Тұрақты шығындардың критикалық нүктесі | Скачать Материал
Кәсіпорынның зиянсыздығын талдау
Өнімнің өзіндік құны – бұл кәсіпорынның өнім өндіруге жұмсалған
ағымдағы шығыны. Өнімнің өзіндік құнына өнім өндіруге кеткен еңбек
материалдары, еңбек күші және заттарының құны кірістіріледі.
Калькуляциялау – өнімнің өзіндік құныны есептеу немесе өзінің бір
өлшемінің өзінідік құныны есептеу болып табылады. Калькуляцияның объектісі
– кәсіпорында калькуляцияланатын өнімнің, қызметтің және жұмыстардың
түрлері. Калькуляциялық бірліктер – тиісті өнімнің техникалық, стандарттық
құжаттарда белгіленген бірліктері. Олар: натуралды, ірілендірілген, шартты
натуралды, еңбек бірлігі орындалған жұмыс бірлігі, пайдалы нәтиже бірлігі.
Батыстағы өндірісік есептің сипаттамасы талдау және басқару шешімін
біріктіру есебі болып табылады. “Шығын-көлем-пайда” жүйесінің
көрсетуіштерінің қатынасын талдау CVP (Cost-Volume-Profit) – кәсіпорын
менеджерлерінің қолындағы ең күшті құралдардың бірі. Ол осы көрсеткіштер
арасындағы байланысты түсінуге көмектеседі:
— өнім көлемі сату көлеміне әсер етеді;
— сату көлемі сатудан түскен түсімдіанықтайды;
— өнімді өткізуден түскен түсім және өндірістік шығындар
кәсіаорынның өнімдер түолері бойынша түскен табысты анықтайды.
Зиянсыздықты талдау кезінде зиянсыздық нүктесі анықтау қажет. Оны
экономикалық әдебиеттерде әртүрлі атайды: критикалық нүкте, тепе-теңдік
нүктесі т.б.
Зияныздық нүктесі – кәсіпорынның барлық шығындарды жабады, бірақ өзі
табыс таппайтын жағдайдағы сату көлемі. Басқаша айтқанда бұл
нүктедекәсіпорын сатудан пайда таппайды, бірақ зиян да келмейді. Тепе-
теңдік нүктеде шығынның жалпы көлемі түсіинің жалпы көлеміне тең болады.
Зиянсыздықты талдаудың басты мақсаты — өндірістің көлем деңгейі
өзгергенде қаржылық нәтеже қандай болатынын анықтау.
Өндіріс көлемі – жиынтық шығынның, сатудан түскен түсімнің өзгеруне
әсер ететін басты фактордың бірі. Зиянсыздықты талдағанда ең бірінші
өндіріс көлемінің критикалық нүктесін анықтап алу керек. Бұл нүктені
анықтаудың 3 әдісі бар: математикалық, графикалық және маржиналдық табыс.
Енді осы әдістерді жеке-жеке қарастырамыз.
1) Математикалық әдіс (теңдік әдісі). Критикалық нүктені табу үшін
Өндірістің жалпы шығыны (толықөзіндік құн), өткізу көлемі және қызметтен
табыс арасындағы байланысты көрсететін теңдеуді қолданамыз:
DN=V0+C+D0
Мұндағы:
DN — өнімді сатудан түскен пайда;
V0 – айнымалы шығынның жалпы сомасы;
C-тұрақты шығындар;
D0-негізгі қызметтен табыс;
Егер сатудан түскен пайданы p*q, жалпы айнымалы шығын сомасын V0*q
деп алсақ, онда мынадай теңдеу шығады:
P*q=C+V+q+D0
p- өнімнің бірлігінің бағасы
q – сатылған бірлік саны
V — өнімнің бірлігіне кеткен айнымалы шығын,
Осы теңдеуден кәсіпорынның негізгі қызметінен түскен пайданың келесі
формуласын шығарамыз:
D0=DN-V0-C
Ал өнімді сатудан түскен таза пайда тең:
DT=q*p-q*V-C
Өнімнің зиясыздық көлемі сатудан түскен пайда мен тұрақты және
айнымалы сомасы теңдігі кезінде табылады. Басқаша айтқанда негізгі
қызметтің табысы нөлге тең:
D0-DN-V0-C=0 ; DN=V0+C+0 ; DN=V0+C
Бұл теңдеу келесі көрсеткіштерді есептеудің негізі болып табылады:
1. Өнімнің критикалық көлемі:
p*q=C+V*q ; p*q-V*q=C; q(p-V)=C
q=Cp-V
2. Өнімді сатқандағы критикалық түсім:
q=Cp-v ; q*p=(Cp-v)*p =C*pp-v; DN=C*pp(1-vp);
DN=C(p-vp) DN=(CdM)p DN=C*pdM
Мұндағы dM — өнімнің бірлігінен түскен маржиналдық табыс
Тұрақты шығындардың критикалық нүктесі:
DN=V+C
Бұдан: C=DN-V=p*q-v*q=q(p-v)
C=q*dM
3. Өткізудің критикалық бағасы. Өткізудің бағасы өткізуден түскен
табыс көлемі, тұрақты шығын және айнымалы шығын деңгейінен есептеледі:
DN=C+V немесе p*q=C+v*q , осыдан
P=C+v+qq=cq+v+qq=Cq+v=dM+v
4. Өткізуден түскен пайдаға минималды маржиналды табыстың пайыздық
деңгейі. Егер тұрақты щшығын және өнімді өткізуден түскен пайда деңгейі бар
болса, түсімге пайызбен минималды маржиналды табыс мына формула бойынша
анықталады:
DM% DM=(CDN)*100%
2) Графикалық әдіс. Жалпы, айнымалы және тұрақты шығындардың өнімді
өткізуден түскен пайдасымен байланысын, маржиналдық табыс және негізгі
қызметтен түскен пайданың арасындағы байланысты көру үшін графикалық әдіс
қолданылады. Координаттың вертикаль бойымен (У) өзіндік құн және өткізуден
түскен түсім, горизонталь бойымен (Х) – натуралды өнім көлемі көрсетілген.
Тұрақты шығынды жүргізу үшін А нүктесін белгілейміз, ол горизонтальды
оське параллель болады. Түсім сызыын салу О нүктесінен ДNнүктесіне дейін
сызық жүргіземіз. Ал тұрақты шығындар сызығын салу үшін Б нүктесі бойымен
абциссаға параллель түзу жүргіземіз.Графикалық әдіске сәйкес табыс пен
пайда арасындағы байланыс 6-суреттен көрініс тапты.
Өткізуден түскен түсім және өзіндік құн қиылысқан К нүктесі зиянсыздық
нүктесі болып табылады.Критикалық нүктенің сол жағы зиян аймағы, ал оң жағы
табыс аймағы болып саналады.
3) Маржиналдық табыс әдісі. Зиянсыздық нүктесі маржиналдық табыс
көлеміне байланысты табылады. Маржиналдық табыс немесе жалпы маржа деп
айнымалы шығындарды жапқаннан кейінгі табысты айтамыз. Маржалық табыс
өткізу бағасы мен өнім бірлігіне кеткен айнымалы шығындар арасындағы
айырма болып табылады. Кәсіпорында зиянсыздықты қамтамасыз ету үшін
маржиналдық табыс тұрақты шығындарды жабу … жалғасы
Дереккөз: https://stud.kz