ҰЛТТЫҚ ЗИЯЛЫЛАРДЫҢ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МҰРАЛАР
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекетттік университеті
Серғазина Ақмарал
Дипломдық жұмыс
ҰЛТТЫҚ ЗИЯЛЫЛАРДЫҢ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МҰРАЛАР
Ғылыми жетекші: педагогика
ғылымдарының кандидаты,
доцент, ҚПҒА-ың корр-мүшесі
Кенжегалиев К. К.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
3
1.Абай хәкімнің еңбектеріндегі психологиялық мұралары
1.1 Абай хәкімнің психологиялық мұралары
6
1.2 Иман – ерекше психологиялық күй
12
1.3 Білім психологиялық ұғым
25
1.4 Қайрат, ақыл, жүрек – Абай хәкімнің іліміндегі психологиялық
көріністері
36
1.5 Абай міңез туралы
41
1.6 Ұят психологиялық күй
44
2. Жүсіп Баласағұнның психологиялық көзқарастары.
2.1 Білім, ғылым, ізгілік – психологиялық сипаттары
47
2.2 Ұл және қыз бала тәрбиесі
49
2.3 Ұлық, кішік, мемлекеттікқызметшілерпсихологиясы
51
Қорытынды
58
Қолданылған әдебиеттер
59
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың зерттеу өзектілігі. Ең басты өзектілігіне жатар
еді, егер мұғалімнен сұраса: бүгін сабақты қандай психологиялық теорияға
негіздеп оқытасың деп. Мұғалім жауап беруге қиналар еді. Біз жүргізген
педагогикалық эксперимент соның дәлелі.
Соңғы жылдары ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек, біздің Көкшетау
қаласында жүргізген педагогикалық эксперименттердің нәтижесінде оқушылардың
білім деңгейлері Болон үрдісінің шкаласына сәйкес 35-40 баллдан аспайды.
Себебі біздің пайымдаумызша және психолог-ғалымдардың зерттеулеріне
қарағанда білімге деген иман (сенім) жоғалып бара жатыр. Оның бірнеше
себептері бар: әлеуметтік, экономикалық факторлар; мектептердің материалдық
базасының төмендеуі; мұғалімдердің жоғары оқу орындарында оқыту
теориясынан, дидактикадан әлсіз дайындықтары; мұғалімдердің білім беру
психологиясынан, оқу және оқыту психологиясынан дайындықтарының жоқтығы;
Мысалы, кез келген пән математика, физика, химия, биология т.с.с
мазмұны жағынан интериоризация теориясына, ақыл-ой амалдарын кезең кезеңмен
қалыптастыру теориясына, іс-әрекет теориясына, тұлға теориясына негізделіп
құрастырылған. Ал сол пәндерді оқытқанда оқыту теориясы сол психологиялық
теорияларға негіздеп оқытқанды талап етеді. Ол оқыту теориясының негізгі
ғылымилық принципін орындауды талап етеді. Оқыту принциптерін қолданып
оқытса оқушылар оқудың ерекше психикалық күйлеріне түседі, бірақ бұл оқыту
принциптері орындалмайды. Профессор А.В. Усованың айтуынша: …мұғалімдер
тек қана оқу бағдарламасын орындаумен болады[3,25].
Сондықтан, бұл проблеманың өзектілігіне кезінде қазақтың ұстазы Абай
(Ибраһим) Құнанбаев өзінің Ғақлиясында жазған: бұл мұра дерлік илануға
екі түрлі нәрсе керек. Не нәрсеге мұра келтірсе, соның растығына ақылы
негіз, ақылмен дәлелдеп растығына жету керек. Мұны ұлттық мұра дейді.
Екіншісі – кітаптан оқу … .. соған мұра келтіру.Сол мұра келтірген
нәрсесіне соншалық беріктік керек.
Енді мұндай мұра сақтауға қорықпас жүрек, айнымас көңіл, босанбас буын
керек екен. Біреу өлтіремін деп қорқытса да, мың кісі мың түрлі іс көрсетсе
де, соған айнып көңілі қозғалмастай берік боларға керек[4,109]. Оқыту
үрдісін біз енді Абай тұрғысынан зерттейміз. Дәстүрлі педагогикада
мектептегі жұмысты педагогикалық процес деп атайды; тағы да сабақ – оқу-
тәрбие процесінің негізгі түрі деп береді. Ал біз бұны басқа терминмен
беруді жөн санаймыз, ол сабақ – ерекше психалық үрдіс, және оқушы ерекше
психикалық күйде болады; Абайдың ілімінде ол күй мына сөздермен берілген:
көңіл, босанбас буын, беріктік, көңілі қозғалмастай берік болар т.с.с.
Бұлардың бәрі психикалық күйлердің сипаты болып табылады.
Дәстүрлі педагогикада бұл туралы ешқандай мәлімет таба алмадық.
Расында да, оқыту барысында оқушыларды сол атаған күйлерге мұғалім түсіре
алмаса онда ондай сабақтардың пайдасы шамалы, бірақ бұл күйде оқушыларда
болуы парыз, міндетті. Неге десеңіз, мұғалімдер мен оқушылар қауымы сол
психикалық күйлердің субъектілері. Бұдан былай қарай біз педагогикалық
үрдіс -тің орнына психикалық күй ұғымын ұсынып отырмыз.
Оқу үрдісі ерекше психикалық күй, адам жанының күй. Мысалы, адам жаны
қуанады, ренжиді, қобалжиды, күйзеледі – осының бәрін психология ғылымы
адам жанының күйлеріне жатқызады. Ал оқу үрдісін жатқызбайды, үрдіс дейді.
Біз осыған балама ретінде оқу, оқыту үрдістерін психикалық күйлерге
жатқызуды ұсынамыз. Жалпы психикалық күй туралы кейбір әдебиеттерде
мағлұматтар бар.
Бұл дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты — Ұлттық зиялыларының
еңбектеріндегі психологиялық мұралары болып табылады.
Осыған сәйкес көздеген мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:
• Абай хәкімнің еңбектеріндегі психологиялық мұралары
• Жүсіп Баласағұнның психологиялық көзқарастары
Зерттеу пәні болып Ұлттық зиялылары еңбектеріндегі психологиялық
мұраларының әдістемелік және тәжірибелік сұрақтары келеді.
Мәселені зерттеу дәрежесі. Ұлттық зиялыларының еңбектеріндегі
психологиялық мұраларын жүргізудің теориялық негіздері келесі ұлт
зиялыларының психологиялық еңбектерінде көрсетілген
Зерттеу әдістері: жұмыста жалпы диалектикалық әдіс, салыстыру әдісі,
аналитикалық және синтетикалық, тарихи және логикалық әдістер, сонымен
қатар жалпылау әдісі қолданылған.
Ғылыми жаңалығы және оның жағдайы. Ұлттық зиялылардың еңбектеріндегі
психологиялық мұраларды дамыту.
Тәжірибелік маңыздылығы. Егер, орта буын сынып оқушыларына білімге,
ғылымға деген психологиялық мұрасының теориялық негіздері айқындалса,
психологиялық, педагогикалық идеялары және олардың орта буын сынып
оқушыларына білім берудегі мүмкіндіктері анықталса, онда олардың білімге
деген қызығушылығын арттырады, екіншіден, ұлттық сана-сезімін, адами
қасиеттерін қалыптастырады.
Жұмыстың құрылымы. Кiрiспеден, екі бөлiмнен, қорытындыдан және
қолданылған әдебиеттерден тұрады.
Кіріспеде жұмыстың өзектілігі, мақсаты, міндеті, зерттеу объектісі,
зерттеу құралы, ғылыми жаңалығы, жұмыстың тәжірибелік маңызы және жұмыстың
құрылымы қарастырылған.
Жұмыстың теориялық бөлімі, яғни бірінші бөлімінде Абай хәкімнің
еңбектеріндегі психологиялық мұралары, Иман – ерекше психологиялық күй, Ұят
психологиялық күй, Қайрат, ақыл, жүрек – Абай хәкімнің іліміндегі
психологиялық көріністері, Абай міңез туралы , Білім психологиялық ұғым
қарастырылған.
Жұмыстың тәжірибелік бөлімі, яғни екінші бөлімінде Жүсіп Баласағұнның
психологиялық көзқарастары, Білім, ғылым, ізгілік – психологиялық
сипаттары, Ұлық, кішік, мемлекеттік қызметшілер психологиясы, Ұл бала
тәрбиесі, Қыз бала тәрбиесі зерттелді.
Жұмыстың зерттеу нәтижелері қорытындыда жалпыланған.
1. Абай хәкімнің еңбектеріндегі психологиялық мұралары
1. Абай хәкімнің психологиялық мұрасы
Абай психологиядан арнайы еңбек жазбаса да, оның көптеген өлеңдері мен
қарасөздерінен осы ғылымның сан алуан мәселелеріне байланысты көңіл
аударарлық түрлі ой-пікірлерді табу қиын емес. Ойшыл-ақын шығармаларында
жалпы психологияның жан мен тәннің арақатынасы, адамның психологиялық даму
жолындағы тәрбие мен білімнің атқаратын қызметі, сондай-ақ бала
психологиясы мен қоғамдық психологияның жекелеген мәселелері де (адамның
жеке басына және жасына байланысты ерекшеліктері, педагогигалық әдеп, үлгі-
өнеге, өзін-өзі тәрбиелеу жайлы, оқудың психология негіздері, ұлттық мінез-
құлықты т.б.) көрініс тапқан. Ол бұл мәселелерді талқылағанда, адамның
психология өмірінің белгілі бір қырына табиғи-ғылыми тұрғыда толық
түсініктеме бере қоймайды. Алайда, Абай тұжырымдарының ауқымы мен
тереңдігі, оның әлем психологтарының еңбектерімен таныс болғандығын айқын
дәлелдейді. Оның психологиялық көзқарасы, нақтырақ айтсақ, Аристотель, Әл-
Фараби және К.Д. Ушинскийдің көзқарастарымен астарласып жатады. Олардың
таным процесіне байланысты материалистік түсініктері жүйелі емес, аллаға
сену мен жанның мәңгілігі туралы ұғымдармен араласып отырады. Өлсе өлер
табиғат, адам өлмес, Көк тұман — алдындағы келер заман т. б. өлеңдерін
де ойшыл-ақын адамның денесі ғана еледі, ал жаны ешқашанда елемейді деп
тұжырымдайды: Ақыл мен жан — мен өзім, тән — менікі, Мені мен
менікінің мағынасы — екі. Мен елмекке тағдыр жоқ әуел бастан, Менікі
өлсе өлсін, оған бекі. Абайдың емектің жаны кәсіби әрекет негізінде
қалыптасқан, сөз енері арқылы сыртқа шығып, ұрпақтан ұрпаққа ауысып отырған
деген ұғымын:
Өңдеуге сыя ма, ойлаңдаршы, Өлмейтұғын артына сөз қалдырған?
жолдарымен тұжырымдауға болады. Абай қоршаған ортаның шындығын мойындай
отырып, ақыл мен сананың еңбек барысында қалыптасатындығы туралы Ақыл,
ғылым — бұлар — кәсіби дейді. Абай түсінігінде адам өзін қоршаған дүниені
сезім мүшелері арқылы танып, сол таным деректерін санада қорытып: кезбенен
керіп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрынмен иіскеп, тыстағы
дүниеден хабарлады. Абайдың бұл тұжырымдары материалистік философия ой-
пікірмен толық үндес келеді. Ақын ғақлияларында қоршаған әлемді тану үшін
адамға қажет қасиеттерді атай келіп: алдымен — не кердің, есіттің,
әрнешік білдің, соны тездікпенен ұғып… алу; екінші — … бір нәрсені
естіп, керіп білдің, қош келді, қазір соған ұқсағандарды тексересің. Түгел
ұқсаған ба? Яки бірғана жерден ұқсағандығы бар ма? Әрнешік сол іске бір
келіскен жері бар нәрселердің бәрін ойлап, білгенін тексеріп, білмегенін
сұрап, оқып, тебеннен хабарласып білмей, тыншытпайды деп көрсетеді. Абай
сезім мүшелерінің шындықты танудағы қызметін дұрыс түсіндіреді. Ақын:
Дүние бірқалыпта тұрмайды, адамның қуаты, өмірі бірқалыпта тұрмайды. Әрбір
мақлұққа құдай тағала бірқалыпта тұрмақты берген жоқ, — деп табиғат қана
емес, адамның да үнемі өзгеріп отыратындығына ерекше көңіл аударады. Абай
адам мен жан-жануарлардың мінез-құлқыдағы айырмашылықтарды: Тегінде адам
баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады, —
деп ажыратып берді. Адамның ең басты артықшылығы оның қоғам пайдасы үшін
белсенді әрекет жасай алатындығында, қай өгіз шаһар жасап, құрал жасап;
неше түрлі сайман жасап, сыпайылық шеберліктің үдесінен шығарлық қисыны
бар?, — деп түсіндіреді Абай.
Ақыл да, ашу да жоқ, күлкі де жоқ,
Тулап, қайнап бір жүрек қылады әлек.
Біреуінің күні жоқ біреуісіз,
Ғылым сол үшеуінің жөнін білмек… -[2,12]
деп, Абай адамның ішкі жан дүниесінің ақыл, сөзім және қайрат секілді
қуаттарын біртүтас етіп алады. Он жетінші сөзіне (қайрат, ақыл, жүректің
сөз таластыруы) тек бірлесіп, ынтымақтасқан жағдайда ғана күш алатын
адамның үш түрлі жан құбылысын әдеби публицист тұрғысынан көрсетпек болады.
Ойшыл-ақын негізгі үш бастау — ақыл, сезім және қайрат арасындағы тартыс
арқылы адам мінезінің қарама-қайшылықтарын дұрыс түсіндіреді. Осы сұхбаттың
логикалық үйлесімі, дәлелдері, терминдік сөздердің байлығы (мақсат,
кішіпейілділік, қайырымдылық, елгезектік, қатыгездік, реніш, абырой,
қайрат, жауыздық, қулықты.б.) қайран қалдырады.
Абай адамның танымдық қасиеттерінің табиғатын біршама материалистік
тұрғыдан түсіндіреді. Сезіну және түйсіну мәселелерін де дәл осы бағытта
талдайды. Ақын сыртқы дүниенің адамның сезім мүшелеріне әр түрлі сипатта
әсер ететінін айта келіп: Құлақ болмаса, не қаңғыр, не күңгір, дауыс,
жақсы үн, күй, ән ешбірінен ләззат ала алмас едік. Мұрын иіс білмесе,
дүниеде болған жақсы иіске ғашық болмақ, жаман иістен қашық болмақтық
қолымыздан келмес еді. Таңдай, тіл дәм білмесе, дүниеде не тәтті, не
дәмдінің қайсысынан ләззат алар едік? — деп көрсетеді. Сезімнің басқа да
танымдық құбылыстармен, дәлірек айтқанда, ойлау, елестету, ұғым сияқты
түйсіктермен байланысты екенін ашып айтады. Осыған байланысты Абай: Ол
хабарлардың ұнамдысы ұнамды қалпыменен, ұнамсыз ұнамсыз қалпыменен, әрнешік
өз суретіменен көңілге түседі, -деп жазады. Ақын:
Сыртын танып іс бітпес, сырын көрмей,
Шу дегенде құлағың тосаңсиды,
Өскен соң мұндай сезді бұрын кермей,
Таң қаламын алдыңғы айтқанды ұқпай,
Және айта бер дейді жұрт тыным бермей… -[2,45]
деген жолдарда түйсік деген ұғымды арнайы айтпағанымен психология
құбылыстың осы мәніне көңіл аударады. Ол түйсік пен қабылдау адамның жиған-
терген тәжірибесіне байланысты, сөзді дұрыс қабылдап, меңгеріп алмай келесі
сезді түсіну қиын деп тұжырымдайды. Ақынның ес туралы пікірлері де
қызғылықты. Абай естің мәнін ашу үшін ерекше ұмытпастың себептер деген
психология термин енгізген. Ол осыған орай Отыз бірінші сөзінде: Естілген
нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі — көкірегі байлаулы бөрік
болмақ керек; екінші — нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану керек,
көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші — сол нәрсені ішінен бірнеше
уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші — ой кеселді
нәрселерден қашық болу керек. Егер ой кез болып қалса, салынбау керек. Ой
кеселдері: уайымсыз, салғырттық, ойыншы- күлкішілдік, я бір қайғыға салыну,
я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе — күллі ақыл мен
ғылымды тоздыратын нәрселер, -деп жазды. Бір нәрсені есте сақтау, ренішті,
қуанышты көңіл күйлерін тану барысындағы өстің маңызы жайлы айта келіп,
адам … сезді есіткенде шайқақтап, шалықтанып, не салбырап, салғырттанып
есітсе, не есіткен жерде қайта қайырып сұрап ұғайын деп тұшынбаса, не сол
жерде сөздің расына көзі жетсе де, шыға беріп қайта қалпына кетсе, естіп-
есітпей не керек? — деп түйіндейді. Ақын шығармаларынан тек адамға ғана
тән қуаттарының негіздері — сөз бен қиял хақындағы пікірлерін жиі
кездестіруге болады. Абай:
Ақылды қара қылды қырыққа бөлмек,
Әр нәрсеге өзіндей баға бермек, —
деп терең ойлай білетін, қиялы ұшқыр, кең, ақылды адамдарды жоғары
бағалайды. Ақын:
… білім-ғылымды көбейтуге екі қару бар адамның ішінде: бірі —
мұлахаза (ойласу, пікір алысу) …, екіншісі — берік мүхафаза (сақтау,
қорғау)… Бұлар зораймай, ғылым зораймайды,-[ ]
деп жазды. Абай жан қуаттарын адамдардың бір-бірімен жәй түсінісуі үшін
ғана емес, сонымен қатар олардың көңіл-күйіне, бүкіл психологиясына әсер
ететін күшті құрал ретінде түсінеді. Адамның сан алуан қызыққа толы сезім
өлімі — ақын шығармаларының негізгі тақырыптарының бірі. Адамның ішкі жан
дүниесін оның үш қырымен (ақыл, сөзім, қайрат) тұтастыра қарастыратын Абай
адам өмірінде, таным мен күнделікті тіршілікте сезімнің аса маңызды қызмет
атқаратынын атап көрсетеді. Адам рухани дамуы үшін, ең алдымен, жан-
дүниесі бай, сезімтал болуы қажет. Ақын адамның адамгершілік, имандылық,
моральдық, эстетикалық сезімдеріне айрықша мен береді. Осындай сезімдерді
бойға дарыту үшін адам жаман мінезден арылып, өзін-өзі тәрбиелеуі керек деп
есептейді.
Ғылымды, ақылды сақтайтын мінез деген сауыты болады. Сол мінез бұзылмасын!
Керсе қызарлықпен, жеңілдікпен, я біреудің орынсыз сөзіне, я бір кез келген
қызыққа шайқалып қала берсең, мінездің беріктігі бұзылады, — деп
ескертеді. Абай әсіресе адамның танымдық қызметін арттыратын сезімдерге
баса көңіл бөледі. Ол жастарды білім-ғылымға шақыра отырып, төк
қажырлылықтың, құштарлықтың арқасында ғана ғылымға қол жеткізуге болатынын
айтады. Абайдың түсінігінде құмарлық ғылым жолында табысқа жеткіретін ең
күшті сезім: … білім-ғылымның өзіне ғана құмар, ынтық болып, бір ғана
білмектіктің өзін дәулет білсең және әр білмегеніңді білген уақытта көңілде
бір рахат хұзур хасил (тыныштық, рахатшылық) болады,- дейді. Білімге
ынтықтық сияқты құмарлықтың да адамның жасампаздық қызметін арттыра түсері
сөзсіз. Ақын сондай-ақ, біржолата құмарлық билеген адам тап сол сәтте қай
нәрсенің аса маңызды екенін аңғармай, тек жеке басын күйттеп кетуі де
мүмкін деп ескертеді. Егер құмарлық ақыл таразысын басып кетсе, ол жемісті
еңбек етуге кедергі келтіреді, кейде құбылысты теріс бағалауға әкеп
соқтырады: Әрбір құмарлық өзіне бір дерт болады екен, әр түрлі құмар
болған нәрсеге жеткенде, яки менмін, жетер-жетпес болып жүргенде, бір түрлі
жастық пайда болады екен, — деп суреттейді. Абайдың ойынша, құмарлық
жаңадан білім алуға көмектессе ғана адамның рухани өсуінің қуатты күшіне
айнала алады. Адамның көңілін көтеріп, бойына қуат беретін сезімдердің бірі
— қуаныш. Ар-ожданы таза адам ғана бар шынайы көңілімен күледі. Әрбір
жақсы адамның жақсылық тапқанына рахаттанып күлсең, оның жақсылықты
жақсылығынан тапқандығын ғибрат көріп күл, — деп отырып, қуаныштың ғана
шын жеңілден күлкі шығаратынын мегзейді. Ақын сонымен қатар … қолдан
жасап, сырты менен бет-аузын түзеп, бай-бай күлкінің әнін сәндеп, әдемілік
үшін күлетін бояма күлкінің Қайғы келсе қарсы тұр, құлай берме, Қызық
келсе, қызықпа, оңғаққа ерме… — деп жастарды басына іс түскенде сары
уайымға беріліп, жүнжіп кетпей, өмірге құштарлығын жоғалтпауға шақырады.
Әрбір орынды әрекеттің езі де уайым-қайғыны азайтады, орынсыз күлкіменен
азайтпа, орынды әрекетпен азайт! — дейді Абай. Өзінің қадір-қасиетін,
өмірдегі орнын білетін саналы адамның қай-қайсысында да мақтаныш сезімі
болады. Абай мақтанышты адамның еркөкіректік, мақтаншақтық, менмендік
сияқты мінезінің жағымсыз сипаттарына қарсы қояды. Мақтанышты үлкендік деп
алған ақын: Үлкендік — адам ішінен өзін-өзі бағалы есеп қылмақ. Мысалы,
надан атанбастығын, жеңіл атанбастығын, мақтаншақ атанбастығын, әдепсіз,
арсыз, байлаусыз, пайдасыз, сұрамшақ, өсекші, өтірікші, алдамшы, кеселді —
осындай жарамсыз қылықтардан сақтанып, сол мінездерді бойына қорлық біліп,
өзін ондайлардан зор есептемек. Бұл мінез-ақылдылардың, арлылардың,
артықтардың мінезі, — деп тұжырымдайды. Ашу — Абай түсінігінде жағымсыз
сезім. Ол ашуды екі тұрғыдан қарастырады: біреуі — оқыс қимылдар мен ащы
сөздер арқылы сырттай айқын көрінгенімен, дүмпуі әлсіз кісінің көңілінде
дақ қалдырмай тез тарқап кетеді де, екіншісі — сыртқа шықпай, жасырын
қуатын ішке бүгеді. Ашу туралы бұл ойларын ақын: Ашулы адамның сөзі аз
болса, ыза, қуаты артында болғаны. Егерде аузынан қара қан ағызса, домбыт
мақтаншақ, я қорқақ, — деген қанатты сөздермен түйіндейді. Адамның ең асыл
қасиеттерінің бірі — ар-ұят, арлылық, ұждандылық. Абайдың түсіндіруінше, ар-
ұят адамның іс-әрекетіне қатысты. Отыз алтыншы сөзінде адамның осы
секілді қастерлі сезімін былайша сипаттайды: …олай болғанда білмек
керек, ұят езі қандай нәрсе? Бір ұят бар — надандықтың ұяты… ұялмас
нәрседен ұялған ұялу — ақымақтық, жамандық. Шын ұят сондай нәрсе, шариғатқа
теріс, я ақылға теріс, я абыройлы бойға теріс бір іс себепті болады. Мұндай
ұят екі түрлі болады. Біреуі — ондай қылық езіңнен шықпай-ақ, бір бөтен
адамнан шыққанын кергенде, сен ұялып кетесің… Біреуі сондай ұят,
шариғатқа теріс, я ақылға, я абыройлы бойға теріс, я адамшылыққа кесел
қылық, қатеден яки нәпсіге еріп ғақылдықтан ез бойыңнан шыққандығынан
болады, — деп жазды. Абайдың пікірінше, өзіне-өзі сын көзімен қарап, өзін
тізгіндей білген адам келеңсіз қылықтардан аулақ жүріп, әр қадамын ұят
таразысына сала алады. Абай шығармаларында достық, махаббат сияқты
сезімдерді сипаттауға да көңіл бөліп, оларды адамның ең жоғары, асыл
қасиеттері деп бағалаған. Достықтың өмірді байытып, оның мәнін айқындай
түсетін қуатты күші бар, ол адам басына ауыртпалық түскен жағдайда оған
қуат беріп, көмектесіп отырады. Ақын бұл хақында: Кемді күн қызық дәурен
тату еткіз, Жетпесе, біріңдікін бірің жеткіз. Күншілдіксіз тату бол шын
көңілмен, Қиянатшыл болмақты естен кеткіз, — деген тұжырымға келеді. Абай
ер мен әйелдің махаббат сезімдерін, бір-біріне деген сүйіспеншілігін, көңіл-
күй құбылыстарын түсіндіруге ерекше мән берді. Қызарып, сұрланып…,
Көзімнің қарасы…, Жүрегім, ойбай, соқпа енді…, Ғашықтың тілі —
тілсіз тіл…деген өлеңдері сүйіскен, ұғысқан жүректің жан сырын
суреттеуге арналған. Адамды көздеген мақсатына, асыл арманына жеткізетін,
ғылым-білімді меңгеруге мүмкіндік тудыратын жан қуаттарының бірі — ерік-
жігер, қажыр-қайрат. Ерік-жігер адамның ез мінез-құлқын меңгере алу
қабілеті, оны әр түрлі кесапаттардан, пайдасыз құмарлықтардан қорғайды.
Абайдың айтуынша жан қуаты деген қуат бек көп нәрсе… Бұл қуаттың ішінде
үш артық қуат бар… ол жоғалса, адам баласы хайуан болды, адамшылықтан
шықты. Ақын: … ақылды сақтайтын мінез деген сауыты болады. Сол мінез
бұзылмасын! — деп, адамның өзі таңдап түскен жолынан таймауына ерік-жігері
мен қажыр-қайратының ғана кезектесетінін еске салады. Адамның бірқатар
жағымды да, жағымсыз қасиеттерін көрсете келіп, олардың табиғатын
түсіндіруге тырысады.
Тиянақсыз, байлаусыз байғұс қылпуың,
Не түсер қу күлкіден жыртың-жыртың…, — деп тиянақтылық пен
ұстамдылықты адам мінөзінің жақсы қасиеттеріне жатқызады.
Абай:
Уайым — ер қорғаны, есі барлық,
Қиыны бұл дүниенің — қолы тарлық.
ЕҺе-еҺе ге елірме бозбалалар,
Бұл — бес күндік бір майдан ер сынарлық,
— деп түйіп, уайымның өзін ұстамдылыққа бастайтын, кісіні орынсыз жел
өкпеліктен сақтандыратын қасиетке балайды. Нағыз адам ешқандай кедергіге
қарамастан көздеген мақсатына жетеді. Бұл адамнан рухани қуаттылықты,
төзімділікті және қажырлылықты талап етеді. Тек ержүрек, батыл адам ғана ез
дегенінде тұрып, көштің соңынан итше ере бермей, …әділетті ақыл
мойындаған нәрсеге, қиын да болса, мойындауға, әділетті ақыл мойындаған
нәрсеге, оңай да болса мойындамауға… бара алады. Абай жалқаулықты,
қорқақтықты, қиқарлықты, мақтаншақтықты, өзімшілдікті адамның жағымсыз
қасиеттеріне жатқызады:… әрбір жалқау кісі қорқақ, қайратсыз тартады;
әрбір қайратсыз қорқақ, мақтаншақ келеді; әрбір мақтаншақ қорқақ, ақылсыз,
надан келеді; әрбір ақылсыз надан, арсыз келеді…. Абай шығармаларында
жеке адамның мінез-құлқына, балалық шақтың психологиясына байланысты
айтылған пікірлері де жиі кездеседі. Оның пікірінше, адам мінезі туа
бітпейді, жүре қалыптасады. Кісі көп нәрсеге есейе, ерім сүре келе
түсінеді, әдеп машығы қалыптасады, еңбекке жаттығады. Абай: Адам ата-
анадан туғанда есті болмайды: естіп, керіп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі
жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам
білімді болады, — дейді. Ақын адам міңезінің өзгермейтіндігі туралы
пікірді жоққа шығарып, адам міңезі ерім сүре келе қалыптасады, өзін
қоршаған жағдайларға байланысты өзгеріске еніп, оның іс-әрекеттері арқылы
көрінеді деген тұжырым жасайды. Адам міңезінің түрлі көріністерін
адамгершілік, моральдық, имандылық тұрғыдан қарастырып, жақсы және жаман
деп жіктейді. Әдептілікті, сыпайылықты, құмарлықты, тәуелсіздікті,
беріктікті жақсы міңезге жатқызып, сенгіштікті, арсыздықты, мақтаншақтықты,
қулықты, жауыздықты т. б. жаман міңез деп бөліп көрсетеді. Ойшыл-ақын бала
міңезінің қалыптасуы туралы мәселеге де көңіл бөледі. Жетінші сөзінде: Жас
бала да анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі — ішсем, жесем,
ұйықтасам деп тұрады… Біреуі білсем екен демеулік… Мұның бәрі — жан
құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген қорытындыға келеді.
Абай бала психологиясының басты ерекшелігі — білуге құштарлық деп
есептейді. Өсе, ер жете келе, тәрбие құралдары арқылы бала жанына жақсылық
ұрықтарын егіп, игі сезімдерге, адамгершілікке тәрбиелеуге болады. Бала
міңезін қалыптастыруда ата-анасының, ұстаздарының, құрдастары мен
достарының үлгі-өнегелері мен тәрбиесінің маңызы зор деп атап көрсетеді
Абай. Ақын шығармаларында адамның жеке басының ерекшеліктері жайлы жасалған
психология талдаулары өзінің ғылыми тереңдігімен бағалы. Абайдың психология
көзқарастары жалпы және педагогикалық психология мәселелерімен ғана
шектелмейді. Ақын туған халқының мамандығы, әлеуметтік жағдайы әр түрлі
топтарының мінез-құлықтарына да зейін қояды. Ол өз жұртының міңез-құлқын,
көңіл-күйін, іс- әрекеттерін, күйініш-сүйінішін, талап-талғамын, салт-
санасын жақсы білді. Оның шығармаларында міңез-құлықтары сан алуан адамдар
бейнесі көрініс тапқан (байлар, болыстар, атқамінерлер т. б.). Ақын бұл
әлеуметтік топтардың барлығына толыққанды көркем сипаттама беріп қана
қоймай, сонымен қатар олардың әлеуметтік-психологиялық мәнін де ашып
көрсетеді. Ол көшпелі халықтың өмірін, тұрмыс-салты мен әдет-ғұрпын
зерттеуде дала тұрғындарының материалдық және рухани мәдениетіне қатысты
деректерге сүйенді. Абай жасаған қазақ қауымының әр түрлі топтарының
өкілдері жайлы психология сипаттаманы шын мәнісіндегі өміршең де әділ
тұжырым деп бағалау керек. Абайдың психология мәселелерге көзқарасы, ең
алдымен поэзия мен өнердің міндеті адам өмірін, олардың көңіл-күйі мен іс-
әрекеттерін шыншылдықпен көрсете білу деген түсінігіне сай қалыптасқан. Ол
поэзия саласындағы талант иелері кісінің психология қызметінің
ерекшеліктерін, оның даму заңдылықтарын жете зерттеуі керектігіне зор мән
берді. Өнердің кез келген түрі өзінің даму жолында адамның белсенді
шығармашылық қызметінің барысында қоршаған орта шындығынан нәр алып,
мазмұндық жағынан байи бермек деп есептеді. Абайдың түсінігінше, өнердің
бір саласы ән мен музыка қазақ халқының өмірі мен тұрмысынан ерте заманнан-
ақ берік орын алып, олардың сенімді де айнымас серігіне айналған. Қуаныш
пен қайғы, өмір мен өлім, жастық пен кәрілік — бәрі де әнде бейнеленеді,
сонда көрініс табады. Ән сырға толы, адамды шаттық пен қуанышқа бөлеп
болашаққа жетелейді, жабыққанда жұбату болады. Әнсіз өмір жоқ. Ол жүрек
қылын шертіп, толғандырады, қиялыңа қанат бітіреді. Адам әсем әнді жылы
сезімімен, бар ықыласымен, жүрегімен қабылдайды. Тек шын жүректен шыққан ән
ғана тыңдаушысын толғантып, қуанышқа бөлейді. Абай ән мен музыканы адамның
әсемдікке деген құлшынысын қанағаттандыратын аса маңызды құрал, оның рухани
дамуының негізі деп есептеді. Ол қазақтың қоғамдық ой-пікірінің қалыптасуы
тарихында алғаш рет ақындық шабытты шақтың астарына терең үңіліп, оны адам
рухының ерекше күйі, жүректің лүпілдей соғып, қан қызатын көзі деп
сипаттады. Ақын шабыты шалқыған сәтте өмірден қол үзіп қалмай, керісінше,
күнделікті күйкі тіршіліктен жоғары тұрып, шындық пен әділдіктің қатал да
қайтпайтын жаршысы болуы керек. Нағыз ақын шабыт пен қуаттан күш алады,
шабытсыз өнер жоқ, өлең тумайды. Өнердің, дәлірек айтқанда, музыка мен
әннің мақсаты — адамдардың көңіл-күйіне әсер етіп, оларға рухани қорек
беру, эстетик. ғажайып рахат шәрбатынан сусындатып, жағымды этикалық
қасиеттердің қалыптасуына жағдай жасау. Абайдың психология мәселелер
жөнінде айтып, бізге жеткен пікірлері, оның қазақ тарихында тұңғыш ана
тілінде психология терминдер енгізуге талап жасағанына, бұл ғылымға қазақ
тілінің аса бай сөздік қорынан бірқатар түсініктер енгізгеніне (қылық,
қуат, мінез, көңіл, қасірет, қуаныш, құмарлық, күлкі, ықылас, талап, зерде,
үрей, жалқаулық, табалаушылық, күншілдік т. б.), қазақ фольклорының ғылымға
дейінгі психология ұғымдарын өңдеп, әрлеп, нақтылап, орнықтырып қана
қоймай, сонымен қатар көшпелілердің психология әлемі туралы өзіндік
көзқарас жүйесін қалыптастырғанына көз жеткізеді. Абай түрлі ұғымдар мен
түсініктердің мәнін айшықты тілмен әсерлі етіп жеткізетін өлеңдері мен
философия талдау-ғақлиялары арқылы қазақ халқының қалың бұқарасы арасына
психология білімнің таралуына қолайлы жағдай жасады.
2. Иман – ерекше психикалық күй
Жетілудің төменгі сатысынан, келесі, материалдық жетілу сатысына
көтерілу үшін бей-берекет өмірден, белгілі бір тәртіпке бағынатын ретті
өмірге көшу керек. Бей-берекет өмірдің қайғы-қасіретінен жапа шеккен санасы
төменгі адам белгілі бір жағдайларда өзінің бақытсыздығының себебін
түсінеді. Ол енді өмірде бұлжымас, барлығын реттейтін заңдылықтар барын
түсіне бастайды. Ол өмірін дұрыстау үшін өзінің бұрынғы жарамсыз әдет,
мінез-құлық, іс-әрекет, ой-өрістен құтылып, дұрыс жолға түскісі келеді.
Осылай оған болмыс заңдылығына деген сенім, яғни иман орнай бастайды. Ол
өмірдің реттегіш тәртіптерін қабылдап, оны мүлтіксіз орындауға тырысады.
Бұл оның санасын адамдық деңгейге көтереді, ал өзі адам сатысына өтуге
мүмкіндік алады. Өмірді реттегіш тәртіптердің негізі иманда, имандылықта
жатыр. Абай ілімі бойынша имандылық – адам өмірін болмыспен үйлестіретін ең
қуатты және ең тиімді әдіс. Егер өмірдің түп мәніне үңілетін болсақ,
адамдық сипаттың өзі осы имандылықтан басталады. Имандылық деңгейіндегі
адамның негізгі қасиеті — иман, яғни, сенім. Бұл сенім өмірдің зардабын көп
көріп, қорқыныштан пайда болған. Оның мақсаты – бейнеттен құтылу,
сондықтан, отбасының тыныштығына көп көңіл бөледі, ал санасы – ақыл
деңгейінде.
Иманның не екенiн Абай он үшiншi қара сөзiнде былай деп бередi:
«Иман деген – Алла табарака уа тағаланың шәриксиз (көмекшiсiз,
серiксiз) , ғайыпсыз (мәңгiлiктi) , бiрлiгiне, барлығына уа әртүрлi бiзге
пайғамбарымыз саллалаһу ғалайһи уәсәлләм арқылы жiберген жарлығына,
бiлдiргенiне мойын ұсынып, инанмақ». Сонымен иман дегенiмiз Алла тағаланың
мәңгiлiктi, бiр, бар екенiне сену және Оның пайғамбарымыз арқылы жiберген
жарлығына мойынсыну. Ал имандылық дегенiмiз иманды iске асыру, яғни
болмыстың бiр себебi барына, ол барлығына ортақ заңдылықтарға бағынатынына
сенiп, өмірдi соған лайықтау. Бұл бүкiл болмыс өмірiнiң үйлесiмдiлiк
тәртiбi болғандықтан, имандылықты қабылдауды материалдық жетiлу сатысының
басы, яғни салауатты өмірдiң басталуы деуге болады. Материалдық жетiлу үшін
салауатты өмір керек. Сондықтан, салауатты өмір мен материалдық жетілу
мүмкіндіктері бір-бірімен үндесіп, астасып жатады. Абай иманға келудiң
маңызын көрсетіп, әрi қарай иманға келудің жолдары ақылымен дәлел тауып
және кiтаптан оқу арқылы, немесе діни адамдардан естiп иманға келуге
болатынын жазады. Тапқан иманға ие болып, оны әрі қарай ұлғайту, әрине,
оңай іс емес. Иманды өсіру тәртібін Абай былай деп береді: «Ендi мұндай
иман сақтауға қорықпас жүрек, айнымас көңiл, босанбас көңiл керек екен…
Иманға қарсы келерлiк орында ешбiр пенде Құдай тағала кеңшiлiгiмен кешедi-
дағы демесiн, оның үшiн Құдай тағаланың ғафуына (кешiру) яки
пайғамбарымыздың шафағатына (көмегi) да сыймайды, мүмкiн де емес. «Қылыш
үстiнде серт жоқ» деген, «Құдай тағаланың кешпес күнәсi жоқ» деген жалған
мақалды қуат көрген мұндай пенденiң жүзi құрсын». Мiне, ойшыл иманның
маңызын осылай көрсетiп, оның дұрыс болу жолын көрсетеді. Сонымен бірге,
иманды өсіру үшін жасаған ғибадаттың тазалығы керек. Бұл туралы Абай он
екiншi қара сөзiнде былай дейді: «Лакин (бiрақ) , сондай адамдар толымды
ғибадатқа ғылымы жетпесе де, қылса екен. Бiрақ оның екi шарты бар, соны
бiлсе екен. Әуелi – иманның иғтиқадын (ішкі мәнін) махкемлемек (бекітпек)
керек, екiншi үйренiп жеткенше осы да болады ғой демей, үйрене берсе екен.
Кiмде-кiм үйренiп жетпей жатып, үйренгенiн қойса, оны Құдай ұрды, ғибадаты
ғибадат болмайды. Уа-ләкин (ал бiрақ) , кiмде-кiм иманның неше нәрсемен
кәмәләт (кемелдік) табатұғынын бiлмей, қанша жерден бұзылатұғынын бiлмей,
басына шалма орап, бiрәдар атын көтерiп, оразашыл, намазшыл болып жүргенi
көңiлге қалың бермей тұрып, жыртысын салғанға ұқсайды. Күзетшiсiз,
ескерусiз иман тұрмайды, ықыласыменен өзiн-өзi аңдып, шын дiни шыншылдап
жаны ашып тұрмаса, салғырттың иманы бар деп болмайды». Осы сөздерден
адамның рухани жолда жетiлуi үшiн, бiрiншiден, иманды бекiту керек, ал
екiншiден, үнемi үйренiп, рухани дами беру керек екенiн ұғамыз. Бұл рухани
жетiлудiң, яғни жүректi тазарту жолының шарты. Иман дәрежесi, яғни сенiм
дәрежесi адамның рухани деңгейiн көрсетедi. Адам неғұрлым даму барысында
жоғары көтерiлсе, оның соғұрлым иманы жоғары болады. Оның жаны тазарған
сайын иманы ұлғая түседi. Бұл өмір мақсатына толық жеткенше созылатын
үздiксiз үрдiс. Абай ғибадатты үлкен ынта-жiгерменен ықыласпенен салғыртсыз
дұрыс жасау керектігін осылай түсіндіреді. Ол ғибадатты иманның таза болуын
қадағалайтын күзетшiсi деп есептейдi. Әуелде имандылықты ұстау өте қиын
болады. Жүректің тазалығы өз дәрежесіне жетіп үлгермегендіктен, адам фәни
өмірдiң қызығына алаңдай бередi. Сөйтiп, ол қайтадан төменгi сатыға құлауы
мүмкiн. Ондай адамдар туралы Абай отыз төртiншi қара сөзiнде былай дейдi:
«Және Һәмманы жаратқан Құдай бар, ахиретте сұрау алады, жамандыққа
жазғырады, жақсылыққа жарылғайды,.. бегiрек есепсiз қинауы да бар, бегiрек
есепсiз жетiстiруi де бар деп – бәрiне сендiк дейдi. Жоқ, онысына мен
сенбеймiн. Олар сендiм десе де, анық ақиқат көзi жетiп, ден қойып, ұйып
сенбейдi. Ол екеуiне (бәрiнiң өлетұғынына және Құдайдың барлығына) анық
сенген кiсiге уайым ойлап не керек? Осы екеуiне лайықты жақсылықты өздерi
де iздеп таба бередi. Егер де осы екеуiне бұлдыр сенiп отырса, ендi неге
сендiре аламыз? Оны қайтып түзете аламыз? Оларды мұсылман деп, қалайша
иманы бар ғой деймiз?.. Оның несi адам? » Адам деңгейіне тек қана имандылық
арқылы көтерілуге болатынын Абай осылай білдіреді. Ол осы сөздерімен
имандылықтың адам өміріндегі маңызын анық көрсетіп отыр емес пе? Себебі
имандылықтың, яғни сенімнің үлкен маңызы бар. Сенім болғанда ғана адамның
санасы барлық хайуанаттарға ортақ тәндік санадан аса алады. Алла тағалаға
сену – адамның хайуанаттардан негізгі айырмашылығы емес пе. Иманды адамда
жақсылыққа ұмтылу өмір тәртібі болғандықтан, ешқандай уайым (фәнилiктi
айтады) болмайды. Имандылықты сөз жүзінде қолдап, ал іс жүзінде керісінше
әрекет жасайтындарды Абай мұсылман деп те, адам деп те атағысы келмейдi.
Осыдан данышпан мұрасының негiзгi түйiнi адамды тек қана өмірдiң жоғарғы
мақсатына бағыттау екенiн көремiз. Қорыта келе айтарымыз: Абай мұрасы –
имандылық айнасы. Имандылыққа төрт түрлi адамдар келедi. Бiрiншiсi, өмірдiң
қайғы-қасіретінен құтылу үшін келгендер. Бұлардың жүректерi өмірдiң
зардабымен бiртiндеп тазарған. Сөйтіп, олар имандылыққа жетті.
Өмір зардабы себептерін Абай ілімінен көре аламыз. Абай жеке адамдар
ғана емес, бүкiл адамзат қоғамы дұрыс жетiлуі үшiн болмыс заңдылықтарын
жақсы түсiнiп, оларды бұлжытпай орындауы керек екенiн бiлдiредi. Адамзат
қоғамында ол заңдылықтар жүйеленiп, көбiнесе түрлi реттегiш принциптер,
тәртiптер ретiнде қалыптасады. Ол тәртiптер толық орындалмай, немесе мүлдем
ұмытылған кезде қоғам өмірi жетiлмек тұра тұрсын, керiсiнше, құлдырау
жолына түседi. Сол кезде материалдық әлемнiң ақ-қара, суық-жылы, жақсылық-
жамандық, бақыт-зардап тәрiздi, тағы сол сияқты екiұдайылық қасиеттерi
адамға үлкен сынақ әкеледi. Бұлардың табиғи құбылыс екенi туралы Абай
жиырма сегiзiншi қара сөзiнде көрсетеді. Адамның жақсылық, не болмаса
жамандық көруi өзiнiң болмыс заңдылықтарын дұрыс ұғып, дұрыс орындауына,
яғни имандылығына байланысты. Адамның әділет заңдылығы бойынша көретін
көрешегіне Құдай араласпайды. Егер пенденiң жүрегi ояу, имандылығы жоғары
болып, нәпсiсiнiң құлы болмай, сезiмдерiн белгiлi бiр бағытта тежеу арқылы
өмір тәртiптерiн бұзбай, дұрыс іс-әрекет жасайтын болса, оның тағдыры да
солай айқын, бақытты болады. Ал керiсiнше, тойымсыз сезiмдерiнiң ырқына
берiлiп, тек қана өз құлқынының құлы болып, басқалардың керегiн аяққа
басып, оларға қасiрет әкелетiн болса, соған байланысты ерте ме, кеш пе
азапты тартады. Табиғаттың бұлжымас әділет заңы бойынша «Не ексең – соны
орасың» деген осы. Өмірдегi барлық зардаптың себебi, мiне, осында. Бiрақ
бұл да Жаратушының адамға деген бір мейiрiмдiлiгi. Ауыртпалық адамды ойға
қалдырып, оның ой-өрісін тазартып, имандылыққа келудi жеңiлдетедi. Бiрақ
бұл имандылыққа келудің ауыр және ұзақ жолы. Данышпан осылайша Тәңiрi
өзiнiң пенделерiн бiртiндеп үйретiп, дұрыс жолға салып, өмір мақсатына
жетуге көмектеседi деген ой тастайды. Бұның өзi әл-Ғазалидiң бұл өмірдегi
жақсылық та, жамандық та адамның пайдасы үшiн деген қағидасымен үндесiп
жатыр. Имандылыққа келетiндердiң екiншiсi – дәулет iздегендер. Мысалы,
бүгiнгi кәсiпкер бiр үлкен iстiң алдында өзiнiң жолы болуын Құдай тағаладан
бiр рет жалбарына сұрауы мүмкiн. Егер, Құдай тағаланың ырқы болса, оның
мақсаты орындалады. Бұдан үмiтi оянған кәсiпкер екiншi, үшiншi рет
жалбарынады және оның нәтижесiн көредi. Сөйтiп, ол ешнәрсенiң себепсiз
болмайтынына көзi жетiп, әр iсiнде де жолы болуын сұрап, Жаратушыға бетiн
бұратын болады. Осылай ол имандылыққа жетедi. Ол Құдайға байлық үшiн
жалбарынады. Үшiншiсi, өмірдiң сыр-құпияларын тереңдеп бiлгiсi келетiн
бiлiмпаздар. Ғалымдардың кейбiреулерi табиғат заңдылықтарын зерттей келiп,
бүкiл болмыстың жалпы заңдылықтары барына көзi жетiп, оның себебiн iздейдi.
Бұл ізденіс барлық себептердiң бiр себебi барын түсініп, сенген адамды
имандылыққа жеткiзедi. Төртiншiсi, Абсолюттiк Ақиқатты iздегендер. Бұлар
болмыстың түпкі мақсатына ұмтылып, Алла тағаланың Өзін іздеп ең жоғарғы
ләззатқа ұмтылғандар. Бұлар – рухани жолға түскендердiң ең жоғарғылары.
Үлкен талап, шын ниетiмен талпынған адамға өмірдiң түпкi мақсатына жетуге
мүмкіндік бар.
Жетілу жолындағы адам Құдайдың Өзіне сенiп, Оның сансыз көп қуаттарына
сенiп, не болмаса олардың кәрiнен қорқады. Имандылық кімге болса да
адамгершiлiгін жоймай, дұрыс өмір сүруіне мүмкіндік береді. Санасы жоғары
адамдардың өмірі өздерінің ішкі дүниесімен басқарылып, олар ұят сезімін
аяққа баспайды. Ал санасы төмен болып ұят сезімдері өздерін басқара
алмайтындарға дұрыс өмір сүру үшін басқа тәртіптер керек. Оларға жасаған
қателіктері үшін соған сәйкес жазаларын беріп, табиғаттың әділет заңы барын
сездіріп, бойларына сіңіру керек. Жазадан қорқу оларды өздерінің
адамгершiлiк қасиеттерiн сақтап, табиғи мiндеттерiн орындауға мәжбүр етедi.
«Ғылым-білімді әуел бастан бала өзі ізденіп таппайды. Басында зорлықпенен
яки алдауменен үйір қылу керек, үйрене келе өзі іздегендей болғанша. Қашан
бір бала ғылым, білімді махаббатпенен көксерлік болса, сонда ғана оның аты
адам болады». – деп жазады Абай отыз сегізінші сөзінде. Діннің де
«Жақсылығың үшін – жұмақ, жамандығың үшін – тозақ» деген қағидасы осы
принципке негізделген болса керек. Реттегіш тәртіптерге имандылық қана
емес, басқа да жүйелер жатады. Халықтың ұлттық әдет-ғұрыптары, салт-
дәстүрлері, тіпті бір кездегі «Коммунизм құрылысшысының моральдық кодексі»
де реттегіш тәртіп бола алды. Мысалы, Кеңес дәуiрiнде үкiмет орнатқан
темiрдей қатты тәртiптiң арқасында ұрлық-қарлық, жұмысқа шықпай қалу сияқты
қоғамға зиянды әрекеттер қатты жазаланып отырғандықтан, әркiм өзiнiң
мiндетiн дұрыс орындауға ұмтылды. Соның нәтижесiнде алғашқы тәртiптiң әлi
босаңсымай тұрған шағында Кеңес елі жақсы жетiлiп, тiптi алдыңғы қатарлы
капиталистiк елдермен үзеңгі қағыстырды емес пе?! Жоғарыда айтылғандай,
халықтың ұлттық мәдениеті мен салт-дәстүрлері де адамның адамгершілігін
жоғалтпауына үлкен ықпал болып табылады. Халықтың ұлттық дәстүрін бұзу
қоғамға қарсы әрекет деген сөз. Сондықтан, олар қатты жазалануы керек.
Бұрын бейберекет, қалай болса солай өмір сүрiп жүрген адамға өзін дұрыс
жолға салу үшін өнеге керек. Сондықтан ол рухани жетілген, имандылығы
жоғары кiсi іздеп, немесе өзіне жақсы қоғам іздеуі керек. Бұл оның дұрыс
жолға түсуін жеңілдетеді. Сонда ол түзелейiн деп түзелмейдi, жақсы адамды
ренжiтуден, қоршаған ортаның тәртiбiн бұзудан қорыққандықтан, не болмаса
оны сыйлағандықтан түзеледi. Сондықтан пенде адам болуы үшiн не Құдайдан,
не болмаса Оның қуаттарынан, қала берді бұзуға болмайтын әділет
заңдылығынан қорқуы керек. Адам санасының төменгi деңгейінде басқа қозғаушы
күш жоқ. Мұны бүгiнгi заман өзгерiстерiнен көрiп отырмыз. Демократия орнап,
жазалау қаупi төмендегеннен кейiн ұрлық-қарлық, зинақорлық, пара алушылық,
қызмет бабын пайдаланушылық, сыбайластық, коррупция, жұмыстан қашушылық
тәрiздi қоғамға зиянды әділетсіздіктердің бетке шығуы – осының көрiнiстерi.
Бұлар – Абайдың «Жұмысы жоқтық, тамағы тоқтық – аздырар адам баласын»–
деген данышпандық сөзінің дәлелі. Имандылыққа халқымыздың ғасырлар бойы
жинаған әдет-ғұрып, салт-сана болып қалыптасқан тәжірибелеріне қоса ұлттық
психология, әдептік нормалары, халықтың түрлі наным-танымдары жататыны
белгілі. Бұлар да түрлі реттегіш тәртіптерді құрайды. Оларға, айталық,
үлкен кісінің жолын кесіп өтпе, анаңа қатты сөйлеме, нанды аяққа баспа,
ақты төкпе, гүлді жұлма, көкті баспа, малды басқа ұрма, қарлығаштың ұясын
бұзба, «жоқ» деп айтпа, адамға қарап түкірме, кешке қарай көңіл сұрама,
бейуақытта жылама, үйде ысқырма, пышақты шалқасынан қойма, біреуге қару
кеземе, таңдайыңды қақпа, бөрігіңді теріс қаратып киме, мойныңа белбеу
салма, отпен ойнама, екі езуіңді керме, пышақтың жүзін жалама, адамды
саусақпен санама, құстың ұясын бұзба, тісіңді шұқыма, күлді шашпа, суға
дәрет сындырма, шелектегі суға аузыңды батырма, шашты аяқ астына тастама,
құдыққа түкірме, киімнің жағасын баспа тәрізді тәртіптер жатады. Мұхтар
Шахановтың пайымдауына қарағанда қазақта мұндай сөздер 240-тан асады.
Бұлардың кейбіреулерінің түпкі мәні бірден түсінікті бола бермеуі де
мүмкін. Себебі бұл заңдылықтар адамның психологиясымен, дүниенің
көрінбейтін нәзік сырларымен байланысты көрсетеді. Көкірек көзі ашық
адамдар бұлардың барлығын түсіндіріп бере алады. Ал қарапайым адамдарға
олардың кейбіреулерін түсінбесе де мүлтіксіз орындағандары абзал. Сонда ол
табиғаттың көптеген кесапаттарынан аулақ болады. Реттегіш тәртіптердің
басты қайнар көзі – дін. Адам өмірiн реттейтiн тәртiптер исламиятта молынан
берiлген. Діни салт дәстүрден басқа, олардың ең қарапайым түрлерi: адамның
мiндеттi түрде отбасылы болуы, сәби сүюi, еркек баласы болуы, үй салуы және
тағы сол сияқтылар. Мiне осылар сияқты тағы да көптеген реттегiш
тәртiптердi бұлжытпай ұстану бүкiл қоғам өмірiнiң жүйелi дамуының кепiлi
болып табылады. Адам өмірiн реттейтiн тәртiптер руханиятқа салынған соқпақ
тәрiздi, яғни имандылықтың алғашқы шарты. Имандылығы төмен қоғамдарда бұл
принциптер моральдық-этикалық өлшемдермен, қарабайыр түрлі кодекс
жазбалармен реттеледi. Қасиеттi жазбаларда берiлген реттегiш тәртiптердiң
сыртқы мәнiнен басқа, адам көзiнен сырт қалатын iшкi мәнi де болады. Оны
толық түсiну көбiнесе оңайға түспейдi. Сондықтан реттегiш принциптер көп
талқыға салынбай мүлтiксiз орындалғанда ғана толық нәтижесiн бередi.
Адамның, тiптi бүкiл қоғамның жетiлуi осы реттегiш тәртiптердi орындау
дәрежесiне тәуелді. Реттегiш тәртiптер адамның сезiмдерiн ауыздықтап,
нәпсiге жол бермеуiне, жарамсыз iстерден қорғап, сабырлы болуға үйретедi.
Сөйтiп адамның iшкi дүниесiнiң бiртiндеп тазаруы барысында көкiрек көзi
ашылып, жанының оянуына жағдай туады. Реттегiш тәртiптердi – адамның
дамуына септесетін және оған бөгет болатын – деп екiге бөлуге болады.
Көмектесетiн реттегiш тәртiптерге имандылықтың тiрегi болып табылатын төрт
принцип жатады. Олар: iшкi және сыртқы тазалық; аскеттiк немесе тақуалық
(жоғары мақсат үшiн өзiне ыңғайлы жағдайлардан бас тарту) ; қайырымдылық
және шыншылдық. Бұлар адамның материалдық және рухани жетiлуiнiң барлық
нормаларын қамтиды. Адамның да, қоғамның да жетiлу дәрежесi осы төртеуiнiң
таза ұсталуына байланысты. Себебi, бұлар адамның iшкi және сыртқы болмысын
тәрбиелеуге арналған. Абай бұлар туралы «Алланың Өзі де рас, сөзi де рас»
өлеңiнде, отыз сегiзiншi қара сөзiнде анық бiлдiредi. Реттегіш тәртіптерге
Абайдың «Бiр дәурен кемдi күнге – бозбалалық», «Жiгiттер ойын арзан, күлкi
қымбат», «Бiреудi көркi бар деп жақсы көрме», «Базарға, қарап тұрсам, әркiм
барар», «Ғылым таппай мақтанба», «Әуелде бiр суық мұз – ақыл зерек»,
«Интернатта оқып жүр» тәрізді шығармалары арналған. Жетiлуге бөгет болатын
тәртiптер: арақ-шарап, нашақорлық тағы басқадай адамның жүйкесiн қоздыратын
нәрселердi қолдану; зинақорлық; харам тамақ iшу; қарта сияқты құмарлықты
қоздыратын ойындар. Бұлардың адамның сыртқы және iшкi жан дүниелерiн
кiрлетiп, тоздырғаннан, адамды аздырғаннан басқа пайдасы жоқ. Абай өз
шығармаларында ретсiз бей-берекет өмірдiң зардабын көрсете отырып, әркiмдi
реттегiш тәртiптердi қатаң ұстануға шақырады. Себебi бұлар имандылық тiрегi
болып табылады. Абай мұрасынан табатын өте терең рухани мағына – ол адам
өмiрiнiң түпкі мақсаты. Данышпан адам өмірінің түпкі мақсаты – Түп Иеге
қайту дейді. Бұл мақсатқа жету үшiн Алла тағалаға деген махаббатқа ие болу
керек. Яғни, имандылық керек. Сонда … жалғасы