Венецияны аралау ақылы болмақ
Еуропада туристер ең көп баратын қалалардың бірі — Венеция. Суда орналасқан мекенді көруге асығатындар саны жыл сайын артпаса кеміген емес. Бірақ мына бір фактор туристердің келуіне қалай әсер етер екен?
Венеция қаласы басшылығы 2019 жылға арналған жобаларын Италия парламентінің сенатына ұсынды. Онда қалаға келген туристер мен қонақтарға ақылы жүйе енгізу жайы қаралған. Яғни қалаға келген адамдар қаланы аралау үшін ақша төлейді.
Венеция таңғажайыптарын тамашалау адам басына 2,5 -5 еуро шамасында болмақ. Ал айтулы мереке күндері бұл баға екі есе өсетін көрінеді. Мұны ең алдымен бірер күнге келген туристер төлейді.
Қазіргі таңда қалаға кірудің ақылы жүйесі қалай жүзеге асатыны белгісіз. Жеке транспорттық көлік билеттерінің құнына қосылып төленуі ықтимал. Содан кейін барып қалалық әкімшілікке аударылатын жолы бар екен. Жаңа жоба бойынша түскен қаржы қаланың мәдени шаралары мен табиғи байлығын сақтауға жұмсалмақ.
Дереккөз: https://massaget.kz/