Түнде қалай сергек отыруға болады?

0

Түнде қалай сергек отыруға болады?

Кейде сыртқы факторлар әсерінен түнді ұйқысыз өткізуге тура келеді. Студенттерге маңызды емтиханға дайындалу керек болса, үлкендер үшін жиналыс немесе жай ғана қонақ күту болу мүмкін. Не болса да жастыққа асыға бермеу үшін, бірнеше қарапайым кеңес ұсынамыз.

Ұйқыға қатысты әдеттеріңізді ұмытыңыз

Бәлкім, сіз үнемі жатар алдында душ қабылдап, су ішіп, жеңілдеу киінетін шығарсыз. Ағза осыдан-ақ ұйқының уақыты келгенін сезіп, өзін-өзі осы процесске дайындай бастайды. Сондықтан, егер түнді ұйқысыз өткізуді ойласаңыз, бұл әдеттерді қайталамағыныңыз дұрыс. Тіпті, жеңіл киіммен жұмыс істеу ыңғайлы болса да.

Көп тамақ ішпеңіз

Әрдайым тойып тамақ ішкен соң, ағза ұйқыға асығып тұрады. Жеңіл тамақтансаңыз, ол белсенді жұмыс істейді. Осыны есіңізден шығармаңыз.

Жұмсақ төсек, дивандардан аулақ отырыңыз

Бұлар шын мәнінде өте ыңғайлы. Бірақ, мұнда көзіңіздің де тез ілінетінін естен шығармағаныңыз абзал. Не дегенмен де, жұмыс үстелге отыруды әдетке айналдырыңыз.

Шамды жарық қылыңыз

Ашық түс, жарық шам ұйқы гормонының жұмысына кереғар. Сондықтан, бөлменің жап-жарық болып тұруы – сіздің сергек отыруыңызға септігін тигізеді.

Ұйқыңызды қандырып алыңыз

Бұл түнді ұйқысыз өткізуді жоспарласаңыз, бір күн бұрын ұйқыңызды жақсылап қандырып алыңыз. Ұйқысыздықтың кесірінен адамның жұмысқа қабілеті әбден төмендейді. Сондықтан, мұны әдетке айналдыруды ойламаңыз.

Кофе ішіңіз

Сондай-ақ тәтті шай мен шоколад та артық болмайды. Қант көмірсудың қызметін атқарады. Ол бізге көп энергия бергендіктен, оны да пайдалануға болады. Әрине, пайдалы деп айта алмаймыз. Бірақ, бір ұйқысыз түн пайдалануға тура келеді.

Сағыз шайнаңыз

Адам сағыз шайнап отырғанда, ұйықтай алмайды.

Жаттығу жасаңыз

Кез келген физикалық белсенділік адамды сергітері анық. Әрі кофе мен тәтті шоколадтан соң ондай жаттығуларды міндетті түрде жасауыңыз керек.

Дереккөз: likeme.kz


Дереккөз: https://massaget.kz/