Ұшақпен саяхатқа шығар алдында

0

Ұшақпен саяхатқа шығар алдында

Көптен күткен демалыс науқаны басталар шақ жақын. Отбасылар немесе бойдақ жандар бір жыл бойы тірнектеп жиған ақшасын алып, алыс шетелге ұшақпен саяхаттауға барады. Осылайша жолға шыққан жолаушы ұшақтағы жеке құқығы мен қарапайым ережені білмей жатады. Осыны есепке ала отырып, бірер мәліметпен бөлісуді жөн көрдік: 

1. Ұшақ жайлы ақпарат

Боин 767 ұшағының 3,1 миллион бөлшегі бар. Ол бөлшектер әртүрлі елде шығады. Мысалы, фюзеляжы Жапонияда жасалса, қанаты Оңтүстік Америкада өндіріледі.

Ұшақ есігі орташа есеппен 40 кг, ал сусыны мен тамағы салынған арбасы 90 кг. Мұнымен қатар, күніне бір ұшақ найзағай жарқылына күйеді. Бірақ ұшақтың қорғайтын қабаты болатындықтан, оны ішінде отырған жолаушылар байқамайды.

Ұшақты әдетте адам басқарғанымен, бұл қызметтің жартысын авиапилот орындайды.

Голливуд фильмдері жоққа шығарғысы келсе де, шындығында, ұшу барысында ұшақтың есігін ашып қою мүмкін емес.

«Қара жәшік» ашық түсті, әрі пішіні дөңгелек болып келеді. Апат кезінде орын алатын қайғылы оқиғаға байланысты ғана осылай аталады.

Ұшақтың 37 650 метрге дейін ұшу қабілеті бар. Бұл көрсеткіш 1977 жылғы Кеңес Одағының ұшағы КБ Микоянға тиесілі. Бұдан өзге 18 600 шақырымға дейін қатынай алады.

2. Ұшқыштар жайлы ақпарат

Бір қызығы кей компания екі ұшқышқа екі түрлі тамақ береді екен. Яғни біреуі уланып қалса, екіншісі ұшақты жүргізе береді.

Ұшаққа байланысты апатты жағдай болса, оның қызметкерлері бұл туралы жолаушыларға айтпайды. Тек апаттың бетін қайтару мүмкін емес болған жағдайда ғана айтуға құқылы.

Кей ұшқыш суық қарумен қаруланып, арнайы дайындық курсынан өтеді.

Кейде ұшқыштардың тамақтанып алғысы келсе, рейстерді әдейі бөгейтін әдеті бар. 

3. Стюардесса жайлы ақпарат

Стюардесса ұшақ мүмкіндіктерін, қауіпсіздік ережесін, алғашқы көмек көрсетуді, (бала босандыру, жасанды дем беру, жүрекке уқалау жасау) білуі тиіс. Қандай оқиға болмасын, жолаушыға жағдай жасап беру олардың міндеті.

Жарты жылда бір рет авиокомпаниялар тест емтиханын қабылдайды. Артынша жыл сайын біліктілікті жоғарылату үшін қажетті курстарға жібереді.

4. Тағам жайлы ақпарат

Ұшақ шүмектерінен (кран) су ішпегеніңіз жөн, өйткені су тазалық нормативіне сай келмейді. Оның орнына бөтелкедегі сусын ішсеңіз болады.

Егер тамаққа тоймай қалып жатсаңыз, тағы да қосымша ас сұрауыңызға болады. Мұнымен қатар мәзірдегі басқа тағамдарды сатып алу мүмкіндігі бар.

5. Рейсті бөгейтін болса

Ұшақ бөгелген уақытта сақтау камерасын қолдану құқығыңыз бар.

Егер рейс:

— 2 сағаттан көп бөгелетін болса, онда сіздің екі рет телефон шалу мен екі рет хабарлама жіберуге құқығыңыз бар.

— 4 сағаттан көп бөгелсе, компания қызметкерлерінен ыстық тамақ талап ете аласыз.

— 7-10 сағатқа кешіксе, компаниядан қонақүй сұрай аласыз.

— Ұшақ күрделі мәселе есебінен бөгелсе, билет ақшасын (сағатына 25 пайыз, бірақ билет бағасының 50 пайызынан аспауы керек) қайтарып береді.