Үйсіндер шаруашылығы

0

 

Үйсіндер шаруашылығы

 

Автор: Олжабаева Мадина Кайдаровна

 

Бағыты: Қазақстан тарихы Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: 5 сынып

 

Жарияланған уақыты: 2019-01-09

 

Материал туралы қысқаша түсінік

 

мұғалімге көмек


Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысыСабақтың тақырыбы: Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы.Сабақтың мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін толықтыру, өткен сабақтарды пысықтау ретінде қосымша деректер арқылы үйсін тақырыбы бойынша түсініктерін кеңейту.Дамытушылық: Оқушының ой-өрісін, ойлау, сөйлеу қабілетін ашатын сұрақтар қою және сұрақ-жауап әдісі бойынша сабақтың тақырыбына сай білімін толықтыру.Тәрбиелік: Ежелгі тайпалардың тарихын, шаруашылығын, мәдениеті мен білімін пайдалана отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.Сабақ түрі: Жаңа сабақСабақ әдісі: Білімді жинақтау.Сабақ көрнекілігі: Қазақстанның картасы, тірек-сызбалары, буклет, сөз жұмбақ.Сабақ барысыI. Ұйымдастыру кезеңі.а) оқушылардың оқу құралдарын тексеру.б) сынып тазалығына көңіл бөлу.II. Үй тапсырмасын тексеру.1. Үйсіндер туралы деректер қай ғасырға жатады?Жауабы: Б.з 3 ғасыр мен б.з.-дың 4 ғасыры аралығында өмір сүрген 2. Ертедегі үйсіндер мекендеген жерлерді картадан көрсет.3. Үйсін қоныстары қай жерлерден табылдыЖауабы: Үйсін мәдениеті деп аталатын ескерткіштер, негізінен, Жетісуда шоғырланған.4. Үйсіндер қай елмен сауда қарым-қатынасын жасағанЖауабы: Олар өзімен көрші жатқан Қытай сияқты ірі елдермен сауда қарым-қатынасын орнатқан5. Үйсіндердің қоғамдық құрылысы.III. Үй тапсырмасын қорыту.IV. Жаңа сабақ: Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы.Жоспар:1. Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы.2. Егіншілік пен отырықшылық.3. Түрлі кәсіпшілік.4. Үйсіндердің салт-дәстүрі мен діни нанымдары Сөздік:Тәтітәж құсаған басқа киілетін нәрсе немесе металл сақина.Балдақтүйе мүсіншесі орнатылған көзі жоқ сақинаСабақ түсіндіру.V. Оқулықпен жұмыс.VI. Сабақты бекіту.«Жұлдызды сәт» ойыны:1. Үйсіндерде малдың қандай түрлері өсірілді?( Қой, жылқы, сиыр, қос өркешті түйе, ешкі )2. Үйсіндер күнделікті тұрмысқа қажетті қандай бұйымдар жасады? (Ыдыстар, аяқ киім, тері шалбар, бешпент, киім-кешектер )3. Үйсіндер қысқы үйлерін неден тұрғызған? (Шикі кірпіштен және тақта тастан балшық лай құйып қалады. )4. Үйсіндердің қыш ыдыстарына ненің суреті салынған? (Күннің суреті салынған )5. Үйсіндер қандай дақылдарды екті? (Дәнді дақылдарды екті:арпа, бидай, тары. )6. Үйсіндер айналысқан кәсіп түрлерін атаңыз?(Шеберлер, зергерлер, құмырашылар).7. Үйсіндердің діни нанымдары қандай болған? (О дүниедегі өмірге сену, құрбандық шалу. )VII. Сабақты қорыту.Тест.1. Ертедегі Қытай жазбаларында «Усун» атауы қай ғасырдан бастап кездеседі?a) Б.з.б. III ғ.b) Б.з.б. II ғ.c) Б.з.б. I ғ.d) Б.з.б. IV ғ.2. Үйсіндердің астанасы қай қала?a) Суябb)Қызыл Аңғарc) Қойлықd) Тараз 3. Үйсіндерде егіншіліктің болғандығын дәлелдейтін қыстау, қоныстың аты.a) Ақтасb) Шу өңіріc) Талас бойыd) Іле аймағы 4. Үйсіндерді кім басқарды?a) Шаньюb) Ханc) Гуньмоd) Патша 5. Үйсін обасынан табылған алтын жүзіктің бетінде қандай жануар бейнеленген?a) Жылқыb) Қойc) Түйеd) Ешкі 6. Қазба жұмыстары кезінде үйсіндер егіншілікте пайдаланған қандай құрал-саймандар табылды?a) Қола орақтарb) Темір кетпенc) Мыс балтаd) Тас шапқы 7. Үйсін шеберлері саз балшықтан ыдыс жасауда қандай әдісті қолданған?a) Көзе ұршықтарына таспа орау әдісіb) Пішіндеу әдісіc) Омыру әдісіd) Үңгіп қазу әдісі 8. Үйсіндер ыдыс жасау үшін қандай ағаш пайдаланған?a) Талb) Қайыңc) Тобылғыd) Қарағай9. Үйсіндер қысқы үйлерін неден тұрғызды?a) Ағаштанb) Шикі кірпіштенc) Тастанd) Құмнан10. Үйсіндердің қыш ыдыстарына ненің суреті салынды?a) Жылқыb) Айc) Күнd) Түлкі Үй тапсырмасы: «Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы» тақырыбын оқу.Оқушыларды бағалау

Материалды сайттан тегін жүктеу

 

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!

 

Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.