Заң алдындағы жауаптылық және құқықтық санкциясы

0

КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың тақырыбы: Заң алдындағы жауаптылық және құқықтық санкциясы. Құқықтық тәртіп субъектілердің дұрыс тәртібі, нормативтік актінің талабына сәйкес жұмыс жасау, іс-әрекетте қажеттілікке жол бермеу.
Курстық жұмыстың міндеті: құқықтық тәртіптің құрылымы – қоғамның санасымен байланысты тұрғыда іс-әрекет жасап, қатынас арқылы өздерінің мүдде-мақсатын іске асыру. Құқықтық тәртіптің ерекшелігі – бұл қарым-қатынас құқықтық норма арқылы өмірге келіп, мемлекеттің бақылауында болады. Егер қарым-қатынаста қателіктер кетсе, оны мемлекеттік оргондар түзетуге тиіс.
Сонымен құқықтық тәртіп дегеніміз – қоғамдағы қатынастардың жүйе-салаларының нормативтік актілер арқылы дұрыс, жақсы, уақытында реттеліп, орындалуы. Сонымен құқықтық тәртіп дегеніміз – қоғамдағы қатынастардың жүйе-салаларының нормативтік актілер арқылы дұрыс, жақсы, уақытында реттеліп, орындалуы.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Құқық бұзушылық ең алдымен неге қауіп төндіреді? Заңның қорғауына алынған өзге тұлғалардың мүддесіне. Дегенмен адамның барлық мүддесі заңмен қорғала бермейді, сондықтанда оған нұқсан келтіру әр уақытта да құқыққа қайшы болып саналмайды, тиісінше құқық бұзушылық ретінде бағаланбайды. Мәселен, бәсекелестік, біреудің жеке экономикалық мүддесіне залал келтіруі мүмкін, бірақ бұл құқық бұзушылыққа жатпайды. Яғни, құқық бұзушылықтың мәні мемлекет шығарған құқық нормаларына қайшы әрекеттермен байланысты болады. Барлық құқық бұзушылық қоғамға қауіптілігінің сипаты мен деңгейіне байланысты екі топқа бөлінеді: 1)Қылмыс, 2)Теріс қылық.
Курстық жұмыстың мақсаты: қоғамдық қатынастағы құқықтық тәртіптің жүзеге асырылуын, құқық бұзушылықтың алдын алу шараларымен танысу.

Қайнар көздері: 2013жылы Алматы баспасынан шыққан Д.А. Булгакованың Мемлекет және құқық теориясы оқулығын пайдаландым.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспе, негізгі екі бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер мен қосымшалардан тұрады.

I-БӨЛІМ. Құқықтық тәртіп, құқық бұзушылық туралы жалпы түсінік
0.1 Құқықтық тәртіп ұғымы, оның негізгі түрлері мен себептері

Құқық бұзушылық – құқыққа сай емес тәртіптің негізгі түрі болып табылады (оның басқа түрі – объективтік құқыққа қарсытәртіп және соған құқықтық тәртіптің түрлерінің бірі, себебі, соған қатысты құқыққа сай емес тәртіп (құқыққа сайлықпен қатар) оның түрі ретінді көрінеді.
Құқық бұзушылыққа мынандай белгілер тән:
1) Құқық бұзушылық – бұл әр уақытта әрекет және тек әрекет, яғни әрекет, әрекетсіздік не вербальдық (сөз жүзіндегі ) тәртіп. Құқық бұзушылыққа ой, сендіру, берік ниеттен, егер олар сырттан көрінбесе. Адам заң үшін өзінің тәртібінсіз өмір сүрмейді, оған өз кезінде Гегель де көңіл аударған.
2) Құқық бұзушылық – бұл әрекет, ол қоғам үшін қауіпті, оған зиян келтіреді. Мұнда көңіл аударатын нәрсе, құқық бұзу мүмкін емес, нақтылы қоғамдық қатынастарға тиіспей. Құқық бұзушылық (бұл атауға қарсы әріпті талқылау) заң нормаларының өзіне зиян келтірмейді. Ондай жағдай зиянды, не болмаса нақтылы құқыққа қауіп ті және заңмен қорғалатын жекелеген қоғамдық қатынастардың ықыласына әсер етеді.
Құқықты бұзғанда белгілі адамдар, олардың ұйымдары, ал құқық нормалары әрекетін жалғастыра береді және міндетті деп есептеледі.
3) Құқық бұзушылық – бұл құқыққа қарсы әрекет, яғни ондай әрекетті жасауға құқықпен әртүрлі нысанда тыйым салынған (тікелкей тыйым салу, позитивті әрекет жасауға, әрекеттің жазалануын белгілеуге арналған заңды міндеттерді тапсыру). Құқыққа қарсылық дегеніміз – құқықтығы әрекеттің қоғамдық зияндылығын көрсету.
4) Құқық бұзушылық-бұл әртүрлі уақыттағы кінәлі әрекеттер: кінәсіз құқық бұзушылық жоқ. Кінә-бұл құқық бұзушылықтың өзінің әрекетіне ерекше психикалық қатынасы және оның нәтижесіне де қатысты.
Сонымен, құқық бұзушылық-қоғамға қауіпті құқыққа қарсы кінәлі әрекет. Құқық бұзушылық-қоғамға қауіптілік деңгейіне сай қылмыс (қылмыстық құқық бұзушылық) және теріс қылық. Теріс қылық, өз жағынан әкімшілік, азаматтық (азаматтық құқық бұзушылық) және тәртіптік болып бөлінеді. Сонымен қатар, процессуалдық құқықтық қатынастар тобын (процессуальдық құқық нормаларын бұзуда) бөлуге болады.
Әкімшілік құқық бұзушылықты екіге бөлуге болады:
А) Әкімшілік құқықтың шығатын позитивті заңды міндеттерді орындамау;
Ә) Кодекспен белгіленген әкімшілік құқық бұзушылықтағы әкімшілік құқықтың тыйым салынғандарын бұзу.
Олардың айырмашылығы сонда, біріншісі таза әкімшілік құқық бұзушылық , ал екіншісі өзінің табиғатына қарай қылмыстық құқық бұзушылыққа ұқсас және олардан айырмашылығы тек қоғамдық қауіпсіздігінің аздығында.
Құқықтық тәртіп жүйесінің негізгі түрлерінің бірі – құқықтық тәрбиелеу. Бұл жұмыс екі бағытта жүргізіледі: бірінші бағыты – құқықтық білім беру; екінші бағыты – олардың құқықтық сана – сезімін жақсарту. Құқықтық тәбиенің негізгі мақсаты:
– адамдардың қоғамдағы құқықтық жүйесін, оның мазмұнын жақсы біліп, жақсы түсінуін қамтамасыз ету;
– адамдардың заңға, құқықтық тәртіпке деген мінез-құлқын, іс-әрекетін жақсарту;
– адамдардың құқықтық нормаларды дұрыс қолдану, дұрыс орындау тәжірибесін жақсарту.
Құқықтық тәрбиелеу жүйесі үш элементтен тұрады:
1) субъект – мемлекеттік оргон, лауазымды тұлғалар – тәрбие жұмысын жүргізетін;
2) объект – адамдар;
3) құқықтық тәрбие көлемінде жүргізілетін арнаулы жұмыстар, іс-әрекет.
Құқықтық тәрбиені іске асыру, орындау механизімі төрт бөліктен тұрады:
1) қоғамдық құқықтық сана;
2) құқықтық норма жүйесі;
3) құқықтық тәрбие жұмысының нысаны және әдіс-тәсілдері;
4) тәрбие жұмысымен қамтылған адамдардың құқықтық сана-сезімі.
Міне осы құқықтық тәрбиенің механизімі арқылы қоғамдағы заңдылықты, құқықтық тәртіпті дамытып, жақсартуға мүмкіншілік қалыптастырады.
Құқықтық тәртіптің мазмұны – субъектілердің дұрыс тәртібі, нормативтік актінің талабына сәйкес жұмыс жасау, іс-әрекетте қажеттілікке жол бермеу. Құқықтық тәртіптің құрылымы – қоғамның санасымен байланысты тұрғыда іс-әрекет жасап, қатынас арқылы өздерінің мүддеге-мақсатын іске асыру. Құқықтық тәртіптің ерекшелігі – бұл қарым-қатынас құқықтық норма арқылы өмірге келіп, мемлекеттің бақылауында болады. Егер қарым-қатынаста қателіктер кетсе, оны мемлекеттік оргондар түзетуге тиіс.
Әскери құқықтық тәртіптің өзіне тән ерекшелігі болады: өздерінің жеке арнаулы заңдары, ережелері болады. Барлық қарым-қатынас сол заңдармен реттеліп, басқарылады. Жалпы саясатта ешқандай айырмашылық жоқ. Тек реттеуде, басқаруда өзгешеліктер болады.
Сонымен құқықтық тәртіп дегеніміз – қоғамдағы қатынастардың жүйе-салаларының нормативтік актілер арқылы дұрыс, жақсы, уақытында реттеліп, орындалуы.
Заңдылықтың, құқықтық тәртіптің кепілдіктері:
1. Материалдық кепілдік – егерде субъектілер өзара қателіктер жіберсе өздері келісімге келіп нормативтік актіні дұрыс орындауға тиіс.
2. Саяси кепілдік – қоғамның саяси тұрақтылығы заңдылыққа, тәртіпке көп әсер етеді. Қоғамдағы барлық бірлестіктер, одақтар, ұжымдар, саяси партиялар дұрыс, жақсы жұмыс жасауы көп әсер етеді.
3. Моральдық кепілдік – қоғамның инабаттылық, парасаттылық деңгейі жақсы болса заңдылық, тәртіп те жақсы болуға тиіс.
4. Заңды кепілдік – мемлекеттің заңдылықты, тәртіпті бақылап отыратын арнаулы органдарының рөлі, маңызды, әсері өте зор.
Қоғамдағы заңдылық, бостандық, құқықтық тәртіп, демократия бір-бірімен тығыз байланыста дамиды, бір-біріне зор әсер, ықпал жасайды.
Әр мемлекетте қоғамдық тәртіп және құқықтық тәртіп болады. Қоғамдағы қабылданған барлық әлуметтік нормаларды мемлекеттік органдар, бірлестіктер, одақтар, ұйымдар, ұжымдар, азаматтар дұрыс, уақытында орындау – қоғамдық тәртіп. Қоғамдық қатынастардың жағдайы құқықтық нормалардың талабына сәйкес болса – құқықтық тәртіп. Екеуі бір-бірімен тығыз байланысты дамиды. Заңдылықпен құқықтық тәртіптің әлуметтік маңызы: 1) қоғамдық өмір бірқалыпты жақсы дамиды; 2) мемлекеттік, шаруашылық, қоғамдық ұйымдармен органдар жақсы жұмыс жасайды; 3) Барлық адамдардың құқығын, бостандығын, барлық ұйымдардың, ұжымдардың мүдде-мақсатын дұрыс орындап, дамытуға мүмкіншілік туады.
Заңдылық пен құқықтық тәртіпті жақсы дамыту әдіс-тәсілдері:
– құқықты бұлжытпау шраларының жүйесінің сапасын жақсарту;
– кінәға сәйкес заңды жауапкершіліктің түрін анықтау, әділетті жаза қолдану;
– еріксіз жауапкершілікті қолдануды дұрыс пайдалану;
– заңдылыққа, құқықтық тәртіпке мемлекеттік бақылауды әділетті жүргізу.
Сонымен құқықтық тәртіп – заңдылықтық дәйекті, нақтылы, толық орындалуы. Заңдылық – құқықтық тәртіптің мазмұны мен мақсаты, мұраты мен қағидалары. Заңдылық пен құқықтық тәртіп тығыз байланысты. Құқықтық тәртіп – заңдылықтың мазмұны мен мүдде-мақсаты. Осы екі ұғым бірлесіп орындалып жатады.

1.2 Құқық бұзушылықтың құрамы
Қоғам әрқашан тәртіпке негізделіп, арқа сүйіп қалыптасып, тіршілік етеді. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, яғни, келешегі болмайды. Мұны адамдар ежелден-ақ жақсы түсінген. Сондықтан да қоғамда тәртіп орнатудың жолдарын қарастырған. Дегенмен, керісінше қоғамдық тәртіпті бұзуға бейім азаматтар да аз болмаған.
Осыдан келіп-құқық бұзушылық орын ала бастады. Құқық бұзушылық- қоғам өміріне тән дерт. Адам баласы өмір сүрген ортада ол да әрқашан орын алады. Бұл обьективтік құбылыс.
Сонымен құқықтық тәртіп дегеніміз – қоғамдағы қатынастардың жүйе-салаларының нормативтік актілер арқылы дұрыс, жақсы, уақытында реттеліп, орындалуы. Олар ойдың елегінен өтіп, бақылауында болады. Ақылы дұрыс адамның іс-әрекеті ерік пен ойдың арқасында жүзеге асырылады. Демек заң бұзушылық қоғам мен жеке тұлғаларға зиян келтіретін және құқықтық нормаларға қарсы әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады.
Әрекет-бұл құқық нормаларының іс-қимыл жасай отырып жүзеге асуы, ал әрекетсіздік құқық нормаларының талаптарын ешқандай іс-қимыл орындалмаса да бұзу арқылы орын алады.
Құқық бұзушылық құқықтық нормалар қорғайтын мүддеге нұқсан келтіріп қоғамның, жеке адамның мүддесіне зиянын тигізеді, белгіленген құқықтық тәртіпті бұзады. Құқықтық нормалардың талаптарын орындамау нәтижесінде тәртіп бұзылады, қоғамдық қатынастарға кесір келеді, белгілі бір игілік, құнды зат жоғалады, адамның өміріне, денсаулығына, рухани сезімне зиян келтіреді.
Азамат өзіне жүктелген міндеттерді орындаса немесе құқықтары мен бостандықтарын пайдалана алса, мұндай іс-әрекет азаматқа да, қоғамға да пайдасын тигізетіні сөзсіз. Азаматтар заңда белгіленген міндеттерін бұлжытпай орындаса, қоғамда заңдылық орнап, құқықтық тәртіп сақталады. Азаматтар өз құқықтары мен бостандықтарын тиімді пайдалана алса қоғамның жан-жақты дамуына, адамдардың тұрмыстық жағдайларының жақсаруына, халық мәдениетінің өркендеуіне тиісті жағдай туады.
Құқық бұзушылықтың мәні – оны басқа жүріс-тұрыс ережелерін бөліп көрсететін, басты өзіне ғана тән ерекшеліктерінен тұрады. Ең алдымен барлық құқық бұзушылықтың мәні қоғамдық құрылыстың, қоғамдық қатынастар жүйесіне келтіретін қауіптілігі, зияндылығы. Яғни, тек бір ғана әрекеттің қоғамға қауіптілігі мен зияндылығы емес, оның таралуы қоғамдық қатынастарға айтарлықтай залал кенлтіретін адам әрекетінің белгілі бір түрі ескеріледі. Ал жекелеген әрекет-әрекетсіздік қоғамдық өмірдің бекітілген тәртібін, олар қоғамда кең таралған жағдайда ғана қоғамдық тәртіптің қауіпіне айналады. Тиісінше, жекелеген әрекет-әрекетсіздік қоғамға қауіпті деп бағалануы мүмкін. Ол және өзі келтіретіндіктен емес, өзі тектес әрекет-әрекетсіздіктің көптеп орын алуына байланысты. Олар өз жиынтығында қоғамның қалыпты өмір сүру жағдайын, қоғамдық құрылыстың реттілігі мен тәртібін бұзады, сондықтан да құқық бұзушылықпен күресудің мемлекеттік ұйымдасқан қызметін қажет етеді.
Құқық бұзушылықты сипаттайтын белгі-нышандар:
1. Құқық бұзушылық құқықты, оның қағидаларын, құқық жүктеген міндеттерді бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау. Яғни бұл адамдардың іс-әрекеті, қылығы немесе әрекетсіздігі. Адам өзінің іс-әрекеті, қылығы арқылы басқа адамдармен, қоғаммен, мемлекетпен қарым-қатынасқа түседі. Демек, құқық бұзушылық адамның мінез-құлқы арқылы байқалады. Мінез-құлқы, іс-әрекеті арқылы көрінбеген адамның ой-тұлғасы, сезімдері құқық бұзушылық болып табылмайды. Мәселен, адам өзінің ойын, сенімін күнделікке, таспаға жазып, суретке түсіруі мүмкін. Адамның ой желісі заңмен реттелмейді. Бірақ қандай да болмасын іс-әрекет, мінез-құлық, ойдың, сана-сезімнің қатсуынсыз жасалмайды. Олар қашан да ойдың елегінен өтіп, бақылауында болады. Бұл дегеніміз, ақыл-есі дұрыс адамның іс-әрекеті ерік пен ойдың арқасында жүзеге асырылады деген сөз. Яғни құқық бұзушылық саналы түрде жасалатын ерікті іс-әрекет немесе әрекетсіздік болып табылыды.
2. Құқық бұзушылық құқық нормалары қорғайтын мүддеге нұқсан келтіріп, қоғамның және адамның мүддесіне зиянын тигізеді, белгіленген құқықтық норманы бұзады. Құқық нормаларының талаптарын орындамау нәтижесінде құқықтық тәртіп бұзылады, қоғамдық қатынастарға кесел келеді, белгілі бір игілік, құнды зат жоғалады, адамның құқықтарына, өміріне, денсаулығына, рухани сезіміне зиян келтіреді. Зиянның көлемі, мөлшері түрлі болуы мүмкін.
Қоғамдық зиянды анықтаудың мынадай тәсілдері белгілі:
1. Заңдылықты бұзудың обьектісі адамдардың өміріне, денсаулығына, қоғамдағы негізгі қарым-қатынасқа зиян келтіруді анықтау.
2. Зиянның түрін, мөлшерін анықтау.
3. Қылмысты жасаған әдісін, уақытын, орнын анықтау.
4. Қылмысты жасаған адамның өзінен және іске тиісті материалды, фактілерді жинастыру, толық мінездеме беру.
Қалай болса да заң бұзушылық қоғам үшін зиянды іс-әрекет, өйткені жоғарыда айтылғандай жеке адамға (өміріне, денсаулығына, ар-намысына, бас бостандығына), мүлікке, қоғамдық тәртіпке нұқсан келеді. Кейбір жағдайда келтірілген зиянның орнын толтыру мүмкін болмайды. Мәселен, кісі өлтіру, мүгедектікке душар ету, жазылмайтын ауруға соқтыру т.б
5. Құқық бұзушылық әрқашан да құқық нормаларының талаптарына қайшы келеді. Сондықтан да оның құқық нормалары мен реттеліп және қорғалатын қоғамдық қатынастарға қарсы бағытталғандықтан құқыққа қайшы әрекет деуге болады. Құқыққа келісті және ол рұқсат берген әрекет, ешқашан құқық бұзушылық ретінде бағаланбайды.
Құқық бұзушылық ең алдымен неге қауіп төндіреді? Заңның қорғауына алынған өзге тұлғалардың мүддесіне. Дегенмен адамның барлық мүддесі заңмен қорғала бермейді, сондықтанда оған нұқсан келтіру әр уақытта да құқыққа қайшы болып саналмайды, тиісінше құқық бұзушылық ретінде бағаланбайды. Мәселен, бәсекелестік, біреудің жеке экономикалық мүддесіне залал келтіруі мүмкін, бірақ бұл құқық бұзушылыққа жатпайды. Яғни, құқық бұзушылықтың мәні мемлекет шығарған құқық нормаларына қайшы әрекеттермен байланысты болады.
6. Құқық бұзушылықтың құқық субьектісінің кінәлі әрекеті арқылы ғана жүзеге асады. Кінәлі деп танылуы үшін заңды бұзған адамның ақыл-есі дұрыс болуы керек. Есі дұрыс емес немесе әрекет қабілетілігі жоқ деп танылған адам (әрекет қабілеттілігінің жоқтығы соттың шешімі мен анықталады) құқық нормаларының талаптарын қалай бұзса да жауапқа тартылмайды, себебі, ол өз әрекетінің мәнін түсінбейді, одан басқаға зиян келетінін болжай алмайды. Кінәлі болу үшін адамның есі дұрыс және өрекет қабілеттілігі шектелмеген болуы шартты жағдай. Әрекет қабілеттілік деген өз еркімен саналы түрде іс-әрекет жасап, сол үшін жауап беру мүмкінділігінің болуы. Кінә – құқық бұзушының өзінің құқыққа қайшы әрекетіне қатысты психикалық қарым – қатынасы. Кінәнің екі түрі белгілі:
1. Тікелей немесе жанама ниетпен жасалған қасақаналық. Егер адам өз іс – әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін ұғынып оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін немесе болмай қоймайтынын алдын – ала білсе және осы зардаптардың болуын тілесе, әрекет тікелей ниетпен жасалған қасақаналық деп танылады.
Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін ұғынып оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін алдын-ала білсе, осы зардаптардың болуын тілемесе де оған саналыы түрде жол берсе не бұған немқұрайлы қараса, әрекет жанама түрде жасалған деп саналады.
2. Абайсыздық. Ол менмендікпен және немқұрайлықпен жасалады.
Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіп туғызуы мүмкін екенін алдын-ала білсе, бірақ бұл зардаптарды жеткілікті негізсіз жеңілтектікпен болғызбау мүмкіндігіне сенсе бұл менменшілдік деп танылады. Мәселен, жүргізуші көлігінің техникалық ақаулықтарын біле отырып жолға шығады, жеңілтектікпен жол апатын болдырмаймын деп ойлайды, ал нәтижесінде жол апатына кезігеді.
Егер адам қажетті ұтымдылықпен саақтық болғанда ол зардаптарды болжап білу тиіс және болжап біле алатын бола тұра өз іс-әрекетін (әрекетсіздігінің) қоғамдық қауіпті зардаптарының болуы мүмкін екенін болжап білмесе, әрекет немқұрайлықпен сипатталады. Мәселен, жүргізуші жолға шығар алдында көлігінің техникалық жағдайын тексермейді. Ал ол көліктің техникалық ақаулығы болған еді. Осының салдарынан жол апаты болды.
Құқық бұзушылық өз жиынтығында қоғамның қалыпты өмір сүру жағдайын, қоғамдық құрылыстың реттілігі мен тәртібін бұзатындықтан, оған мемлекет атынан шара қолданылып, жауаптылық тағайындалады. Құқықтық жауаптылық үшін белгісімен сипатталады:
Мемлекеттік мәжбүрлеу,
Құқық бұзушыны жауапқа тарту,
Құқық бұзушының өзіне жағымсыз жағдай тудыру.
Мәжбүрлеу шарасын мемлекет белгілейді. Құқық нармаларының қағидаларын бір ауыздан қорғау қажет болған жағдайда олардың сақталуы мәжбүрлеу арқылы қамтамасыз етіледі. Егер құқықтық норманың қағидалары бұзылатын болса, мемлекет тиісті шаралар қолдануға құқылы.
Заң бұзушыны мемлекет жауапқа тартады. Мемлекет оргондары заңсыз әрекетті айқындап, әшкерелеу үшін тиісті шаралар қолданады – тергеу жүргізеді, адамның кінәсі бары-жоғын анықтайтын дәлелдер, құжаттар жинайды. Жиналған деректердің барлығын жан-жақты тексеріп соның нәтижесінде шешім қабылдайды.
Әркез құқық бұзушының өзіне қатысты жағымсыз жағдай жүзеге асырылады.
Ол оның мүлкіне немесе өз басының бостанығына келетін нұқсан. Яғни, кінәлі адам біреудің мүлкіне келетін зиянды төлейді немесе оның орнын толтырады. Көп жағдайда кінәлі адамның жеке басына қолданылады: оны бас бостандығынан айырады, жүріп-тұру еркіндігін шектейді.
Әрекет-әрекетсіздіктің қоғамда зияндылығы және құқыққа қайшылығын анықтау оны құқыққа сай әрекеттен бөліп қарауға негіз болады. Алайда, бұл ерекшеліктер құқық бұзушылықты түсінуге мүмкіндік бергенмен де, оның мазмұнды белгілерін нақтылау қажетілігі туындайды. Осы мақсатта заң ғылымында құқыққа қайшы әрекет-әрекетсіздікті құқық бұзушылық ретінде саралауға негіз болатын элементтердің жиынтығы, яғни құқық бұзушылықтың заңды құрамы болады: объективтік жағы, объект, субъективтік жағы, субъект.
1. Құқық бұзушылықтың объективтік жағының элементіне әрекет – әрекетсіздікпен келтіретін зиянның арасындағы себепті байланыс және келтірілген залал жатады. Заң теориясында себепті байланыс дегеніміз келтірілген зиянның басты және тікелей себебі құқыққа қайшы әрекет – әрекетсіздік болып табылатын, зиянды әрекет – әрекетсіздікпен пайда болған нәтиже арасындағы объективтік байланыс болып табылады. Мұнда зиян құқық бұзушылықтың теріс нәтижелерінің жиынтығы ретінде көрінеді. Қандай да бір игіліктің немесе құндылықтың жойылуы, оларды пайдалануға шек қою, азаматтардың бостандығына қол сұғу, олардың субъективті құқықтарын бұзу т.с.с
Зиян материалдық, физикалық басқа да қасиеттерге ие болады, жеке мүддеге, сондай-ақ жалпы қоғамдық мүддеге де қауіп төндіреді. Іс-әрекеттің сипаты және одан келген зиян қоғамға қауіптіліктің деңгейін анықтап, құқық бұзушылықты басқа құқық тәртібін бұзудан айырудың объективтік негізін қалайды.
2. Объект – құқық нормалары қорғайтын бұзылған мүліктік немесе мүліктік емес игілік. Яғни, құқықпен реттеліп және қорғалатын қоғамдық қатынастар. Құқық бұзушылық өз іс-әрекетінде құқық тәртібіне қарсы бағытталып, қандайда бір зиян келтіреді.
Қоғамдық қатынастың, оның субъектілерінің құқықтары мен мүдделері көптүрлі болуына сәйкес нақтылы құқық бұзушылықтың объектілері де бірнеше болуы мүмкін.
3. Құқық бұзушылықтың субъективтік жағын адамның құқық бұзушылықты жасауға жол берген әлуметтік – психологиялық механизімін сипаттайтын, элементтерді құрайды. Субъективтік жағынан алып қарағанда барлық құқық бұзушылық, ең алдымен кінәнің болуымен байланысты болады. Бұл тұрғыдан қарағанда құқық бұзушылық – құқық бұзушының еркі және санасы арқылы жол берген кінәлі әрекет болып табылады.
Дегенмен мұнда құқық бұзушылыққа жол берілген психологиялық факторлар да ескеріледі. Барлық ерікті әрекет іштей реттелген және белгілі бір мақсатты қөздейді. Осыған байланысты құқық бұзушылықтың субъективтік жағына әрекет – әрекетсіздіктің ниеті мен мақсаты кіреді.
4. Субъекті – әрекет қабілетілігі бар заңды бұзушы тұлға. Егерде субъект құқық бұзушылық кезінде өзге құқыққа сай жолды таңдау мүмкіндігіне ақыл – есінің кемділігі, жасының толмауы, физикалық немесе психикалық жетіспеушілігінің салдарынан жол берсе, әрекет-әрекетсіздік зиянды нәтижеге әкеліп соқса да құқық бұзушылық деп саналмайды. Құқыққа қарсы әркеттерді құқық бұзушылық деп тану үшін заң оның субъектісіне белгілі бір талаптар қояды. Ең алдымен белгілі бір жасқа толу керек. Айталық қылмыстық жауапкершілік 16 жастан басталады, кейбір қылмыс түрлері үшін 14 жас, әкімшілік жауапкершілік 16 жастан, азаматтық жауапкершілік 15 жастан есептеледі.
Сонымен құқық бұзушылық – әрекет қабілеттілігі иеленуші субъектінің заңды жауапкершілікке тартылатын қоғамға зиянды немесе қауіпті құқыққа қайшы және кінәлі әрекет-әрекетсіздігі.
Құқық бұзушылықтың түрлері: Барлық құқық бұзушылық қоғамға қауіптілігінің сипаты мен деңгейіне байланысты екі топқа бөлінеді. 1)Қылмыс, 2)Теріс қылық.
Объектінің құндылығы, құқыққа қайшы әрекеттің мазмұны, жағдайы, уақыты, әдісі, келтірілген зиянның көлемі мен сипаты, кінәнің нысаны құқыққа қайшы әрекеттің күшейе түскендігі, оның себебі, құқық бұзушының жеке мінездемесі арқылы анықталатын қоғамға зияндылықтың сипаты мен деңгейі негіз болады.
Әрекет-әрекетсіздікті құқыққа қайшы деп тануға ықпал етуші субъекті фактор негіз болады.
Қылмыс қоғамға қауіпті және заңмен жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты әрекет-әрекетсіздік. Ол қоғамның қалыпты өмір немесе мемлекеттік құрылыс, шаруашылық жүйе, меншік және азаматтардың саяси, еңбектік, мүліктік және басқа да құқықтары. Қылмыстың заңды сипаты – оларға қылмыстық заңмен тыйым салу мен жазалау шараларын қолдану болып табылыды. Қылмысты заңда көрсетілген, қылмыстың барлық нысандық белгілерін иеленуші құқық бұзушылық өзінің жеңіл мәнділігіне байланысты қоғамға қауіпті болсамаса, қылмыс болып саналмайды.
Теріс қылық дегеніміз – қылмыспен салыстырмағанда қоғамға қауіптілігі біршама төмен және қоғамдағы құқықтық тәртіптің жекелеген жақтарына нұқсан келтіруші құқық бұзушылық.
Теріс қылық қағамда зиян келтіргендіктен әлуметті қауіпті болып табылады. Теріс қылық қоғам өмірінің қай саласында жасалуы, келтірілген зиянның тиісті құқықтық санкциясының ерекшеліктеріне байланысты әкімшілік тәртіптік азаматтық құқық бұзушылықтарға жіктілінеді.
1. Әкімшілік құқық бұзушылық – мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастарға зиян келтіретін әкімшілік, қаржылық, жер және басқа құқық салаларының нормаларымен реттелетін, әлуметтік әрекет-әрекетсіздік.
Мұндай құқық бұзушылықтар атқару және билік етудің қалыпты қызметіне кедергі келтіреді, жалпы қоғамдық тәртіпті бұзады ( жол ережесін бұзу, өндірістегі қауіпсіздік ережесін бұзу және т.б ),азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіреді.
Әкімшілік құқық бұзушылықтар тек объектілерінің жалпы сипаты және мемлекеттік басқарудың құқық тәртібіне қарсы бағытталмағандығымен ғана емес, жазалау сипатыда қолданылатын санкциялармен де ерекшеленеді. Мәселен ескерту, айыппұл, жүргізу куәлігін алып қою және т.б.
2. Тәртіптік құқық бұзушылық қызметтік қатынас саласында бағынушылық тәртібін бұзуға бағытталатын, әлуметтік қауіпті әрекет-әрекетсіздік. Ол өндірістің қызметтік, әскери және оқу тәртібін бұзып, олардың алдында тұрған шаруашылық, әлуметтік – мәдени басқару, және де мақсаттар мен міндеттерді орындауға кедергі болады. Бұл үшін мынадай санкциялар қолданылуы мүмкін: ескерту, сөгіс, жұмыстан шығару, оқу орнынан шығару т.б.
3. Азаматтық құқық бұзушылық азаматтық құқық нормаларымен реттелетін мүліктік және онымен байланысты жекелеген қатынастарға зиян келтіретін, әлуметтік қауіпті әрекет-әрекетсіздік. Ол шарттық шартсыз деп екіге бөлінеді. Шартты – азаматтық құқықтың шартқа қатысушы субъектілердің әрекетінен туындаса, шартсыз азаматтық құқықтың нормаларының талаптарын сақтамау және орындамаумен байланысты болады.
Азаматтық құқық бұзушылық қылмыстық әрекеттерден айырмашылығы олардың заңды тізімі берілмеген. Яғни, азаматтық құқық бұзушылыққа тән ерекшелік оларға мүліктік және мүліктік емес санкциялармен тыйым салынуы болып табылады. Мұнда және бұзылған құқықтың қалпына келтірілуі көзге түседі: заңға қайшы келетін мәмілені өзгерту, келтірілген мүліктік зиянның орнын толтыру және т.б. құқықты қалпына келтіруші санкциялар азаматтық құқық бұзушылық келтірілген зиянды салдарын бағалау және азаматтар мен ұйымдардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруін көздейді.
Құқық бұзушылықтың себептері төңірегінде ежелден осы күнге дейін сан түрлі пікірлер айтылуда. Айтылған ойларды тұжырымдасақ адамдардың құқықтық нормаларды бұзылуына, ең алдымен әлеуметтік және биологиялық жағдалар әсер ететінін байқаймыз.
Әлеуметтік жағдайлар – отбасы, мектеп, қызмет істейтін ұжым, жалпы қоғамның өмірінің әсері. Бірақ бұлар әр адамға әртүрлі ықпал етеді. Тұрмысы ауыр, қиын жағдайда тәрбиеленіп, өмір сүретіндер де, сонымен біреуге уайымсыз, қиындықта өскендер де заңды бұзуы мүмкін. Бұл жағдайды бабаларымыз ежелден-ақ байқаған. Жаманнан жақсы туар, адам айтса нанғысыз, жақсыдан жаман туар, бір ауыз сөзге алғысыз – деген мақал айғағы болса керек.
Биологиялық жағдайлар. Бір отбасында дүниеге келіп, тәрбиеленіп, өскен балалардың ой-өрісінің сапасы әр түрлі болатыны белгілі. Біреуі мейірімді, салмақты, жігерлі болса, екіншісі қатыгез, жеңілтек, жігерсіз болуы мүмкін. Әрине балалардың жаратылысынан әртүрлі болуы, бұзақылық, адамның тегіне байланысты деген сөз емес. Бұзықтық тұқым қуаламайды, бірақ, адамның жаратылысына тән жаман мінездерді өсіп-өнетін кезеңге тап болса, адам әдепсіздік заң бұзушылық қылықтан тайынбайды.
Маңызды мәселенің бірі заңдар туралы мәліметтердің жеткіліксіз болуы да олардың талаптарын орындамауға себебін тигізетін сөзсіз. Шынымен мемлекетімізде жүздеген заңдар қабылданған. Оларда азаматтарға сан алуан құқықтар беріліп, көптеген міндеттерден жүктелген. Азаматтар ол заңдардың бәрін біле бермейді, әрине заңды білмей бұзғанмен,біле тұрып қасақана немесе абайсызда бұзғанның салдары арасында өте үлкен айырмашылық бар. Конституция бойынша қандай да болмасын қабылданған заңды құжаттар баспасөз бетіне жариялануы қажет. Егер жарияланбаса, оның күші болмайды. Ондай құжаттың талаптарын орындамаған адам жауапқа тартылмайды (ҚР Конституциясы, 39-6).
Құқық бұзушылықтың субъективтік себебі бұл, мемлекеттік идеологияға, адами құндылықтар мен қоғамдық мүддеге қарама-қайшы құқықтық сананың төмен деңгейлігі.
Ал объективтік себебі – өмірдегі, экономикалық және әлеуметтік қатынас саласындағы нақтылы қайшылықтар. Құқық бұзушылықты тудырушы объективтік жағдайға оның субъективтік және объективтік себептерінің орын алуына жол беретін, ұйымдастырушылық және техникалық тәртіптің жеткіліксіздігін айтуға болады.
Құқық бұзушылық қашанда жекелік сипатта болады. Жеке тұлғаның қабылдаған және оның қажеттілік мақсаты арқылы анықталатын құқыққа қайшы шешім, құқық бұзушылықтың тікелей себебі болып табылады. Бірақ құқық бұзушылық себебін белгілі бір әлеумттік құбылыс ретінде қарастыру жеткіліксіз.
К.Маркс былай деген болатын: қоғам тек адамдардан ғана тұрмайды, олардың арасындағы байланысы мен қарым-қатынасын бейнелейді (К.Маркс, Ф. Энгельс. Шығ.жинағы, 3-т, 3-б.). Сондықтан да құқық бұзушылықтың себебін жекелеген құқыққа қайшы әрекеттер арқылы түсіну мүмкін емес.
Ғылыми зерттеу нәтижесі құқық бұзушылықтың себебі жеке адамның қажеттіліктері мен оны қанағаттандырудың әлеуметтік мүмкіндігінің арасындағы қайшылыққа деп түсіндіреді. Яғни бұл өз кезегінде қоғамдық жағдайдың сипатына тәуелді болады. Бұл дегеніміз қоғамдық қатынастар жүйесінде өндіріс, саясат, мәдениет, шаруашылық, тұтыну салаларында белгілі бір орынға ие болу. Ал қалыпты өмір сүру жағдайында бұлар бір-бірімен сәйкес келіп отыруы тиіс. Қоғамдық еңбек бөлінісі жүйесіндегі белгілі бір орынды иелену адамның кәсіпқойлық дәрежесін, білімін және мәдени мәртебелігін айқындайды.
Жеке адамның әлуметтік мәртебелерінің бір-біріне сәйкес келмеуі оны қоғамдық тәртіпті бұзуға итермелейді. Яғни саяси экономикалық үстемдікке әлеуметтік саладағы жағдайдың сәйкес келмеуі, жеке адамдардың білім мәртебесіне экономика, мәдениет саласында тиісті орынды қамтамасыз етпеген жағдайда, олар заңсыз әрекетке барады. Кейбір саяси қызметкер өзінің жағдайын мемлекеттегі рөлімен теңестіру үшін, билікті теріс мақсатта пайдаланады. Ең арысы жалданбалы жұмысшы да, сатқан жұмыс күшінің ақысы оның қоғамдық қажеттілігін өтемесе қолайсыз мүмкіндіктерді пайдалануға бет бұрады.
Жоғарыды айтылып өткен құқық бұзушылық тың негізгі себептерін тұжырымдай келе байқайтынымыз заңды мінез-құлық, құқықтық сана, құқықтық мәдениеттің бұл тұрғыда алатын орны ерекше.
Заңды мінез-құлық құқық нормаларының нұсқауларына сәйкес келетін жеке тұлғаның мінез-құлқы. Ол арқылы заң орындалады, жүзеге асырылады. Егер адамның мінез-құлықтары құқық нормаларының талаптарына сәйкес келсе, онда құқықтық тәртіп нығаяды.
Азаматтар құқық нормаларының талабын белсенділікпен немесе енжарлықпен орындайды. Соған сәйкес мінез-құлық екіге бөлінеді:
1) Белсенді заңды мінез-құлық лауазымды тұлғалардың, азаматтардың өз бастамасымен белгілі мақсатқа бейімделген заңды әрекеттері оның түрлері сан алуан.
2) Енжарлы мінез-құлықтың көрінісі де сан алуан. Азамат өзіне жүктеген міндеттерді салақтықпен сапалы орындамайды, өзінің құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруға енжарлықпен, немқұрайлықпен қарайды. Әрине мұндай мінез-құлық, құқық нормаларына қайшы келмесе де адамның ең алдымен өзіне зиян келеді, себебі адамның игілігі үшін берілетін заңды мүліктер іске аспай қалады. Мұндай мінез-құлықтан қоғам да ештеме ұстамайды. Демек, екі тарапта ұтылыста болады. Мұндайда енжар мінез-құлық басым болса мемлекетке зиян келеді. Азаттардың енжарлығын немқұрайлығын пайдаланып, теріс ниетті лауазымды тұлғалар мемлекет оргондарының қызметін халықтық бақылауынан тыс қоюға әрекет жасауы мүмкін.
Міне осындай енжарлықты белсенділікке айналдыру қажет. Оның негізгі шарты еңбекке баулу. Құқық нормаларын адал, ақ ниетпен іс жүзіне асырған азаматтарға көтермелеу шараларын белгілесе, ол нормалар белсенділікке негіз болары сөзсіз.

II-БӨЛІМ. Заң алдында жауаптылықтың мәні
2.1 Заңды жауапкершіліктің түсінігі, белгілері және қағидалары

Заңды жауапкершілік-жеке адам, қоғам, мемлекеттің мүддесін қорғайтын бірденбір жолы болып табылады. Ол құқықтық нормалардың бұзылуы нәтижесінде пайда болып, құқық бұзуға мемлекеттік күштеу шарасын қолдану нысанымен сипатталады. Құқық бұзушыға жауапкершіліктің белгілі бір шарасы көзделген құқықтық норманың санкциясын қолданудан тұрады.
Заңды жауапкершіліктің заңды негізі-құқық бұзушылық болып табылады. Егерде субъектінің іс-әрекеті құқық бұзушылықтың белгілеріне сәйкес келмесе онда ол заңды жауапкершілікке тартылмайды.
Заңды жауапкершілік күрделі әлеуметтік құбылыс. Мұнда кем дегенде екі жақ қатысады: мемлекет және құқық бұзушы. Олардың арасында құқық қорғаушы қатынас қалыптасады және екі жақта заң шеңберінде, қолданылып отырған жауапкершіліктің құқықтық нормаларының нақты санкциясының негізінде жүзеге асады.
Заңды жауапкершілік құқықтық жүйенің құрам бөлігі бола отырып, оған қатысты маңызды міндет атқарады. Кең мағынада жауапкершіліктің түсінігі-тұлғаның қоғам мен мемлекетке қатысты өз міндетін мойындап, он орындауы болып табылады. Тар мағынады мемлекеттің жасалған құқық бұзушылыққа қарсы жауабы болып саналаы.
Заңды жауапкершілік тарихи құбылыс. Мәселен, қылмыстық құқықтың атышулы жазаларының түрлері мен олардың дамуы, тарихтың күрделі кезеңдерінің ерекшеліктерімен тікелей байланысты. Қылмыстың көпшілік белгісі танылмай тұрған кезде және ол жеке адаммен оның мүддесіне қауіп төндіру деп саналған уақытша жаза өзінің сытқы нысаны бойынша, құқық бұзушы келтірген зиянның орнын толтыру және өзіне … жалғасы

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз