ҮЛГЕРІМІ ТӨМЕН ОҚУШЫЛАРМЕН ЖҰМЫС

0







Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




ҮЛГЕРІМІ ТӨМЕН ОҚУШЫЛАРМЕН ЖҰМЫС

Автор: САҒЫНДЫКОВА АЛТЫНАЙ ӘМІРҚЫЗЫ

Бағыты: Қазақ тілі Бөлімі: Авторлық бағдарлама Сыныбы: Басқа

Жарияланған уақыты: 2019-01-07


Материал туралы қысқаша түсінік

МАТЕРИАЛ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТ ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНЕ, ҚАЗАҚ ТІЛДЕ САБАҚ БЕРЕТІН БАСҚА ДА ҰСТАЗДАРҒА ҮЛГЕРІМІ ТӨМЕН ОҚУШЫЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ ҮШІН ТАПТЫРМАЙТЫН ҚҰРАЛ.




«Раздольное негізгі мектебі» КММ

Үлгерімі төмен оқушылармен .жұмыс

Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі:

А.Ә.Сағындыкова

2015-2016 оқу жылы

  • Жыл басында өзіңіздің жұмыс дәптеріңізге сабақ беретін сыныптарыңыздағы балалардың оқу мүмкіндігі туралы мәліметті жазып алыңыз. Ол үшін пән мұғалімдері, класс жетекшісімен әңгімелескен жетіп жатыр. Туыстас пәндерден оқушы бағасын салыстырыңыз.
  • Үлгермеудің себебін анықтап, мүмкіндігінше болдырмау.
  • Оқушының күн режимін жоспарлау, өздігінен жұмыс істеу дағдыларын ата-аналарының көмегімен қоса дамыту, ата-ананы баласына көмектесуге үйрету.
  • Нашар оқушыға табысқа жетуге жағдай туғызу.
  • Оқулық тексті мен үй тапсырмасын орындау жұмыстарын жүйелеу.
  • Өз пәніңіз бойынша пәндік кластан тыс жұмысқа тарту.
  • Жүйелі түрде қосымша жұмыс жүргізу, олармен жұмысты жекешелендіру.
  • Жақсы оқитын оқушының нашар оқитын оқушыға көмегін ұйымдастыру.
  • Үй тапсырмасын нашар оқушының мүмкіндігін ескере отырып жеке дараландыру.

Қазақ тілі сабағында үлгерімі нашар оқушылармен жұмыстың әдіс –тәсілдері

Үлгерімі төмен оқушылармен әр түрлі жұмыс жүргізуге болады. Топпен жұмыс, жұппен жұмыс, жеке дара жұмыс түрлерін жүргізуге болады. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары болу керек. Жаттығулардың түрлері өте көп,сол жаттығулардың түрлерін орындату арқылы білім сапасын жоғарлату қажет. Үлгерімі төмен оқушылармен деңгейлік тапсырмалардың жеңіл түрлерін өткізуге болады. Оқушылардың үлгерім деңгейінің төмен немесе жоғары болуына мұғалімнің жауапкершілігі мол. Мұғалім өзінің пәнін жетік білуі керек. Біліктілігі жоғары, жан –жақты іздену, жұмыс түрлерін түрлендіруі, сабақты қызықты өткізу керек сонда оқушылардың пәнге үлгермеушіліктері азайып немесе мүлдем болмайды. Барлығы мұғалімнің шеберлігімен, оқушының қызықғушылығына байланысты.

  • Функционалдық сипаты: тілдесімде тілдік бірліктерді атқаратын қызметі тұрғысынан іріктеу;
  • Проблемалық сипаты: оқу материалы проблемалық, яғни оқушының өз бетінше ойланып, орындап, шешуіне, сыни ойлауын дамытуға бағытталуы тиіс;
  • Сөз құрамын білу, түбірлес сөздерді табу;
  • Сөзжасамның негізгі түрлерін білу;
  • Таныс емес сөздерді сөз тудырушы, сөз түрлендіруші жұрнақтар арқылы ажырата білу.

Қазіргі мұғалімдерге ұсынылып отырған Артықова Тамара Маденқызының қазақ тілі бойынша тірек сызбалары теориялық материалды игеруге практикалық тұрғыдан үлкен көмек береді. Көптеген психологтардың пікірі бойынша оқыған материалды есте сақтаудың тиімді әдістерінің бірі оны шартты белгілер бойынша танып-білу арқылы есте сақталатынын мойындайды. Сызба арқылы оқыту тәсілдері қажетті грамматикалық тақырыпты жылдам әрі тиімді меңгертуге көп көмегін тигізеді. Мұғалімнің міндеті осы дайын тірек сызба, кестелерді өз жеке іс-тәжірибесін қолдана отырып, әр тақырыпты сорттап, талдап, сызбаларды барынша түсінікті етіп оқушыға жеткізе білу.Мысалы фонетика бойынша и,у дыбыстарының жуан, жіңішке болатына салыстырмалы кестені қолдану керек. Бір ескеретін жағдай жаңа буын оқулықтары мен оқу әдістемелік кешенінің тілді меңгерудегі коммуникативтік ұстаным талаптарына сәйкес болуы керек. Қазақ тілі сабақтарында қолданылатын көрнекіліктердің бір түрі – дидактикалық карточкалар. Дидактикалық карточкалар таратылып бергенде, тақтада сол тақырыпқа байланысты тірек-сызба ілініп тұру керек. Грамматикалық ұғымдар практикалық жолмен іске асырылады. Олар тақырып ерекшелігіне бөлініп отырады. Мысалы, етіс шақтары кестеде сызбамен жалпылама көрсетілсе, оны оқушыларға, мәселен, етістіктің нақ осы шағы қалай жасалатынын тек бір жақта, жекеше, көпше түрдеге түріне сызба бойынша көрсетіп, әрі қарай өзі жалғастырып кете алады. Ескеретін жай оқулықтағы барлық материалдарды сызба немесе көрнекілікке айналдыруға болмайды. Педагогикалық талап – білім беру жолында қолданылатын теория мен практиканы басшылыққа ала отырып, мұғалім оқушылардың тілден алған теориялық білімін практика жүзінде меңгерту мақсатталады. Қазақ тілінде әр септіктің грамматикалық формасы біркелкі жүйеде қалыптасқан. Бірақ оны жаттап алу оқушылардың қазақ тілін сапалы түрде тиянақты меңгеруі дұрыс нәтиже бере бермейді. Ол үшін Жүнісбековтың түспен ажырата білу тәсілін қолданса артық емес. Мысалы үнді, ұяң, қатаң дыбыстарды үш түспен көрсетіп, жуан мен жіңішкені жуан мен жіңішке арқылы көрсетіп қойса, оны үлгерімі нашар оқушыларды өзі-ақ тапсырманы қиналмай орындап береді. Тиісті затты көзбен көру, қолмен ұстау арқылы жүргізілетін сабақ ұзақ есте қалады. Осындай тірек материалдарын, сигналды карточкаларды, символдарды мол пайдалану педагогикалық технологияның бір тармағы – жеделдетіп оқытуға жатады. Ол күштеусіз оқытуға жеке тұлғаның мүмкіндігін ашуға септігін тигізеді. Ал, сөз құрамын меңгерткенде «Орнын тап!» атты көрнекілікті пайдаланса, оқушыларға ой шақыртып, ойлантуға мәжбүрлейді. Бұрынғы білім негізінде соны пайдалана отырып жаңа проблема шешеді: ойлап табады, құрастырады, шығарады, байланыстырады, көрсетеді, жазады, салыстырады, табады, талқылайды. Алған білімін жіктейді, саралай біледі, ең негізгі түйінін түсіне біледі. Мұғалім мен бала бірігіп жұмыс істейді яғни тікелей қарым-қатынас туындайды, оқушының ықыласы артады. Тірек сызбалармен жұмыс істеу – оқушылардың логикалық ойлау әдісін кеңейтіп, өз бетінше жұмыс істеу қабілетін арттырады. Жұмысты көбіне оқушылар өздері ойланып орындай алатындай етіп ойластырған жөн. Қиындық түрлері:

  • Сабаққа дайындықсыз келу, оқу құралдарын түгел әкелмеу, үй тапсырмасын орындамау.
  • Эмоция жағынан көңіл күйінің бір қалыпты еместігі, аумалы – төкпелі жеңіл мінездігі немесе өзімен — өзі болуы.
  • Ата- ана тарапынан
  • бала эмоциясына көңіл аудармау
  • Сабақтан себепсіз көп қалу
  • Кез келген жағымсыз істерге үйір
  • Үлгерімі нашар, қабылдауы төмен.







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.