Ұлттық стильдегі корпустық жиһазды жобалау

0

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

Министерство образования и науки Республики Казахстан
Кокшетауский государственный университет им. Ш. Уалиханова

Қайыржанова Әлия Байзулақызы

Ұлттық стильдегі корпустық жиһазды жобалау

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
ДИПЛОМНАЯ РАБОТА

Мамандығы Специальность 050421 Дизайн

Көкшетау 2012

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

Министерство образования и науки Республики Казахстан
Кокшетауский государственный университет им. Ш. Уалиханова

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
ДИПЛОМНАЯ РАБОТА

Тақырыбы: Ұлттық стильдегі корпустық жиһазды жобалау

На тему:

Мамандығы 050421 Дизайн
Специальность

Орындады:
Выполнил: ________________ Қайыржанова Ә.Б.

Жетекші
Руководитель ________________ Набиева Л.М.

Қорғауға жіберілді
Допускается к защите

Кафедра меңгерушісі
Зав. Кафедрой ________________ Магзумов Д.Н.

Көкшетау 2012
МАЗМҰНЫ

Кіріспе … … … … … … … … … … … … … … … …
… … … … … … … … … … .4

1. Ұлттық стильдегі жиһаздың
ерекшелігі … … … … … … . … … ..10
1. Қазақ халқының ұлттық
жиһазы … … … … … … … . … … … … … …10
2. Түстердің шешімі және
декор … … … … … … … .. … … … … … … ..15
3. Жиһазды безендірудегі ұлттық ою-өрнектік
мотивтер … … … … 23
4. Ою-өрнек түрлері … … … … … … … … … … … … … … ..27

2. Ұлттық стильдегі корпустық жиһазды жобалау
үдерісі … … … … … … … … … … … … … … … … …
… … … … … … … … … … … … ..32
1. Ұлттық стильдегі корпустық жиһазды жобалау
тұжырымдамасы … … … … … … … … … … … … … … … … .. … … .32
2. Жобаны дайындауға арналған
материалдар … … … … … … … … ..35
3. Жобаны орындау
барысы … … … … … … … . … … … … … … … ..
… .39

Қорытынды … … … … … … .. … … … … … … … … … .
… … … … … … … … .42

Әдебиеттер
тізімі … … … … … … … . … … … … … … … … … … ..
… … … … .44

Қосымша

КІРІСПЕ

Өзектілік. Жиһаз – әр адамның қалыпты өмірінде, үй тұрмысында,
жұмыста да қажетті заттардың бірі. Пайдаланылу мақсатына қарай ол, қонақ
бөлме, жатын бөлме, ас ішетін бөлме, жұмыс істейтін, сондай-ақ балалар
бөлмесі, жуынатын бөлмеге арналып шығарылады. Жиһаздың жекелеген заттары
да, жиһаз гарнитуры да, сондай-ақ бүкіл пәтерге, бір бөлмеге немесе
бөлменің бір бөлігіне арналған жиһаздар да болуы мүмкін.

Жиһаз пайдаланылу мақсатына қарай қонақ бөлме, жатын бөлме, ас
ішетін бөлме, жұмыс істейтін бөлме, сондай-ақ балалар бөлмесі, ас үй, ауыз
үй, жуынатын бөлмеге арналып шығарылады. Жиһаздың жекелеген заттары да,
жиһаз гарнитуры да, сондай-ақ бүкіл пәтерге, бір бөлмеге немесе бөлменің
бір бөлігіне арналған жиһаздар да болуы мүмкін. Пәтерді жиһаздағанда жиһаз
жанұяның қажетін өтерліктей, бөлмеге сәйкес және оны тарылтпайтындай болуы
керек.
Жиһаздар: тұрақты жиналмайтын, тасымалдауға оңай жиналмалы-
құрастырмалы, әмбебап- құрастырмалы және конструкциялық шешімі бірнеше
жиһаз секцияларынан тұратын, бірінің үстіне бірін немесе қатарластырып
қоюға болатын секциялық жиһаз түрлеріне бөлінеді.
Үлдірікті жиһаздың негізі ағаштан немесе металдан өрнектеліп
жасалған, әдетте, жіңішке тік ұстын- таяныштар. Олардың арасына жекелеген
жиһаз секцияларын, сөрелерді, жәшіктерді және басқа жалғастырғыш
элементтерді бекітеді, үлдірікті жиһаз әр түрлі нұсқалардың барынша
үйлесуін қамтамассыз етеді.
Құрастырмалы жиһазға қабырғаға жапсарластырылып, көлденең
орналасрырылатын шкафтар, шкаф- қалқалар, құрастырмалы столдар,
кереуеттер, т.б. жатады. Құрастырмалы жиһаз бөлме қабырғаларымен
конструкциялық тұрғыда байланыстырылады және соған бекітіледі.
Ауыстырмалы жиһаздың конструкциясы бөлшектерінің орнын ауыстыру
арқылы оның мақсаты мен көлемін өзгертуге мүмкіндік береді. Жиһаздың бұл
түрін кресло- кереует, диван- кереует, шкафқа немесе бірінің астына бірі
ысырылып жиналатын кереуеттер, төмен түсіріп немесе жазып қоятын қақпағы
бар үстел- тумба, қайырмалы қақпағы бар, кейде ысырмалы тумбаны таяныш
ететін секретер және сервант- үстел т.б. жатады. Жиһаздың бұл түрін
пайдалануға қолайлы, өйткені ол бөлмедегі жиһаз санын азайтып, бос орынды
көбейтуге мүмкіндік береді.
Жиһазды негізінен ағаштан және ағаш материалдардан (ағаш жоңқалы
немесе ағаш талшықты плиткалардан, үйеңкіден т.б.) жасайды. Сондай-ақ
пластмассалар мен металдар да қолданылады. Қаптама жабынды ретінде табиғи
және синтетикалық шыбықтарды, ламинирленген қабыршақтарды, қағаз- қатпарлы
пластиктерді т.б. пайдаланады. Жұмсақ жиһаз үшін созылмалы ленталар, кеуек
материал, пенополиуретан, табиғи және синтетикалық маталар, жасанды
былғары, т.б. қолданылады. Жалпылама тұрмыстық жиһаздың сапасына ( оның
гигиеналық талаптарға сәйкес келуіне, тұрмыста пайдалануға және жиһаздық
жағынан әсем болуына ) зор көңіл бөлінеді.
Соңғы уақытта, әсіресе корпустық жиһаз тұтынушылардың көтеріңкі
сұрауына ие. Корпустық жиһаз түрлі бағыттағы бөлмелерде қолданылуы мүмкін.
Ол жатын бөлме, қонақ, балалар бөлмесіне, ауыз-үйде, тіпті жуынатын
бөлмеге арналуы мүмкін. Мындай жиһаз шынында да әмбебап. Корпустық жиһазды
әр үйде, кеңседе кездестіруге болады. Оның басты ерекшеліктерінің бірі,
оны әр түрлі стильдегі үй, кеңсе интерьеріне таңдап алуға болады. Қазіргі
таңда шыныны корпусты жиһазды дайындауда кеңінен қолданылады. Шыныдан
үстеллер, стеллаждар жасалынады, тіпті айрықша берік шыныдан
орындықтарды да кездестіруге болады. Бұрын корпусты жиһаз ауыр,
стационарлық, қиын көшірмелі болса, қазір ол ұтқыр, оғаш, стильді
жиһаздардың бірі.
Қарапайым үстел және оның түр- түрлері – жұмысқа, ас үйге
арналған, журналдық, осындай жиһаздардың интерьерде алатын орны зор.
Үстелдің пайда болу тарихы ерте заманнан бастау алады және қазіргі кезге
дейін бөлме стилінің ерекшелігіне қарай пішіні мен қолданылатын
материалдарының өзгерісі жүріп жатыр.
Ас ішетін үстел осы жиһаз түрлерінің ішіндегі ең қажеттісі. Оның
әр интерьерде алатын орны орасан зор.
Зерттеу мәселелері. Қазақ халқының ұлттық үстелін жобалау
мәселесі тек ерекше шығармашылық шешімнің құрылысында ғана емес, сонымен
қатар үстелдің көркемдік композициялық бірігуі үшін жеке элементінің бір
бірімен байланысында. Құрастыру ұстанымы астасу заңдылығына тіреледі ,
яғни байланыс заңдылығының қалыптасуында. Қолданылған материалдардың
бірігуі дәстүрлі емес болып табылады.
Халықтың дәстүрлі мәдениеті мен өмірдің қазіргі бейнесі
арасындағы алшақтық қазіргі таңдағы басты мәселелердің бірі болып табылады.
Мұраның сақталуы өте маңызды. Қазақ халықтың мәдениетін, соның ішінде
жиһаздарын зерттеу қазіргі таңда даму үстінде. Әдетте, ол өзгеріске
ұшырап, мәдениеттің жаңа элементтерін жылдам сіңуде. Әлбетте, біраз уақыт
ағымынан кейін революцияға дейінгі қазақ халқының ұлттық жиһазын зерттеу
қиыншылыққа түсуі мүмкін.
Зерттеу мақсаты. Интерьердің эстетикалық кешенді анализы және
ұлттық стильдегі дөңгелек үстелді жобалау барысындағы көркемдік және
технологиялық әдіс-айланы негіздейтін ғылыми әдістемені зерттеу.
Жобаланған бұйым талабына сай әдеби және графикалық баспаларға сүйене
отырып, конструкциялық, композициялық және технологиялық шешімінің ең
үйлесімді әдіс- тәсілдерін таңдап алып, ұлттық стильдегі үстелдің пішінін,
көркемделу үлгілерін зерттеп, ұлттық стильдегі үстел жобасын әзірлеу.
Жиһазды жобалауда үш жол көзделеді: бастапқы, негізгі және аяқтау. Бастапқы
– негізгі идеяның ұйғарымы, тұжырымдаманың құрылуы. Негізгі – зерттемені
болжайды, аяқтау – композициялық құрылыс. Құрастырылған жиһаз техникалық
тапсырма және шығармашылық бастауға сәйкес келеді.
Зерттеу нысаны. Жиһаз дизайнында модельдеудің үдерісі, жаңа
тұжырымдаманың басын ашу. Визуалды көрініс қағидалары мен қазіргі тұрғын
интерьердің жиһазын құрастырудағы композициялық конструкциялаудның негізгі
заңдарына сәйкес ұлттық стильдегі дөңгелек үстелді жобалау үдерісі.
Зерттеу пәні. Ұлттық стильдегі корпустық жиһаз, яғни ұлттық
стильдегі үстел. Қазіргі заманға сай материалдар қолданылған ұлттық
стильдегі дөңгелек үстелді жобалау. Біртұтас көркем ойға бағынған,
аяқталған композиция.
Тұжырымдама. Жиһаз – әр адамның қалыпты өмірінде, үй
тұрмысында, жұмыста да қажетті заттардың бірі. Пайдаланылу мақсатына қарай
ол, қонақ бөлме, жатын бөлме, ас ішетін бөлме, жұмыс істейтін, сондай-ақ
балалар бөлмесі, жуынатын бөлмеге арналып шығарылады. Жиһаздың жекелеген
заттары да, жиһаз гарнитуры да, сондай-ақ бүкіл пәтерге, бір бөлмеге
немесе бөлменің бір бөлігіне арналған жиһаздар да болуы мүмкін. Жиһаздар:
тұрақты жиналмайтын, тасымалдауға оңай жиналмалы- құрастырмалы, әмбебап-
құрастырмалы және конструкциялық шешімі бірнеше жиһаз секцияларынан
тұратын, бірінің үстіне бірін немесе қатарластырып қоюға болатын секциялық
жиһаз түрлеріне бөлінеді.
Үлдірікті жиһаздың негізі ағаштан немесе металдан өрнектеліп
жасалған, әдетте, жіңішке тік ұстын- таяныштар. Олардың арасына жекелеген
жиһаз секцияларын, сөрелерді, жәшіктерді және басқа жалғастырғыш
элементтерді бекітеді, үлдірікті жиһаз әр түрлі нұсқалардың барынша
үйлесуін қамтамассыз етеді.
Құрастырмалы жиһазға қабырғаға жапсарластырылып, көлденең
орналасрырылатын шкафтар, шкаф- қалқалар, құрастырмалы столдар,
кереуеттер, т.б. жатады. Құрастырмалы жиһаз бөлме қабырғаларымен
конструкциялық тұрғыда байланыстырылады және соған бекітіледі.
Ауыстырмалы жиһаздың конструкциясы бөлшектерінің орнын ауыстыру
арқылы оның мақсаты мен көлемін өзгертуге мүмкіндік береді. Жиһаздың бұл
түрін кресло- кереует, диван- кереует, шкафқа немесе бірінің астына бірі
ысырылып жиналатын кереуеттер, төмен түсіріп немесе жазып қоятын қақпағы
бар үстел- тумба, қайырмалы қақпағы бар, кейде ысырмалы тумбаны таяныш
ететін секретер және сервант- үстел т.б. жатады. Жиһаздың бұл түрін
пайдалануға қолайлы, өйткені ол бөлмедегі жиһаз санын азайтып, бос орынды
көбейтуге мүмкіндік береді.
Жиһазды негізінен ағаштан және ағаш материалдардан (ағаш жоңқалы
немесе ағаш талшықты плиткалардан, үйеңкіден т.б.) жасайды. Сондай-ақ
пластмассалар мен металдар да қолданылады. Қаптама жабынды ретінде табиғи
және синтетикалық шыбықтарды, ламинирленген қабыршақтарды, қағаз- қатпарлы
пластиктерді т.б. пайдаланады. Жұмсақ жиһаз үшін созылмалы ленталар, кеуек
материал, пенополиуретан, табиғи және синтетикалық маталар, жасанды
былғары, т.б. қолданылады. Жалпылама тұрмыстық жиһаздың сапасына ( оның
гигиеналық талаптарға сәйкес келуіне, тұрмыста пайдалануға және жиһаздық
жағынан әсем болуына ) зор көңіл бөлінеді.

Соңғы уақытта, әсіресе корпустық жиһаз тұтынушылардың көтеріңкі
сұрауына ие. Корпустық жиһаз түрлі бағыттағы бөлмелерде қолданылуы мүмкін.
Ол жатын бөлме, қонақ, балалар бөлмесіне, ауыз-үйде, тіпті жуынатын
бөлмеге арналуы мүмкін. Мындай жиһаз шынында да әмбебап. Корпустық жиһазды
әр үйде, кеңседе кездестіруге болады. Оның басты ерекшеліктерінің бірі,
оны әр түрлі стильдегі үй, кеңсе интерьеріне таңдап алуға болады. Қазіргі
таңда шыныны корпусты жиһазды дайындауда кеңінен қолданылады. Шыныдан
үстеллер, стеллаждар жасалынады, тіпті айрықша берік шыныдан
орындықтарды да кездестіруге болады. Шыны әр түрлі материалдармен
үйлеседі, интерьерге айрықша мағынаны және көрікті береді, шыныны
пайдалану бөлмені визуалды кеңейтеді. Осы материалмен(құйынды жабысқақ)
жұмыстың қазіргі әдістерін пайдалана отырып, интерьердің әр элементін
жасауға болады. Алайда шыны тек пішін бойыншаша ғана емес, сонымен
фактурасын да модификациялауға болады.

Бұрын корпусты жиһаз ауыр, стационарлық, қиын көшірмелі болса,
қазір ол ұтқыр, оғаш, стильді жиһаздардың бірі.
Қарапайым үстел және оның түр- түрлері – жұмысқа, ас үйге
арналған, журналдық, осындай жиһаздардың интерьерде алатын орны зор.
Үстелдің пайда болу тарихы ерте заманнан бастау алады және қазіргі кезге
дейін бөлме стилінің ерекшелігіне қарай пішіні мен қолданылатын
материалдарының өзгерісі жүріп жатыр.
Ас ішетін үстел осы жиһаз түрлерінің ішіндегі ең қажеттісі. Оның
әр интерьерде алатын орны орасан зор.

Зерттеу әдістері. 1. Дипломдық жобаның теориялық бөлімінің
баяндалуында қолданылган негізгі әдебиеттер – Х. Арғынбаев «Қазақ халқының
қолөнері» Алматы»Өнер», 1987ж, «Шаңырақ » үй-тұрмыс энциклопедиясы-
Алматы,1989, Д. Шоқпарұлы » Қазақ қолөнері » Алматы, 2005, Ш. Байділдаұлы «
Қазақтың ою-өрнектері» Алматы, 2006, Б.Асанова, А.Птицына, Ұ. Әбдіғапбарова
«Қазақ ұлттық ою-өрнектерінің тарихы және теориясы» Астана, 2007, Ғ.
Иляев»Шебердің өзі- көненің көзі» Алма – Ата, 1986, Қ. Тыныбеков «Қазақтың
қолөнері» Алматы, 2007. – ұлттық стильдегі жиһазды жобалаудағы теорияның
негізі баяндалған, сонымен қатар жиһаз тарихына байланысты материалдар да
бар.
2. Бабаларымыздан мұра болып қалған ұлттық стильдегі үстелдерге
сүйене отырып, жаңа заман талаптарына сай қазақша үстел үлгісін ұсыну.
Жобалау кезінде тек қана халықтық мәдениетке ғана емес, сонымен қатар
декоративті- қолданбалы өнерінің барлық байлылығына сүйену қажет. Жобаның
шығармашылық тұжырымдамасын негіздеу мақсаты қойылған. COREL DRAW 13
редакторының қолданысымен жалпы көркем бейнелілігін және түстік бағыттарын
әзірлеу.
3. ұлттық стильдегі үстелді жобалау.
Ғылыми жаңалық. Дипломдық жұмысты орындау барысында жобаалды
зерттеулер өткізілді. Ұлттық жиһаздардың көркемделуі мен пішінінің анализі
жасалды. Ұлттық стильдегі жиһазды жобалау барысында қолданылатын басты
композициялық элементтер айқындалды. Үстелді ойластыру кезінде, оның
конструкциясы мен ыңғайлылығына айрықша көңіл бөлінді. Материалдардың
тіркесуі үстелдің конструкциясымен үйлеседі.
Баяндамада қазақ халқының жиһазының тарихы, оның дамуы жайлы жазбалар
жинақталып, біріктірілген. Зерттелген материалдарға сүйене отырып келесі
тұжырымдамалар туындайды: ұлттық жиһаз сарқылмас бастауларға ие. Ондағы
материал, пішін, декор, орындалуы, дәстүрлі технология қазіргі заманға сай
ұлттық стильдегі жиһаз жобалаудағы шығармашылық идея болып табылады.
Тәжірибелік маңыздылық. Дипломдық жұмыстың теория бөлімінде және
планшетте жобалық бұйымды, яғни, ұлттық стильдегі дөңгелек үстелді, өндіріс
үдерісіне еңгізуге арналған керекті ақпараттар жиналды: сызбалар, қажетті
материалдардың қасиеттері, бұйымды құрастыру кезектілігі суреттелген.
Шыны және ағаш материалдарын қолдану арқылы қазіргі заманға сай ұлттық
стильде үстел үлгісін ұсыну.

1 ҰЛТТЫҚ СТИЛЬДЕГІ ЖИҺАЗДАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
1.1 ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ЖИҺАЗЫ

Революцияға дейінгі қазақ халқының өмір жолы көшпелілік,
жартылай көшпелілік және отырықшылық жағдайда өтті. Осыған орай, олардың
күнделікті тұрмыста пайдаланған ағаштан жасалатын үй іші жиһаздары көш-
қонға немесе отырықшылыққа бейімделіп жасалады.
Ағаштан жасалған үй іші жиһаздарының құрамына төсек ағаш,
кебеже, жастық ағаш, сандық, әбдіре және басқа да көптеген бұйымдар кірді.
Үй жиһаздарының беттеріне ою ойып, түрлі түсті бояулармен өрнек салып,
әсемдеумен бірге сүйекпен, әр түрлі металдармен, түрлі түсті тастармен,
шынылармен көмкерген [1].
XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басында қазақ
арасында кең тараған ағаштан жасалатын жиһазының бірі- төсек ағаш. Жазба
деректер мен музей коллекцияларын зерттеу негізінде Қазақстан жерінде
төсек ағаштардың сыртқы кескініне қарай жіктегенде, оның бірнеше түрінің
болғандығы анықталды. Қазақстанның солтүстік, оңтүстік-шығыс және орталық
аймақтарында кең тараған төсек ағаштың ең көне түрінің екі басы тым
шалқақ және жайдақ болады, төрт аяғы ішке қарай кіріңкі не тік келеді;
екінші түрі- өткен ғасырда Қазақстанның шығыс және оңтүстік аймақтарында
кездесетін бастары тым шалқақ алты не сегіз аяқты төсек ағаштар; үшінші
түрі- А.И.Якоби деректері бойынша, Омбы мен Павлодар төңірегінде
кездесетін бір жақ басы тым шалқақ, аяқ жағында мүлде сүйеніші болмайтын
төсектер; төртінші түрі- Торғай өңірінде кездеседі. Оның тіп-тік төрт аяғы
және екі басы әлдеқайда қысқа болумен бірге, сәл ғана шалқақтанып барып
жоғарғы жағы имектеу келеді; бесінші түрі- Ақтөбе атырабынан кездесетін
бастары түзу ағаштан жасалып, сәл ғана шалқақ орналасатын төсектер;
алтыншы түрі-Семей, Өскемен төңірегінде кездесетін төрт аяқты, үсті жазық,
екі басында бір сүйемдей ғана тік орнатылған сүйеніші бар төсек ағаш;
жетінші түрі- Қазақстанның солтүстік-шығысында кездесетін орыс үлгісімен
жасалған төсек ағаштар. Сонымен қатар көркемдік ерекшеліктеріне қарай
сырлы төсек, оюлы төсек, сүйектелген төсек, күмістелген төсек немесе жай
ағаш төсек делініп те аталған.
Төсек ағаштардың осы айтылған түрлерінің әрқайсысында жергілікті
және әлеуметтік ерекшеліктер байқалады. Жергілікті ерекшеліктер,
негізінен, жалпы жасалу тәсілінде, шеберлер ісінің әдісіне байланысты
болса, әлеуметтік ерекшеліктер оның бет жағының оюланып, сүйектеліп,
күмістеліп безендірілуімен бірге, көксауыр, шұға, асыл тастардың, түсті
шынылардың да кеңінен қолданылуына немесе ешбір әшекейсіз жасалуына
байланысты болған.Төсек ағаштың барлық түріне тән ортақ ерекшеліктің бірі-
олардың бет жағы ғана көркемделетіндігі мен қалған бөліктерінің
көркемделмейтіндігі және барлық бөліктерінің өмірге бейімделіп алмалы-
салмалы болып жасалатындығы [5].
Қазақстанда өте кең тараған төсекағаштың бірінші түрі жасалу
тәсіліне, бет жағына жүргізілетін ою-өрнек, әшекейлеріне қарай әркелкі
келеді. Мұның ең көне түріне үш бөлек ағаштан, екі басы мен ортасын
қосатын жалпақ тақтайдан, ал артқы беті екі бас пен арасын қосатын екі
ұзын шабақтан тұрады. Екі беттің арасын 6 – 7 шабақпен қосады. Көлденең
шабақтар үстіне ұзыннан бірнеше бос тақтай салады. Олардың төменгі жағынан
төрт аяқ шығарылады. Бет жағына кейде ою-өрнек ойылса, енді біреулері
түгелдей сүйектеліп, күміс әшекейлермен безендіріледі.
Сүйектелген төсекағаштың ендігі бір үлгісі 1960 жылы геологиялық
барлау экспедициясы кезінде Балқаш көлінің солтүстік жағындағы Қараүңгір
тауындағы ескі қыстаулардан табылды. Төсек беті түгелдей әр түрлі
әшекейлермен безендірілген. Сүйек әшекейлерді көркемдеуде дәстүрлі қошқар
мүйіз оюы мен өсімдік текті және геометриялық өрнектердің аралас
қолданылуы, ағаш төсек бетіне ерекше рең беріп, көздің жауын алады.
Қазақ ССР Орталық музейінде ХХ ғасырдың басында қызғылт жеміс
ағашынан жұмырланып жасалған өте сәнді төсек ағаш сақтаулы. Ол Жамбыл
облысы шеберлерінің қолынан шыққан. Мұның бет жағы 7 бөлек ағаштан
шабылып, әрқайсысы ою-өрнектермен жеке- жеке безендіріліп барып
қиыстырылған. Қатты, қызғылт жеміс ағашынан мұқият өңделіп, өзіндік ою-
өрнекпен безендірілген осы төсекағаштың бет жағы еш бояусыз- ақ көздің
жауын алады.
Қазақстанның батыс өңірінде қазақ ұсталары жастық ағаштар да
жасаған. Құс жастықтың астынан төсейтін жастық ағаштарды, көбінесе, оң
жақта отырған қыздарына арнап жасататын-ды. Сондықтан, олардың сыртын
түгелдей, сүйенішінің ішкі жағын да оюлап, сырлап көркемдейді. Деректерге
қарағанда, жастық ағаштың екі түрі болған. Оның ішінде Маңғыстау, Гурьев,
Орал, Ақтөбе облыстарын мекендейтін қазақтар арасында кеңінен тараған түрі-
ағаш кереуеттің басы тәрізденіп жасалатындары. Оның биіктігі – 60-70,
көлденеңі -90-100 сантиметр шамасында болады. Мұндай жастық ағаштың
барлық бөлшектерін біріктіріп тұратын екі қазық бар, ал оның араларын 2-3
немесе бір ғана жалпақ арқалық тақтай қосып тұрады. Оның ішкі жағынан
көлбей орналасқан жастық тақтай мен бас аралығында пайда болған доғал
бұрышқа үш бұрышты қолтықша тіреуіштер орнатады. Осылайша құрастырылатын
жастық ағаштардың сырт жағы тұтас және арқа тақтайдың ішкі беті де әр
түрлі әдіспен көркемделеді. Нұсқалы оюлар жүргізіліп, оған қосымша әр
түсті бояулармен өрнектеледі. Кейбір жастық ағаштың іші- сырты түгелдей
бедерлі оюлармен безендіріледі, ол оюлар эмаль тәрізденген қызғылт сары,
терең ойылған түрі ақ, қара түсті бояулармен боялады. Ою-өрнек мотиві
зооморфтық, геометриялық фигуралар мен өсімдік тектес өрнектердің әдемі
тоғысуы арқылы жасалады [6].
Жастық ағаштың екінші қарапайымдау түрі 1956 жылы Торғай
өңірінде кездесті. Жасалу тәсілі дәстүрлі төсекағашқа ұқсас. Бас жағы
бөлек дөңгеленіп біткен, астына биіктігі 12-13 сантиметрдей аяқ
орнатылған. Жастықтың астына келетін тұсы имектеле сүйірленіп жасалған.
Мұның ұзындығы 60-70 сантиметрдей, көлденеңі- 80 сантиметр. Екі жақ бетіне
ою-өрнек жүргізілген. Бетіне жүргізілген ою-өрнек мотиві зооморфтық оюлар
мен геометриялық фигуралар.
Революцияға дейін Қазақстанның барлық облыстарында көп жасалған
үй жиһаздарының бірі-жүкаяқ. Ол жиған жүктің астына қоюға арналған ағаш
тұғыр. Қысы-жазы бірдей, киіз үйде болсын, жер үйде болсын іргеде үйіліп
тұратын жүк атаулының бәрі аласа жүкаяқтарға жиналады. Жүкаяқ кепкен,
мықты әрі жеңіл ағаштан, өңделген, тегіс тақтайдан жасалады. Оның
ұзындығы, негізінен, 90-130 сантиметр, биіктігі 25-30 сантиметр шамасында
болады. Ол негізгі үш бөліктен: жанағаштан (алдыңғы және артқы беттер),
аяқтан, шабақтан тұрады. Жүкаяқтың пішіні екі түрлі болады. Бірі – үсті
тегіс жүкаяқ, енді бірі – қайқыбас жүкаяқ. Жүкаяқтың тек бет жағы ғана
көркемделеді. Бірде оның бетіне әр түрлі сүйек әшекейлер ойыстырылып,
күміс бүркеншікті шегелермен шегеленеді, ою да ойылады немесе түрлі түсті
бояулармен де өрнектелетін түрлері де болған.
Киім-кешек , әр-түрлі уақ-түйек бұйымдар сақтау үшін үлкенді-
кішілі қол сандық, әбдіре және жағлан пайдаланылған. Үлкен әбдіре-
сандықтардың ұзындығы 90-100, биіктігі мен ені 45-50 сантиметр шамасында
жұқа қарағай тақтайлардан жасалады. Олардың сырты түгелдей қызыл, жасыл
немесе қара бояулармен боялатын бет жағы жез, күміс, түсті тастармен
безендіріледі. Жағлан- Қазақстанның оңтүстік өңірінде XVIII-XIX ғасырларда
кең тараған, киім-кешек салатын сандықтың көне түрі. Жағландар әбдіре-
сандық сияқты үлкен емес. Оның ұзындығы 60-70 сантиметр, ені мен биіктігі
30-35 сантиметр шамасында болады. Жағланның негізі жұқа тақтайлардан
құрастырылып, сырты түгелдей қалың былғарымен қапталады, тек бет жағы ғана
әр түрлі әдіспен көркемделеді.
Әбдіре – үй тұрмысында қолданылатын жабдықтың бір түрі, яғни киім-
кешек немесе басқа да бағалы бұйымдарды сақтауға арналған сандық. Оның
көлемі әртүрлі болады. Әбдіре мықты, әрі жеңіл ағаштың тегістеп жонылған
тақтайынан қиюластырып жасайды. Әбдіре бір түсті сырмен боялып, кейбірінің
алдыңғы беті сәнді болу үшін түрлі өрнектермен әшекейленген жұқа
қалыңтырмен қапталады. Қозғауға ыңғайлы болу үшін абдыраның екі бүйіріне
қос- қостан төрт тұтқа орнатылып, қақпағына құлып салынады.
Қазақстанның барлық аудандарында ежелден бері көп жасалған
бұйымның бірі-қол сандық. Қол сандықтарды бой жеткен қыздарға арнап
жасататын. Ол бой жеткен қыздар мен жаңа түскен жас келіншектердің
еншісіндегі өте сәнді бұйымдардың бірі. Оның көлемі де шағын болатындықтан
қыз-келіншектердің ин-е-жіп, айна-тарақ, әтір, сабын сияқты уақ- түйек
бұйымдарын сақтауға арналады. Көпшілік қауымның жасататын қол сандықтары
тек ағаштан ғана мұқият өңделіп, бір түсті бояумен сырланып жасалады. Сән
қуған кісілер қол сандық беттеріне нұсқалы, бедерлі оюлар ойғызып, түрлі-
түсті бояулармен сан қилы ою- өрнектер салғызады. Бұған қоса неше түрлі
шұға, асыл тастар, сүйек пен күміс әшекейлерін кеңінен пайдаланатын
болған.
Қазақ ежелден азық-түлік сақтауға кебежені пайдаланған. Ол
Қазақстанның барлық аймақтарында кеңінен таралған. Жалпы кескіні мен
жасалу тәсілі барлық жерде бірдей деуге болады. Кебеженің төрт қабырғасы,
түбі мен қақпағы төрт қырлы төрт қазық арқылы біріктіріледі. Оның түбі
қалың тақтайдан жасалады. Кебеженің қақпағы кәдімгі сандықтың қақпағы
сияқты, кейде жармалы да болып келеді. Жармалар не көлденең кергіш
ағашпен, не таспамен жалғастырылады. Кебеженің беті де асадал сияқты кейде
сырмен, кейде сүйекпен ою салып өрнектеледі. Мұның тек бет жағын ғана
әсемдемейді, ал артқы беті мен екі жанын кейде қызыл, жасыл бояулармен
бояп қойғаны болмаса, басқа әдіспен көркемделмейді. Кебеженің бет жағына
келетін екі қазық беттері, оның басы мен аяқ жағы да мүсінделе
көркемделеді.
Адалбақан – киім т.б. үй мүліктерін ілуге арналған жабдық.
Адалбақан көбінесе бұтағы көп балапан қайың мен шыршадан (самырсыннан)
жасалады. Жас ағашты кесіп алып қабығын аршығаннан кейін, оның бұтақтарын
түп жағынан бір сүйемдей қалдырып, ұшын кесіп тастайды. Енді сол бұтақ
түбірлерін бақанның жоғарғы ұшының бағытымен майыстырып иеді де, ұштарын
қайыспен не мықты жіппен бақанның діңіне таңып, көлеңкеде кептіреді.
Иілген бұтақтар жазылып кетпейтіндей болып әбден кеуіп қалыптасқан кезде
таңғышты шешіп алып, оның ұштарын үшкірлеп жонып ілгнк жасайды. Кейде
адалбақанды бұтақсыз ағашқа басқа ағаштың бұтағын не болмаса бөкеннің
мүйізін бекіту арқылы да жасайды. Адалбақан сәнді болу үшін, шеберлер оның
сыртын әртүрлі бояулармен өрнектеп сырлайды, бүршікбас алтын, күміс
шегелермен нақыштайды.
Ыдыс – аяқ сақтау үшін ағаштан жасалатын бұйымның бірі- асадал.
Асадалдың дәстүрлі бірнеше түрі болған. Оның ең көнесі қазіргі тумбочка
тәрізденіп енінен биіктігі артық болып жасалса, екінші түрінің ені мен
биіктігі шамалас келеді. Үшінші түрінің биіктігі кебежедей ғана болады.
Ал, ені биіктігінен 1,5- 2 есеге жуық артық, ұзынша болып жасалады. Енді
төртінші түрі қазіргі буфет тәрізденіп жасалатын асадалдар. Тумбочка
тәрізді биіктеу асадал оның ең көне түрі болып табылады. Біріншіден,
олардың көлемі көш- қонға қолайлы келеді, онша үлкен болмайды, екіншіден,
оны көркемдеу тәсілінде нұсқалы ою, күмістеу, сүйектеу дәстүрі жиі
кездеседі. Сыртқы кескіні төрт бұрышты асадалдың көлемі 100*100 сантиметр.
Екі ашпалы есігі, жоғарғы жағында суырмасы бар [2].

1.2 ТҮСТЕРДІҢ ШЕШІМІ ЖӘНЕ ДЕКОР

Қазақ шеберлері ағаш тан жасалатын үй жиһаздары мен ыдыс-аяқтың
бетіне ою ойып, оны бояп, өрнектеп, жарқыраған тастармен, шынылармен
көркемдеген. Осынау атақты шеберлерден, ұсталардан есімі ел арасында аңыз
болып сақталып қалғандарының бір тобы: Шымкент өңірінде өмір сүрген Бес
ұста – Құлжан, Батырқұл, Бай- лар, Айдарқұл, Құрман-құл, Торғай жерінде
тірлік кешкен қыржігіт Науан (Наурызбай) ұста, Баянауылда туып- өскен
Айдабол руының Қошетер деген атасы- нан шыққан Қошеттер ұсталары,
Қақабай ше- бер, Шығыс Қазақстан-ның Ұлан елді мекенін-де түтін түтеткен
Рахымбай балташы. Бұл шеберлердің жасаған үй жиһаздары, ыдыс-аяқтары,
ағаштан қиыстырып салған үйлері, сәндеп соққан зергерлік заттары, ат
әбзелдері туралы халық жыр қылып айтады. Ал осы атақты Науан ұстаның
қолөнер шебері атанған апасының өзі құйып жасаған қол төсі біздің үйде ата-
бабаларымыздың асыл мұрасы ретінде сақтаулы тұр.
Қазақ халқының өмірінде ежелден бері ағаштан жасалатын үй
бұйымдарының алатын орны ерекше. Көшпелі мал шаруашылығымен немесе
жартылай отырықшылдыққа ауысып, егіншілікпен айналысқан қазақ қауымының
күнделікті тұрмысына қажетті ағаштан жасалатын бұйымдардың түрі сан алуан.
Киіз үйдің негізгі қаңқасы мен бірқатар жабдықтарының да ағаштан
жасалғаны белгілі. Отырған орны мен ұстайтын бұйымының ыңғайлы болуымен
қатар көзге көрік беруін ескерген қазақ халқы, осы бұйымдарды да ою-
өрнектерімен көркемдеген.
Киіз үй есігі мен маңдайша босағаларының ішіне қарайтын
беттеріне ою-өрнектер ойылып, түрлі-түсті бояулармен сырланып, сүйектеліп
безендірілген. Кейде бәсекелес төрелер мен байлар киіз үй есіктерінің ішкі
жағын түгелдей әр түрлі өрнекті сүйек, күміс әшекей және түрлі-түсті асыл
тастармен де сәндейтін болған. Ертеде маңдайша мен босағалардың сыртқы
беттері, табалдырықтың екі жағы да ешбір ою-өрнек, әшекейлермен
безендірілмеген. Оның есебіне ашпалы есіктердің сыртқа қарайтын беттеріне
ою-өрнектер ойылып, түрлі бояулармен сырланған.
Қазақстанда өте кең тараған ағаштан жасалатын бұйымның бірі ағаш
төсек болған. Ағаш төсектің түрі жасалу тәсіліне, бет жағына жүргізілетін
ою-өрнек, әшекейлеріне қарай әркелкі келеді.
Көбінесе төсектің бет жағы түгелдей сүйек, күміс, түсті былғары,
асыл тастармен безендірілген. Сүйек және күмістелген темір әшекейлер ағаш
бетіне ойылып орналастырылған, араларынан жиек қалдырылған. Жиектер
үстінен күмістен стильденіп құйылған қос мүйіз өрнегі, яғни, шеберлер
тілінде жиек басар өрнегі шегеленген. Жиек басар өрнегі екі бастың айнала
жиегіне түгелдей орнатылған. Төсек бастарының жоғарғы және төменгі
шеттеріне, тірсек тәрізденген орта тұсына бір-бірден және төсек бетінің
ендірек орта жолағының ұзына бойына күмістелген бес оюлы темір текшелер
ойыстырылған. Олардың астына көксауыр төселген де төсек бетіндегі бес
текшенің орталарына түрлі-түсті тастардан көз орнатылған. Күмістелген
темір текшелер стильденген қошқармүйіз өрнегімен ойылған. Темір текшелер
араларына қиыстырылған сүйек текшелердің беттеріне негізімен түйіскен
төрт басты қошқармүйіз өрнегі ойылып, қызғылт қоңыр бояумен сырланады,
сөйтіп, төрт жақ қолтықшаларынан төрт қошқар мүйіз өрнегі шығарылған.
Орта жолақтың екі жағындағы тұтасқан ұзын сүйек жолақтар мен төсектің екі
басындағы сүйек әшекейлердің беттеріне өсімдік тектес өрнектер ойылып,
қызғылт бояумен боялған.
Қазақстанның Орталық мұражайында XX ғасырдың басында қызғылт
жеміс ағашынан жұмырланып жасалған өте сәнді төсек ағаш сақтаулы. Мұның
бет жағы 7 бөлек ағаштан шабылып, әрқайсысы ою-өрнектермен жеке жеке
безендіріліп барып қиыстырылған. Екі басы жұмырланып шабылып, бетіне
өсімдік тектес ою нұсқасы жүргізілген, бас жағы мен аяқ жағында бірнеше
буынтықтар жасалған, бас жақтарының үсті жалданып, оюлана жонылған да,
олардың іш жақ беттері өрнектелген жұмыр ағашпен жалғасқан. Мұны асты-
үстіне дөңгелекпен сыңар мүйіз бейнелері оюланған. Бұған қоса ойылған
тұстарға күміс бүркеншікті шегелер қағылған. Қатты, қызғылт жеміс ағашынан
мұқият өңделіп, өзіндік ою-өрнекпен безендірілген осы ағаш төсектің бет
жағы еш бояусыз-ақ көздің жауын алғандай.
Ағаш төсектің екі басы мен бет жағы тұтас ағашпен шабылып, тік
аяқтары бөлек дайындалып орнатылған түрлері Қазақстанның солтүстік-батыс
аудандарында кездеседі. Бұл ағаш төсектің шалқақ бастары қыздың мойнындай
иіле шабылыпты. Тұтас ағаштан шабылған бұл ағаш төсектің бастары мен орта
тұсының беттеріне тұтасынан өсімдік тектес өрнектер мен геометриялық
өрнектер бедерленіп ойылған.
Көп жағдайларда ағаш төсек бетіне стильденген өсімдік тектес
өрнектер мен геометриялық фигуралар, әсіресе, дөңгелектер, үш бұрыштар,
ромбылар өрнектеледі. Мұндай төсектердің бет жағына түрлі түсті бояулармен
әр түрлі ою-өрнектер салынады. Көбінесе, ақ, қызыл, сары, көк, жасыл түсті
бояулар жиі қолданылады.
Мұндай ағаш төсектердің бет жағы: түзу ағаштан мүсінделе
шабылып, сыртына сәл шалқая орналасатын екі басы мен олардың арасын
жалғастыратын ұзын, жалпақ тақтайдан тұрады. Ал, екі бас пен бет тақтайдың
қиысатын жоғарғы бұрыштарына мүсіндей жоғалған милық ағаштар сәндік үшін
шегеленеді. Олардың екі басындағы тақтай бетіне ойылатын бедерлі оюлар
бірдей болып келеді. Осы милыққа ойылатын оюлар сияқты, орта ағаш бетінің
оюлары да өз алдына дербес композиция құрайды. Әдетте, төсектің бет
тақтайының ортасына үлкен дөңгелек гүл ойылады. Ойылған оюлар мотиві
негізінен өсімдік тектес болып келеді де, стильденген қошқармүйіз,
сыңар мүйіз және әр түрлі геометриялық фигуралармен толықтырылады. Оюлы
өрнектер қызыл, қара бояумен боялған.
Төсектің екі басындағы ағаштың бет жағына өсімдік сабағындай
ойылған өрнек, ал оның үш жеріне қысқа сабақты гүл шоқтары өрбіте
бейнеленеді. Орта ағаш пен екі бастағы сүйеніштердің ішкі беттері төрт
басты қошқармүйіз оюы, ромбы және сегіз бөлекті дөңгелек жұлдызды
өрнектерімен безендіріледі. Ағаштың табиғи түсіне ұқсас ақ сары бояумен
боялған мінсіз бедерлі оюлар қара түрдің бетінде өте әсем жарасымдылық
табады.
Мысалы, сүйектелген ағаш төсектің бір тамаша үлгісі Өскемен
қаласындағы облыстық өлкетану музейінде сақталған. Мұның өзі өте жатық,
жалпы кескіні көз тартарлық әдемі мүсінделген. Екі басы түгелдей тік
бұрышты сүйек әшекейлермен толық жабылған. Сүйек әшекейлердің бәрі күміс
бүркеншікті мыс шегелермен шегеленген. Әр әшекей бетіне дөңгелектер,
спиральдар мен стильденген өсімдік тектес өрнектер сызылған. Сүйек бетіне
сызылған өрнектер де, әшекейлердің орналасу тәртібі де, күміс бүркеншікті
шегелер де төсағаш бетіне ерекше көрік беріп тұрғандай.
Жастық ағаш. Оның дәстүрлі жасалу тәсілінің бірі төсекағаштың
жасалу тәсіліне ұқсас. Бас жағы бөлек дөңгеленіп біткен, астына биіктігі –
12-13 см-дей аяқ орнатылады. Жастықтың астына келетін тұсы имектеле
сүйірленіп жасалады. Мұның ұзындығы-60-70 см-дей, көлденеңі -80 см. Екі
жақ бетіне ою-өрнек жүргізіледі. Ал, қарама-қарсы беттерінің арасы 3-4
көлденең шабақтармен қосылады. Бетіне жүргізілген ою-өрнек мотиві
зооморфтық оюлар мен геометриялық фигуралар. Бедерлі оюлары қоңыр, ал түрі
қара бояулармен боялады.
Кейбір жастық ағаштың іші-сырты түгелдей бедерлі оюлармен
безендіріледі, ол оюлар эмаль тәрізденген қызғылт сары, терең ойылған түрі
ақ, қара түсті бояулармен боялады. Ою- өрнек мотиві зооморфтық,
геометриялық фигуралар мен өсімдік тектес өрнектердің әдемі тоғысуы арқылы
жасалады.
Жүкаяқ. Жүкаяқтағы әр бөлшек бетіне жүргізілген ою-өрнектердің
композициялары өз алдына бөлек орындалған. Ою ерекшеліктеріне келсек, екі
аяқ беттерінде қошқармүйіз-геометриялық фигуралар тоғыса орындалған.
Үстіңгі жалпақ және астыңғы жіңішке ағаштардың беттеріне өсімдік тектес
әдемі ою-өрнек жүргізілген. Ою-өрнектері- жасыл, түрі- көк, жиектері –көк
және сары, өсімдік сабағының ұштарынан шығарылған гүлдер – сары, қызыл
бояуларымен орындалады. Аяқтарының төменгі жақтары тұяқ тәрізденіп
мүсінделіп жонылған да қызыл бояумен боялған.
Қол сандық, әбдіре және жағлан киім-кешек, әр түрлі уақ-түйек бұйымдар
сақтау үшін үлкенді- кішілі пайдаланылған.
Мысалы, 1959 жылы Арыс ауданынан табылған жүкаяқ. Оның бет жағы
түгелдей түсті бояулармен әдемі өрнектелген. Әр бөлшек бетіне жүргізілген
ою-өрнектердің композициялары өз алдына бөлек орындалған. Ою
ерекшеліктеріне келсек, екі аяқ беттерінде қошқар мүйіз – геометриялық
фигуралар тоғыса орындалған. Үстіңгі жалпақ және астыңғы жіңішке
ағаштардың беттеріне өсімдік тектес әдемі ою-өрнек жүргізілген. Ою-
өрнектері – жасыл, түрі – көк, жиектері – көк және сары, өсімдік
сабағының ұштарынан шығарылған гүлдер – сары, қызыл бояулармен орындалған.
Аяқтарының төменгі жақтары тұяқ тәрізденіп мүсінделіп жонылған да қызыл
бояумен боялған.
Үлкен әбдіре- жұқа қарағай тақтайлардан жасалады. Олардың сырты
түгелдей қызыл, жасыл немесе қара бояулармен боялатын да бет жағы жез,
күміс, түсті тастармен безендіріледі.
Ою-өрнектер қызыл шұғамен тысталған бетіне алтындай жарқыраған
сары жезден салынған. Көбінесе қошқармүйіз оюы жүргізілген.
Жағландардың сүйегі қарағай тақтайдан, тек қолдан жасалған шегелер арқылы
құрастырылған. Сырты түгелдей қалың қоңыр түсті былғарымен қапталып, бет
жағына стильденген қошқармүйіз , қосмүйіз оюлары бедерленген. Оған
қосымша үш жерден ортасында қызыл тастары бар үлкен-үлкен үш дөңгелек
күміс гүл шоқтары бейнеленген. Жиектері мен бұрыштары әр түрлі күміс
әшекейлермен безендірілген. Жағланды құлыптауға арналған темір ілгектің
бет жағы күмістеліп, төрт жерден қызыл тас орнатылған.
Ою-өрнектерінің әшекейленуіне қарай қол сандықтар төрт топқа
бөлінеді:
Бірінші топтағы қол сандық жиектеріне қиыстырылған сүйек
әшекейлердің бетіне қос мүйіз оюлары жүргізілген. Алдыңғы бетіне үш үлкен
шаршы ойыстырылған. Олардың араларында, астыңғы жағында шебер
қиюластырылған әшекей беттерінде әдемі оюлар бар және астына жез немесе
шұға төселген. Қол сандық ішкі құлыппен ашылып-жабылады. Ондағы әр түрлі
сүйек әшекейлердің қиысу тәртібі де, әшекей беттеріне жүргізілген ою-
өрнектер де симметрия заңдылығын мұқият сақтай орындалған.
Екінші топқа бет жағы түрлі түсті бояулармен әдемі өрнектелген
қол сандық жатады. Қол сандықтарды бойжеткен қыздарға арнап жасататын, ол
ұзатылғанда жасау құрамына енеді. Олай болса, қол сандықтар бойжеткен
қыздар мен жаңа түскен жас келіншектердің еншісіндегі өте сәнді
бұйымдардың бірі. Оның көлемі де шағын болатындықтан қыз-келіншектердің
ине-жіп, айна- тарақ, әтір, сабын сияқты уақ- түйек бұйымдарын сақтауға
арналады [9].
Көпшілік қауымның жасататын қол сандықтары тек ағаштан ғана
мұқият өңделіп, бір түсті бояумен сырланып жасалады. Сән қуған кісілер қол
сандық беттеріне нұсқалы, бедерлі оюлар ойғызып, түрлі түсті бояулармен
сан қилы ою-өрнектер салғызады. Бұған қоса неше түрлі шұға, асыл тастар,
сүйек пен күміс әшекейлерін кеңінен пайдаланатын болған. Әрине, қазіргі
күнде қарапайым қол сандықтар сирек кездеседі. Ел арасында да,
мұражайларда да қол сандықтың өте әсем көркемделген қымбат үлгілері ғана
сақталған. Сондықтан, бұл арада бетіне жүргізілген ою-өрнектері,
әшекейлері бір-біріне ұқсамайтын нағыз өнер туындысы ретінде танылатын қол
сандықтардың бірнеше үлгісі бар.
Мұндағы ою ерекшеліктері өсімдік тектес өрнектер мен стильденген
зооморфтық оюлардың етене тоғысуымен сипатталады. Қол сандық бетіне
жүргізілген ою-өрнектер симметриялы екі бөлек суреттен тұрады. Олар бірін-
бірі толықтырып, бірлікте жасалған. Ою-өрнектер, олардың ішкі-сыртқы
түрлері, айнала жиектері қоңыр, жасыл, көк және қара бояулармен асқан
ұқыптылықпен боялған.
Үшінші топқа жататын екі қол сандықтың алдыңғы беттері ғана өте
күрделі. Өсімдік тектес және геометриялық фигуралар бейнесінде бедерлі
оюлар ойылып, түрлі түсті бояулармен нақышталған. Қол сандықтың айнала
жиегіне өсімдік тектес ою нұсқалары ойылған. Ол ақ, қызыл, жасыл
бояулармен боялса, ою арасынан көрініп тұратын терең түр қара бояумен
боялған.
Төртінші топқа жататын қолсандықтың алдыңғы беттеріндегі өсімдік
тектес және зооморфтық оюлар әр түрлі геометриялық фигуралар бір-бірімен
айқасып жатады да, ақ, қызыл, жасыл, сары, қоңыр түсті бояуларымен бояу
арқылы бір жазықтықта ойылған оюларды 2-3 қатар деңгейде ойылғандай етіп
көрсетеді [25].
Кебеже – азық-түлік сақтауға арналған бұйым. Бұл кебежелердің ою-
өрнек мотиві, негізінен, өсімдік тектес болғанымен, геометриялық және
стильденген зооморфтық (сыңар мүйіз, қошқармүйіз) өрнек
элементтерімен де толықтырылады. Әдетте, ою-өрнектер көк, ақ, қызыл, жасыл
бояуларымен боялады. Көбінесе, қоңыр, ашық қоңыр түсті бояуларымен боялып,
ою-өрнек жүйесі айқын көрінетіндей болып жасалады.
Кейбір кебежелердің ағаш ісі мұқият өңделіп, оның беттері
сырланбай, тек мінсіз ойылған ою-өрнек күйінде қалдырылады. Осы
кебежелердің қай-қайсысының болсын ою-өрнектерін орындауда симметрия
заңдылығы мен композиция тұтастығы берік сақталған. Кебеже беттеріне
сырмақ, текемет оюларын ойып жасайтын шеберлер де болған. Мұндай
кебежелердің ою-өрнегі, негізінен, стильденген қошқармүйіз, қосмүйіз болып
келеді, кейде өсімдік тектес өрнектер де ұшырасады.
Кебеженің бетін түгелдей түрлі түсті бояулармен безендіру әдісі
де қолданылған. Бұлардың кейбіреулерінің бетіне жұмырлап мүсіндеген
жиектер шегеленіп, ортасына 2-3 төрт бұрышты табақшалар орнатылвп немесе
кебеже бетінің жоғары және төменгі жиектеріне қосмүйіз оюлары ойылып
безендірілген. Ал, түрі ақ, қызыл, жасыл, көк, қоңыр, қара, сары түсті
бояулармен көмкерілді. Ою зооморфтық, геометриялық және символдық
өрнектердің орынды тоғысуы арқылы әдемі орындалған.
Қайсыбір кебеже бетінің айнала жиектері мен орта ағаштарының бетіне
сыңармүйіз, қошқармүйіз және геометриялық фигуралардан тұратын
өрнектер түсті бояулармен салынған. Жалпы, кебеже ісі жатық, симметрия
заңдылығы берік сақталған. Кебеже беті бедерлі оюлармен өрнектеліп, түсті
бояулармен көркемделген. Ортасына бейнеленетін үлкен иірімді жұлдыздың екі
жағындағы бір-біріне ұқсас оюлар, айнала жүргізілген жиектер, оның бойына
жасалған шағын жұлдыздар кебеже бетіндегі ою-өрнектің композициялық
тұтастығын қамтамасыз етеді.
Сүйектелген кебеженің бір түрі Семей облысында табылған. Бұл
кебеже бетінің айнала жиегіне нәзік ойылған сүйек әшекейлер тұтас
жүргізілген. Кебеже бетінің ортасына стильденген қошқар мүйіз, сыңар
мүйіз, өсімдік тектес, ұшқан құс бейнесіне ұқсас оюларды сүйектеп ойып,
кебеже бетіне күміс шегелермен шегеленген. Мұқият өңделіп, бірнеше қайтара
өсімдік майы жағылған қайынның табиғи түрі мен ақ сары сүйек түстері өте
жақсы үйлесім тауып тұр.
Кебеженің бетін түгелдей түрлі түсті бояулармен безендіру әдісі
Шымкент, Жетісу өңірлерінде кездеседі. Бұлардың кейбіреулерінің бетіне
жұмырлап мүсінделген жиектер шегеленіп, ортасына 2-3 төрт бұрышты
табақшалар орнатылып немесе кебеже бетінің жоғарғы және төменгі жиектеріне
қос мүйіз оюлары ойылып безендірілген. Ал, түрі ақ, қызыл, жасыл, көк,
қоңыр, қара, сары түсті бояулармен көмкеріледі. Ою зооморфтық,
геометриялық және символдық өрнектердің орынды тоғысуы арқылы әдемі
орындалған. ХХ ғасырдың басында жасалған кебеже Алматы облысының
Еңбекшіқазақ ауданынан табылған. Мұның бет жағы алты көзді терезе кәсегі
тәрізденіп жасалған. Көз – бөлек орнатылатын төрт бұрышты табақшалар.
Табақшалар көк, қызыл, жасыл бояулармен боялып, беттеріне гүл жапырақтары
салынған, олардың айналасына нүктелі символдық дөңгелектер жүргізілген.
Кебеже бетінің айнала жиектері мен орта ағаштарының бетіне сыңар мүйіз,
қошқар мүйіз және геометриялық фигуралардан тұратын өрнектер түсті
бояулармен салынған.
Асадал – ыдыс–аяқ сақтау үшін ағаштан жасалатын бұйымның бірі.
Асадалдардың нұсқалары оюлары ойылып, сүйекпен көркемделеді немесе бетіне
өсімдік тектес өрнектер салынып боялады. Кейбір асадалдарда төрткіл ішіне
қауызын жарған гүл тәріздес ою бедерленіп, айналасына қошқармүйіз өрнек
жүргізіледі. Ал, астыңғы және екінші ортаңғы бөліктің екі жанындағы
төрткіл ішіндегі шеңберге сегіз бұрышты жұлдызша сабақтары үйістірілген
алты жапырақ ақ фонға әр түрлі … жалғасы

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз