Тың жерлерді игерудің мақсаттары | Скачать Курстық жұмыс
Тақырыбы: Тың және тыңайған жерлерді игеру кезіндегі Қазақстан.
Мазмұны
Кіріспе
… … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … 3
1.Тың және тыңайған жерлерді игерудің басталуы … … … … … …4-
9
2.Тың жерлерді игерудің мақсаттары
… … … … … … … … … … …10-14
3.Тың және тыңыйған жерлерді игерудің жақсы және көлеңкі жақтары
… … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … .15-23
Қорытынды
… … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … 24
Қолданылған әдебиеттер
… … … … … … … … … … … … … … … … … … …25
Қосымша
… … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … 26-27
Кіріспе
Тың дегеніміз тек жер жырту ғана емес, ол –жаңа жолдар мен электр
бағаналары, каналдар мен су құбырлары, тұрғын үйлер мен мектептер,
ауруханалар, әуе айлақтары, элеваторлар мен зауыттар, ғылыми орталықтар,
мал шаруашылығы кешендері. Әр елдің тарихында ерекше орын алар шешуші
оқиғалар болады. Осыдан 50 жыл бұрын КСРО-ның түкпір-түкпірінен Қазақстанға
жастар ағылып келе бастады. Кейін біреулері туған жерлеріне қайтып келсе,
енді біреулері үшін Қазақстан отанына айналды, олар түтін түтеніп, ұл-қыз,
немере сүйіп қойды. Әрине тың игеру жылдары экологиялық, экономикалық
салада көп қателіктер жіберілді, ұлт ісінде үлкен олқылықтар болды. Бірақ,
бір нәрсе айқын: тың науқанының жақсы және жаман жақтарын салыстуры мүмкін
емес.1954 жылы Қазақстанда тыңайған жерлерді жаппай игеру басталды. Ал
2004 жылы мемлекетіміз тыңның 50 жылдығын тойлады.
Бұл тақырып маған ұнады, себебі 50 жыл ішінде біздің ата-
бабаларымыз тың игеру жылдарында көптеген қиыншылақтар көрді. Қазіргі
уақытта Қазақстан дамыған мемлекеттердің бірі. Қазақстан тың игеру жылдарда
көптеген қиыншылықтарды көріп, бірақ сол қыиншылықтарға қарамай ең дамыған
мемлекеттердің бірі. Тың игеру жылдарында техника, адамдар, тұрғын үйлер
жетіспеді сонымен қатар елімізге көптеген елдерден арамтамақтар келді.
Соғыстан кейінгі жылдары қиын болды, бірақ мемлекеттер арасындағы қарым-
қатынастар бір-біріне көп ықпалын еткізді. Менің мақсатым бұл курстық
жұмыста барлық қиыншылықтарды және көлеңкі жерлерді суреттеу. Біздің
мақсатымыз тың игерген ата-бабаларымызды құрметтеу және мақтан тұту. Тың
жерлерді игеру жылдарын ата-бабаларамыз еске алғанда, олардың көзіне жас
келеді.
1.Тың және тыңайған жерлерді игерудің басталуы
Соғыстан кейінгі алғашқы жылдар ауыл шаруашылығы үшін ауыр болды.
Тың және тыңайған жерлерді игеру идеясы пайда болды. Бұл шараны жүзеге
асырудың қарсаңында өткен Қазақстан Компартиясының VII съезінде (1954ж.
қаңтар) оның Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Ж.Шаяхметов босатылып,
оның орнына П.К.Пономаренко сайланып, екінші хатшының орнына Л.И. Брежнев
отырғызылды. Ж. Ж.Шаяхметовты биліктен қуу мәселесі Қазақстанның партия
ұйымымен келісілместен, Кремльде шешілді. Тың жерлерді жаппай игеру бағыты
КОКП Орталық Комитетінің 1954 жылғы қаңтар-наурыз пленумында анықталды.
Пленум қабылдаған Елімізде астық өндіруді одан әрі арттыру туралы, тың
және тыңайған жерлерді игеру туралы қаулы бойынша Қазақстанда, Сібірде,
Уралда және Солтүстік Кавказда астықтық дақылдардың егіс көлемі күрт өсуге
тиісті болды. Жаңа жерлерді игеру есебінен 1954-1955 жылы одан 1100-1200
миллион пұт астық алу белгіленді.
1954 жылдың тамызының басына қарай КСРО-ды игеру жөнінде
белгіленген тапсырма орындалды: 13,4 миллион гектар жаңа жерлер, оның
ішінде Қазақстанда 6,5 миллион гектар жер жыртылды. 1954 жылғы тамыздың 13-
інде КОКП Орталық Комитеті мен КСРО Министрлер Кеңесі Астық өндіруді
молайту үшін тың және тыңайған жерлерді одан әрі игеру туралы жаңа қаулы
қабылдады. Онда 1956 жылы тың жерлердегі егістік көлемін 28-30 миллион
гектарға жеткізу міндеті қойылды. КСРО-ның еуропалық бөлігін қамтыған қатты
қуаншылыққа байланысты елді астықпен, мал өнімдерімен қамтамасыз етуде
Шығыс аудандарға, соның ішінде Қазақстанға үміт артылды. Республика
еңбеккерлері ауыл шаруашылығы өнімдерін көп тапсыру үшін аянбай еңбек етті.
Ол жылдары Қазақстаннның егіншілік мәдениеті мейлінше төмен болды. Ауыл
шаруашылығы техникасының жетіспеуінен, КСРО-ның өзге өнірлеріндегіндей,
егіске күш малын пайдалану 1960 жылдарға дейін орын алып келді. Ауыл
шаруашылығы өндірісінің ұйымдастыруда өрескел келенсіздіктерге жол берілді.
Ұжымшарлар мен кеңшарларды билеп тұрған сауаты төмен, әпербақан, айғайшы
басшылардың қоғамдық әрекетінің оңды нәтижелерге бастауы мүмкін де емес
еді. Жағдайды жақсартуға бағытталған шаралар да жүргізілмей қойған жоқ.
Ауыл шаруашылығы өндірісін өркендету жөнінде бағдарлама
белгіленіп, шаруашылыққа, басшылықты жақсарту міндеті қойылды. 1949 жылы
мал шаруашылығын дамыту жоспары қабылданды. Қазақстан ұжымшарларына түрлі
ұйымдардың 214 миллион сом берешегі, көптеген мал, техника және заңсыз
алынған 540 мың гектар жер қайтарылып берілді. Әкімшілік-шаруашылық
қызметкерлері едәуір қысқартылды. Ауыл шаруашылығына маман кадрлар дайындау
ісі жолға қойыла бастады. Ұжымшар өндірісін шоғырландырудың бірқатар игі
әсері болды. Техника өнімді пайдаланыла бастады. Өнімсіз шығындар қысқарып,
еңбек ресурстарын пайдаланудың тиімділігі артты. Ол жылдары ұжымшарлар
Қазақстанның ауыл шаруашылығында жетекші орында болды. Сонымен қоса, бұл
жылдары кеңшарлар да құрылып, дами бастады. Қазақстан кеңшарлары,
негізінен, мал шаруашылығы бағытында болды. Алайда бүкіл Одақтағы сияқты,
Қазақстанның ауыл шаруашылығы да халықтың азыққа және өнеркәсіптік
шикізатқа деген қажетін қанағаттандыра алмады. Астық өнімдерінің тапшылығы
айқын сезіле бастады. 1946-1950 жылдары егістік жердің әр гектарынан
алынған өнім орта есеппен 5-6 центнер ғана болды. 1951 жылы республикадағы
ірі қара мал саны 1928 жылғы деңгейден төмен тұрды. Дағдарыстан шығу үшін
өндірістік қатынастар жүйесін өзгерту, атап айтқанда, нарық қатынастарына
көшу керек болатын. Бірақ, ол кезде мұндай әңгіме қозғау мүмкін емес еді.
Билік иелері мәселені экстенсивті жолмен – кең ауқымда тың жерлерді игеру
әдісімен шешуге кірісті. Ауыл шаруашылығының дамуы артта қалуының негізгі
себептерінің бірі – оның материалдык-техникалық жағынан жеткілікті
қамтамасыз етілмеуінде еді. Кеңес мемлекеті ауыр индустрияны өркендетуге
көңіл бөлмей, ауыл шаруашылығына жеткілікті назар аудармады. Мұның салдары
ауыл шаруашылығы мәселерін экстенсивті әдістермен шешуге – тың жерлерді
кең ауқымда игеруге алып келді. 1953 жылдың соңында тың игеруге қатысты
мәселелер Одақ деңгейінде қызу талқыланып жатты. Жарамды жерлері көп
Оралмен, Сібірмен қатар Қазақстан да алдымен аталып жүрді. Орталықтың
нұсқауы бойынша Қазақстан КП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып
П.К.Пономаренко сайланды, ал оның орынбасарлығына, біраз уақыттан кейін
бірінші хатшының өзі болып сайланған Л.И.Брежнев отырғызылды.
Тың және тыңайған жерлерді игеруге туралы шешім 1954 жылдың
көктемінде қабылданды. Онда 1954-1955 жылдары тың жерлерді игеруге есебінен
дәнді дақылдар егісі аумағын 13 милион гектарға арттыру, ол жерлерден 1100-
1200 миллион пұт астық, соның ішінде 800-900 миллион пұт тауарлы астық алу
көзделді. Тың игеру жөніндегі бұл шешімді қазақстандықтар қуанышын
білдірді. Республика еңбекшілері белгіленген шараларды жүзеге асыруға
белсене араласып, шабытты еңбек етті. Бұл науқан кезінде қазақ халқы тағы
да өзіне тән қонақжайлық, интернационалдық бауырмалдық мінезін таныта
білді. КСРО-ның түкпір-түкпірінен адамдар ағылып келе бастады. Ол кезде
коммунистер мен комсомолдардың бастама көтеріп, түрлі науқандарға шақырып
жатуы үйреншікті жай еді. Баспасөз бетінде тың игерушілер сапына қосылуға
шақырған үндеулер мен ұрандар жиі басылып тұрды. Тың игеруге салт басты,
сабау қамшылы жастар ғана емес, отбасымен көшіп келушілер де көп болды.
Алғашында олар далада бой көтерген палаткалы қалашықтарда, вагоншаларда,
жеркепелерде тұрып жатты. Осының өзі сол кез адамдарының психологиясына сай
жарасымды және романтикалы болып көрінуші еді. Тың жерлерді қысқа мерзімде
игеру мақсатында және ауыл шаруашылығын бұрынғыдан әрі дамыту үшін
адамдардың материалдық ынтасын көтеруге бағытталған ұйымдылық шаралар
жүзеге асырылды. Тың игеруге шет жерден ғана емес, республиканың өз ішінен
де адамдар тартылды. Олардың арасында Кеңес Армиясы қатарынан босанып
келгендер көп болды. Тың игеру ісі ауыл шаруашылығына қажетті маман
кадрларды көптен дайындау қажеттігін алға тартты. Тың игерудің алғашқы екі
жылында Қазақстанға Ресей мен Украина, Белорусиядан және басқа одақтас
елдерден тыңды игеруге, бірінші кезеңінде (1654-1356жж.) барлығы 640 мың
адам келді. Бірақ олардың 150 мыңы ғана ауыл шаруашылығының механизаторлары
еді. Тың игеруге қатысқан адамдарды материалдық ынталандыру шаралары жүзеге
асырылды. Тың игеруге басқа жерлерден, ең алдымен Ресейден келушілерге
айтарлықтай жеңілдіктер жасалды. Тың игерушілер барар жеріне шейін тегін
көшірілді. Әр отбасына 500-1000 сомнан, оның әр мүшесіне 150-200 сомнан бір
мезеттік көмек көрсетілді. 10 мың сом көлемінде 10 жылдық мерзімге үй салу
үшін (оның 35%-ын мемлекет өз мойнына алып), мал сатып алуы үшін несие
берілді. 1,5 центнер көлемде астық түрінде азық көмегі көрсетілді. Тың
игерушілер 2 жылдан 5 жылға шейін ауыл шаруашылығы салығынан босатылды.
1954-1959 жылдары Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеруге 20
миллиард сом қаражат жұмсалды. Қазақстан тыңын игеруге ниет білдірген,
Ресей жерінде тұратын қазақ жұртының өкілдері ешқандай материалдық көмек
ала алмады. 1954 жылдан бастап егіске жарамды жерді зерттеу жұмыстары
жүргізілді. Ол жұмыстарға Мәскеудің, Санкт-Петербургтің, Украинаның,
Қазақстанның топырақ зерттеуші ғалымдары, ботаниктері, гидрогеологтары
қатысты. Алайда өмірлік тәжірибе көрсеткендей, орасан көп жерді жыртып
тастаудың зиянды салдары ескерілмеді. Және сол кездің басшыларын келешек
туралы ғылыми болжамға сеніндіру оңай емес те еді. Тың игеру республиканың
Ақмола, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Торғай
облыстарында жүргізілді. 1954 жылдың көктемінен 1955 жылдың көктеміне
дейінгі бір жыл ішінде тың өлкесінде 337 астық кеңшары (совхоз) құрылды.
Олардың 10 миллион гектардан астам егіске жарамды жер болды. 1954 жылдың
өзінде-ақ тың көтеру жөніндегі жоспар артығымен орындалды. Қазақстанда 605
миллион гектар тың жер жыртылды. Астықтың жалпы түсімінің мөлшері 7650 мың
тоннаға жетті. 1950 жылы Қазақстанда 7854 мың гектар жерге дән себіліп,
одан 4,7 миллион тонна астық жиналған болатын. 1955 жылы егіс көлемі 1954
жылғымен салыстырғанда екі еседен көбейіп, 20,6 миллион гектар жер
жыртылғанымен, ауа райының қолайсыздығынан 4750 мың тонна ғана астық
алынды. Тың игерушілер айтарлықтай көрсеткішке 1956 жылы ғана жетті. Бұл
жылы республика 16 миллион тонна астық жинады. Мұны коммунистік
даңғазалықпен 1 миллиард пұт деп ауыз толтыра айтып жүрді.
1956-1958 жылдары республикада тағы да 4,8 милион гектар тың жер
игеріліп, егіс аумағы 28,6 миллион гектарға дейін өсті. Мұның ішінде дәнді
дақылдар егісінің аумағы 23,2 миллион гектар еді. Республикада техникалық
дақылдар, көкөніс, жемшөп өндіру де ұлғайтылды. Тың игерушілерде
көтеріңкі рух, еңбекке деген құлшыныс жоғары болды. Еңбек озаттары көптеп
шығып, социалистік жарыстар ұйымдастырылып жатты. Астық жинаудың түрлі
әдістері дүниеге келді. Қостанай облысындағы Украинский кеңшарының
механизаторлары егінді топтап жинау әдісін тиімді қолдана білді. Олардың
қолда бар техниканы топтап, пісіп тұрған егінді тез жинап алу оңды нәтиже
берді. Ақмола облысының Ярославский кеңшарының бригадирі М.Е.Довжик,
Қостанай облысындағы Павлов атындағы кеңшардың комбайыншысы Ж.Демеев,
Павлодар облысының Буденный атындағы ұжымшарының (колхоз) комбайыншысы
П.Ф.Музыка тағы басқа көптеген тыңгерлер еңбекте тамаша жетістіктерге қол
жеткізді. Тың игеру бидайды ғана емес, астықтың өзге түрлерін өсіруге де
игі ықпал етті. Сол жылдары Қазақстанның оңтүстігінде күріш өсіру ісі
жанданды. Қызылорда облысы Шиелі ауданы Қызыл ту ұжымшарының звено
жетекшісі Ыбырай Жақаев күріштен рекордты өнім алуға қол жеткізіп, еселі
еңбектің тамаша үлгісін көрсетті. Тың игеру кезінде еңбекші бұқараның ерен
ерлігі нәтижесінде Қазақстанда астық өндірудің көлемі артты. Тың көтеру
экономиканың өзге салаларының дамуына да онды ықпал етті.
2.Тың жерлерді игерудің мақсаттары
Соғыстан кейінгі жылдарда өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын дамытуда
орын алған үйлеспеушілікті жою қажеттігі аса айқын сезілді. КОКП-ның
қыркүйек (1953ж.) пленумы ауыл шаруашылығында орын алған жағдайға талдау
жасап, оның даму болашағын анықтауға арналды. Пленумда жаңадан ғана Орталық
Комитеттің бірінші хатшысы болып сайланған Н.С.Хрущев баяндама жасады.
Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру, елдің өскелең қажеттерін
айтарлықтай артта қалдырып еді. Соғыстан бұрыңғы жылдардың өзінде күштеп
ұжымдастыру, сан миллиондаған шаруалардың ашаршылықтың және саяси қуғын-
сүргіннің құрбаны болуы, өнернкәсіпті көп жағдайда ауыл шаруашылығы
есебінен бірінші кезекті дамыту нәтижесінде орын алған өнеркәсіп пен
аграрлық сектордың дамуындағы сәикессіздік күшейе түсті. Егер 50-жылдардың
орта кезінде КСРО-дағы өнеркәсіптің жалпы өнімі 1940 жылғы дәрежесінен 2,5
есе асып түскен болса, ауыл шаруашылығы осы жылғы деңгейінен сәл ғана асты.
Қыркүйек пленумының шешімдері мен Кеңес үкіметінің одан кейін қабылдаған
қаулы-қарарларында ауыл шаруашылығының артта қалуын жою жөніндегі шаралар
жүйесі белгіленді.
Ауыл-село еңбекшілерінің өнім өндіруге деген материалдық ынталылығы
арттырылды, ауыл шаруашылық өнімін дайындау және сатып алу бағасы
көтерілді. Колхоздарға көбірек дербестік беру мақсатымен колхоз өндірісін
жоспарлау, сондай-ақ мемлекетке сатқан өнімі үшін есеп айырысу жүйесі
қаралды. Аграрлық секторды техникамен жабдықтау біршама жақсарды, онда
электр қуаты кеңірек қолданылатын болды, колхоздар мемлекеттік энергетика
жүйесіне қосыла бастады, етті, сүтті, жүнді, картопты, көкөністі сатып алу
бағасы артты, колхоздар мемлекетке төлеуге тиісті, бұрынан жинақталған
қарыздарынан босатылды. Ғалымдардың тың жерлерді осыншама кең көлемде игеру
өзін-өзі ақтамауы және табиғатқа үлкен зиян келтіруі мүмкін деген
жүрексіне, жасқана айтқан ескертулерін ешкім есепке алмады. Керісінше,
алынған қаулы асығыстықпен жүзеге асырылып жатты.
1955 жылы жоспардағы 7,5 миллион гектардың орнына тағы 9,4 миллион
гектар жер жыртылды. Тың жерлердің басым көпшілігі негізінен Қазақстанның
солтүстігіндегі алты облыста — Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан,
Көкшетау, Торғай және Павлодар облыстарында жүзеге асырылды. 1954 жылы
бұрынғыға қосымша колхоздар мен МТС-тердің күшімен 4,847 мың гектар, ал
совхоздардың күшімен 3684 мың гектар жаңа жерлер жыртылды. Сонымен тың және
тыңайған жерлерді игеру жөніндегі екі жылға арналған мемлекеттік жоспар не
бары бір жылда артығымен орындалды. Жаңа жолдар салынып, жаңа елді мекендер
бой көтерді. Тың жерлерді игеруге он мыңдаған мамандар, ауылшаруашылық
өндірісінің ұйымдастырушылары аттандырылды. 1954 жылдың бірінші жартысында
бір ғана Ақмола облысына тың жерді көтеру үшін 20 мыңнан астам адам келді.
Мұның үстіне өнеркәсіп орындарының ұжымдары ауылшаруашылық өндірісіне, тың
және тыңайған жерлерді игеруге 1336 мамандар мен механизаторлар жіберді.
Мәселен, Ақмола облыстық ауыл шаруашылығы мен дайындау қызметкерлерінің
кәсіподағынан 300 адам,
Қазақсельмаш заутынан 121
адам, олардың ішінде жоғары білімді қызметкерлер тың игеруге жіберілді.
1954-1955 жылдары колхоздар мен совхоздарға 4,5 мың маман жіберілсе, 1959
жылы оларда 15 мыңнан астам жоғары және орта білімді маман еңбек етті.
1953-1958 жылдарда ауыл шаруашылығына жалпы алғанда 266,6 мың
механизатор жіберілді. Астық және мал шаруашылығы өнімдерін өндіруі,
арттыру жөнінде партия мен үкімет қабылдаған ірі шараларды жүзеге асырудың
нәтижесінде республикада ауыл шаруашылығының барлық салаларын шұғыл өрге
бастыру үшін қажетті жағдайлар жасалды. Қазақстанның МТС-тері мен
совхоздары екі жылдың ішінде 122 мың трактор (15 атты күшімен есептегенде)
, 30 мыңнан аса комбайн, 22 мыңнан аса жүк автомобильдерін және көптеген
мөлшерде басқа ауылшаруашылық машиналарын алды.
Тың және тыңайған жерлерде 337 жаңа астық совхозы құрылды. Партияның
шақыруы бойынша Қазақстанда тың жерлерді игеруге Ресей Федерациясынан,
Украинадан, Белоруссиядан, және басқа туысқан республикалардан 360 мыңнан
аса механизатор, құрылысшылар және басқа жұмысшылар келді. Колхоздарды,
МТС-тер мен совхоздарды кадрлармен және мамандармен нығайту жөнінде елеулі
жұмыс жүргізілді. МТС-тер мен совхоздарда тұрақты механизатор кадрлары
жасақталды. Мемлекеттің аса зор көмегіне сүйене отырып, республиканың
колхоздары, МТС-тер мен совхоздары партия мен үкіметтің тың және тыңайған
жерлерді игеру жөніндегі тапсырмасын ойдағыдай орындады. Екі жылдың ішінде
18 миллион гектарға жуық, яғни жоспарда көзделгендегіден 2800 мың гектар
жер артық жыртылды. Мұның өзі 1956 жылы егіс көлемін 27 миллион гектарға
дейін, соның ішінде дәнді дақылдар егісін – 23 миллион гектарға дейін
ұлғайтуды қамтамасыз етеді. 1956 жылы совхоздарда егіс көлемі 1953 жылғымен
салыстырғанда 7 есе ұлғайтылды. Бірақ 50-ші жылдардың екінші жартысынды
МТС-тер таратылып, олардың қарамағында болып келген ауыл шаруашылық
техникасы колхоздарға сатылды, бұл процесс 1959 жылы наурызда, яғни бір
жылдың ішінде аяқталды. КОКП Орталық Комитеті Саяси Бюросының мүшесі,
Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшасы Д.А.Қонаевтың тың
және тыңайған жерлерде игерудің 25 жылдығына арналған салтанатты мәжілісте
жасаған баяндамасанынан: Жолдастар! Осынау салтанатты күні, КОКП Орталық
Комитетінің 1954 жылғы ақпан-наурыз пленумының тарихи шешімінен басталатын
оқиғаларға ой жүзінде оралғанда, еліміздің ұлан-байтақ тың жерлерінде
жасалған істердің ауқымы мен ұлылығына таңданбауға болмайды.
Тың біздің республиканың экономикасын, ғылымы мен мәдениетін жан-
жақты дамытудың қуатты тездеткіші болды. Алғашқы тың көктемінің өзі-ақ
ғасырлар бойы игерілмей жатқан ұлан-ғасыр жерлерге жан бітірді, сөйтіп тың
еңбектің есесін қайтара бастады. Ол орасан зор жасампаздық жұмысты дүниеге
ала келген көктем болды, ал оның арғы бастауын, кезінде Владимир Ильич
Ленин күні бұрын болжап, барынша ғылыми негізде дәлелдеп берген болатын.
Тыңда тартылған алғашқы бороздаға барар жол оңай болған жоқ. Қақаған боран
мен ызғырақ аяз, ұйқысыз түндер, тынымсыз ізденістер, ұзақ-сонар ойлар мен
күмәнді күдіктер – міне осының бәрі де болған еді! Алғашқы кезде жұрт кенеп
шатыр мен жертөле үйлерде тұрды, бірақ аянбай жұмыс істеді, кейде ең қажет
нәрсенің өзі жетіспейтін, бірақ артынан бәрі де жақсы болатынын олар білді.
әрқашан алда жүретін коммунистер, алғашқы тың игерушілер, совхоз басшылары
тыңның зор болашағы үшін барлық қиыншылықтарды жеңе білді.
Партия мен үкімет тың эпопеясының барысын мұқият қадағалап отырды.
Шетсіз-шексіз далаға техника, алуан түрлі жабдық толассыз тасқынмен
жіберіліп жатты, барлық жерде қауырт жұмыс қазандай қайнап, жаңа қоныстар
мен автомобиль жолдары, электр желілері мен байланыс тораптары пайда болып
жатты. Өлкенің бейнесін … жалғасы
Дереккөз: https://stud.kz