Виктория Бекхэмнің сұлулық сырлары
Әлемге әйгілі әнші, дизайнер, сүйікті жар және төрт баланың анасы – Виктория Бекхэм өмірінің төртінші ондығынан асты. Өмірінің басым бөлігін көпшіліктің назарында өткізген оның стилі заманына сай бірнеше рет өзгеріп отырды. Қазірде ол өте сәнді, талғамы жоғары, кербез ару.
Өзі дизайнер болғандықтан, Викторияның талғамы өте жоғары, алайда ол жылдар бойы қалыптасқан. Оның бұрынғы келбеті көп жағдайда түсініспеушілікке тап болған. Бірақ, Викторияның айтуынша, ол киген әр көйлегі мен жасаған шаш сәні үшін ұялмайды, себебі оның бәрі қазіргі талғамның қалыптасуына әсер етті.
Берген сұхбатында ол сәнді болудың 5 сырын ашты:
Еш уақытта күннен қорғаныс көзәйнектерді ұмытпау, олар кез келген бейнені толықтырып, аяқтайды.
Дәстүрлі қара түсті скинни джинсы шалбары сізде міндетті түрде болуы керек. Олар өте әмбебап — күндіз де, кешке де киюге болады.
Бара жатқан жерге сай киініңіз. Бірақ тым тар киім таңдамаңыз, киіміңіз сәл бос болуы керек. Бұл қозғалысқа еркіндік береді.
Биік өкшелі аяқ-киім өте әдемі көрінеді. Алайда оны әр кез кию шарт емес. Өкшесіз аяқ киімді де сәнді етіп үйлестіріп киюге болады.
Сәнқой атанудың басты шарты — аксессуарларды таңдай білу. Сәнді сөмке, әшекей бұйымдар келбетіңіздегі басты бұйымға айнала алады.