Түрік фотографы адамдар арасындағы үлкен айырмашылықты көрсетті

0

Түрік фотографы адамдар арасындағы үлкен айырмашылықты көрсетті

«Қайғыға ортақтасу – қиялыңда қайғырып жатқан адамның орнына өзіңді қойып, шынымен де азаптану» деген еді ұлы жазушы Лев Тостой. Түркиялық фотограф Угур Галленнің шығармашылық туындылары осыған жетелейді. Оның суреттері адамдардың үлкен айырмашылығын суреттеген. Назарларыңызға Угур Галленнің бірнеше суретін ұсынамыз.

Суретші суреттерін Instagram әлеуметтік желішісіндегі парақшасына жариялайды. Угурдың айтуынша, ол Мұстафа Кемалдың «үйіңде және бүкіл әлемде тыныштық болсын» деген сөзін ұстанады екен.

«Менің Отаным қазіргі әлемдегі ең қауіпті аймақтардың бірінде орналасқан. Мен біз үйреніп қалған тыныш өмір мен соғыс болып жатқан елдегі халық арасындағы үлкен айырмашылықты сезінемін. Мен екі түрлі адамдар арасындағы айырмашылықты өз суреттерім арқылы беруді қаладым»,- дейді фотограф.