58 жастағы қазақ балуаны әлем чемпионы болды – видео

0

Спорт

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

62 килограмм салмақ дәрежесінде белдескен жерлесіміз финалда түрік балуанымен кездесіп, 8:4 есебімен жеңіске жетті

НҰР-СҰЛТАН, 14 қазан – Sputnik. Грузияда өткен ардагерлер арасындағы грек-рим күресінен әлем чемпионатында 58 жастағы Қазақстан балуаны Қасенхан Серғазиев алтыннан алқа тақты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

62 килограмм салмақ дәрежесінде белдескен жерлесіміз жартылай финалда ирандық балуанға қарсы шықты. Осы жекпе-жекте ол қарсыласын 2:0 есебімен жеңді.        

Ал келесі айналымда түрік балуанымен күресті. Бас кезінде екеуі тең жағдайда белдесті. Алайда әрі қарай Қасенхан Серғазиев өз басымдығын екі есеге арттыра білді. Қорытынды есеп – 4:8. 

Финалда тағы түрік балуанымен кездескен болатын. Қарсылас бірден екі ұпайды алып кетті. Дегенмен, тәжірибелі спортшымыз  өз әдісін шебер орындап, төрт ұпаймен алға шықты. Одан кейін өз басымдығын 8 ұпайға жеткізді. Соңында түрік балуаны екі ұпай алса да, Серғазиевке жете алмады. 

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен әлем чемпионатының алтын медалін соңғы рет сонау 1999 жылы алған болатын. Ол кезде Мхитар Манукян Грекияның Афина қаласында өткен жарыста алтын медаль ұтып, екі дүркін әлем чемпионы атанды.



sputniknews.kz