Түрікменстан Республикасы | Скачать Материал

0





Жұмыс түрі: 
Материал

Көлемі: 8 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 500 теңге

Таңдаулыға:   




Түрікменстан Республикасы
• Жерінің ауданы — 491,2 мың км2.
• Халқы — 4,8 млн адам (2001 ж.).
• Астанасы — Ашғабат.
• Мемлекеттік құрылымы — республика.
• Мемлекет басшысы — президент.
• Заң шығарушы органы — парламент.
• Мемлекеттік тілі — түрікмен тілі.
• Ұлттық валютасы — түрікмен манаты.
Географиялық орны. Түрікменстан Республикасы Әмудария мен Каспий
теңізі аралығында, солтүстік-батыстан оңтүстік-шығыска қарай созыла
орналасқан. Солтүстігінде Қазақстан және Өзбекстанмен, шығысында Өзбекстан
және Ауғанстанмен, оңтүстігінде Ауғанстан және Иран мемлекеттерімен
шектеседі. Батысын Каспий теңізінің сулары шайып жатыр. Маңызды мұнай кен
орындары шоғырланған, бірнеше мемлекеттердің геосаяси, экономикалык
мүдделері тоғысатын Каспий алабымен көршілес орналасуы елдің геосаяси
жағдайын анықтауда басты орын алады. Бұл орайда Түрікменстанның Каспий
мұнайын Иран мен Парсы шығанағы жағалауына тасымалдаудағы айрықша аралық
орны да елдің аймақтық саясаттағы орнына ықпал етеді.
Аумағының қалыптасуы және мемлекет тарихы. Ежелгі қоныстар
Түрікменстан жерінде б.з.д. I мыңжылдықта пайда болған. Мургаб өзені
бойындағы шұраттарда осы кезеңде ежелгі қалалар мен алғашқы мемлекеттер
(Маргиана, Парфия, Мидия) пайда болған. Географиялық орнының ерекшелігіне
байланысты ежелден-ақ түрікмен жері арқылы Шығыс пен Батысты жалғастыратын
көне керуен жолдары өткен. Үндістан мен Қытайды Жерорта теңізі бойы
елдерімен байланыстыратын құрлықтағы маңызды сауда жолдарының өтуі мұнда
көптеген елдердің сауда және әскери мүдделерінің тоғысуына себепші болды.
X ғасырда Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан Мерв қаласы ірі сауда
орталығына айналып, XI- XII ғасырларда елдің астанасы қызметін атқарды.
Аймақтағы басқа елдер сияқты, түрікмен жері де моңғол шапқыншылығына
ұшырады, соның салдарынан гүлденген қалалары қирап, отырықшы мәдениет
күйреді. Осыдан кейінгі кезеңде бұл аумақ Әмір Темір мен оның ұрпақтарының,
ал XVI—XVII ғасырлар Бұхара және Хиуа хандықтарының қол астында болды.
Түрікмен ұлтының түбегейлі қалыптасуы осы тарихи кезеңге сәйкес келеді.
XIX ғасырдың соңында Түрікменстан аумағы біртінден Ресей империясының
құрамына өтті. Қазан революциясынан соң Орта Азияның басқа аумақтарымен
бірге 1918 жылы құрылған Түркістан Автономиялық республикасы құрамына енді.
1924 жылы КСРО құрамындағы Түрікмен КСР-і болып қайта құрылды.
1991 жылғы 27 қазанда тәуелсіздігін жариялады. Мемлекеттік құрылысы
жөнінен республика болып саналатын Түрікменстан әкімшілік жағынан 5
уәлаяттан (облыс) тұрады.
Табиғаты және табиғат ресурстары. Ел аумағының 80%-дан астамын Тұран
ойпатының шөлді алаптары алып жатыр, мұнда Жер шарындағы аса ірі құмды
шөлдердің бірі — Қарақұм шөлі орналасқан. Шөлдерде жер бедері 100— 200 м
биіктіктен аспайды. Шөлдердін бетін шөл өсімдіктерімен бекіген және
сусымалы құмдар алып жатыр, Әмудария атырауы мен Каспий теңізі жағалауында
сазды шөлдер, тақырлар орналасқан.
Аласа таулар (Копетдаг, Бадхыз жөне т.б.) елдің оңтүстігінде
шоғырланған. Олар шығу тегі жағынан Альпі қатпарлығында қалыптасқан жас
таулар болып табылады. Сол себепті таулы аудандарда сейсмикалық жағдай
тұрақсыз, 1948 жылы Копетдагта болған жер сілкінудің күші әпицентрінде 10
балға жетті. Осы жер сілкінуі барысында ел астанасы Ашғабат түгелге дерлік
қирады, мұндағы қалпына келтіру жұмыстарына Кенес Одағының құрамындағы
республикалар түгелге жуық қатысты.
Республиканың минералды ресурстары аумақтың геологиялық құрылысымен
тығыз байланысты. Тұран плитасы мен Каспий теңізінің қайраңында табиғи газ
(Ачак, Шатлык кен орындары) бен мұнайдың аса мол қоры шоғырланған. Табиғи
газдың барланған қоры жөнінен дүние жүзінде алғашқы бестікке енеді.
Қарақұмда күкірттің ірі кен орындары (күкіртті төбешіктер) табылған.
Каспий теңізі жағалауындағы Қара-Бұғазкөл шығанағында калий, магний,
натрий, бром, йод және глаубер тұздарының мол қоры шоғырланған.
Климаты шұғыл континентті. Түрікменстанды нағыз күн шұғылалы ел
деуге болады, мұнда бұлтсыз ашық күндер саны 290-ға жетеді. Жауын-шашынның
жылдық мөлшері 100 мм-ге дейін, ал таулы аудандарда 350 мм-ге дейін артады.
Елдің оңтүстік-батысы субтропиктік белдеуде жатқан ең жылы аудан болып
есептеледі, мұнда ауаның жылдық орташа температурасы +17оС-қа тең. Жазы
ыстық әрі құрғак. Жазда Әмудария аңғарын бойлай, тропиктік құрғақ, ыстық
желдер (ауған желі) соғады. Аңызақ желдер ауаны құрғатып, төсеніш бетті
қатты (+60о — 70о)С-қа дейін) қыздырады.
Елдегі ең ірі өзен жүйесі — Әмудария. Мургаб және Тоджен өзендері
сулары құмға сіңіп, жоғалады. Батыстағы Атрек өзені Каспий теңзіне құяды.
Өзен суларының басым көпшілігі булануға ұшырап, кұмға сініп немесе
суландыру мақсатында пайдаланылады. Бірнеше тұзды көлдер кездеседі, ең
ірісі Сарықамыс көлі (ас тұзы өндіріледі). Ауыл шаруашылық қажетін өтеудегі
Қарақұм каналының орны ерекше. Қарақұм жері жер асты суларына бай болып
келеді, бірақ олар біршама терендікте (200 м және олан да терен)
орналасқан. Оларды құдық қазу арқылы ғана шығаруға болады.
Түрікмен жері табиғатына тәнбасты белгі — шөлдер мен шұраттардың қатар
кездесуі. Шөлдік ландшафтыға тән барлық табиғат кешендерін осы аймақтан
кездестіруге болады. Шұраттар, негізінен, өзен бойларында орналасқан.
Xaлқы. 2001 жылғы есеп бойынша, Түрікменстанда 4.8 млн халық тұрады.
Ел халқына ұдайы өсудің дәстүрлі типі тән, табиғи өсуі 1,5 % туудың
көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 21 адам, ал өлім 6 адамды құрайды. Халық
саны ауыл халқы есебінен жылына 90—100 мың адамға дейін көбейеді.
Отбасындағы балалар саны тұрақты жоғары, 3—5 бала, тіпті одан да көп
болады. Бұл халық санындағы жастардың үлесін арттырады. Ертеректе көп
балалы болу мемлекет тарапынан ерекше қолдау тауып келген болса, бүгінгі
күні халық санының күрт жоғарылауы көптеген әлеуметтік-экономикалық
жағдайлардың туындауына себепші болып отыр. Олардың ішінен, ең алдымен,
жұмыссыздықты ерекше атауға болады.
Халықтың ұлттық құрамы күрделі: елде 100-ден астам ұлттар мен
ұлыстардың өкілдері тұрады. Түрікмендер ел халкының 14 бөлігін құрайды.
Басқа ұлттар арасында өзбектердің (9,2%), орыстардың (6,7%), қазақтардың
(2,2%) үлесі біршама.
Ел халқы аумақ бойынша біркелкі қоныстанбаған, орташа тығыздық 1 км2-
ге 9,8 адамнан келеді. Шұраттардағы халық тығыздығы 1 км2-ге 200 адамға
дейін жетеді. Түрікмен жерінің 80%-ға жуық бөлігінде (Қарақұм) халық мүлдем
тұрмайды. Түрікменстанда Орта Азияның басқа республикаларына қарағанда қала
халқының үлес салмағы жоғары, қалаларда ел халқының 44%-ы тұрады. Ірі
қалалары — Ашғабат (540,6 мың адам), Чарджоу (189,2 мың адам) және Ташауыз
(141,8 мың адам).
Шаруашылығы. Тәуелсіздігін алғаннан кейінгі кезеңде Түрікменстан өз
бетімен әлемдік экономикалық кеңістікке шығудың мүмкіндіктерін іздестіруде.
Елдің экономикалық тәуелсіздіғіне қол жеткізу мақсатында арнайы … жалғасы

Ұқсас жұмыстар


Пәндер

Дереккөз: https://stud.kz