Заманауи спорт ғимараттары | Скачать Дипломдық жұмыс

0

МАЗМҰНЫ
Кіріспе … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … … … ..3

1 Заманауи спорт
ғимараттары … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … 7
1.1 Спорттық ғимараттардың құрылу
тарихы … … … … … … … . … … … … …7
1.2 Қоғамдық ғимараттар мен
құрылыстар … … … … … … . … … … … … … …11

1.3 Казіргі таңда спорттық ғимараттардың
жетістігі … … … … … … .. … … ..13
1.4 Арнаулы оқу дене тәрбиесі және спорт
ғимаратары … … … … … … . …16

2 Мақсаты, маңыздылығы және алатын
орны … … … … … … … … … … … .24
2.1 Спорттық ғимараттың құрылу
мақсаты … … … … … … … … … … … … … 24
2.2 Спорттық ғимараттардың заманауи
маңыздылығы … … … … … … … … .28
2.3 Спорттық ғимараттың бала өмірінде алатын орны
… … … … … … … … 32

3 Зерттеу сараптамасы
… … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … ..34
3.1 Қазіргі заманның соңғы жаңашыл
технологиялар … … … … … .. … … … .34
3.2 Спортшының жеке тұлға болып қалыптасуына қазіргі заманға сай
спорттық ғимараттардың
әсері … … … … … … … .. … … … … … … … … … ..
… ..35

Қорытынды … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … …49
Тәжірибелік ұсыныс … .
… … … … … … … … … … … … … . … … … … … …54
Қолданған әдебиеттер
тізімі … … … … … … … . … … … … … … … … … …
… … .55

Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Заманауи спорт ғимараттар – сәулет
өнерінің белгілі бір үлгі-тәсілімен салынған құрылыс, үй. Оған түрлі
үлгідегі (жеке, көптекшелі, т.б.) тұрғын үйлер, қонақ үйлер, әр түрлі
мақсатқа арнап салынған сарайлар (мәдениет сарайы, спорт сарайы, оқушылар
сарайы, т.б.) мен мәдени-қоғамдық құрылыстар (театр, клуб, т.б.), мекеме
үйлері, балабақша, мектеп үйлері мен басқа оқу орындары үйлері, кесенелер
мен ғибадатханалар, дүкендер мен сауда үйлері, әр түрлі тұрмыстық қызмет
көрсету орындарының үйлері, т.б. архитектуралық құрылыстар жатады. Ғимарат
(парсыша – үй деген ұғымды білдіреді) салыну мақсатына және әр елдің
ұлттық, тұрмыс-салт, кәсіби-мәдени, діни-қоғамдық, шаруашылық жүргізу
ерекшеліктеріне сәйкес, сондай-ақ салынатын орнының табиғи жағдайына,
сәулетшінің талғамы мен жобасына да байланысты қилы-қилы үлгі мен түрлі
кейіпте бола береді. Қазақстандағы көрнекті көне және жаңа ғимараттардың
үлгілері ретінде Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иасауи кесенесі, Алматы
қаласындағы Республика сарайы, Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік мұражайының үйі сияқты оқшау архитектуралық үлгіде салынған
құрылыстарды атауға болады. Осы Ереже бұқаралық-спорттық iс-шаралар өткiзу
кезiнде қоғамдық тәртiптi және қауiпсiздiктi, сондай-ақ қатысушылар мен
көрермендердi эвакуациялау және хабарлауды қамтамасыз ету ережелерi
«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес
әзiрлендi және бұқаралық-спорттық iс-шараларды өткiзу кезiнде Қазақстан
Республикасы аумағында орындалуға мiндеттi қатысушылар мен көрермендердiң
қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң негiзгi шараларын көздейдi. Осы Ереже
Қазақстан Республикасы аумағында бұқаралық-спорттық iс-шараларды дайындауға
және өткiзуге тiкелей қатысатын мына мемлекеттiк ұйымдар мен мекемелер үшiн
мiндеттi болып табылады: iшкi iстер, денсаулық сақтау және өрт қауiпсiздiгi
мемлекеттiк органдары; жоспар бойынша бұқаралық-спорттық iс-шаралар
өткiзетiн ұйымдар; бұқаралық-спорттық iс-шаралар өтетiн спорт
ғимараттардың ұйымдары. Осы Ереженiң 2-тармағында көрсетiлген ұйымдар мен
мекемелер өз құзыретi шегiнде бұқаралық-спорттық iс-шаралар өткiзу кезiнде
қатысушылар мен көрермендердiң қажеттi қауiпсiздiк жағдайларын қамтамасыз
ету үшiн ықпал етедi. Бұқаралық-спорттық iс-шараларды өткiзудi қамтамасыз
етуге сондай-ақ, сауда, байланыс, тұрмыстық қызмет көрсету, радио
хабарларын тарату ұйымдары және телекоммуникация қатысады, олар өздерiнiң
қызметi шеңберiнде бұқаралық-спорттық iс-шараларды өткiзудiң белгiленген
тәртiбiн сақтауға ықпал етедi. Бұқаралық-спорттық iс-шаралар тек спорттық
ғимараттарда және мемлекеттiк комиссия мен төрешiлер алқасы пайдалануға
ресми түрде рұқсат берген жерлерде, барлық қатысушылар ғимараттарды
пайдалану, инженерлiк жүйелер, спорттық-технологиялық жабдықтар мен
мүлiктер, сондай-ақ нұсқаулықтар, басқа нормативтiк актiлердiң ережелерiн
қатаң сақтағанда ғана өткiзiледi. Меншiгiнде осы ғимараттар бар заңды және
жеке тұлғалар спорттық iс-шараларды ұйымдастыру және өткiзу тәртiбiн
реттейтiн нұсқаулықтар әзiрлейдi. Онда қоғамдық тәртiптi сақтауды,
көрермендер қауiпсiздiгiн, өрт қауiпсiздiгiн, жазатайым оқиғалар кезiнде
алғашқы медициналық жәрдемдi және төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда
эвакуация тәртiбiн қамтамасыз ететiн шаралар көзделедi. Бұл нұсқаулықтар
Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарына сәйкес құрылатын, облыстық
(қалалық, аудандық) жергiлiктi атқару органдары жанындағы бұқаралық-
спорттық iс-шаралардың өткiзiлуiн бақылау комиссияларына бекiтуге
ұсынылады. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалар, астана) және
аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) дене шынықтыру және спорт жөнiндегi
атқарушы органдарына сәйкес келетiн жергiлiктi атқарушы органдардың
қатысуымен бiрге спорттық ғимараттардың инженерлiк қызметтерiнiң, жобалық
және құрылыс ұйымдарының бұқаралық-спорттық iс-шараларды өткiзу кезiнде
қолданылатын спорттық ғимараттарды пайдалануда құрылыс конструкцияларының
сенiмдiлiгi мен мықтылығын орнату, нормативтерге эвакуация жолдарының
сәйкестiгiн, сондай-ақ өрт сөндiру қауiпсiздiгiн анықтау мақсатында жыл
сайын техникалық тексерiс жүргiзiледi. Тексеру нәтижелерi бойынша облыстық
(қалалық, аудандық) жергiлiктi атқарушы органдарының техникалық тексерiс
актiлерi жасалады. Осы ережелерде көзделген атқарушы органдарының бұқаралық-
спорттық iс-шараларды өткiзу кезiнде төтенше жағдайлардың туындауына себеп
болған талаптарды орындамауы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген
жауаптылыққа алып келедi. Бұқаралық-спорттық iс-шараларды өткiзу кезiнде
қоғамдық тәртiп және қауiпсiздiктi қамтамасыз ету ережесi Бұқаралық-
спорттық iс-шаралар қабылданған жоспарларға, ережелерге, көрермендер мен
қатысушылар қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi регламенттерге, басқа да
нормативтiк-құқықтық актiлер мен талаптарға сәйкес өткiзiледi. Бұқаралық-
спорттық iс-шаралар өткiзуде қатысушылар мен көрермендердi қоғамдық
тәртiппен және қауiпсiздiкпен қамтамасыз ету кезiнде облыстық (қалалық,
аудандық) жергiлiктi атқарушы орган басшысы орынбасарының төрағалық етуiмен
бұқаралық-спорттық iс-шаралардың өтуiн бақылау жөнiндегi комиссия (бұдан
әрi — комиссия) құрылады. Бұл комиссияның құрамына мемлекеттiк органдар мен
басқа да мүдделi ұйымдардың өкiлдерi кiредi. Осы Ереженiң 2-тармағында
көрсетiлген мемлекеттiк органдар мен ұйымдар бұқаралық-спорттық iс-
шараларды өткiзу кезiнде қатысушылар мен көрермендердiң қауiпсiздiгiн
қамтамасыз етуге байланысты мәселелер жөнiндегi ұсыныстарды комиссияның
қарауына енгiзедi. Комиссия құрамына қажет болғанда, құрамына спорт
ғимараттары мен жарыстар өткiзiлетiн өзге орындардың ерекшелiктерiн ескере
отырып, тиiстi мамандар, осы Ереженiң 2-тармағында көрсетiлген мемлекеттiк
органдар мен ұйымдардың және басқа да мүдделi органдардың өкiлдерi бар
жұмыс тобы құрылуы мүмкiн. Жұмыс тобы iс-шаралардың сипатына, ауа райы мен
жарысқа қатысушылардың және көрермендер қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн
басқа да факторларға байланысты, iс-шараны өткiзуге 4 сағат қалғанда
объектiнi оперативтiк-техникалық қадағалауды жүзеге асырып, қажет болған
жағдайда анықталған кемшiлiктердi жою шараларын қабылдайды. Осы спорт
жарысын өткiзу мүмкiндiгi туралы соңғы шешiм, қабылдау хаттамасын
ресiмдейдi. Бұқаралық-спорттық iс-шараларды өткiзудi, қоғамдық тәртiппен
көрермендер мен қатысушылар қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудi қиындататын
жағдай анықталған кезде, комиссияға iс-шараны өткiзуге тыйым салу немесе
оны көрермендерсiз өткiзу туралы ұсыныс енгiзедi. Халықаралық,
республикалық iс-шаралар, спартакиадаларды өткiзу кезiнде ұйымдастыру
комитеттерi құрылуы мүмкiн. Бұқаралық-спорттық iс-шараларды өткiзу мен оған
дайындық кезiнде барлық қатысушы ұйымдардың қызмет көрсетушi адамдары мен
техникалық құралдарының қажеттi саны iске қосылады. Бұқаралық-спорттық iс-
шараларды өткiзу кезiнде спорттық ғимараттарда спирттiк iшiмдiктердi сатуға
рұқсат берiлмейдi. Бұқаралық-спорттық iс-шаралар өткiзетiн өзге де жерлерде
шыны ыдыстардағы сусындар сатуға тыйым салынады.Бұқаралық-спорттық iс-
шараларды дайындық пен оны өткiзуге тiкелей қатысатын ұйымдарға қойылатын
талаптар Iс-шараларды өткiзетiн ұйымдар облыстық (қалалық, аудандық)
жергiлiктi атқарушы органдар мен бұқаралық-спорттық iс-шараларды өткiзудiң
орындары мен мерзiмдерiн келiсу кешендi бұқаралық-спорттық iс-шараларды — 1
жылға; халықаралық жарыстарды — 6 ай iшiнде; республикалық жарыстарды — 3
ай iшiнде облыстық, қалалық және аудандық жарыстарды — жарыстың басталуынан
1 ай бұрын келiсудi; осы Ереженiң 2-тармағында көрсетiлген мемлекеттiк
органдарға, ұйымдарға, бұқаралық-спорттық iс-шаралар өткiзiлетiн спорт
ғимараттарында бұқаралық-спорттық iс-шараларды өткiзу туралы қоғамдық
тәртiптi iс-шараларға қатысушылар мен көрермендердiң қауiпсiздiгiн
қамтамасыз етудi қорғау жөнiндегi шаралар көрсетiлген спорттық-техникалық
талаптарды, бағдарламаны, регламенттi, басқа да арнайы талаптарды кешендi
бұқаралық-спорттық iс-шараларды — 3 ай; облыстық, қалалық және аудандық
жарыстарды — жарыстың басталуынан 1 ай бұрын ұсынады; iс-шараларға
қатысушыларды, төрешiлердi, көмекшi қызметкерлердi (олардың ғимаратта
техника қауiпсiздiгi және iшкi тәртiп ережелерiн бiлуi және сақтауы)
дайындауды спорт түрлерi бойынша спорттық iс-шараларды өткiзу Ережесiн
орындауды, төрешiлер алқасы мен көмекшi қызметкерлердiң өз функционалдық
мiндеттерiн атқаруын; жарысқа қатысушылардың уақытылы келуiн, олардың
жарыстардың өткiзiлу ережесiн, қоғамдық тәртiп нормаларын, спорттық киiмде
эстетикалық талаптардың сақталуын қамтамасыз етедi. Бұқаралық-спорттық iс-
шаралар өткiзiлетiн спорттық ғимараттардың ұйымдары объектiлердегi
инженерлiк жүйелер мен хабарлау жүйелерiнiң, iшкi және сыртқы өртке қарсы
су құбырларының тоқтаусыз жұмысын, мекемелер мен ғимараттар құрылысының
сенiмдiлiгiн, iс-шараны өткiзу кезiнде iлiнбелi құлыпты қолданбауды, жеңiл
ашылып шығу-кiрудi (есiктердi, қақпаларды) қамтамасыз ете отырып,
трибуналардың, эвакуациялау жолдарының дайындығын, қызмет көрсетушi
адамдардың болуын, олардың қызметтiк нұсқаулықтарына сәйкес сатылған билет,
соның iшiнде автокөлiкке берiлген рұқсат қағаз туралы ақпараттарды және iс-
қимылын бақылауды; iс-шараларға қатысушыларды орналастыру үшiн орындарды,
қоғамдық тәртiптi сақтау қызметiн, қызметшiлердi, көпшiлiк қолданатын
орындарды, үй-жайларды арена мен аумақтың санитарлық-гигиеналық тәртiбiн,
өрт сөндiру құралдарының дайындығын; спорттық iс-шараларды өткiзуден екi
күн бұрын iшкi iстер және өрт қауiпсiздiгi мемлекеттiк органдарына алда
өтетiн iс-шараға келетiн көрермендердiң болжамды саны туралы ақпарат
берудi; көрермендермен, әсiресе, жастар және жасөспiрiмдермен тәрбиелiк
және түсiндiру жұмыстарын, тәртiп және өрт қауiпсiздiгi үгiттерiн жүргiзу,
осы ретте көрнекi үгiт-насихатты, жергiлiктi радиотарату желiсiн
пайдаланады; өрт қауiпсiздiгi мемлекеттiк органдарының мiндеттi келiсiмiмен
су құбырына орналастырылған өрт техникасын орналастыруды өрт техникасының
спорттық ғимараттарға еркiн кiрудi және жақындауды спорт ғимараттарында
(көрнекi жерлерде) қауiпсiздiк белгiлерiн, көрсеткiштердi, көрермендер
тәртiбi ережелерi мен плакаттар, өрт қауiпсiздiгi шаралары туралы
нұсқаулықтар мен эвакуация жоспарларын iлудi; спорттық-техникалық құрал-
жабдықтардың жарысты өткiзу ережелерiне сәйкес келуiн, олардың
функционалдық және табельдiк белгiсiнiң жарамдылығын; көрермендер мен
қатысушыларды iс-шаралар жарнамасымен, ақпараттармен, спорт ғимаратынан
эвакуациялау тәртiбiн функционалдық және табельдiк белгiсiмен бұқаралық-
спорттық iс-шараларға билеттер таратуды; бақылау-өткiзiлiм тәртiбiмен
қатысушылар және көрермендердi ареналар мен трибуналарға билеттер мен
рұқсат қағаздарына сәйкес орналастыру; қоғамдық тамақтану, медициналық
қызмет көрсету орындарымен бiрлесе отырып, сондай-ақ көлiк қозғалысы мен
тұрақты, киiм шешу, сақтау бөлмелерiмен қамтамасыз етедi. Орны, трибуналары
және секторлары көрсетiлмеген кiру билеттерiн сатуға және өту қағаздарын
беруге, сонымен бiрге көрсетiлген нормадан асып кеткен билеттердi таратуға
рұқсат етiлмейдi.

1 Заманауи спорт ғимараттары
1.1 Спорттық ғимараттардың құрылу тарихы
Спорттық ғимараттардың құрылу тарихына тоқтала кететін болсақ,
мәселен, Түркістан қаласындағы Ахмет Яссауи ғимараты – орта ғасырлық сәулет
өнерінің көрнекті ескерткіші. Ол XII ғасырда өмір сүрген бүкіл Шығысқа аты
әйгілі көне түркі ақыны, софизмді уағыздаушы Ахмет Яссауидің (Яссы-дан
шыққан деген мағынада) бейітінің басына орнатылған. Оңтүстік Қазақстанда
Сайрам деген жерде туған Ахмет Яссауи сол кездегі ғылым мен ағартудың
орталығы ретінде белгілі болған Отырар қаласында білім алады да, кейіннен
Бұхардағы Юсуп Хамадани басқарған сопылар қауымына кіріп, дәруіштік
мектептен өтеді.1140 жылы Юсуп Хамадани, кеіннен оның екі мүриті дүние
салған соң қауымды Ахмет Яссауи басқарады. Бірақ көп ұзамай-ақ мәртебелі
қызметін тастап, өзінің туған өлкесіне біржола қайтып оралады. Софизм
иддеяларын уағыздап, өзі де оны берік ұстана отырып, жоқшылықта өмір
сүреді. Сондықтан да, оны жергілікті халық Әзірет Сұлтан деп атап
кетеді.Ахмет Яссауидің уағыздаушы және ақын ретінде атағы кең жайылып, оның
Диуани Хикмат (Даналық жайындағы кітап) атты діни өлеңдер жинағы көне
түркі тілінде жазылғандықтан, жергілікті халыққа түсініктілігі арқасында
талай мәрте қайта көшіріліп, бірнеше рет басылған. Бұл сияқты уағыздық
өлеңдерінің философиялық және діни-мисттикалық мазмұны, ондағы жақсылыққа,
әділеттілікке шақырған үнмен ұласады, халықтың қайырымдылық сезімін ояту,
оны басқа діндегілермен жауласудан сақтандырумен қатар дін иелерінің
ашкөздігін, зұлымдығын әшкерелеумен жалғасып жатады. Ахмет Яссауидің
өлеңдері құнды әдеби ескерткіш, кейіннен қазақ халқыныі құрамына енген
қыпшақ, оғыз, қарлық сияқты көне түркі тайпалары зерттеудің көзі болып
табылады. Халық аңыздарында Түркістандағы әулиенің аруағын атақты қолбасшы,
бүкіл Шығысты тітіренткен Ақсақ Темірдің айрықша сыйлап өткені айтылады.
Оның әмірімен Ахмет Яссауи қайтыс болғаннан екі жүз жыл кейін қирап бітуге
таянған кішкене ғана мазардың орнына, дүние жүзілік сәулет өнерінің белгілі
ескерткіші орнатылды. Темірдің өмірін Зафарнама, Жеңіс кітабы авторы
Шараф-ад Дин Әли Мазди растайды. Ескерткіштің салынуын оның Ахмет Яссауидің
қабырына зиядат етіп қайтқан 1397 жылдың аяғындағы оқиғалармен
байланыстарыды. Жеңістер кітабында Темір, сол жылы Яссыда болған кезінде,
мұнда өзіне қарайтын елдердің тегінде Ахмет Яссауидің атына лайық зәулім
ғимарат салу жайлы жарлық берген еді делінеді. Ол ислам дінінің даңқын
асыруда, оның кең таралуына, аса үлкен өлкен басқаруды жеңілдетуге тиіс
болған. ХІV ғасырдың аяғында бұл күмбез біткен соң Әмір Темір көреген
Әзірет Сұлтанның қорын ұйымдастырып, өзі арнайы қол қойып бекіткен.
Дегенмен, Қазандықтың ішкі есіктерінің біріндегі халькаға жазылған 1394-
1395 жылдар Темірдің өзі белгілеп берген. Бұл – ғимараттың басқа
бөліктерінің кіндігі. Темір уйдің ішкі сәні мен салтанаты қалай болуы
керегтігін де айтқан. Қолхаты (грамота) жазылған. Қолхатта Әмір Темір
көрегендікпен жаңа біткен ғимарат туралы ешқашан да, қандай болған
жағдайда да сатуға, жекеменшік секілді ұрпақтан-ұрпаққа уақытша немесе
түбегейлі біреуге беруге болмайтынын қатты ескерткен. Ғимараттың кіре
беріс есігінің ішкі маңдайшасында қазірге дейін жақсы сақталған жазудан
мынадай сөздерді оқуға болады: Бұл әулие мекен алла тағаланың рахымы
жауған падиша Әмір-Темір Көрегеннің жарлығы бойынша орнатылды… Алла
тағала оның әмірінің ғасырлар жасауына нәсіп етсін! Қожа Ахмет Иассауи
кесенесі талай ғасырдан бері мұсылманшылықтың алтын бесігі болып келеді.
Оны бүкіл қазақ жұрты, түркі әлемі ерекше қасиет тұтады.Қожа Ахмет Иассауи
кесенесі – түркі әлемінің рухани орталығы. Қорық – мұражай алып жатырған
жердің жалпы көлемі 90 га. Қорық – мұражай Қожа Ахмет Иассауи кесенесімен
бірге Үлкен қылует (жер асты мешіті, XII ғ.), Сегіз қырлы кесене (XIV-XVI
ғғ.), Ұлықбектің қызы, Әбілхайыр ханның зайыбы Рабиға Сұлтан Бегім кесенесі
(XV ғ.), Шығыс моншасы (XVI-XVII ғ.), Есімхан кесенесі, Жұма мешіті т.б.
археологиялық, тарихи, сәулет және бейнелеу өнерінің үздік ескерткіштерін
қамтиды. Қорық – мұражай құрамына кіретін 20 жуық археологиялық, тарихи
және сәулет ескерткіштерін қайта қалпына келтіру және оларды ашық аспан
астындағы музейге айналдыру Казреставрация Республикалық мемлекеттік
кәсіпорны атқаруда. Ахмет Яссауи ескерткіші – Орта Азия мен Қазақстандағы
біздің занамызыға дейін сақталған ең зәулім күмбезді, қыштан соғылған
ғимарат. Оның көлдененеңі – 46,5 м, ұзындығы – 62,5 м. Сыртқы көрінісі
симметриялы жинақы келген бұл құрылысқа үлкенді-кішілі 35 залдар мен
бөлмелер сыйып тұр. Олардың барлығы бір-бірімен қос қабатты 8 дәлізбен және
әр түрлі өтпелі баспалдақтармен жалғасып жатады. Ахмет Яссауи ғимаратының
құрылымындағы тағы бір ерекшелік: Қазандықты қоршаған блоктар-залдар мен
бөлмелер күмбезді мызғытпай ұстап тұратын тіреу (контрфорс) іспетті.
Қабырғаның қалындығын белгілегенде де үйдің берік тұруы көзделген.
Ғимараттың павильондарда бөлінуі олардың әрқайсысынің салмағы өзіне түсіру
ниетінен туған. Үйдің қаңқасы түрліше қиюластырылған доға немесе күмбез
тәрізді элементтерден құрылады, бұл әдіс кейін Орта Азия мен Қазақстан
архитектурасында одан әрі дамытылды. Бөлмелердің ішкі төбесі мен кіші
күмбездеріненбастап, үйдің барлық бөлігі төрт бұрышты, сапалы күйдірілген
25х25х5 см және 26х26х6 см, қыштан қалаңған. Бұларды бір-бірімен
байланыстыру үшін (ғаныш) ерітіндісі пайдаланылған. Аса мұқиятпен жасалған
құрылым, ғимараттың жалпы схеманынң дәлдігі, құрылыс материалдары мен
жұмыстарының сапалалығы үйдің ғасырлар бойы тапжылмай мығым тұруын
қамтамасыз еткен. Темір дәуірінің сәулет өнеріне сай ескерткіш геометриялық
өсімдік іспеттес ою-өрнектермен және жазу-суреттермен безендірілген. Тепе-
теңдіктің кемелденген сәтімен ерекше көз тартатын сол жақ қанат сол кездегі
сәулетші-құрысшылар талғамының жоғары дәрежеде болғандығын танытқандай. Сол
жақ қабырғанының үйлесім тапқан тұстары сұлу иіндер мен сүбеленіп, бояуы
қанық өсімдік өрнектерімен безендіріліп алты қырлы майоликалы тақшалармен
тысталған. Бүйір жазықтары (батыс және шығыс) түррлі түсті күйдірілген
әшекейлі қыштармен көмкерілген. Көгілдір тақталармен өрілген геометриялық
өрнектер (гирих) өте айқын, бояу ренінің үйлесімен айнла қоршаған нәзік
сызықтар шашыратпай тұтас композицияға үндестіріп тұр. Ғимараттың оң жақ
порталы бөлігінің басқа қабырғаларының биіктігі 13 метр келетін жоғары
жағында екі 2,5 м келетін эпиграфикалық басқұр берілген. Ол құран
сурелерінен тұратын сөздер геометриялық өрнектермен үйлесім тапқан.
Қабырғалардың төменгі жағы бес-бұрышты қыш тақшаймен қаланып, жұлдыз
іспеттес өрнектермен көмкерілген.
Ескерткішті тұрғызған шеберлер өздері қарастырған архитектуралық және
құрылымдық шешімдері күмбездің ішін сталактиттермен қабырға әшекеәлерімен
үйлестіре білген. Ғимарат негізгі орталық зал болып табылатын қазандықтың
айналасына топтасқан әр түрлі мақсатта бірнеше жайлардан тұрады. Бұл –
Ахмет Яссауи бейіті немесе қабырғахана, асхана қызметшілер бөлмелері.
Қазандық – комплекстегі ең сәулет зал. Бұл диаметрі 18,2 метрге жуық шар
конус формалы асқақ күмбезден жабылған. Яғни жобалық шешімдерге сай келеді.
Қазандық қабырғаларының дәл төбесінен ұштары төмен төнген қатпар-қатпар
сталактиттер биіктігі 39 метрлік ақ күмбезге барынша сұлу, мейлінше
асқақтық көрік беріп тұр. Залдың нақ ортасында аңыз бойынша Түркістаннан 25
шақырым жердегі Қарнақ қыстағында жеті металдың қосындысынан құйылған алып
тай қазан тұрған. Ғимаратқа кірер бас қақпаға қарама-қарсы төргі бетте
(Қазандықпен зиратханадан сон) қабірхана — Ахмет Яссауидің бейіті
орналасқан. Бұл төрт бұрышты (7,5х7,5 м), қабырғаларында таяздау қуыстары
бар кең бөлме. Орталығында ақ-жасыл тастармен (3,25х1,2х2,2) тысталған биік
сағана тұр. Кезінде бұл жерге ешкім жіберілмеген. Қабірханаға кірер
босағада ғана құран оқылатын болған. Мешіт ғимараттағы құрылысы, нақыш
безендерімен аса тартымды. Жоспардағы кейпі төрт бұрыштылау (6,4х9,4 м),
жарық түсетін көздері мол күмбезден тұрады. Мешіттің ішкі интерьері де
арнайы ізденістен туған. Кең иықтығы сүйір ұшты иіндермен тұтасқан, қырлы
сталактиттермен жабылған, алты ұшты өрнектермен геометриялық дәлдікке
өрілген. Мешіттің михрабы (Мекеге бағышталған мешіт иіні) құбылаға қараған
иіні негізінен көгілдір ренде оюланған. Мұнда тік-төрт бұрыштар мен үшкір
иіндердің көгілдір өңіндегі жазулар сан алуан реңді өсімдік өрнектермен
сабақтасып жатыр. Алтын түсті бояуларын шуда жіптей иірімі көзге шалынады.
Міне, осындай өрнек қоюлығы мен ізденісінің сол архитектурамен жымдаса
сүбеленуі тағы да Темір дәуірін заманына саяды. Үлкен және Кіші Ақсарай деп
аталуына сай екі залдан тұрады. Кітапхана, құдықхана және өзге бөлмелері
екі қабатты иіндер болып салынған да, өзара баспалдақтармен жалғасып жатыр.
XVI-XVIII ғасырларда, Түркістан қаласы Ұлы жүз, Орта жүз хандарының
орталығына айналған шақта, осы Ақсарай хана сарайы ретінде пайдаланылған.
Кітапхана, Кіші Ақсарай секілді қазандықтың екінші иығынан яғни батыс
бөлігінен орын алған. Ал, құдықхана мен асхана кіре беріс қақпаның екі
қанатында. Ахмет Яссауи мавзолей-мешіті мейлінше тамаша қол өнер
шығармаларының үлкен бір қоймасы іспеттес. Мәселен, қазандар, құйма
майшамдар, шырағдандар, үлкен ту, алтын-күміс жалатылған, ағаш оюмен
әрленген үлкенді-кішілі есіктерді айта аламыз. Тай қазан – бірлік пен
қонақжайлық символы. Онық диаметрі – 2,4 метрде, салмағы – екі тонна.
Қазанның көлемі кең болуы көне түркі тайпаларының діни сеніміне байланысты
– қазан ернеуі түреген тұрған кісінің иегімен тұстас болуға тиіс деген
ұғымнан туған. Тай қазанның үстінгі жиегіндегі үш қатарлы белбеулі безендер
сан алуан өсімдік іспеттес ою-өрнекпен нақышталған да көне араб жазуларымен
толысқан. Бірінші қатардағы жазулар Ахмет Яссауи ескерткіші үшін су
құйылатын қазан ретінде Темірдің сыйға тартқанын айтса, ортаңғы қатарда
Мерейің үстем болсын! және 1399 жылы Тебриздік шебер Абду-л Әзиз ибн
Шарафуддиннің соққаны жайлы жазылған. Ал, төменгі белбеуде Алла-ақбар
деген қорытынды бар. Қазақ құлақтары Лотос қауызы іспеттес шығыңқы дөңес
боп біткен. 1934 жылдан бері бұл тай қазан Ленинградтағы (қазіргі Санкт-
Петербург, Ресей) мемлекеттік Эрмитажда сақталанған. Былтырғы жылдары қазақ
үкіметі бқл тай қазанды мемлекетімізге оралдырды.
Тағы да Темірдің сыйы шырағданның сүбелі тұлғасы, өсімдік тектес нәзік
өрнектердің сәнді жарасымы, алтын-күміс жалатылған жазулар бұйымға
қайталанбас тұтастық сыйлаған. Мұндағы жазулар 1397 жылы Изуддин ибн
Таджуддин шебердің жасағандығын баяндайды. Мейлінше жоғары сауаттылықтан
нәзік көркемдік талғамнан туған ғимараттың барлық есігі, әсіресе қазандық
пен қабірхана қақпаларына, ең таңдаулы ағаштар іріктелген де ол сүйекпен
нақышталған. Есіктер мен кебір сәулет бөлшектерінде дәстүрлі қазақ ою-
өрнектерінің сарыны сезіледі. Ахмет Яссауи ғимараты Темір дәуірінің айтулы
төрт ескерткішінен, олар – Шахрисябздегі Ақсарай, Доруссиядат (Темір
әулетінің зираты), Самарқандағы Бибі ханым мешіті, бізге жеткен жалғыз
құрылыс екендігімен де қымбат. Оның композициялық ауқымдылығы, пропорциялық
өлшемнің дәлдігі, құрылымдық шешімінің ұтқырлығы, бұған қоса, мейлінше бай
безендірілуі XIV ғасырдың аяғы мен XV ғасырдың басындағы Орта Азия сәулет
өнерінің сүбелелігінен сыр шертеді. Сондай-ақ, ол өзінен бұрынғы
қараханидтер дәуіріндегі құрылыс өнерінің сол кезде қалыптаса бастаған
кейбір ерекшеліктерін бойына сіңірген. Бұл ескерткіштің Қазақстан мен Орта
Азия сәулет өнері тарихында алар мән-маңынасы жоғары. Талай ғасырлар бойы
құрылыс мәдениетіне үлкен үлгі боп келгендігі де рас. 1978 жылы Ахмет
Яссауи архитектуралық комплексі музей болып ашылды. Музей экспозициясы
ескерткіштің құрылымы мен безендірілу ерекшеліктермен, ежелгі Түркістан
қала құрылысымен, Қазақстан жеріндегі жазба мәдениетінің тарихымен, қазақ
халқының қол-өнерімен таныстырады.

1.2 Қоғамдық ғимараттар мен құрылыстар
     Қоғамдық ғимараттар мен құрылыстар  тәрбиелеу және кадрлар даярлауға
арналған ғимараттар жалпы үлгiдегi, мамандандырылған, сауықтыру және
бастауыш мектеппен бiрiктiрiлген мектепке дейiнгi балалар мекемелерi жалпы
бiлiм беретiн және мамандандырылған мектептер мен мектеп-интернаттар,
мектепаралық оқу-өндiрiс комбинаттары жұмысшы кадрларды даярлауға және
қайта даярлауға арналған кәсiптiк-техникалық училищелер мен оқу орындары
орта арнайы оқу орындары жоғары оқу орындары мамандарды даярлауға және
олардың бiлiктiлiгiн арттыруға арналған оқу орындары мектептен тыс
мекемелер. Ғылыми-зерттеу мекемелерiне, жобалау және қоғамдық ұйымдар мен
басқармаларға арналған ғимараттар ғылыми-зерттеу институттарына арналған
ғимараттар (iрi арнайы құрылыстарды қоспағанда); жобалау және
конструкторлық ұйымдардың ғимараттары; ақпарат орталықтарының ғимараттары
басқару органдарына арналған ғимараттар қоғамдық ұйымдарға арналған
ғимараттар кредит беру, сақтандыру және коммерциялық мақсаттарға арналған
ғимараттар мұрағаттарға арналған ғимараттар.
     Денсаулық сақтау және дем алуға арналған ғимараттар мен құрылыстар:
стационары бар емдеу, перзентханала р, амбулаториялық-емханалық,
дәрiханалар, сүт тағамдары ас үйi, бальнео және балшықпен емдеу орындары
санаторийлар, санаторийлар-профилакторийлар демалыс және туризм мекемелерi.
Дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттары мен
құрылыстары ашық спорт-дене шынықтыру құрылыстары ғимараттар мен жабық
құрылыстар дене шынықтыру-спорт және сауықтыру кешендерi.
   Мәдени-ағарту және ойын-сауық мекемелерiнiң ғимараттары
кiтапханалар мұражайлар мен көр клубтық ғимараттар (клубтар, мәдениет
үйлерi мен сарайлары, бос уақыт өткiзуге арналған орталықтар және т.б.);
ойын-сауық ғимараттары (театрлар, концерттiк залдар, кинотеатрлар,цирктер
және т.б.). Сауда, қоғамдық тамақтандыру және тұрмыстық қызмет көрсету
кәсiпорындарына арналған ғимараттар бөлшек сауда кәсiпорындарына арналған
ғимараттар қоғамдық тамақтандыру кәсiпорындарына арналған ғимараттар
(өнеркәсiптiк кәсiпорындардың қосалқы ғимараттары мен үй-жайларына жататын
қоғамдық тамақтандыру ғимараттары мен үй-жайларын қоспағанда) халыққа
тiкелей қызмет көрсетуге арналған (өндiрiстiк емес сипаттағы) тұрмыстық
қызмет көрсету кәсiпорындарының ғимараттары. Халыққа тiкелей қызмет
көрсететiн көлiкке арналған ғимараттар:
көлiктiң барлық түрлерiнiң вокзалдары жолаушыларға қызмет көрсету кеңселерi
мен көлiк агенттiктерi, кассалық павильондары.Коммуналдық шаруашылыққа
арналған ғимараттар (өндiрiстiк, қойма және көлiк ғимараттары мен
құрылыстарынан басқа) азаматтық ғұрыптарға арналған ғимараттар, жерлеу
бюролары; тұрғын үй-пайдалану қонақ үй кәсiпорындарының, мотелдер мен
кемпингтердiң ғимараттары қоғамдық дәретханалар моншалар мен монша-
сауықтыру кешендерi. Әртүрлi мақсаттағы үй-жайларды қамтитын көп функциялы
ғимараттар мен кешендер. Құрылыстық керамика – бұл тұрғын үй және
өндірістік ғимараттар мен үймереттер тұрғызуға қолданылатын керамикалық
бұйымдар тобы. Керамикалық қабырғалық бұйымдар – өте көне материал болып
табылады. Керамика сөзі грек тілінен keramos деген сөзден шыққан,саз
деген мағынаны білдіреді. Керамикалық бұйымдар саз қоспасынан, топырақтан
және басқа табиғи материалдардан құралады. Қоспа дайын болғаннан кейін,
оған белгілі бір форма беріледі, содан кейін ол белгілі бір температурада
күйдіріледі. Керамикалық материалдар қазіргі кезде өте белгілі материал
болып саналады. Олар қышқылға төзімді, қолдануда ұзақтылығымен
ерекшеленеді. Құрылыстық керамика өндірісі халық шаруашылығындағы ең
маңызды сала болып саналады. Соңғы он жылдықта механикаландырылған
керамикалық кірпіш және тастар өндіретін зауыттар пайда болуда. Бұл
зауыттар қуатты саз өңдейтін және қалыптайтын машиналармен, жаңа кептіргіш
қондырғылармен және пештермен жабдықталған. Құрылыстық керамикалық тастар
цемент, аз кездесетін металл, сонымен қатар тасымалдау қондырғыларын
үнемдеуге септігін тигізетін ең көп тараған қабырғалық материал болып
саналады. Тастар өз бойына күннің энергиясын сіңіріп, бірте-бірте оны бөліп
отырады, сондықтан да жаз мезгілінде аптап ыстықтан және қыс мезгілінде
бөлме ішіндегі жылуды сақтайды. Қабырғалық тастар өзінің қалыңдығы арқылы
бу өткізеді. Нәтижесінде ғимарат ішінде ылғалдылықты тепе-теңдікте ұстап
тұра алады.Қазіргі кезде құрылыстық керамикалық тастар өндірісінде басты
назар өнімнің сапасын жақсарту мен өндірісте жаңа технологияларды пайдалану
болып табылады. Жаңа өндіріс орындарын тұрғызуда автоматтандырылған және
жоғарғы механикаландырылған жергілікті және шетелдік қондырғылармен
жабдықтау ескерілуде. Сонымен қатар кәдімгі керамикалық тастарды
алмастыратын жаңа эффективті ірі қуысты тастар қабырға тұрғызуда қолданылып
келеді. Бұл тек шикізатты үнемдетіп қана қоймай, тастардың жылу қорғау
қасиетін сақтай отырып қабырғалардың массасы мен қалыңдығын
төмендетеді.Ешқандай материалдар керамикалық материалдардың орнын толық
ауыстыра алмайды. Мысалы, еденге арналған плиталар, өзінің беріктілігімен
қатар, адамға жақсы әсер береді. Қазіргі уақытта рынокта көптеген
дизайндағы материалдар бар. Соның ішінде итальяндық технологиялық әдіспен
жасалынған керамикалық тастар да бар. Оның өзі үлкен қолданыста. Оны
едендерге, терассаларға, жолдарға, ішкі қабырғаға, баспалдақтарға және т.б.
жерлерде қолданады.Керамикалық бұйымның тағайындалуына байланысты
қолданылуы: кірпіш пен керамикалық тастар – аз және көп қабатты ғимараттар
мен салулар үшін; керамикалық плита мен беттік кірпіш – ішкі және сыртқы
қаптама жұмыстары кезінде; жолдық кірпіш пен керамикалық трубалар – жол
құрылысына және жер асты коммуникацияларына; черепица – жамылтқы
құрылғысына; жеңіл керамикалық бұйымдар – жылу оқшаулау үшін. Құрылыстық
керамика – керамикалық бұйымның үлкен тобы, олар үй құрылысы, өнеркәсіпті
ғимараттың құрылысында және салуларда қолданылады. Керамикалық қабырғалық
бұйымдар – ертедегі жасанды материалдардың бірі, олардың жасы 5 мың жыл.
Қазіргі уақытта керамикалық құрылыс материал өндірісінде технологияның
толық жетілдіруіне, сапа жақсаруына назар аударылған. Автоматтандырылған,
жоғары механикаландырылған технологиялық кәсіпорындарды құру көзделіп отыр.

1.3 Қазіргі таңда спорттық ғимараттардың жетістігі
Қазіргі спорттық ғимараттардың жетістігі бойынша форум өткізілді,
оған қоғамның, бизнестің және спорттың ынтымақтастығы мен өзара әрекет
етулерінің болашағына қатысты өзекті мәселелерді талқылау үшін мемлекеттік
ведомстволардың өкілдері, спорт клубтарының жетекшілері, инвесторлар, спорт
сарапшылары мен журналистері қатысты. Аталған форум Бейбітшілік және
келісім сарайында өтіп, оның алғашқы күні бірқатар іс-шаралар
ұйымдастырылды. Яғни, Ел Қайраты республикалық ауылдық дене тәрбиесі-
спорт қоғамы қоғамдық бірлестігінің конференциясы, орталық кеңесінің
төралқасы сайланса, одан кейін форумның пленарлық отырыстары мен әртүрлі
тақырыпқа арналған дөңгелек үстелдер болып өтті. Атқарылған спорттық
ғимараттардың жетістігі бойынша Президент Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің
меңгерушісі Дархан Мыңбай мен министрліктердің жауапты қызметкерлері
қатысып жүзеге асқан жұмыстарын көрсетті. Осы жиында алдымен  Туризм және
спорт министрі сөз алып, Спорттық форумының мән-маңызы мен спортты дамыту
мәселелері бойынша өз пікірін ортаға салды. Онда ол Елбасы Н.Назарбаевтың
Қазақстан халқына Жолдауында аталған бұқаралық спортты дамыту ісіне
министрлік баса назар аударып, халықтың 30 пайызының бұқаралық спортпен
айналысуына қолдан келген мүмкіндіктің бәрін жасап жатқанын айтты. Одан әрі
министр жоғары жетістіктері және бұқаралық спортты дамыту үшін мемлекет пен
жеке кәсіпкерліктің әріптестігі аясында әрбір министрліктің жергілікті
билік өкілдерімен бірігіп заңды негізде кәсіпкерлерге көмек көрсетуі
керектігін атап өтті. Сонымен бірге, ол қазір кәсіпкерлер өздері
спортшыларға қолдау көрсетсе, одан спорттың мүмкіндігін біліп, пайда табуды
үйрене білуі керек деген пікірін білдірді. Осы жиында Денсаулық сақтау вице-
министрі Ерік Байжүнісов бүгінде бүкіл әлем бойынша адам өлімінің 86 пайызы
шылым тарту, ішімдік ішу, есірткі тұтынудың кесірінен болып жатқанын, сол
себептен қоғамда саламатты өмір салтын қалыптастыру үшін мемлекет тарапынан
қабылданған денсаулық сақтауды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған
Саламатты Қазақстан бағдарламасының мән-маңызын айтып, осы құжат бойынша
жұмыс істелініп жатқанын атады. Келесі кезекте сөз алған Білім және ғылым
вице-министрі Серік Ерсалиев сала бойынша қазір еліміздегі мектептерде 19
мың дене тәрбиесі пәнінің оқытушылары, орта оқу орындарында 20 мың спорт
ғимараттары бар екенін,   мұның өзі спортты дамыту үшін жетіспейтінін
айтып, халықты спортқа қызықтыру үшін барлық мүмкіндіктер мен тетіктерді
пайдалануды ұсынды. Ал Ақ жол саяси партиясының төрағасы, белгілі спорт
жанашыры Азат Перуашев болса, өз сөзінде спорт нысандарының бәрін салықтан
босату керектігін, сонда ғана халықтың өзі спортпен айналысатынын айтты.
Сонымен бірге, ол дәстүрдің сабақтастығын жалғастыру үшін біздің оң
жамбасымызға келетін бокс, күрес түрлерін ғана емес ауылдық жерлерден
өзіміздің қара көздерімізді спорттың басқа түрлеріне де икемдеп тәрбиелеу
керектігін жеткізді. Форумның бірінші күнгі пленарлық отырысында айтылған
негізгі ойлар осындай болды. Онда министр Талғат Ермегияев Білім және
ғылым, Қорғаныс, Байланыс және ақпарат, Ішкі істер, Денсаулық сақтау, Ауыл
шаруашылығы министрліктері мен Астана қаласы әкімдігінің арасында дене
тәрбиесі мен спорт саласындағы ынтымақтастық, сондай-ақ Астана қаласы
әкімдігі мен Қазақстан футбол федерациясы арасында футболды дамыту
саласындағы ынтымақтастық туралы үш жақты меморандумға қол қойды. Осыдан
кейін форумға қатысушылар үшін Рэдиссон САС қонақ үйінде спорт
меценаттары мен  спорт журналистерін марапаттауға арналған шара өткізілді.
Онда Спорт жанашыры номинациясында Жер-Су корпорациясының президенті
Бауыржан Оспанов, кәсіпкер Асылбек Пұсырманов (Алматы облысы), Жамбыл
облысынан Сәпсембек Әбдірахметов, Әділхан Үсенов, Нұрлан Таханбетов (Батыс
Қазақстан), Дене тәрбиесі мен спортты дамытуға қосқан еңбегі үшін құрмет
белгісімен бокстан мемлекеттік жаттықтырушы Болат Әбдірахманов,
республикалық Динамо спорт қоғамының Алматы қаласы бойынша филиалы
директорының орынбасары Манарбек Таутанов, Қостанай облысы, Таран аудандық
дене тәрбиесі және спорт бөлімінің бастығы Александр  Кузьмин, Павлодар
мемлекеттік университетінің дене тәрбиесі факультетінің деканы Жанат Усин,
Туризм және спорт министрлігі Стартегиялық жоспарлау департаментінің бас
сарапшысы Кенжеш Құрманқұлова, Каратэ кекушинкай федерациясының президенті
Тәжімұрат Найзабеков, Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің
құқықтық қамтамасыз ету және әкімшілік басқармасының бастығы Гүлсім
Төлебаева, министрліктің Спорт комитеті ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету,
инновациялық технологиялар және білім басқармасының бастығы Әсия Аманбаева,
Шымкент қаласынан спорт жанашыры Виктор Ким марапатталды. Осы шарада
бірқатар әріптестерімізге де Үздік спорт тілшілері номинациялары бойынша
сыйлықтар табыс етілді. Спорт журналистикасының марқасқасы атағы Сайын
Тұрсынов, Сұлтанғали Қаратаев, Диас Омаров, Жүсіп Хисымовқа берілсе, Үздік
спорт шолушысы атағына Алаш айнасы газетінің тілшісі Нұрғазы Сасаев,
Үздік спорт комментаторы атағына Хабар агенттігінің журналисі Амангелді
Сейітханов, Үздік спорт фототілшісі атағына Казахстанкая правда
газетінің қызметкері Юрий Беккер ие болды. Сонымен бірге, бірінші Қысқы
Жастар ойындарының қорытындысы бойынша үшінші орын алған Астана қаласының,
екінші орынға ие болған Алматы қаласының командалары мен бас жүлдені жеңіп
алған Шығыс Қазақстан облысының спортшыларына дипломдар табыс етілді. Ел
Қайраты республикалық ауылдық дене тәрбиесі – спорт қоғамы қоғамдық
бірлестігінің тұсаукесері өтті. Келесі Бұқаралық ақпарат құралдарының
әлеуеті арқылы спортты көпшілікке таныту және насихаттауды жүйелі
пайдалану атты тақырыпта өткен дөңгелек үстелде Сұлтанғали Қаратаев, Сайын
Тұрсынов, Диас Омаров, Жүсіп Хисымов бастаған спорт журналистикасының
ардагерлері спортты дамыту, спорт журналистерін дайындау, спортты халыққа
насихаттаудағы ақпарат құралдарының рөлін арттыру мәселелері бойынша пікір
алмасты. Осы жиынды Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің
төрағасы Елсияр Қанағатов жүргізсе, Мемлекеттік хатшының кеңесшісі Аяған
Сандыбай, белгілі қаламгерлер қазақ және орыс тілді Sport пен Спорт
газеттерінің директор-бас редакторы Несіп Жүнісбаев, Қазақ спорты
газетінің бас редакторы Қыдырбек Рысбек пен басқа да әріптестеріміз отандық
спорт журналистикасын дамытуға байланысты ұсыныс-тілектерін білдірді.
Мәселен, әріптестеріміздің бәрі БАҚ-та отаншылдық сезімді арттыру, жеке
спорт арнасын ашу, спорт терминологиясын қайта жасау, қазақша сөздікті
бірізділікке келтіру, сараптамалық материалдар дайындау, Астанада спорт
мұражайын ашу, спорт журналистерінің біліктілігін арттыру үшін мемлекеттік
қызмет академиясы жанынан курстар ұйымдастыру, ауыл балаларын насихаттауды
айтса, Несіп Жүнісбаев Спорт журналистері ассоциациясы жұмысын
жалғастыруды, Қыдырбек Рысбек телеарналарда атақты спортшыларымыз туралы
деректі фильмдер түсіру, журналистерге берілетін С.Бердіқұлов атындағы
сыйлықтың беделін көтеру, оның сыйақысын өсіру, қазақ газеттерінің
таралымын көбейту сияқты мәселелерді көтерді. Қысқаша айтқанда, еліміздегі
дене тәрбиесі мен спортты дамыту мәселелерін ашық талқылай отырып,
тәжірибелерімен бөлісті. Байланыс және ақпарат министрлігіне жақын арада
еліміздің барлық аумағы мен одан тыс жерлерде жеке мемлекеттік хабар
тарататын спорттық арна құру, уәкілетті органмен бірлесіп, ақпараттық
технологиялар саласындағы тұжырымдаманы және кабельдік спорттық теледидар
мен интернет-басылым ашу үшін жеке компаниялар мен азаматтарды пайдаланудың
жобасын әзірлеу мен басқа да тың ұсыныстар бар.  Олар бүгін өтетін форумның
қарарына жолданды. Спортты дамытудағы бизнестің, қоғам мен мемлекеттің
өзара әрекеті, өзекті мәселелері және перспективалары атты дөңгелек
үстелде спорт индустриясындағы кезек күттермейтін мәселелер қызу талқыға
түсті. Жиында Туризм және спорт министрінің кеңесшісі Евгений Никитинский
спорттың бұқаралық сипат алуына мерчандайзинг пен спорттық брендинг те
жақсы ықпал етіп отырғанын айтты. Ол өзінің Спорт индустриясының негізгі
даму тенденциясы атты баяндамасында бұл екі ұғымның нақтылығына кеңінен
тоқталды. Дөңгелек үстел барысында кәсіби спорттың жақсаруына бюджеттік
қолдаудың да аса қажет екені, оның үстіне мұндай қолдау спорттың дамуына
тікелей әсер ететін факторлардың ең өзектісі болып саналатыны да айтылды.
Мемлекеттік деңгейдегі спорттық білім берудің көрсеткішін сандық және
сапалық жағынан арттыру керектігі сөз болған кезде заманауи
технологиялардың кең қолданысы арқылы теориялық оқу үлгерімдері мен
практикалық жаттығулардың маңыздылығы қатар, айтылып өтті. Сонымен қатар,
дене шынықтыру мәдениетіндегі бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі, спорт
индустриясындағы ақпараттық қамтамасыздандыру сынды көкейкесті мәселелерді
шешу жолдары қарастырылды. Спорттың дамуына бұқаралық спорттың да зор үлес
қосатыны белгілі. Сол себепті де осы саланы спорт индустриясының ажырамас
құрамы ретінде қарастырған жөн. Спорттағы шағын және орта бизнесті кеңінен
қолдау арқылы бұқаралық спортты дамыту жолдары да сөз болды. Әсіресе,
сапалы спорт өнімдерін шығару арқылы бұқараның сұранысын қанағаттандырудың
жөні бөлек.
1.4 Арнаулы оқу дене тәрбиесі және спорт ғимараттары
Еліміздің арнаулы оқу орындары (педагогикалық, медициналық, техникалық
институттар, университттер, колледждер) дайындауда маңызды роль атқарады.
Бұлар өндірістік, білім беру, денсаулық сақтау, халыққа қызмет көрсету
жұмыстарына мамандар мен ұйымдастырушылар даярлайды, ауылшаруашылық
мамандарын толықтырады, сонымен бірге білім берудің жалпы міндеттерін
орындауға қатысады. Қазіргі таңда еліміздің әртүрлі арнаулы оқу орындарында
ауыл шаруашылығының қазіргі қажет мамандықтардың түрлі салалары бойынша
мыңдаған түлектері бітіріп шығады.
Еліміздегі көптеген арнаулы оқу орындарында көпшілік спорт және дене
тәрбиесі-сауықтыру жұмыстары жақсы жолға қойылған. Оқу орындарының
түлектері жақсы шынықтырылған, әрі дене дамуы жағынан да алдыңғы қатарда.
Бұл көптеген түлектер мен тәрбиеленушілерге спортшы болуға мүмкіндік
туғызады. Мысалы, бокстан Сидней олимпиадасының күміс жүлдегері
М.Ділдәбеков, Москва олимпиадасының чемпионы Ж.Үшкемпіров (грек-рим
күресі), Москва олимпиадасының күміс жүлдегері С.Қонақбаев (бокс). Сондай-
ақ арнаулы ойындардың жүлдегері мен жеңімпаздары және Европа, Әлем
біріншіліктерінің чемпиондары болды; Б.Жұмаділов (Жамбыл), Е.Ибраймов
(Ақтөбе), Г.Головкин (Астана), А.Д.Жафаров (Ақтөбе), Т.Хромова (Оңтүстік
Қазақстан), Б.Саттарханов (Оңтүстік Қазақстан) және басқалар.
Олардың әрқайсысы өз кезегінде арнаулы оқу орындарының дене тәрбиесі
ұжымдарында спортпен айналысуды бастаған, яғни сонда қажетті дене
дайындығын алып ерік-жігерін шыңдаған. Қазіргі таңда еліміздің арнаулы оқу
орындарында да студенттердің дене тәрбиесі мен спорттың дамуына көп көңіл
бөлінуде. Көптеген түлектер оқу орнын бітірген дипломымен бірге, олар дене
дамуы мен дене дайындығының жеткілікті деңгейін көрсетіп, спортта да әлем
деңгейінде ең жоғары көрсеткіштерге қол жеткізеді.
Болашақ түлектерімізді тәрбиелеуде, оларды жоғарғы спорттық
көрсеткіштерге жетелеуге көптеген арнаулы оқу орындары жемісті еңбектер
атқаруда. Атап өтетін болсақ Қазақ спорт және туризм академиясы, Қ.А.Ясауи
атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, М.Әуезов атындағы Оңтүстік
Қазақстан мемлекеттік университеті және тағы басқалары, сондай-ақ арнаулы
орта оқу орындары арасынанда үздік спортшылар мен командалар дайындауда
бірнеше колледждер тынбай еңбек етуде. Айтар болсақ қазіргі таңда жоғары
топта өнер көрсететін Оңтүстік Қазақстанның «Ордабасы» футбол командасы
кезінде Шымкент гидромелиораторлық құрылыс техникумы базасында құрылған
болатын. Оның құрамында сол кезде КСРО бойынша белгілі болған ойыншылар
Ю.Горбунов, И.Зайцев, Б.Байсейтов, С.Радке, А.Толмачев, Т.Иксанов т.б.
сынды белгілі футболшылар өнер көрсетті.
Арнаулы оқу орындары арасында қазіргі танда спорттың дамуына көп көңіл
бөлінуде. 1976 жылдан бастап әдетке айналған (КСРО кезінен бастап) орта
арнаулы оқу орындары студенттерінің Бүкілодақтық спартакиадасы өткізіледі.
Оның бағдарламасында жеңіл атлетикадан, жүзу, футбол, күрес түрлерінен,
баскетбол, волейбол және т.б. спорт түрлерінен жарыстар бар. Мысалы: 2003
жылғы республикалық студенттер спартакиадасында көптеген арнаулы оқу
орындары өнер көрсетіп, біршама табыстарға жетті. Атап айтқанда 1-ші орын
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, 2-ші орын
Қараганды мемлекеттік университеті, 3-ші орын Павлодар мемлекеттік
университеті, 4-ші орын Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік
университеті т.б. алды.
Сонымен бірге арнаулы оқу орындарының спортшылары облыстық, қалалық,
аудандық жарыстарға белсенді атсалысады. Көптеген оқу орындарының ішкі
спартакиадалары жоғары спорттық деңгейде өтеді.
Орта арнаулы оқу орындарына арналған дене тәрбиесі бағдарламасы
студенттердің бірнеше теориялық тақырыптарды үйренуін және сонымен бірге
тәжірибеде спорттың әр түрінен дене жаттығуларымен шынығып, меңгеруін
қарастырады.
Қазақстандағы Дене тәрбиесі және спорт, Жеке және қоғамдық гигиена
т.б. басқаларынан студенттер сынақ тапсырады.
Дене тәрбиесі мен спорттық идеологиялық, ғылыми, әдістемелік және
ұйымдастыру негіздерін үйрену, сонымен қатар тәжірибелік дағдыларды меңгеру
студенттерді алдағы жұмысында қоғамдық-инструктор немесе оқу орнында және
жұмыс орнының дене тәрбиесі ұжымындағы спорт төрешісі ретінде болуына
керекті біліммен және дағдымен қаруландырады.
Бағдарламаның тәжірибелік бөлімі оқушылардың гимнастикадан, жеңіл
атлетикадан, шаңғы спортынан, жүзуден, туризмнен, сонымен бірге
Президенттік тест кешені мөлшерінің нормативтер мен бақылау жаттығуларын
орындауын қарастырады. Яғни, мектептерде дене тәрбиесінен жақсы бағалар
алған студенттер үшін де тұрақты жаттықтыруды қажет етеді. Негізінен
гимнастикадан нормативті: тартылу, аунау көпшілігі орындай алмайды. Бұл
Президенттік тест кешені мөлшерінің басқа да нормативтеріне қатысты: 100м.
жүгіру, кросс, ұзындыққа немесе биіктікке секіру, граната лақтыру, шаңғымен
сырғанау, жүзу және туристік жорық. Бұл нормаларды орындау үшін өзіңді-өзің
дайындап, шынықтыру қажет.
Дене тәрбиесі бағдарламасының негізгі мазмұнын қимыл қозғалыстардың,
жалпы дамытушы және қолданбалы дене жаттығуларының өмірге қажетті түрлерін
құрайды. ДТ бағдарламасына баскетбол, волейбол, гандбол, футбол сияқты
студенттерге танымал көпшілік спорт ойындары және қозғалыс ойындарының жеке
түрлері енеді. Студенттер оқу сабақтарында спорт ойындары бойынша құнды
қимыл дағдылары мен дене сапаларын меңгереді. Спорт ойындарынан сынақ
нормативтері болғанымен, қозғалмалы-спорт ойындарының жеке тәсілдік
элементтерін меңгеру дене тәрбиесінен баға қоюда есепке алынады.
Дене тәрбиесі бойынша оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі жаңа
материалды үйрететін, меңгерілген қимыл дағдыларын жүзеге асырып, бекітетін
оқу сабақтары болып есептеледі. ДТ бағдарламасы әрбір студенттің күн
тәртібін сақтауын, белгіленген уақытта тексеруден өтуін, өзін-өзі бақылау
күнделігін жүргізуін, өз денсаулығы мен дене жағдайын қарап, оны жақсарту
шараларын қолдануды талап етеді.
Дене тәрбиесі пәні бойынша қорытынды баға студенттерге бір рет
семестрде теориялық тақырыптардан алған білімдері, оның тәжірибелік
нормативтерді орындауда көрсеткен нәтижесі, сонымен бірге оқу-жаттығу
сабақтарға қатысуы және тәртібі бойынша қойылады. Сабаққа себепсіз
қатыспаған студенттер сынақ жарыстарына қатысуға жіберілмеуі мүмкін, әрі
пәннен жақсы қорытынды баға алмайды.
Денсаулық жағдайына қарай арнайы медициналық топтарға кіретін
студенттер тәжірибелік нормалар мен жарыстардан босатылады. Оларға дене
тәрбиесі пәнінен бағалар теориялық білімі мен дәрігерлік нұсқау бойынша
жеке дене жаттығуларын орындауына байланысты қойылады. Дене тәрбиесі
оқытушысының ұйғаруы бойынша сынақ кітапшасына дифференциялды бағасы сияқты
сынақ деп те қоюға болады.
Барлық орта арнаулы оқу орындарында оқуға қосымша сабақтан тыс сауықтыру
дене тәрбиесі және көпшілік спорт жұмыстары ұйымдастырылып, өткізіледі. Оқу
мен оқудан тыс түрлердің бірлігі жаңа бағдарламалық материалдарды жемісті
меңгеруді және өтілгенін бекітуді қамтамасыз етеді. Оқу орыңдарында
сабақтан тыс уақытта оқытушының тапсырмасы бойынша оқушылардың өз бетінше
жұмыс істеуі жақсы жолға қойылған. Көптеген оқушылар үйлерінде немесе
жатақханада таңертеңгі гигиеналық гимнастикамен (ТГГ) айналысады. Оқу күні
барысында көптеген колледждер мен кәсіптік-мектептерде «дене тәрбиелік
үзілістер» өткізіледі. Бұл шаралар оқушы денсаулығына көп пайда келтіреді.
Денсаулығының мықты болуы үшін және денесінің жақсы дамуы үшін оқушылар
белсенді демалыс құралдары, ауыр оқу жұмыстарынан кейін жұмыс қабілетін
қалпына келтіру сияқты дәрістерді қарастыра отырып, дене жаттығуларымен
және спортпен өз бетінше айналысу керек.
Сауықтыру-дене тәрбиесі, көпшілік спорт шараларына қатысу, дене
жаттығуларымен өз бетінше айналысу, ары қарай сабақтарда меңгерген
дағдыларды жүзеге асыруға көмектеседі, оқушылардың Президенттік тест кешені
мен спорттық нормаларын орындау дайындығын жеделдетеді.
Оның бағдарламасына белсенді демалыс үшін шаралар, көпшілік ойындар,
Президенттік тест кешені жаттығулары бойынша жарыстар енеді. Дене тәрбиесі
бағдарламасына сай семестрде бір рет оқу орнында Денсаулық күні
өткізіледі.
Каникул кезінде (қыста және жазда) жеке колледждер мен кәсіптік-
мектептер оқушылардың белсенді демалысы үшін сауықтыру-спорт лагерлерін,
еңбек пен демалыс лагерьлерін құрады, бұл лагерьлерде спорт шеберлігін
көтеру мен Президенттік тест кешені мөлшерін орындауға дайындау үшін
оқушылармен оқу-жаттықтыру жұмыстары жүргізіледі.
Орта арнаулы оқу орындарындағы дене тәрбиесі ұжымы. Қазақстандағы дене
тәрбиесі қозғалысының негізгі буыны дене тәрбиесі ұжымы болып табылады.
Дене тәрбиесі ұжымы кәсіпорындарда, мекемелерді, құрылыстарда,
ұжымшарларда, оқу орындарында құрылады.
Орта арнаулы оқу орындарының дене тәрбиесі ұжымы — дене тәрбиесі мен
спортты олардың тұрмысына өндіретін оқушылардың дене тәрбиесі бойынша жұмыс
орталығы. Дене тәрбиесі ұжымы өз қызметін оқу орнындағы кәсіподақ ұйымының
басшылығымен жүргізеді. Әрине жұмысты дене тәрбиесі ұжымының кеңесі
ұйымдастырады.
Дене тәрбиесі ұжымының кеңесі (спорт клубы басқармасы) оқу жылының
басында дене тәрбиешілерінің жалпы жиналысыңда сайланады. Ол оқушы-дене
шынықтырушылар мен педагогикалық ұжым арасындағы барлық ұйымдастыру,
сауықтыру, көпшілік спорт жұмыстарын жүргізеді. Кеңес төрағасы дене
тәрбиесі және колледждердің (училищенің) алғашқы әскерге дайындық
басшылығымен, тығыз байланыста жұмыс істейді.
Дене тәрбиесі ұжымының кеңесінде жеке бағыттарда басшылық жасау жұмысы
үшін түрлі комиссия құрылады, мысалы, оқу спорттық, үгіт-насихат, қаржы-
шаруашылық және т.б. Оны барынша қабілетті оқушы немесе оқытушы басқарады.
Мысалы, үгіт-насихат жұмысы бойынша комиссияны облыстық дене тәрбиесі және
спорт комитетінің мүшесі, … жалғасы