XXI ғасыр көшбасшысы

0
221







Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




XXI ғасыр көшбасшысы

Автор: Баянбеков Кайратбек Алжапарович

Бағыты: Психология Бөлімі: Тәрбие сағаты Сыныбы: 9 сынып

Жарияланған уақыты: 2018-12-30


Материал туралы қысқаша түсінік

Тәрбие сағатына, сыныптан тыс жұмыстарға, 5-9 сыныптың сынып жетекшілеріне




«М.Дәуленов атындағы мектеп-интернаты» кмм Бекітемін: Келісемін:Мектеп директоры: ДТІЖОЖиенгельдинов А.Е _________ Ерзин.Д______

Тұңғыш президент күнінен арналған Тәрбие сағаты ХХI ғасыр көшбасшысы зияткерлік сайысы

5-6 сынып

Жауапты сынып жетекшілер: Бегешова Ә.Р , Әлжапаров Н.Қ

Мақсаты : 1.Оқушылардың әр салада білімдерін кеңейту, шығармашылық ізденісін байқау.Оқушыларды Елбасымыздың өмірі мен шығармашылығын, қызмет жолын, мемлекет басқарудағы жетістіктерін қаншалықты білетіндіктерін анықтау;2.Сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қалыптастыру.Сөйлеу шеберлігін жетілдіру, белсенділігін арттыру.3. Эстетикалық және мәдени тәрбие бере отыра, түрлі тәсілдермен қызығушылығын арттыру.  Көрнекі құралдар: суреттер, презентация, түрлі-түсті таяқшалар, жоспар, сұрақтар интерактивті тақта арқылы көрсетіледі. Әдіс-тәсілдер: ойын, сұрақ-жауап, эвристикалық, миға шабуыл әдісі.  Іс-шараның барысы.Армысыздар ма! Сайысқа қатысушы 5-6 сынып оқушылары, қадірменді жанкүйерлер! XXI ғасыр көшбасшысы зияткерлік сайысына қош келдіңіздер! Бүгінгі тәрбие сағатымыз ұлт көшбасшысы, ҚР тұңғыш президенті, Нұр Отан партиясының төрағасы, дүниежүзі қазақтары құрылтайының, Қазақстан Халқы Ассамблеясының төрағасы елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлына арналмақ. «Кез келген мамандық егер оны жақсы көрсең бақытқа айналады. Үш жолы бар: жинақы болу қажет, жұмыс істегенде одан ләззат алып, оған қанағат болу керек. Жұмысқа осындай көңіл-күймен барса, менің ойымша, кез келген жұмыс қуаныш сыйлайды және сенің бақытты болуың үшін айналаңдағы адамдар да бақытты болуы керек«, – деп атап өткен екен Н.Ә.Назарбаев. Қазылар алқасының құрамымен таныс болыңыздар… Ендеше сайыскерлеріміз дайын болса ойынымызды бастайық. Ойынымыз үш кезеңнен тұрады. «Бәйге», «Жорға», «Дода». Бәйге кезеңінде сіздерге ҚР президентіне байланысты тест түрінде ортақ 10 сұрақ беріледі. Ол сұрақтың жауабын алдарыңыздағы парақшаға белгілейтін боласыздар.

  • Елбасы дүниеге келген қыстау

А) Жидебай Б) Наурызбай В) Шамалған Г) Отарбай 2) Н.Ә.Назарбаев жайлы түсірілген «Балалық шағымның аспаны фильмінің режиссері А) Ақан Сатаев Б) Рүстем Әбдірашев В) Нұртас Адамбай Г) Талғат Теменов 3) Елбасының қолынан жарыққа шыққан тұңғыш тарихи еңбек А) Тарих толқынында Б) Ғасырлар тоғысында В)) Ел жүрегі – Астана Г) Елбасы жолы 4) «Невада-Семей» ядролық полигонын жабуға атсалысқан танымал жазушы, елбасының жақын жолдасы А) М.Шаханов Б) Д.Исабеков В) Ә.Кекілбаев Г) О.Сүлейменов 5) Қызық оқиға. Елбасы оныншы сыныпты бітіргенде үлгерім табелінде барлығы 5- тік және бір ғана 4- тік баға болған екен. Болашақ президент қай пәннен 4 баға алып қалды А) математика Б) орыс әдебиеті В) дене шынықтыру Г) ән-күй 6) Президентіміз тәуелсіз ҚР нешінші жыл басқарып отырА) 25 жыл Б) 20 жыл В) 27 жыл Г) 30 жыл 7) ҚР президенті мына атаулардың қайсысының төрағасы емес А) Қазақстан Халқы Ассамблеясының Б) «Нұр Отан» партиясының В)Дүниежүзі қазақтары құрылтайының Г) Орталық сайлау комиссиясының 8) Енді ғана дүние есігін ашқан сәбиге Нұрсұлтан атты қос есімді кім таңдады А) әжесі Кемпірбала Б) Әкесі ӘбішВ) анасы Әлжан В) атасы Назарбай би 9) Р.Әбдірашевтың «Балалық шағымның аспаны» деректі фильмінде елбасының рөлін сомдаған әртіс А) Н.Әлімжанов Б) Б.Айтжанов В) Е.Біләл В) А.Сатыпалды 10) Президентіміз қай саланы ғылыми түрде зерттеген А) медицина Б) саясат В) экономика Г) ғарыш 1 айналым қорытындысы бойынша ең аз ұпай жинаған 2 оқушымыз ойынды осы жерден тоқтатады. Оқушыларға қызығушылығын оятуға байланысты әрқилы сұрақтар қойылады. Келесі айналым «Жорға». Жорға айналымында сіздерге 15 секунд ішінде 6 сұрақ қойылады. Бұл айналымда да ұпай саны аз 2 ойыншы ойынды осы жерден тоқтатуға мәжбүр. 6 ойыншы ойынды әрі қарай жалғастырады. Жорға

  • 4 санының кубы нешеге тең
  • Бүкіл әлемге Қазақтың атын танытып жүрген әнші, Славян базары байқауының лауреаты
  • Астанадағы елбасының резиденциясы
  • Қазақстанның тұңғыш Астанасы
  • Қосмекенді жануарларды ата
  • Әке мен бала әңгімесінің авторы

2. Ойыншы 1) 5, 2 аралас санын дұрыс бөлшекке айналдыр 2) Қазақтың тұңғыш ғарышкері 3) Елбасының президенттіктен басқа лауазымы 4) Орта жүздің биі 5) Қазақстанда өсірілетін басты дәнді-дақылдар 6) «Қызғыш құс» өлеңін жазған ақын

  • Теріс таңба мен теріс таңбаны қосқанда қандай таңбаны қоямыз
  • Қазақтан шыққан тұңғыш олимпиада чемпионы
  • Елбасының басты мамандығы
  • Мемлекеттік тудың авторы
  • Бау-бақша еккенде топырақтың құнарлылығын арттыру үшін қандай техникалық тыңайтқыш қосамыз
  • Қазақтың бас ақыны

4.ойыншы 1) 2165 саны неше мыңдықтан, жүздіктен, ондықтан, бірліктен тұрады 2) Олимпиададан жүлде алған тұңғыш қазақ қызы 3) Елбасының бітірген оқу орны 4) Екі жағынан өңделген қарапайым тас құралы 5) Жер бетінде неше мұхит бар 6) Ө.Тұрманжановтың киелі құс туралы әңгімесі қалай аталады

  • 30 санының квадраты
  • Адай, балбырауын, сарыарқа күйлерінің авторы
  • Астананың символы
  • Қазба жұмыстарын зерттейтін ғылым
  • Көктемгі күн мен түннің теңелу уақыты
  • Әйткенменде түз тағысы Құрмашқа өз иттігін жасады. Үзінді қай шығармадан алынған
  • Фигураның ауданын табу үшін не істейміз
  • Спортшы, бокстан Лондон олимпиадасының чемпионы
  • Елбасының идеясы
  • Жер-су аттарын зерттейтін ғылым
  • Жануарларды зерттейтін ғылым
  • Түлкі мен арыстан ертегісі қандай ертегінің түріне жатады

3 айналым Дода. Дода айналымы бойынша 4 сайыскер ойынды әрі қарай жалғастырады. Өздері таңдаған тақырыптың ұяшық нөміріне сәйкес сұрақтар және арнайы, бейне сұрақтар қойылады.







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.