Үстіндегі киімін үйсіз жанға шешіп берген жігіт елді сүйсіндірді (видео)

0

Грузияның Батуми қаласында үйсіз жанды көрген жас жігіт өзінің күртесі мен аяқ киімін шешіп берді.

Бұл сәт желіде тарап кетті. Сондағы бірнеше адам видеоға түсіріп алған. Жас жігіт үйсіз жанға көмектесіп, аяқ киімі мен күртесін кигізді. Өзі жалаңаяқ күйде қалды.

“Бәрекелді, жас жігіттің әрекетін көріп қайран қалдым”, – дейді видеоны желіге жариялаған қыз.

Кейбір желі қолданушылары мұның жоспар бойынша жасалған көрініс екенін айтып сенбеді. Кейбірі жігіттің әрекетіне риза болды.

“Адамдар жомарттық жасаса да сенбейтін болдық. Жалаңаш күйдегі жанды көрді. Жаны ашып, киімін шешіп берді. Олай істеу шын мәнінде кездесетін жайт. Оның сенбейтін несі бар? Жігіт отбасымен бақытты болсын”, – дейді пікір жазушының бірі.

 

Источник: Stan.kz