Үндістанның тәуелсіздікке жетуі және республика болып жариялануы

0
623

Жоспар.

Кіріспе—————————- ———————————– –
——————- 3

I.Үндістанның тәуелсіздікке жетуі және республика болып
жариялануы————————- ———————————– –
————- 5
1.1 М. Ганди және Үндістанда ұлт азаттық қозғалыстың аяқталуы– 5
1.2 Тәуелсіздікке жетудегі Дж. Нерудің рөлі—————————-
—— 8

II. Үндістанның экономикалық дамуы және реформалар——— 11
2.1 «Қызыл раушандар» әулеті кезіндегі экономикалық реформалар-11

2.2 1991-2007 жж Үндістанның экономикалық дамуы———————
13
(1947 – 1991 жж.)

III. Қазіргі кезеңге дейінгі Үндістанның сыртқы саясаты——— 15
3.1Үндістанның Пәкістан және Қытаймен қарым – қатынасы———-
15
3.2 Үндістанның АҚШ және Ресеймен қарым – қатынастары———- 18
Қорытынды————————– ———————————– –
————- 23

Қолданылған әдебиеттер тізімі—————————– ———
——— 24

Кіріспе
Үндістан – дүние жүзіндегі ең ежелгі мемлекеттердің бірі. Ол екі
ғасырдай уақыт бойы Англияның отары болды. 1947 жылы тәуелсіздікке
жетіп, 1950 жылы республика болып жарияланды. Тәуелсіздікке жетуде М.Ганди
мен Дж. Нерудің рөлі ерекше болды және Үнді Ұлттық конгресінің мәні ерекше
болды.
М.Ганди Үнді Ұлттық Конгресінің идеологы, ақылшысы болды. Ойшыл
философ ретінде ол жалпы зорлық күш қолдану идеясына қарсы болды. Ол
зорлыққа қарсы күш қолдану зорлықты күшейте түседі дейді. Оның күшке қарсы
күш қолданбау идеясы Үндістан ұлт – азаттық қозғалысына зорлықсыз қарсылық
әдістерін берді.
Үнді Ұлттық Конгресі Үндістанның көптеген қайраткерлерінің саяси
мектебі болды. Болашақ тәуелсіз Үнді мемлекетінің басшысы Джавахарлал Неру
өзінің саяси қызметін Үндістан Ұлттық Конгресі ішінде бастады. 1936 жылы ол
Үндістан Ұлттық Конгресінің президенті болып сайланды, содан өмірінің
ақырына дейін оның саяси іс – әрекеті осымен байланысты болды.
Тәуелсіз Үндістанның саяси – экономикалық өмірі өте күрделі жағдайда
дамыды. Өйткені бұл көп ұлтты, көп дәстүрлі, көп дінді мемлекет. Дж.Неру
кезінде экономиканы бесжылдық жоспарлар арқылы дамыту қолға алынды.
Үндістанда экономиканың дамуын 2 кезеңге бөлуге болады. Қызыл
раушандар әулеті кезіндегі экономикалық дамуы(1947-1991жж.); Екіншісі,
1991-2004 жылдардағы Үндістанның экономикалық дамуы.
Үндістан – әлемдегі бейбітшілікті нығайтуға белсенді қатысқан елдердің
бірі. Оның басшылары мен қоғамдық ұйымдары тәуелді халықтардың бостандыққа
ұмтылуын қолдап келді. Корея түбегіндегі, Үндіқытай аймағындағы, Таяу
Шығыстағы соғыстарды тоқтатуға ат салысып жүрді. Кей кездерде батылсыздау
болмағанымен, империалистік елдерді ашық айыптаудан таймады. Азия мен
Африка халықтарының отаршылдарға қарсы қарулы күресіне саяси-рухани көмек
беріп отырды. 1955 жылы Бандунг конференциясын шақыруға, 1961 жылы
қосылмаушылық қозғалысының қалыптасуына айтарлықтай үлес қосты. Үндістанның
қарусыздандыру, қырғи қабақ соғысты бәсеңдету туралы мәселелерде
бейбітшілікті жақтаушылар жағында жүруінің мәні өте зор. 1954 жылы
Үндістанның премьер-министрі Дж.Неру ҚХР премьері Чжоу Эньлай екеуі бейбіт
қатар өмір сүрудің бес қағидасын айқындауы тарихи оқиға болып бағаланған.
Өкінішке орай, сол қағидаларды олар өздері 1959 және 1962 жылдардағы шекара
дауында сақтай алмады. Кейін ҚХР ядролық қару жасауды меңгеріп, әскери
қуатын күшейте берді. Осыдан қауіптенген Үндістан да өте құпия зерттеулер
бастап, 1974 жылы бейбіт мақсатта бірінші рет, ал 1998 жылы мамыр айының
басында екінші рет Похран полигонында әскери атом сынақтарын жүргізді.
Үндістан сыртқы саясатында КСРО-мен жақындасты. Оның бастамасы
Н.С.Хрущев пен Л.И.Брежнев кезінде қаланды. Әр салада ынтымақтасу әсіресе
КСРО мен ҚХР-дың арақатынастары нашарлап, жауласқан жылдары жоғары деңгейге
жетті. Ал 1971 жылы шілдеде АҚШ пен Қытайдың жақындасуы айқындалғанда,
Мәскеу мен Дели 9 тамызда Бейбітшілік, достық және ынтымақтастық туралы
шартқа қол қойды.
1980 жылдары Үндістан мен КСРО байланысын одан әрі нығайтуға тырысқан
М.С.Горбачев пен Р.Ганди 1986 жылы қарашада ядросыз және күш жұмсалмайтын
бейбітшілік қағидалары туралы Дели декларациясына қол қойды.
КСРО дәуірінде қалыптасқан Қазақстан – Үндістан байланыстары
сыйластық, құрметтеу негізінде дамуда. Екі жақ бірнеше ынтымақтастық туралы
келісімдерге қол қойды. Көптеген халықаралық мәселелерде бір-біріне қолдау
көрсетіп келеді.

I. Үндістанның тәуелсіздікке жетуі және республика болып жариалануы.
1.1 М.Ганди және Үндістанда ұлт – азаттық қозғалыстың аяқталуы.
XX ғасырда Үндістан халықтарының ұлт – азаттық қозғалысының ауқымы
кеңейді. Бұл қозғалыстың басты дем берушісі Махатма Ганди болды. Қозғалыс
басталғаннан кейін ол Үндістанды Англиядан толық босату керек деп жазды. М.
Ганди «Прочь из Индии» ұранын шығарды. Бұл Ұранды сол кездегі партия –
Үндістаннан Ұлттық конгресі қолдады. Үндістанның ұлттық конгресі, және тез
арада Үндістанға тәуелсіздікті беруді талап етті. Бұл кезде М. Ганди
партияда ешқандай саяси орын алған жоқ, бірақ оның саяси процестерге және
үндістан ұлттық конгресінің лидерлеріне ықпалы зор болды.
М. Ганди Үнді Ұлттық конгресінің идиологі, ақылшысы болды. Ойшыл-
фелософ ретінде ол жалпы зорлық, күш қолдану идеясына қарсы болды. Ол
зорлыққа қарсы күш қолдану зорлықты күшейте түседі дейді. Оның күшке қарсы
күш қолданбау идеясы Үндістан ұлт- азаттық қозғалысына зорлықсыз қарлықсыз
қарсылық әдістерін берді. Бұл идеяны Үнді ұлттық конгресінің лидерлерінің
көбі сенуден бас тартты. Саяси аренаға ұлттық лидерлер Дж. Нери, Ч. Бос
шыға бастады. Олар Үндістанды басқа жолмен босатуды ұсынады. Екінші дүние
жүзілік соғыс аяқталғаннан кейін ұлт- азаттық қозғалыстың күшеюі елде
көрініс тапты. Бұған Үндістан әскерлерін Үндқытай және
Индонезиядағыазаттық қозғалысқа қарсы науқан протестер себеп болды.
Отаршылдыққа қарсы компанияға ҮҰК басшылық етті. ҮҰК-ің лидерлері Оңтістік
– Шығыс Азияға интервенцияны жоюды талап етті. Тағы да бір мәселе ол,
Үндістан тұрғаны. ҮҰА. Бижада япондық оккупация ағылшындарға қарсы соғысы
кезінде пайда болған. 1945 ж. Ағылшын әскерлері Үндістан әскерінің 20 мың
адамын тұтқынға алды.
Бұл жағдай япондық басшыларының жақтауынша Үндістан ұлт- азаттық
қозғалысының көрнекті қайраткері Чандр Баспен қалыптасты.
Чандр Боспен ҮҰА мен Үндістан территориясына кіріп, британ отаршылдық
билікті жоюды көздеді. Үндістан әскерінің адамдарын тұтқынға алғаннан кейін
ағылшын билеушілерінің алдында тұтқынға алынғандар мен не істеу керек?
деген сұрақ туды.
Басшылардың ойлауынша оларды жай басатуға болмайды, бірақ оларды сотқа
беруге де болмайды. Аяғында олар тұтқынушыларды 3 топқа бөліп, және үш
адамнан тұратын офицерлерді, олар мұсылман, индус және синкхтер болды. Бұл
факт ағылшындарға қарсы Үндістан конфессиясын қосты. Мұнда ҮҰК-сі ҰҮА-ңы
тұтқынышыларын босатуда үлкен роль ойнады. ҮҰК- ң басшылары бұл процесске
саяси көз қарас берді және тұтқыншыларды жақтауға арналған комитет құрды.
Бұған 17 адвокат, солардың ішінде Дж. Неру болды. Дж. Неру бұл сот
процессін былай деп таныды: Бұл процессте халық ең негізгі сот және арбитр
болды. ҮҰА офицерлері айыпты болып жазаланды, бірақ оларға өлім жазасы
берілген жоқ. Соттың шешімі бойынша олар әскер қатарынан алынып мемлекеттік
льготтарға құқықтары жойылды. М. Ганди Дж,Нерудің бұл идеясын қолдады,
өйткені бұл процесстен халық бірлесуіне мүмкіндік болды. Осыған байланысты
ҮҰК-н Мұсылмандар лигасы да қолданды. 1945 жылдың аяғында ағылшындар
орталық және провинциялық заңдастырылған жиналысты сайлау туралы
жариялайды. Бұл сайлауға ҮҰК және Мұсылмандар лигасы әр түрлі орандар
мен барды. ҮҰК сайлауға үндістердің барлығына бірдей құқық, қауымдар
теңдігі және мемлекет тәуелсіздік беру программасымен барды. Мұсылман
лигасы Үндістаннан бөлініп өздерінің мемлекетін Пакистанды құру
программасымен барды. Екі ірі саяси ұйым (ҮҰК, МЛ) өзара ынтымақтасуға жете
алмады, бірақ олардың түпкі мақсаты бірдей болды. Конгрессте, лигада толық,
ұлттық тәуелсіздікті жеңіп алуды мақсат тұтты.
1946 ж. мамыр айында конституциялық реформа проекті жасалынды.
Үндістан осымен жалғыз доминион болып есептелді. Конгресс 70 проценті, ал
мұсылман лигасы 30 процент мандат алды. Тамыз айында Дж. Неруге уақытша
үкімет құруды ұсынады. М. Ганди Дж. Нерудің көп идеяларын жақтаған жоқ,
бірақ оны қарсы алды. М. Ганди Дж. Неруді конгресстің басшысы ретінде алуды
ұсынады. Мұсылман лигасы үкіметінің құрамына кіруден бас тартты, және
Пакистан мемлекетін құруға күресін жалғастырды. 16 тамыздан бастап
мұсылмандар мен үндістер арсында қанды қақтығыстар басталды. Калькуттада 3
мың адам өлді және он мыңы жараланды. Бұндай қақтығыстар тғы Бенгалияда,
Бихарда болды. Әсіресе күшті қақтығыстар 1947 ж. басында Бомбей мен
Пенжабта болды.
20 ақпан 1947 ж. Англияның премьер-министрі Этли Үндістан туралы жаңа
декларациясымен шықты. Ұлы Британия Үндістанды екіге бөлу туралы планын
ұсынды. Бұл план Маунбеттен деген атауға ие болды. Бұның негізінде
Үндістанда доминион – Үндістан одағы және Пакистан қалыптасты. Конгресстің
басшылары М. Гандидің келіспеушілігіне қарамастан Үндістанды бөлуге Ұлы
Британияның ұсынысына келісті.
1947 ж. 3 маусымда Үндістан вице-королі Л. Маунбеттен Үндістанды екі
тәуелсіз мемлекетке Үндістан және Пакистанды құруды жариялайды. Осының
нәтижиесінде діни көз қарастар жаңа қақтығыстар басталды. Қашқындар пайда
бола бастады. Өздерінің жерлерінен адамдар кетіп Үндістан жолымен шексіз
адамдар кетіп отырды. Пенжабта ғана жарты миллион адам осыған ұшырады.
Нақты санақ бойынша, осының нәтижиесінде 700 мың адам өлді.
М. Ганди Үндістанның екіге бөлінуіне қөп уаұыт қарсы болды, бірақ
өкімет алға шықты. 1947 ж. 15 тамызда Индияның тәуелсіздігі жарияланды.
1948 ж. 30 қаңтарда Үндістанның данышпан басшысы М. Ганди үнді
ланкестері қолынан қаза тапты.

1.2 Тәуелсіздіке жетудегі Дж.Нерудің рөлі.
Жаңа өмірге келген екі бауырлас ел арасында Кәшмір және Жамму
князьдігі үшін талас туып, соғыс басталды. Ол 1949 ж. 1 қаңтарда дейін
созылды. Қаншама ауыр жағдайларға тап ьолғанымен, екі елдің тәуелсіздікке
жетуі дүние жүзілік отаршыл жүйеге қатты соққы болды. Ең алдымен бұл
аймақта Англия үстемдігі жойылды.
Үндістан өте нашар дамыған ел. Оның екіге бөлінуі, екі елдің
арасындағы жанжал шексіз ауыртпашылық туғызды.
1950 ж. Үнді одағы Үндістан республикасы деп аталды. Үкіметті ұлт
азаттық қозғалыстың көз басшыларының бірі Дж. Неру (1898-1964 жж.)
басқарды. Ол брахмандар кастасынан шыққаны, оны құрметтеп – пандит деп
атады. Дж. Нерудің жастық шағы қамтамасыз етілген. Ол жоқшылықты көрмеген.
Оның тәрбиелігімен гувернантар мен жалдамалы мұғалімдер айналысқан.
1905 ж. Дж. Нерудің өмірінде жаңа кезең басталды. Олар жанұясымен
Англияға барады. Оқуын Харрау мектебінде бастады, содан кейін ол
Кембриждегі св.Троица колледжіне ауысады. Ол колледжіде химия, геология,
ботаника пәндерін таңдады. Бос уақытында ол әдебиетті, тарихты саясат пен
экономиканы оқып Үндістандағы бүкіл саяси жаңалықтарды таңдап отырды. 1910
ж. Кембрижде бітіріп, ол әкесінің бұйрығымен заңды оқып 1912 ж. адвокаттық
тәжірибиге құқығын алды. Батыста болғандықтан Дж. Неру батысқа көз қарасы
болды. Саясатта – секулярист Дж. Неру, өзі туралы былай деп айтты: Мен
Шығыс пен Батыстың ағаш қосқасы болдым.
Неру еліне оралғанна кейін Үндістан Ұлттық конгресі құрамына бірден
кірді. Дж. Нерудің саяси карьерасы М. Гандидің есімімен тығыз байланысты.
Бірақ саяси күрестер Дж. Неру мен М. Гандидің арасына қайшылықтар әкелді.
Дж. Неру М. Гандидің зорлықсыз қарсылық идеясына көп көңіл бөлген жоқ.
1927 ж. қараша айында Дж. Нерудің жан ұясы Совет Одағына Октябрь
революциясына 10 жылдық мейрамына барды. Бұл сапар Дж. Нерудің социализм
идеясына қызығушылық туғызды.
1946 ж. Дж. Неру Үндістанның бірінші премьер-министрі болып, осы тақта
ол ғұмырының соңына дейін отырады.
Үндістан тәелсіздік алғаннан кейін 1949 ж-ң қараша айының бастап жаңа
конституцияны құрушылар жиналысы еңгізуді қарастыра бастады. 1950 ж-ң 26
қаңтарынан бастап конституция өз күшіне еніп,сол күн Республика күні деп
атала бастады. Конституция 22 бөлімнен, 395 беттен және 9 тараудан
тұрады.Көлемі жағынан бұл конституция дүние жүзінде ең үлкен болды.
Конституцияға сәйкес Үндістан одағы парламентік республикасы, демократизм
мен секуляризм негізінде болды. Конституцияға сәйкес ел басы – президент-
мынаған иеленді: примьер – министрлер мен министрлерді сайлауға ,
қаруланған әскери басшылық етуге , парламент сессиясы кезінде зандарды
шығарып, өзгетуне құқылы болды. Ең басты орган Орталық парламент болды, ол
екі палатадан тұрды; халық палатасы (Лок сабха) және штат одағы (Раджья
солбха)халық палатаны 5 ж-ға , ал екінші палата депутаттары 6 ж-ға
сайланды, сайлау қуқығы 21 жасқа толған азаматтарға беріледі.
Конституцияның жариялаунуы Үндістан Республикасының дамуының жана
кезеңі болып саналды. Тәуелсіз Үндістанның саяси өмірі өте күрделі жағдайда
дамыды. Өйткені бұл көп ұлтты, көп дәстүрлі, көп дінді ел. Ежелгі дәуірде
қалыптасқан касталық жүйеге тыйым салынғанымен, оның тамырлары үзілмеген.
Елде өте көп саяси партиялар мен ұйымдар қызмет атқарды. 1977ж. дейін Үнді
Ұлттық Конгресі билік тізгінін алып келді. Оның беделін көтерген М.Ганди
мен Дж. Неру (1889-1964жж.) еді. Неру қайтыс болғаннан кейін үкімет басында
болған
Л. Шастри (1964-1966жж), Нерудің қызы Индира Ганди (1966-1984жж)
немересі Раджив Ганди (1984-1989жж) Н. Рао (1991-1996жж) осы партияның
қайраткерлері.Кангрестің түтастығы премьер-министірдің беделін көтерді.

Неру өзіннің билік еткен жылдары тез арада экономиканың базалық
салаларын еңгізді, осының дамуы басқалардың дамуына да әсерін тигізді.Бірақ
60-жылдардан киен Нерудін бұл бағыттары құлай бастады .Енді бюрократия мен
корупция бел алды.Бұны жөндеуге Дж.Нерудің уақыты жеткен жоқ.Дж.Неру 1964
ж. 27 мамырда қайтыс болды.

ΙΙ. Үндістанның экономикалық дамуы және

реформалар.

2.1. ”Қызыл раушандар”әулеті кезінде экономиканың дамуы (1947-
1991жж).

Үрдістанның экономикалық дамуын екі этапқа бөлуге болады.
Бірінші этап (1947-1991жж) қамтиды, “Қызыл раушандар” әулеті кезіндегі
экономикалық реформалар. Үндістан – өте нашар дамыған ел болды. Оның
екіге бөлінуі, екі елдің арасындағы жанжал шексіз ауыртпалық туғызды.
Пәкістанға өткен аудандарда бұрын мақтаның 40%-ы, кендірдің (джут) 85%-ы,
бидайдың 40% өндірілетін,бірақ өндіріс орындарының көбі Үндістан Одағында
орналасқан. Шикізаттың жетіспеуінен дагдарыс өрістеді. Үнділіктердің
тұрмыс жағдайы ағылшын – американдықтарға қарағанда орта есеппен 10-20 есе
төмен болды.
1947 –1950жж. Ағылшындарға қарасты темір жолдар, порттар, әуе көліктерінің
бір бөлігі, байланыс құралдары, ірі электір станциялары, әскери зауыттар,
кейбір банктер үкімет қолына алынып, мемлекет секторы күшейе түсті. Кейін
оның құрамына жаңа салынған ірі кәсіп орындар қосылды.
Дж. Неру кезінде экономиканы бес жылдық жоспарлар арқылы дамыту қолға
алынды. Бірінші бесжылдықта (1951-1956жж) үкімет аграрлық реформалар
жүргізуді көздеді. Конституция бойынша мұндай іс- әрекет штаттар құқығына
жатты, ал көптеген аймақтарда бұрынғы билеушілер мен помещиктер ұйымдары
сақталды. Шаруа отбасылары осы уақыт ішінде шағын ғана жерді иеленді. Күн
көріс үшін помещик жерін үлкен бағаға жалдап алуға мәжбүр болды.Сонымен
бірге тракторлар, механикалық қүралдар, тыңайтқыш, тұқымның жаңа сорттары,
электор ұуаты барған сайын кеңінен пайдаланылды. Үкімет көмегімен ірі су
қоймалары, тоғандар, құдықтар іске қосылды. Түрлі кооперативтер құрылды.
Осы шаралар “жасыл ревалюция” деп аталды. Оның қарқыны Пенджаб, Гуджарат
тағы басқа лштаттарда жақсы нәтиже берді. 1980жылдың басынан бастап бері
қарай Үндістан шеттен астық алуды тоқтатты. 1993ж. 166млн. т астық
жиналды.

Екінші бесжылдықтан бастап ауыр индустрия салаларын дамытуға көңіл

бөлінді. Оған шетелдер көмектесті. Бір КСРО ғана 90- ға жуық өндіріс
орындарын салысуға қатысты. Бхилай мен Бокаро металлургия комбинаттары,
Ранчи, Дургапур қалаларындағы машина жасау зауыттары, мұнай өндірісі,
электр станциялары т.б. іске қосылды. Онда Қазақстанның да үлесі бар.
Батыс елдері де қаржы бөліп, жабдықтандырып, мамандар даярлауға қатысы.
АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франция, Жапония, Австралия, Канаданың жеке
меншік капиталдарды Үндістан экономикасыда елеулі орын алып келеді.
Ел экономикасы көп салалы шаруашылық құрылысты болғанымен, қазыр аграрлы-
индустриялы жағдайға көтерілген Үндістанда ең жаңа … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz