«Ұйқым кеп тұр менің де»: Енесіне әзіл ән арнаған келін желіде хит болды (ВИДЕО)

0

Ыдыс жуып отырып, енесіне ән арнаған келін желінің жұлдызына айналды деп жазады NUR.KZ.

«Ене, ене, ене, Жұмыс бітпейді неге? Ұйқым кеп тұр, ене. Адаммын ғой менде», — деп әнін бастаған видеодағы келін.

Өзінің шаршағанын ән арқылы жеткізген келінге көпшілік риза болып, түрлі пікірлерін жаудырған.

«Жарайсыздар», «Расымен, келіндер де адам ғой», «Мына әзілдеріңіз керемет екен».

«Тоқтаусыз күліп алдым», «Әннің сөзін керемет келтіріпсіздер», «Жаттап алатын өлең екен», «Рас, келінді адам көрмейтін енелер бар» деп жазды оқырмандар.

Айта кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын жас келінді көп қабатты үйдің терезесінен кранмен кіргізгендер жайлы жазған болатынбыз.

Сондай-ақ тойдағы ел көрмеген «кемпір өлу» ырымын ойнатып, елді шошытқан асаба жайлы да хабарлаған едік.