Вакциналардың классификациясы | Скачать Реферат

0
234

Жоспар:
Кіріспе.
Негізгі бөлім:
1) Вакциналарга жалпы сипаттама
2) Вакциналардың классификациясы
3) Вакцинаның иммуногенділігін күшейтетін компоненттер
4) Иммундық сарысу
5) Сұйық гемолитикалық диагностикалық қан сарысуы
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе
Вакциналар (Vaccines) – бастапқыда инфекция профилактикасына, активті иммунитет қалыптастыруға арналған препараттар. Әр вакцинаның негізгі әсер ететіні иммуноген, яғни иммунды жауап тудыратын аурулар қоздырғыштарының антигендік компоненттерінің химиялық құрылымына үйлесттіболып келетін корпускулалы немесе ерітінді субстанция. Инфекцияның таралуын иммунизация арқылы тоқтату медицина саласында адамзаттың маңызды жетістіктерінің бірі. Бұкілодақтық денсаулық сақтау ұйымы және Біріккен Нация ұйымының балалар фонды мәліметтері бойынша соңғы 2007 жылы төрт ауруға қарсы егу нәтижесінен – көкжөтел, дифтерия, сіреспе (КДС) және қызылша – барлық жастағы топтарда жыл бойы шамамен 2,5 млн адам өлімнен қорғанды. 2006 жылы емшек жастағы балалардың жаппай КДС вакцина қабылдауы 79% жетті, ал 1980 жылы тек 20% құрған. Бұрын дұрыс қолданбайтын В гепатитіне, қызамық, сары қызбаға қарсы вакциналар кең масштабта іске асырылып келеді. 2006-2007 жылдар аралықта түрлі елдерде 25 жаңа вакцина сынақтан өтті. Вакцина дайындау технологиясы мен өндірісіне 10-15 жыл керек, себебі вакциналар көптеген тесттерден өтеді, және келесі тест алдынғы тесті нәтижелі болған жағдайда әрі қарай тестіленуі жалғастырылады; заманауи талаптарына жауап беретін қондырғылар және қаражатты күрделі технологиялық бағыттар қолданылады. ХХ ғасырда адамның орташа өмір сүру ұзақтығы шамамен 30 жылға созылды, ең алдымен жаппай егу жүргізгенінен болды. Белгілі вакциналардың жартысы соңғы 25 жылда пайда болды, яғни жылына бір вакцина дайындалуда, бұрынғы ежелгі кезеңдермен салыстырғанда бес жылда бір вакцина дайындалынатын еді. Айта кету керек, вакцинацияның нәтижелілігі егуге арналған қоздырғыштың антигендер құрылымының ерекшелігін анықтайтын протективті гуморальды жәненемесе клеткалық иммунды жауаптың индукциясымен байланысты. Сонымен қатар вакцинаның нәтижелігі микроорганизмнің туа біткен иммунитет жүйесімен
байланысу сипатымен қамтамасыз етіледі.
Қазіргі уақытта жіті дамитын инфекция тудыратын патогендерге қарсы вакциналар ойдағыдай қолданылады. Латентті немесе созылмалы аурулар тудыратын қоздырғыштарға, мысалы АИВ, адамның герпес-вирусы, С гепатит вирусы, туберкулез микобактериялары және т.б., және түрішінде өзгеріске шалдығатын микроорганизмдер тудырған ауруларға (серологиялық варианттары; антигендік дрейф немесе шифт) нәтижелі вакциналар дайындау қажет.
Иммунды жүйе қызметі туралы білімдер кеңейюімен вакциналар қолдануы әрі қарай жетілуде. Онкологиялық аурулардың иммунотерапиясына қолданатын препараттар өндіріліп жатыр. Келешекте – аллергия, аутоиммунды аурулардың алдын алуына және емдеуге конструкцияланған вакциналар шығару.
2000 жылға дейін дүние жүзінде вакциналар сауда көлемі 4 млрд. долларға жетті, 2004 жылы – 10 млрд.долларға жақын, ал 2015 жылда 30-40 млрд. долларға дейін жоғарлауы болжамдалған. Белгілі болғандай, әр вакцинаның негізін протективті антигендер құрайды, арнайы иммунды жауап тудыратын микробтық клетканың немесе вирустың аздаған бөлшегі болады. Химиялық табиғаты бойынша протективті антигендер протеиндер, гликопротеидтер, липосахаридті-протеинді кешендер. Олар микробтық клетканың құрылымды компоненттері (көкжөтел таяқшасы, стрептококктар, және т.б.), болуы мүмкін (бактериялық токсиндер), ал вирустарда көбіне вирионның суперкапсиді немесе капсид құрамына кіреді. Вакцинацияға организмде арнайы иммунитет тудыруға қабілетті бөгде антигендер ретінде тірі, өлі микроорганизмдер, олардың құрылымды компоненттері мен екіншілік метаболиттері қолданылады. Ең алдымен аса 1маңыздысы адамға нәтижелі (антигенділік пен иммуногенділік) және қауіпсіз ретінде қасиеттері бар микробтық протеиндер, майлар, көмірсулар және олардың кешендері.
Барлығына белгілі жіктелуде, вакциналарды бөледі: тірі, өлі, химиялық және анатоксиндер. Вакциналардың келесі жіктелуі аса маңызды: суббірліктік, генді-инженерлі, жасанды, тамақтық, терапиялық, өспелерге қарсы, ДНҚ-вакциналар; және форсифицирленген мен комбинирленген.
Тірі вакциналар аса патогенді микроорганизмдердің антигендік құрылысын және иммуногенділігін сақтай отырып әлсірету (аттенуация) жолымен алады (оба таяқшасы, бруцеллалар, туляремия қоздырғышы). Вакциналық штамның аттенуациясы физикалық (температуралық режимді, осмосттық градиентті өзгерту, УКС және т.б. әсерімен) және химиялық (антибиотиктің төменгі концентрациясы, өт, бояулар және т.б.) тәсілдермен, сезімтал емес жануарларға, тауық эмбрионына, тіндік клеткалар дақылына пассаж жасау (вирус болған жағдайда) арқылы жүреді. Вакциналық штамм енгізген кейін организмде көбейеді және вакциналық инфекциялық процесс туындайды. Көптеген егілгендерде вакциналық инфекция клиникалық симптомдарсыз өтеді және тұрақты иммунитет қалыптастырады. Тірі вакциналарға қызамықтың (Рудивакс), қызылша (Рувакс), полиомиелит (Полио Сэбин Веро), паротиттің (Имовакс Орейон) арнайы алдын алуына қолданатын препараттар жатады. Тірі вакциналарды лиофилизирленген түрде (полиомиелитке ғана емес) шығарады.Тірі вакциналардың жетістіктері барысында бір ескертулерге назар аударған жөн: вирулентті формалары реверсия беруі мүмкін, нәтижесінде егілген адамда ауру тудыруы мүмкін. Осы себептен тірі вакциналарды мұқият тестілеуден өткізеді. Иммунитет тапшылығы бар науқастар (иммуносупрессивті терапия алатындар, ЖИТС және өспелерде) осындай вакциналарды қабылдауға болмайды. Тірі вакциналардың нәтижелілігі егілген организмде аттенуацияланған микроорганизмдер көбейю қабілеттілігінен нақты тіндерде иммунологиялық активті компоненттерді көшіріп жетілдіру. Тірі вакциналар аса иммуногенді, бірақ стандарттауда қиындықтар тудырады, тасымалдауда және ұзақ уақыт сақталуына ерекше талаптар қойылады.
Инактивацияланған вакциналарды вируленттілігі және антигендік құрылымы жетік құнды жоғары патогенді штамдардың инактивациясын физикалық және химиялық тәсілдермен алуға негізделген (көкжөтел қоздырғышын формалинмен инактивациялайды, лептоспираларды – жоғарғы температурамен, тырысқақ вибрионын – формалинмен). Осындай вакциналар аса тұрақты және қауіпсіз. Өлі вакциналарды қолданғанда иммунизация нәтижесі препарат құрамындағы иммуногеннің мөлшеріне байланысты. Сондықтан толық құнды иммуногенді стимул қалыптастыру үшін микробтық клеткаларды немесе вирустық бөлшектерді концентрациялау және тазарту қажет. Иммунды жауапты күшейту үшін вакцинаның бірнеше дозасын егу керек (бустерлік иммунизация). Сонымен, инактивацияланған вакциналар аса иммуногенді, реактогенділігі төмен, жеңіл стандартталынады, олардың сақталуы және тасымалдануы аса қиындықтар тудырмайды. Инактивацияланған және басқа барлық репликацияланбайтын вакциналардың иммунитет қалыптастыру қабілетін келесі жолдармен күшейтеді:
– иммуногенді үлкен молекулалы химиялық инертті полимерлерге сорбциялау;
– организмнің иммундық реакциясын белсендіретін адъюванттарды қосу;
– иммуногенді ұсақ капсулаларға орау, олар бәсендеп сіңіріледі, енген орнында депонирленеді және иммуногенді стимулды әсерін ұзартады.
Химиялық вакциналар микроорганизмдер клетка компоненттерінен, оның ішінде протективті антигеннен құралған, тұпкілікті иммунды жауап қалыптастырады. Жиі бұл микробтық клеткалардың макромолекулалы глико- немесе липопротеидтер, яғни микроорганизмнің иммуногенді сипаттамасын анықтайды. Микроорганизмдер фрагменттерін қолданатын химиялық вакциналарға мысал келтірсек, бұл – Streptococcus pneumoniae қарсы вакцина, менингококктың А типіне қарсы вакцина, қоздырғыштың Vi-антигені бар ішсүзектік спирттік вакцина, полисахаридті вакциналар (Менинго А+С, Акт-ХИБ, Пневмо 23, Тифим Ви), ацеллюлярлы көкжөтелдік вакцина және т.б. Вакциналар стандартты, реактогенділігі төмен, бірақ иммуногенділігі әлсіз.
Анатоксиндерді микроорганизмнің екіншілік метаболиті – экзотоксиннен бөліп алады, оны тазартып инактивациялайды. Бактериялық токсиндер болғандықтан жоғарғы температурада оларды формалинмен зарарсыздандырады, әрі қарай тазартып концентрациялайды. Анатоксиндерді түрлі минералды адсорбенттерде сорбциялайды, мысалы, алюминий гидрототығында. Адсорбция жасағанда анатоксиндердің имуногенді белсенділігі күшейеді. Себебі енгізу орнында препараттың депосы құрылады және сорбенттің адъювантты әсерінен жергілікті қабыну туындайды, шеткі лимфа түйіндерінде плазмацитарлық реакция қарқынды өтеді. Анатоксиндердің иммуногенділігі және спецификасы жоғары, тұрақты, белсенді жүре пайда болған иммунитет қалыптастырады.

Дифтерия экзотоксинінен анатоксинді алу технологиясы алғаш рет Г. Рамон ұсынды. Дифтерия қоздырғышы Сorynebacterium diphtheriae сұйық қоректік ортада дақылдандырылған, кейін дақылдық сұйықтықтан дифтерия экзотоксині бөлініп алып тазартылған, 1 ай бойы 370С температурада 0,3-0,4% нейтралды формалин ерітіндісінде инактивацияланды. Антигендік құрылысы және иммуногенділігі сақталған инактивацияланған токсин – анатоксин алюминий тотығы гидратында (адъювант) адсорбцияланған. Осындай тәсілмен сіреспелік, стафилококктық, ботулинистік және басқа анатоксиндер алынған.
Генді-инженерлі вакциналар рекомбинантты ДНҚ технологиясымен алынған және арнайы клеткалық жүйлерде жинақталған микроорганизмдердің әр гендері экспрессиясының өнімдері болып келеді (түрлі қоздырғыштардың протективті антигендері ашытқы клеткаларында немесе ішек таяқшасында түзіледі). Гендік вакцинаның ерекше топтары профилактикалық мақсатта қолдану ғана емес, тағы кейбір аутоиммунды аурулар, аллергиялық жағдайларды, қатерлі ісіктер емдеуіне терапиялық мақсатта тағайындалынады. Тағамдық (жейтін) вакциналарды дайындау да өзекті мәселеге айналған.
Гепатит В қарсы рекомбинантты вакцина дайындауында HвsAg беткейлік жұқпалы емес антиген синтезін кодтайтын вирус гендері плазмида векторына ендіріледі. Әрі қарай вектор (Saccharomyces cerevisiae) наубайхана ашытқы клеткаларына трансфекцияланады. Модификацияланған ашытқы клеткалары HbsAg синтездей бастайды. Соңғыны дақылдық ортадан бөліп алып тазартылады. Осындай тәсілмен алынған рекомбинантты вакцина құрамында 95% HBsAg және 5%-ға дейін ашытқы протеині бар, бірақ онда ашытқы клеткаларының ДНҚ мүлдем болмайды. Вакциналық антигенді алюминий гидрототығымен адсорбцияланады.
ДНҚ-вакциналар – бұлпатогенді микроорганизмдер, өспелер клеткалары және т.б. бөлінген гендік құрылымдар немесе ДНҚ фрагменттері; организмде иммунды жауап тудыратын микроорганизмдердің протективті антигендерін, өспеге ассоциацияланған антигендері синтезіне жауапты. Осындай гендік құрылымдар плазмида немесе вирустық векторлар көмегімен адам организмінің клеткаларына трансфекцияланады, экспрессияланады және өспеге спецификасы бар, микробты және т.б. протеиндерді түзеді (протективті антигендер), нәтижесінде иммунды жауап туындайды немесе қандайда болмасын патологияда организмнің қорғаныс күштерін белсендіреді.
Тамақтық (жейтін) вакциналар. Жейтін немесе мукозды вакциналарды алғаш рет 1992 жылы Мэйсон темекі өсімдігі клеткаларында гепатит В вирусының НВsAg детерминациялайтын генді клондау арқылы алды. Трансгенді темекі өсімдігі өскенде өсімдік протеиндерімен қоса НВsAg түзеді. Келесі зерттеулерде НВsAg кодтайтын гендер картоп, жүгері және басқа өсімдіктер геномына экспрессияланған. Қазіргі уақытта пісірілмей қолданатын трансгенді өсімдіктердің жемістері, жапырақтары және ұрықтары (томаттар, банан, салат жапырақтары және т.б.) негізінде тағамдық вакциналар технологиясы қарқынды дайындық үстінде. Қорытынды ойдағыдай жақсы нәтиже берсе, парентералді енгізуге арналған вакциналар дайындауға қымбат тұратын антигендердің тазалауы өзінен-өзі жоққа айналады.
Жасанды вакциналарда иммуноген ретінде химиялық синтез көмегімен алынған протективті протеиннің химиялық үйлестігі. Осы вакциналар иммунды жауапты қосатын микробтық протеин кұрылымының аминқышқылдық қатарына сәйкес келетін аминқышқылдан түзілген пептидтік фрагменттер. Дәстүрлі вакциналармен жасанды … жалғасы