Түзу, қисық сызық 1 сынып

0



Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады

Бағыты: Бастауыш сынып Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: 1 сынып

Математика (таңдау)
Мерзімі:________ Сыныбы ______
Пән мұғалімі:___________________
Сабақтың тақырыбы: Түзу, қисық сызық. Тұйықталған, тұйықталмаған қисық сызықтар
Сабақтың мақсаты:
Оқушының логикалық ойлау қабілеттерін және шапшаң есептеу дағдыларын жетілдіріп, өздігінен жұмыс жасай алатын жеке тұлға тәрбиелеу.Cабақтың міндеттері:- Логикалық тапсырмалар арқылы жеке зейінін дамыту және қалыптастыру.- Назар аудару ,елестету,есте сақтау, сұрыптау.- Ойша тұжырымдама жасау.
Сабақтың әдісі:Сұрақ-жауап, ойын, тест, әңгімелеу
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар,оқулық, қима қағаздар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Өткен сабақты пысықтау
ІІІ. Жаңа сабақ
Сызық– геометриялық ұғым. Сызықтың әзірше мүмкін жағдайлардың бәрін қамтитынжоқ және оләр түрлі саласында түрліше тұрғыдан қарастырылады.
Түзу сызықкөбіне анықтамасыз қабылданады.
Сынық сызықкесінділерді бір-біріне ұштастыру арқылы құрастырылады.
Қисық сызықтыңең қарапайым түрі – шеңбер. Беттің кез келген бөлігінің шекаралары, сондай-ақ қозғалыстағы нүктелердің траекториясы да сызық болып есептеледі.

Дәптермен жұмыс
1-тапсырма
Дәптерлеріне 4 түзу сызық сызу
2-тапсырма
Дәптерлеріне 3 қисық сызық сызып шығу
Сергіту сәті
Практикалық жұмыс.Жіппен жұмыс:
— Қатты тартсақ — жіп қандай болады? -түзусызық
— Жіпті бос ұстасақ – жіп не істейді? -қисықсызық
— Екі шетін байласақ — жіп неге ұқсайды? -тұйықталғансызық
— Байлағанды шешсек — жіппен не болады? -тұйықталмағансызық
Тақтада жұмыс:түзу, қисық, тұйықталған, тұйықталмаған сызықтарды оқушылардың өздеріне салғызу.
Қорытынды:Геометрия елінің маңызды тұрғындар –сызықтарментаныстық.
— Сызықтар қандай болады?
— Қалай ойлайсыңдар, олардың керегі неде?
— Олардың көмегімен не сызуға болады?
Ү. Үйге тапсырма:
Түрлі-түсті қарындашты пайдаланып,сызық түрлерін сызып келу.


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.