Үкімет басшысы АӨК-ді қолдау жүйесін жетілдіруге байланысты кеңес өткізді

0

Үкімет басшысы АӨК-ді қолдау жүйесін жетілдіруге байланысты кеңес өткізді

9 қараша күні ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Үкімет үйінде Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелеріне арналған кеңес өткізді.

Жиналыс барысында ел экономикасының күре тамыры саналатын ауыл шаруашылығындағы қаржылық қолдау моделін жетілдіру мәселесі көтерілді. Осы тақырып шеңберінде Премьер-Министрдің орынбасары  – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев және «ҚазАгро» ҰБХ басқармасының төрағасы Рүстем Құрманов ұсыныстарын білдірді.

АӨК дамыту мәселелеріне арналған жиналысқа ҚР Премьер –- Министрінің орынбасары Е.Досаев, «Қазақстанның даму банкі» АҚ басқарма төрағасы және «ҚазАгро» ҰБХ директорлар кеңесінің мүшесі Б.Жәмішев, ҚР Қаржы министрі Ә.Смайылов қатысты.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз