Ұзындықты өлшеу

0
Сабақтың тақырыбы: Ұзындықты өлшеу
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: «Ұзындық» түсінігін қалыптастыру; әртүрлі өлшемдердің көмегімен ұзындықты өлшеуді үйрету; өтілген материалдарды бекіту.
2. Дамытушылық: Оқушылардың жазу дағдыларын қалыптастыру. Ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, сұрақ — жауап.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, әліппе
Сабақтың көрнекіліктері: сызғыш, әр түрлі заттар,Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
— Бүгін бізге қонаққа, біздің сүйікті достарымыз келді.
Психологиялық дайындық
Көбелек — ау, көбелек,
Әдемісің керемет!
Гүлге келіп қона ғой,
Өзің де гүл бола ғой.

ІІІ. Тірек білімдерін жетілдіру.
Ауызша жаттығуларға санау, кез келген саннан бастап сандарды тура және кері санауды қайталауға бағытталған жаттығулар мен ойындарды енгізуге болады. Сонымен бірге заттардың кеңістіктегі орналасуы туралы түсініктерін бекіту. «Не өзгерді?» ойынын жүргізуге болады (заттардың орнын өзгерту, олардың түсі, мөлшері, заттардың саны арттыру, кеміту)

IV. Жаңа материалмен таныстыру.
Практикалық жұмыстан бастауға болады. Тақтаға екі оқушы шығады: «Балалардың бойын салыстырып, қорытынды жасаңдар». Мұғалім мен оқушының бойы, қағаздан дайындаған жолақтардың ұзындықтары, парталардың биіктіктері, қуыршақтардың бойы салыстырылады. Содан кейін парта мен мұғалім үстелінің ұзындықтарын салыстыру ұсынылады. Оқушылардың өлшемдер көмегімен өлшеу нәтижесінде алынған шамалардың салыстыру үшін қажеттігі туралы қорытындыны жасауы маңызды.

V. Оқулықпен жұмыс.
Оқушылар №1 тапсырма бойынша практикалық жұмысты орындайды.
Алғашқы бекіту жұмысы үшін №3 тапсырманы орындауға болады.
№2 тапсырма реттік санауды бекітуге арналған. «Шеңбер бойында неше бала тұр? Бас киім киген баладан, бұрымы бар қыздан бастап сана, т. б. Көзілдірік таққан бала бұрымды қыздан бастап санағанда нешінші тұр? Егер оң жағынан бастап санаса ше? Сол жақтан ше? Бантигі бар қыздан бастап санағанда үшінші кім тұр?» т. б.

VІ. Сергіту сәті
Әтеш ерте оянды,
Жан — жағына қарады.
Шынықтырып денені,
Қанаттарын тарады.
Қаз қанатын жайды, аққу мойнын созды
Үйрек көлге келіп.

VІІ. Дәптермен жұмыс 19 — 20 бет
№1 тапсырмада екі нүктелі қосу арқылы кесінділер сызады.
Пайда болған кесінділерді санайды.
№2 тапсырманы өз беттерінше орындайды, содан кейін фигуралардың бағандарда, қатарларда қайталанбағанын тексереді. Бірнеше балада өз пайымдауларын сұрауға болады.
№3 тапсырма кеңістікте бағдарлай алу туралы білімдерін бекітуге арналған.
Өтілген материал бойынша істелетін жұмыс.
Бұл сабақта алғаш рет оқушылардың зейінін дамытуға бағытталған заттың илеулі және жеңіл — желпі қасиеттерін бөліп көрсетуге, геометриялық фигуралардың қайталауға арналған «Затты тап» ойыны (№4) кездеседі.

Оқулықта алдағы уақытта да осындай тапсырма тағы беріледі. Ойынның
шарты қарапайым ғана. Балалардың бірі тақтаға шығады және кестенің бір бөлімін іштей таңдайды. Қалғандары оған мынадай түрдегі сұрақтар қояды:
— Ол заттың пішіні дөңгелек пе?
— Ол зат төменгі қатарда орналасқан ба? т. с. с.
Осылайша, оқушының іштей жасырған кестедегі бөлімін сұрақтар қою арқылы табады. Оқушыларды аз сұрақпен — ақ жасырылған затты табуға үйрету маңызды.
№5 тапсырма оқушылардың зейінін арттыруға арналған.

VIIІ. Сабақты қорытындылау.
— Бүгін қандай тақырыппен таныстық?
— Сабақта не істедік?
— Қандай тапсырма қиын болды?

ІХ. Жақсы жұмыс істеген оқушыларды мадақтау.
— Сендер жақсы жұмыс істеген үшін, Жолбарыс сендерге әкелген сыйлығын береді.
Ұзындықты өлшеу. жүктеу