«Венераның» сұлулығына тамсанған адам инфаркт алды

0

Кеше Батыстың ақпарат көздері 70 жастағы италиялықтың Венера сұлулығына тамсанып, талып қалғанын жазды. Ол Ботичеллидің «Венераның туылуы» атты картинасын көргеннен кейін инфаркт алған.

Оқиға Флоренциядағы Уффици Галереясында болды. Бір жақсысы, жақын жерден дәрігерлер табылып, оған алғашқы көмек көрсетілген. Осыдан кейін азамат жергілікті ауруханаға жеткізілді.

Тарихта бұрын-соңды көркем мұражайларға келген қонақтардың басынан мұндай жағдайлар өтіп тұрған. Бұл «ерекше жайт» ресми тіркелмесе де, оған «Стендаль синдромы» деген атау берілген. Негізгі белгілері: өнер туындысын көрген адамның басы айналып, жүрек соғысы жиілеп, талып қалып жатады. Мұндай оқиға көбіне Ренессанс өнері кеңінен ұсынылған Флоренцияда орын алып келген.


Дереккөз: https://massaget.kz/