Ұйымдастырылған оқу іс – қызметі, Сауат ашу, Б дыбысы мен әрпі

0

Сауат ашу негіздері
Білім беру саласы: Коммуникация
Ұйымдастырылған оқу іс – қызметі: Сауат ашу және жазу негіздері
Тақырыбы: «Б» дыбысы және әрпі
Мақсаты: Балаларды «Б» дыбысы мен таныстыру. Құрамында «б» дыбысы бар сөздерге талдау жасауға үйрету.
Әдіс — тәсілдері: Сұрақ — жауап, әңгімелеу түсіндіру.
Көрнекіліктер: бақаның, бесіктің, «б» дыбысының суреттері, сөзжұмбақтар.
Педагог:
Шаттық шеңбері
Кел балалар тұрайық
Үлкен шеңбер құрайық
Қол ұсатасып бәріміз
Қанекей дос болайық
Педагог: Балалар бүгін бізде ерекше күн, біздің тобымызға көптеген қонақтар келіпті. Балалар бүгін ерекше күн болғандықтан сабағымызда ерекше болмақ. Көңілді отырып сабағымызды бастайық.
Балалар:
Балалар педагогпен бірге шаттық шеңберін орындайды. Мұқият тыңдайды. Қызығушылық танытады.
Тәрбиеші: мен кімге тақияны тақияны кигіземін сол бала сұраққа жауап береді. Әр — бір сұраққа дұрыс жауап берген бала қызыл түсті партаға отырады ол дегеніміз. осы топтағы, ең ақылды дарынды бала дегенді блдіреді а. Ал ендеше барымызды саламыз.
Балалар бір жылда неше мезгіл бар?
4 мезгіл бар.
Қазір жылдың қай мезгілі?
Қыс мезгілі
Күз мезгілінің қай айы?
Қаңтар айы
Аптаның қай күні?
Жұма
Жарайсыңдар балалар!
Жұмбақ:
Алыстағы көлде,
Кеш те, түн де,
Бақ — бақ етіп
Шулайтын ол не?
Ия дұрыс айтасыңдар. Бақа сөзі қай дыбыстан басталып тұр. Дұрыс айтасыңдар «Б» дыбысынан ендеше біздің сабағымыз тақырыбы «Б» дыбысы болмақ. Қане, бәріміз «Б» деп қайталайық. Ерін бір — біріне жабысып тиеді, дауыс екпінінмен «б» дыбысы пайда болады. Дыбыс дешеніміз не?
Әріп дегенніміз не?
Дыбыстар қалай бөлінеді?
Дауыссыз дыбысты қалай білеміз?
Дауысты дыбыс дегеніміз не?
«Б» дыбысын созып айтуға болмайды. «М» дыбысына ұқсап кетеді екен. Сондықтан «Б» дыбысы дауыссыз дыбыс болып саналады. Дауыссы дыбыстарды қандай түспен белгілейміз?
Балалар:
— Көк.
Педагог: «Б» дыбысынан басталатын сөздер айтайықшы?
Балалар: «Бақа, балға, бағбан, барабан, балабақша». Бақа сөзін не дыбыстық талдау жасайық буынға бөлеміз. Ба — қа, сөзде неше дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.
Б – дауыссыз
А — дауысыт дыбыс
Қ — дауыссыз дыбыс
А — дауысты дыбыс
«Бота» сөзіне дыбыстық талдау жасау ысты дыбыс
Бота «Бо — та» сөзіне дыбыстық талдау жасау.
Ба — ла, ба — лық
Бұ — лт. ба — ра — бан. Бө — пе
Баба – үлкен кісі, ата – бабаларымыз.
Бата – ас қайыру, үлкен тойларда айтылады
Тіл жаттықтыру:
Ба — ба – бақа
Та — та тасбақа
балаларға ойыншық балға, балтаны көрсетеді, балалар көрсетілген заттардың атын атайды. Олардың ортақ аттары құрал — саймандар екені айтылады. Осылайша басқа да ойыншықтар: балық, бүркіт, бұғы, бұзау, балапан, бақаны көрсетіп, аттарын ататқызады.
— Осы сөздердің барлығында б дыбысы қай жерде тұр?
— Шалбар деген сөзде б дыбысы бар ма?
— Өте дұрыс. Бұл сөзде ортасында естіліп тұр.
— Енді осы б дыбысын дауыстап айтып көрейікші және б дыбысын созып айтып көрейікші, не байқадыңдар?
Балалар б дыбысын дауыстап айту кезінде еріндерінің бір — біріне тиетінін, б дыбысын созып айтуға келмейтінін, б дыбысын ы дыбысының көмегімен ғана созып айтатындарын айтады.
— Олай болса б дыбысы қандай дыбыс екен?
Б дыбысына келетін сөздерді буынға бөлдіріп айтқызу.
Бөрік, барабан, клуб сөздеріне дыбыстық талдау жасатып, ондағы б дыбысының орнын ажыратқызады.
Табада бар, Танада жоқ.
Сабада бар, Санада жоқ. (Б дыбысы)
Б – әріпін ауада, жазу, парта үстінде санамақпен жаздырту.
Әріп кестелерімен жұмыс жасау.
Өткен әріптермен сөздер жаздыру.
Бор
Бота
Нан
Ата
Ана
Ойын « сиқырлы қалта»
Әріптерді қоржынның ішінен алып шығу.
Өздері қандай әріп екенін айтып береді
Сергіту сәті:
Бақа, бақа балпақ.
Басың неге жалпақ.
Темір телпек көп кидім
Содан басым жалпақ
Бақа бақа балпақ
Көзің неге тостақ
Қарауылды көп қарап
Көзім содан тостақ.
«Бо — та» сөзіне дыбыстық талдау жасау.
Бинго әдісі
Әріптерді жаздыру.
Үлгі дәптермен жұмыс суреттерді бастырып шығу.
Қорытынды:
Балалар бүгін қандай жаңа дыбыс өттік?
«Б» дыбысы.
«Б» дыбысы қандай дыбыс?
Дауыссыз дыбыс.

Жамбыл облысы Тараз қаласы
№18 «Еркежан» бөбекжай — бақшасы
Самылтырова Гульнур Шекербековна

Сабақтың толық нұсқасын жүктеу