XIV-XVI ғасырлардағы Ноғай ордасы.

0
279



Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




XIV-XVI ғасырлардағы Ноғай ордасы.

Автор: Хасенова Райхан Калигожакызы

Бағыты: Қазақстан тарихы Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: 7 сынып

Жарияланған уақыты: 2018-12-27


Материал туралы қысқаша түсінік

Сабақтың негізгі ұғымдары: Ноғай мемлекетінің құрылысы мен саяси тарихы. Ноғай Ордасының гүлденген кезеңі және ыдырау себептері. Солтүстік Қазақстан және Батыс Сібірді мекендеген түрік тайпалары, олардың басқа елдермен қатынастары.
Жана сабаққа кіріспе бұрын үйге берілген тапсырманы талдаймын. Талдау барысында мына төменгі сұрақтарды негізге алуына болады:
1. Әмір Темірдің шыққан тегі туралы не білесіндер?
2. Ұрұс ханның Түй-Қожаны жазалау себебі неде?
3. Әмір Темір өз одақтасы Тоқтамысқа неге қарсы шықты?
4. Моғолстан билеушілерінің Темірге тәуелділігі неден көрінді?
5. Картадан Темір жорықтарының бағыттарын көрсетіңдер.




XIV-XVI ғасырлардағы Ноғай ордасы. Солтүстік Қазақстан және Батыс Сібір.Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларды XIV-XVI ғасырлардағы Қазақстан жер аумағында өмір сүрген Ноғай Ордасының және Сібірді мекендеген түрік тайпаларының тарихымен мәдениетімен таныстыру.

Сабақтың негізгі ұғымдары: Ноғай мемлекетінің құрылысы мен саяси тарихы. Ноғай Ордасының гүлденген кезеңі және ыдырау себептері. Солтүстік Қазақстан және Батыс Сібірді мекендеген түрік тайпалары, олардың басқа елдермен қатынастары. Жана сабаққа кіріспе бұрын үйге берілген тапсырманы талдаймын. Талдау барысында мына төменгі сұрақтарды негізге алуына болады:

  • Әмір Темірдің шыққан тегі туралы не білесіндер?
  • Ұрұс ханның Түй-Қожаны жазалау себебі неде?
  • Әмір Темір өз одақтасы Тоқтамысқа неге қарсы шықты?
  • Моғолстан билеушілерінің Темірге тәуелділігі неден көрінді?
  • Картадан Темір жорықтарының бағыттарын көрсетіңдер.

Жаңа сабақты оқыту жоспары:

  • Ноғай Ордасы. Жер аумағы мен халқының этникалық құрамы.
  • Сарайшық қаласы.
  • Қоғамдық құрылысы.
  • Ноғай Ордасының саяси тарихы.
  • Ноғай Ордасының ыдырауы.
  • XIV-XVI ғасырлардағы Солтүстік Қазақстан және Батыс Сібір.
  • Сібір хандығының ішкі және сыртқы саясаты.

Сабақтың мақсатымен және жоспарымен таныстырамыз. Ноғай Ордасының құрылуын,оның мемлекет ретінде даму ерекшеліктерін айта отырып, сабақ барысында картаны пайдаланамыз. Мұғалім «Орта ғасырлардағы Қазақстанның картасынан» Ноғай Ордасының, Батыс Сібірдің аумағың оқушылардың өздері көрсетуін сұрайды. Ноғай Ордасының саяси тарихына тоқталғанда Алтын Орданың көрнекті билеушілерінің бірі, Ноғай Ордасының негізін қалаушы Едіге туралы баяндалады. Оқушыларға халық эпосы «Едіге» жырынан үзінділер оқып беруге болады. Едігенің кезіндегі Орданың аумағы туралы жазба деректерден үзінділер келтіру қажет. Ноғай Ордасының ыдырау кезеңіне тоқталып, оның бірнеше иеліктерге бөлініп кету себептері ашып көрсетіледі. Оқушылардың назарын Батыс Сібірді мекендеген түрік тайпаларының бірлестіктеріне, Сібірді билеген хандардың саясатына аударып, тақырыпты ашуға тырысамыз. Топпен жұмыс жаңа тақырыпты оңай меңгеру үшін сыныпты екі топқа бөліп тапсырма береміз:1-ші топқа тапсырма – Ноғай Ордасының қоғамдық құрылысын, саяси тарихын Ақ Ордамен салыстыру.2- ші топқа тапсырма – Батыс Сібірді басқарған Шайбани әулеті билеушілерінің ішкі және сыртқы саясатымен таныстыру.1-топтың тапсырмасы бойынша төмендегі схеманы толтыру қажет: → жер аумағы → этникалық құрамы Ноғай Ордасы → қоғамдық құрылысы →саяси жағдайы

→ жер аумағы Ақ Орда → этникалық құрамы → қоғамдық құрылысы →саяси жағдайыБұл жұмыс оқушылардың өткен тақырыптарды қайталап, еске түсіруіне мүмкіндік беріп, білімін жетілдіре түседі.2- топтың тапсырмасы бойынша төмендегі кестені толтыру қажет:

Сібір хандығының жер аумағы, орталығы Хандары Хандық тарихындағы ірі оқиғалар

Топ болып жұмыс жасау тиімді, себебі оқушылар өздеріне берілген тапсырманы талдай отырып, сабақты толық игеруіне мүмкіндік жасайды. Екі топ бірін-бірі толықтырып отырады.Сабақты бекіту.Үйге тапсырма: Деректермен танысу. Картамен жұмыс жасау.>







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.