, уақытша (маусымды) пайдаланынатын мал айдау жолдары жеке меншік иелерінен немесе жер пайдаланушылардан жерді қайтарып алмай, өздерінің жерлерінен мал өтетін жеке мештк иелерімен немесе жер пайдаланушылармен келісе отырып, аудандық (аудан аумағыңда) немесе облыстық (екі немесе одан көп аудаңдардың аумағында) атқарушы орган акт мүлделі тұлғаның жеке меншік иесімен немесе жер пайдаланушымен шарт негізінде сервитут тағайындауын қарастыратын болса, ал соңғысы мұңдай шарт жасаудан бас тарта қалса, онда оны мүлделі жақ сотқа береді. Мұндай құжаттарды жергілікті атқару органдары да бекітілген тәртіппен қарай алады.
Сервитуттың объектісі қозғалмайтын мүлік болып табылады. Егер сервитут тікелей нормативтік құқықтық актіден туындамайтын болса, оның пайда болуы, өзгертілуі және тоқтатылуы жылжымайтын мүлікке не онымен мәміле жасау құқықтарын тіркеу үшін белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуге жатады (Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 118-бабының 2-тармағы).
Сервитуттың мазмұнын заттық құқық ретінде оның Заңдық күші анықтайды. Өкілдігінің нақты аумағы сервитут тағайындауды талап етуші тұлға мен меншік иесі немесе жер пайдаланушы арасында жер учаскесіне байланысты жасалатын шартқа тағайындалады. «Жер туралы» Заңның 52-бабына сәйкес жеке меншік иесі немесе жер пайдаланушы көрші жер учаскесіне жеке меншік немесе жер пайдалану құқығының объектісінен, ал қажет болған жағдайда, өзге учаскеге де жеке меншік немесе жер пайдалану құқығының субъектісінен осы учаскені шектеулі пайдалану құқығын беруді талап етуге құқылы. [II: 5; 74-75бб.]
Осы елде қолданылатын заңдарда тікелей көзделген құқықтар ғана заттық құқықтарға жатады, яғни жеке тұлға өз еркімен заттық құқықтардың қандай да бір өзге түрлерін жасай алмайды.
Әр түрлі заң актілерінде заттық құқықтардың осынау тұйық шеңбері бірдей емес. Белгілі бір елдік құқық жүйесінде орталық институт болып табылатын меншік құқығы барлық елдердің азаматтық құқығыңдағы заттық құқықтар жүйесінде жетекші орын алады.
Сонымен қатар, кепіл, сервитут, құқығы секілді заттық құқықтар осы жүйеге жатады. Бұлардың бәріне ортақ нәрсе — бұл мүлік иелеріне меншік иесінің кейбір өкілеттіктеріне (әдетте иелену, пайдалану) жататын кейбір өкілеттіктерді бекітіп беретін бөтеннің мүлкіне құқық. Басқаша айтканда, бұл меншік құқығынан туындайтын заттық құқықтар.
Заттық құқық екі үлкен топқа бөлінеді: меншік құқығы және меншік иесі болып табылмайтын тұлғаның заттық құқығы. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 195-бабында заттық құқықтық үлгі тізімі келтірілген, бірақ онда бәрі бірдей қамтылмаған. Заттық құқыққа меншік кұкығымен қоса жерді пайдалану құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы, оралымды басқару құқығы, басқа да заттық құқықтар жатады. Өзге заттық құқыққа мекеме және қазыналық кәсіпорынның мүлікке билік етуде қатысты болуы мүмкін (Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 206-бабы). Сондай-ақ отбасы мүшелерінің тұрғын үйді пайдалану құқығы («Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 22-бабы) және жер қойнауын пайдалану құқығы («Жер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 2-бөлім), тағы басқалар заттық құқыққа қатысты бола алады. Олардың субъектілеріне тән нәрсе, оны иеленіп, пайдаланып, билік еткенімен, мүліктің меншік иесі бола алмайды. Шаруашылық жүргізуге құқығы бар мемлекеттік кәсіпорындар, егер заң актілерінде өзгеше көрсетілмеген болса, кәсіпорынның меншік иесінің немесе ол уәкілдік берген мемлекеттік органның келісімінсіз кәсіпкерлік қызметтің мына түрлерін жасауға:
1) өзіне тиесілі үйлерді, құрылыстарды, жабдықты және кәсіпорынның баска да негізгі қорларын өзге адамдарға сатуға және беруге, айырбастауға, ұзақ мерзімді (үш жылдан астам) жалға беруге, уақытша тегін пайдалануға беруге;
2) филиалдар және еншілес кәсіпорындар кұруға, жеке кәсіпкермен бірге кәсіпорындар мен бірлескен өндірістер құруға, оларға өндірістік және ақша капиталын салуға;
3) жеке кәсіпкерлерге қарыз беріп, олар бойынша Қазакстан Республикасының Ұлттық банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасынан төмен сыйақымен (мүддемен) төлетіп алуға;
4) үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша кепілдеме немесе кепілдік беруге құқығы жоқ (Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 200-бабы 1-тармағы). Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде заттық құкықтың жіктелуі (классификациясы) толық түрде берілмеген. Әдебиетте заттық құқықтарды дәрежелеуге ұмтылыс бар. Айталық, Ю.К.Толстой құқықты мынадай түрге бөледі:
— белгілі бір мүлікке қатысты құқық (мысалы, жер учаскесіне);
— белгілі бір адамға қатысты құкық (мысалы, бөтен адамның үйінде өмір бойы тұру құқығы);
— жария мүддеге байланысты бекітілген құқық (мысалы, жария сервитуттар);
— жеке мүддені қорғау үшін бекітілген құқық (мысалы, жер учаскесін өмір бойы мұрагерлікпен иелену);
— белгілі шектелген қатынаста бөтеннің затын пайдалануға берілген құқық (мысалы, сервитуттар);
— бөтеннің затына билік жасауға берілген құқық (мысалы, ипотека). [III: 2; www.zan.zanmedia.kz; Заттық құқықтың түрлері;]
ІІ ТАРАУ. МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНА (ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚҚА) ИЕ БОЛУ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ТОҚТАТЫЛУЫ
2.1 Меншік құқығының пайда болу негіздері
Меншік құқығы тек қана белгілі бір құқықтық фактінің ал, кейбір жағдайларда олардың жиынтығының болуынан туындайтын субъективтік құқық қатарларына жатады. Бұл құқықтық фактілер … жалғасы