Тұлғаның психиканы дамуының әлеуметтік жағдайда байланысты өзгеруі
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 4
1 ЖАСӨСПІРІМДЕРДЕ ӨЗІНДІК САНА-СЕЗІМДІ ТӘРБИЕЛЕУ МӘСЕЛЕСІ
8
1.1 Жасөспірім жас ерекшеліктері мен сананың негізгі қасиеттері 8
туралы түсінік
1.2 Тәрбие процесінің субъект категориясы және субъектілердің 17
өзін-өзі дамытуы
1.3 Педагогикадағы тәрбие мәселесі, тұлғада жүретін өзгерістер 20
1.4 Өзіндік сана-сезімді қалыптастыруда тұлға белсенділігін арттыру25
ерекшеліктері
1.5 Жасөспірім жастағы өзіндік сана-сезіммен қатар өзін-өзі тану 33
мәселесінің психологиялық ерекшеліктері
2 ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ӨЗІНДІК САНА СЕЗІМІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ 37
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Өзін-өзі тәрбиелеу процесінің құрылымын зерттеу 37
2.2 Өзін -өзі тану бағдарламасы бойынша өзін-өзі тәрбиелеу 46
ісі
2.3 Жасөспірімдерге арналған әлеуметтік – психологиялық тренинг 55
ҚОРЫТЫНДЫ
64
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 67
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: ҚР Президентінің Қазақстан халқына арналған
2012 жылғы жолдауының, жетінші бағытында адами капиталдың сапалы өсуі
туралы айтты [1]. Бұл, ең алдымен, білім беру мен денсаулық сақтау.
Сондықтан да қазіргі таңда қоғамымыздың қарқынды әлеуметтiк дамуы белсендi,
тұлғаны қалыптастыруға жоғарыланған талап қояды. Әсіресе білім беру жүйесін
одан әрі жетілдіру, үздіксіз білім берудің бірыңғай жүйесін құру, оқу мен
тәрбие процесінің сапасын жоғарылату мен білім беру процесінде оқушылардың
тұлғасының сана-сезімдерін дамыту болды.
Білім беру процесінде тұлғаның сана-сезімдерін қалыптастыра отырып,
болашағына жол сілтеу — қазіргі таңда ауқымды мәселе. Өйткені, тұлғаның
сана-сезімдерін қалыптастыру тек білім берумен ғана шектелмейді, яғни ол
үшін мектепте өткізілетін тәрбие жүйесінің іс-шаралары оқушылардың
болашақта парасатты, білікті, мәдениетті, білімді және дүниетанымы жоғары
болып, еліміздің мәртебелі азаматы болуына ықпалын тигізуіне түйінделуі
қажет.
Өзiндiк сана-сезiмi мен өзiн-өзi бағалауы белсендi түрде қалыптасып,
өз тұлғалық қасиеттерiне қоршаған адамдардың бағалауына қызығушылық пайда
болады. Қызығуында маңызды өзгерiстер байқалады және рухани қажеттiлiктерi
дамып, құнды бағыт иерархиясы, өзiндiк дүниетанымы, қоғамға, өзге
адамдарға, өзiне көзқарасы қалыптаса бастайды.
Қазақстан Республикасының қазiргi даму кезеңi қоғамның барлық
саласындағы қозғайтын iстерiн қайта құрумен, әлеуметтiк-саяси және
экономикалық қарым-қатынастардың өзгеруiмен сипатталады.
Қазiргi кезде, әсiресе жасөспірімдердің сана-сезімі, жөнiндегi мәселе
зерттеушiлердiң назарын аударуда. Өйткенi, балалардың өзiн-өзi бағалауының
маңызы зор, ол есейген сайын қоршаған ортаның пiкiрiне емес, өзiнiң
пiкiрiне құлақ салады.
Өзiн-өзi бағалау мен талаптану деңгейі оқушы мен мұғалiмдердiң, ата-
аналарының, жолдастарының арасындағы қарым-қатынастарды қалыпқа келтiру
үшiн өте маңызды. Сонымен бірге, балалардың өзiн-өзi бағалауы мен талаптану
деңгейiнің қалыпты тұрғыда қалыптасуы, болашақта олардың парасатты,
бiлiктi, мәдениеттi, бiлiмдi және дүниетанымы жоғары болып, елiмiздiң
мәртебелi азаматы болуына үлкен әсерiн тигiзерi сөзсiз.
Болашақ ұрпақтың, әсiресе жасөспірімдердің терiс жолға түспеуiн,
адамгершiлiктiк-өнегелi қасиеттерiнiң жоғары және iзгi ниеттi азамат
болуына, олардың тұлғасының дұрыс дамуын жүйелi тұрғыда қарастыру маңызды
болып табылады.
Өзiн-өзi бағалау, ең алдымен талдау, теңестiру, iрiктеу, ойлау
әрекеттерінің нәтижесi. Адам тұлға ретiнде өзiн-өзi бағалаусыз өмiрде өз
тағдырын шешу қиын. Өзiн-өзi бағалау өзiнiң бойында белгiлi қасиеттердiң
барлығының деңгейi жөнiндегi адамның пiкiрi.
Кеңес психологиясының ғылымында өзiн-өзi бағалау мәселесi тұлға
дамуының контекстiнде немесе сана-сезiм мәселесiнде анықталады. Өзiн-өзi
бағалауда iшкi қасиеттердiң алға басуы, өзiне деген қатынасының бейнелену
формасы, тұлғаның белсендi, бағыттылығының бейнеленуi өзiн-өзi реттеудiң
құралы болып табылады.
Біздің қоғамымызда жеке адамның алатын орны мен атқаратын қызметі
орасан зор. Еліміздің президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына
жолдауында Адам ресурстарын дамытуға баса назар аударған. Жалпы қандай да
бір мемлекет болмасын, қоғам болмасын дені сау, саналы азаматтарсыз
елестету мүмкін емес. Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабында:
Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және
әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; Оның ең қымбат қазынасы — адам
және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.-деп тегіннен-тегін
айтылмаса керек. [2]
Зерттеудiң ғылыми жаңалығы:
Міне осындай құндылыққа сай тұлға қалыптастыру тарихта да, бүгін де,
болашақта да ең маңызды әрі өзекті мәселенің бірі болып қала бермек.
Тұлға қалыптастыру жолында өзіндік орны ерекше сала ұлттық педагогиканың
да, заман педагогикасының да қосқан үлесі мен жетістіктері қаншама.
Еліміздің өсіп келе жатқан бітімгершілік әлеуеті алдағы уақытта да
мұқият сақталып, дамытыла берілуі тиіс. Жеке адам деп көп жағдайда
дербес, нақты адамды айтады. Ол — белгілі қоғамның мүшесі, ол қандай да
болмасын бір іспен айналысады. Оның азды – көпті тәжірибесі, білімі, өзіне
тән іс — әрекеті болады. Субъект категориясы философияда, әсіресе
онтологияда, негізгі орын алатыны белгілі (Аристотель, Декарт, Кант,
Гегель). Ол қзіргі кездегі, психологияда да өзіне үлкен назар аудартуда
(С.Л.Рубинштейн, К.А.Абульханова-Славская, А.В.Брушлинский,
В.А.Лекторский). С.Л.Рубинштейннің айтуынша, онтологияның негізгі мәні
түрлі формалардағы субъектілерді, тіршілік ету тәсілдерін, қозғалыстың
түрлі формаларын ашу. Мұның ішіне іс-әрекет субъектілерін қозғалыстың
негізгі формаларының бірі ретінде ашып көрсету енеді.
Жаңа туған нәрестені адам деуге болады, бірақ жеке адам емес.
Өйткені жеке адам қоғамда белгілі бір жағдайға ие және белгілі бір
қоғамдық роль атқарады. Роль жеке адамның қызметі. Жеке адам қоғамнан тыс
өмір сүре алмайды. Өйткені оның психикасы тек айналасындағылармен қарым
– қатынас жасау процесінде қалыптасады.
Тұлғаның жеке дара дамуында өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі жетілдіру
процесі, заңдылықты түрде жеткіншек жаста басталады. Әдетте осы жаста
адамда өзінің рухани әлеміне деген ықылас арта түседі, өзін таныту, өзін
көрсету мүмкіншіліктерін белсенді іздестіріп өзін-өзі тануға, өзін-өзі
сынауға деген ерекше қызығушылық пайда болады. Дәлірек айтсақ, тұлғаның
рухани өмірінің барлық жғын қамтитын өзін-өзі тәрбиелеу процесі қарқынды
жүре бастайды. Бұл жасөспірімнің басқа адамдарға және өзіне деген
қатынасына белгі қалдырады. Оқу, еңбек, достық, өздігінен білім алу, ата-
анасына, мұғалімдерге, қатарластарына қатынасы – бәрі осы процестің
ықпалымен жүреді. Жеткіншек жаста басталған тұлға дамуы, өзін-өзі
тәрбиелеу процесі, әр адамда жоғарғы сатыға жете бермейді, жүйелі бола да
бермейді. Кейбіреулерінде ол мәнгі қалып, психологтардың терминологиясы
бойынша ситуативті өзін-өзі тәрбиелеу болады. Бірақ қалай да болмасын,
өзін — өзі тәрбиелеу процесі өмір бойы тұлғаны қостап өтеді.
Адамның өзін-өзі тәрбиелеуге ұмтылысы қоғамдық өмірмен, тәрбиемен,
индивидтің дербес іс-әрекетімен пайда болады. Бірақ қоғамда қалыптаса келіп
адамның өзіне деген саналы қатынасының атрибутына ауысады.
Тұлғаның қалыптасуы адамның мінезі үшiн маңызды орын алады, яғни оның
мiнез-құлық пен iс-әрекетiнiң жоғары саналы формаларын қамтамасыз етiп,
оның ақиқатқа байланысты барлық қарым-қатынастарының бiрлiгiн құрайды.
Нәтижесiнде адамның кез-келген реакциялары (жауап беруі) және iшкi
аффективтi өмiрiнiң құрылымы оның әлеуметтiк тәжiрибе барысында жинақталған
тұлға ерекшелiктерiмен анықталады.
Осы мәселе тұрғысынан қарастыра отырып диплом жұмысымыздың
тақырыбы: Жасөспірімдердің өзіндік сана-сезімінің психологиялық
ерекшеліктері деп белгіленді.
Практикалық маңыздылығы:
Тәжірибеде өткізілген әдіс – тәсілдер оқу – тәрбие мекемелерінің кез
– келген оқу – тәрбиеге қатысты іс – шараларында пайдаланылуына
болады.
Диплом жұмысының мақсаты:
Жасөспірімдердің өзіндік сана-сезімінің психологиялық ерекшеліктерін
қарастыру.
Психологиялық зерттеулерінде жасөспірім тұлғасының ерекшелігі
психологиялық жаңа құры-лымдардың түп тамыры, жеткіншек жаста қалыптасып
қойған туындысы болып табылады. Өзіндік жеке тұлғасына деген қызығушылықтың
күшейуі, сыншыл-дықтың көрінуі – бұлардың барлығы ерте жеткіншек жаста
сақталады, бірақ, олар мәнді өзгерістерге ұшырап, саналы түрде бейнеленеді.
Ең негізгі мәнді өзгеріс тұлғаның өзіндік дамуында болады. Оның айрықша
ерекшелігі болып, өзіндік рефлексиясының күштілігі табылады. Яғни, өзін —
өзі тануға, бағалауға, өз мүмкіншіліктері мен қабілеттіліктерін білуге
талпынысы жатады.
Мен кіммін?, Мен қандаймын?, Менің қабілеттерім қандай?, Менің
өмірлік идеалым қандай?, Мен кім болғым келеді? — міне осы сияқты
сұрақтар жасөспірім жастағыларға өте қатты әсер етеді .
Филип Роистың Психология подроскового и юношеского возраста
-оқулығында: жасөспірімдердің өзінің уайым қайғылары ойлары, сезімдері мен
қызығушылықтары, арман тілектері мен талпыныстары нақты зерттеу мен зейін
салу мәніне айналады дейді. Бұл кезеңде оқушы өзінің ішкі әлемін енді
ашады, субъективті уайымдарына Өзіндік меніне қызығушылық таныта
бастайды. Өз тұлғасына қызығушылығына төмен жеткіншектерге қарағанда,
жасөспірім-дердің өзін — өзі тануы, өзіндік сана – сезімі белсенді және өз
тұлғасын өз өзіне бағындыруы туа бастайды.
Диплом жұмысының міндеттері:
* Тәрбие процесінің субъект категориясы және субъектілердің өзін өзі
дамытуы;
*Педагогикадағы тәрбие мәселесі, тұлғада жүретін өзгерістер;
* Тұлға белсенділігін арттырудағы өзін-өзі тәрбиелеудің реттегіштік рөлі;
*Жасөспірімдердің өзіндік сана-сезімінің психологиялық ерекшеліктерін
қарастыру.
Көптеген ғалым психологтардың пікірінше жасөспірімдердің
жетілуі жеткіншектерге қарағанда жоғары деңгейде байқалады.
Жеткіншектердің айқын сезімін сырттан қарағанда ересек адамдарға ұқсас
келеді. Оларға қарағанда жасөспірімдердің ортаны бөлек олардың басқаға
ұқсамауы және құрбыластарымен ересек адамдардың арасында ерекше
болуы, әртүрлі бағытта өз — өзін көрсетуі және өзінің өзіндігін
бекітуі тән.
Жасөспірім кезеңі жалпы тұлға болып дамуындағы маңызды фаза.
Жасөспірімнің жеке басы дамуының аса маңызды факторы – оның өзінің ауқымды
әлеуметтік белсенділігі. Ол белгілі бір үлгілер мен игіліктерді игеруге,
үлкендермен және жолдастарымен, ақы-рында өзінің жеке басы мен өзінің
болашағын және ниетін, мақсаты мен міндетін жүзеге асыру әрекеттерін
жобалау бағытталады.
Зерттеу нысаны: тұлғаның сана-сезімінің даму процесі.
Жасөспірім — сөзінің мағынасы ішкі дүниенің негізгі
тенденциясының дамуын көрсетеді. Жасөспірім шаққа аяқ басқан баланың
қалыптасуындағы түбегейлі өзгерістер сана – сезімнің дамуындағы сапалық
өзгеріспен анық-талады, осының арқасында бала мен ортаның арасындағы
қатынас бұзылады. Жасөспірімнің жеке басындағы басты және діни тән жаңа
құрылымын оның өзі туралы енді бала емеспін дейтін түсініктің пайда болуы
орын алады. Ол өзін ересекпін деп сезіне бастайды, ересек болуға және өзіне
жұрттың осылай деп қарауына ұмтылады.
Осы жастағы өзгешелік психолог А.Г. Ковалев биологиялық әсері туралы
сұрақты ашып тастамай, соның ішінде психикалық сферадағы жыныстық жетілу
жасөспірімнің эмоциялық қалпына бетте-суін біз тұтас деп айтсақ, онда оның
психикалық кескінін биологиялық фактор-мен анықтаймыз.
Зерттеу пәнi: жасөспірімдердің өзіндік сана-сезімін дамыту.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негізі:
Б.Г.Ананьев, А.Н.Леонтьев объективтi өмiрдi бейнелеу процесiнде,
белсендi тұлға, қоршаған әлеуметтiк өмiр танымы, сана-сезiмiмен
бiрлестiкте iске енетiн тұтастай субъект ретiнде көрiнiс бередi — деп
сипаттаған.
Л.И.Божовичтің балалар тұлғасының психологиялық зерттеу мiндетiнде
оның қалыптасуы мен заңдылықтарын бақылау және қолайлы немесе бөгет
жасайтын жағдайларды анықтау керектігін айтқан.
Қазақстанда тұлға мәселесi Ж.Ы.Намазбаева, Л.О.Сарсенбаева,
Р.Ш.Сабирова, Л.В.Пилипчук, С.Ж.Өмірбекова ғылыми зерттеу еңбектерiнде
белсендi түрде дамуда.
Ж.Ы.Намазбаева тұлға мәселесiн зерттеуiнде түрлi iс-әрекет (ойын, оқу,
еңбек) барысындағы жас ерекшелiк шамасының тұлғалық компоненттерiнiң
механизмдерi мен қызметтерін белгiлеуге түйiнделетiн кешендi көзқарастарды
жетiлдiрдi. В.Г. Асеева бойынша мектеп жасындағы жетілу немесе басқа сөзбен
айтқанда ерте жетілу — адамның туғаннан бастап физиологиялық, психологиялық
және азаматтық ересектік жетілу кезеңі.
Мектеп оқушыларының өміріндегі ересектену (14 –15 жастан бастап 17–18
жас аралығында) өте құнды кезең. Осы жаста жасөспірімдердің мектептен оқу
процесі аяқталады. Физиологиялық жетілуі баяулап, жыныстық оқдасы ерте
жетіледі. Осының арқасында физиологиялық қызметі реттеледі және қан
айналымы жақсарады т.с.с. Жасөспірімдердің даму кезеңінде қан тамырларының
қан айналу жүйесі күшейіп, сол кезде жүрек ауруы, бас айналуы, қан
қысымының көтерілуі жойылады.
Жасөспірімдердің ерте жетілу кезеңдерінде орталық жүйке жүйесі ересек
адамдікімен теңеледі. Мидың салмағы мен көлемі және фукционалды
белсенділігі ересек адамдардың ойлауынан қарағанда айырмашылығы болмайды.
Сонымен қатар функционалды жетілу жалғасып, осы кезеңде мидың жетілуі
ерекше морфологиялық және функционалдық дамуымен анықталады.
Жасөспірім – барлық қатынас жағынан ересек адам деп қарастырады М.Ю.
Красовицкий. Бірақ оларды толы-ғымен жетілген адам деп айта алмаймыз,
сондай ақ нақты осы жасөспірім шақта тұлғаның әлеуметтік бейімделуі
белсенді жүреді. Мектеп пен ата – аналардың жасөспірімдерді, жұмысқа, оқу –
танымдық және қоғамдық – саяси іс — әрекеттерге, жанұя жағдайына, азаматтық
борышты өтеуге тәрбиелеуде үлкен маңызды мәні жатыр
Зерттеудiң әдістері: зерттеу мәселесіне байланысты психологиялық,
педагогикалық, медициналық, әдістемелік әдебиеттерге тақырып бойынша
теориялық талдау жасау; психологиялық тұрғыдан түзетімдік жасау
технологиясын ендірудің (Т.Дембо-С.Я.Рубинштейiн, Ф.Хоппе, С.А.Будасси,
Е.С.Романова және С.Ф.Потемкинамен бейімделген Р.Бернстің Өз суретін салу
атты) әдістемелеріне сипаттама және әңгімелесу, анкета жүргізу, жеке
құжаттарын, психологиялық-педагогикалық мінездемелерін талдау; тәжірибелік-
эксперимент жұмысын ұйымдастыру және оның нәтижелерін статистикалық өндеу,
талдап қорыту. Рувинский Л.И., Хохлова С.И.
Жұмыстың құрылымы және көлемі: Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан,
қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұр
1. ЖАСӨСПІРІМДЕРДЕ ӨЗІНДІК САНА-СЕЗІМДІ ТӘРБИЕЛЕУ МӘСЕЛЕСІ
1 Жасөспірім жас ерекшеліктері мен сананың негізгі қасиеттері туралы
түсінік
Жасөспірім шақта және жасөспірім кезеңінде де ересек жастағы сияқты
адам өзінің ішкі әлемін дамыған рефлексивті қабілеттері арқылы ашады. Бұл
сезім мен ой – тылсымдарын тануға бағытталған.
Жасөспірім кезеңі 15-16, 21-25 жас аралыққа дейінгі жас мөлшерін
қамтиды. Бұл кезең адамның сенімсіздік пен жүйесіздік кезеңінен шынайы ер
жету шағы. Жасөспірім кезеңінде адамдарда өмір құндылықтарын таңдау
мәселесі пайда болады.
Жасөспірім өзіне деген ішкі қарым – қатынасын қалыптастыруға (мен
қандай болғым келеді?) басқа адамдарға деген қарым – қатынысқа, және де
моральдық құндылықтарға талпынады. Нақ осы жасөспірім кезеңінде адам өзінің
жақсылық пен жамандық категориялары арасында саналы түрде өз орнын табады.
Намыс, адамгершілік, құқық, міндет сияқты тұлғаның сипатын басқа да
ұғымдар толғандырады. Жасөспірім кезеңінде адам жақсылық пен зұлымдылықтың
диапазонының шектелген шекарасына дейін таниды. Сондай – ақ, ол өзінің
ақылы мен жанының кереметтей шарықтаудың мейір-бандылықтан зұлымдыққа,
адамгершіліктен жауыздыққа дейінгі диапазон аралығын басынан өткереді.
Арбаулар мен шарықтауда, күресте және бастан өткеруде, жығылуда және қайта
тұруда жасөспірім сезіп білуге ұмтылады. Ішкі позицияны таңдау өте күрделі
рухани жұмыс.
Жалпы адам құндылықтарының икемділігімен, құнды бағыт — бағдарының
құрылымымен талдамасын тануға ұмтылған адамға, өзінің іс — әрекетін балалық
және ересек жаста анықтай-тын, тарихи бекітілген нормативтермен
құндылықтарды саналы түрде бұзуға, қабылдауға тура келеді. Ол өзінің
бейімделген және бейімделмеген өмір позициясының жағдайы, сонымен қатар
оның ойынша, бұл таңдаған позиция, ол үшін ең неізгі, ең қажетті, ең
таңдаулы болуы тиіс. [3]
Жасөспірім қоршаған әлемдегі өз орнын табуға қандай күш салып
бағытталса да, барлық өмір мәнділігін тануға интеллектуалды дайын болса да,
ол көп нәрсені білмейді, өйткені ол өзін қоршаған адамдарды және рухани
өмір тәжірибесін білмейді.
Әсіресе жасөспірім шақта табиғи берілген басқа жынысқа деген талпыныс
қозады. Жасөспірімдік кезең адам өзінің рефлексивті жаттығуларын бағалайтын
кезең. Ал бұл рефлексивті жаттығулар ішінен ол өзі, досы, барлық адамзат
кіреді. Жасөспірім өзінің тұрақты рефлексиясы арқылы өзінің негізін, мәнін
ашады. Ол нәзік жанды, тез уайымдауға, сәтсіздікке берілгіш болады. Қандай
болмасын ерекше бөгде көзқарас, әсерлі сөз, ерекше әсерлі болып оны жолынан
тайдыруы мүмкін.
Б.Г.Ананьев, А.Н.Леонтьев объективтi өмiрдi бейнелеу процесiнде,
белсендi тұлға, қоршаған әлеуметтiк өмiр танымы, сана-сезiмiмен
бiрлестiкте iске енетiн тұтастай субъект ретiнде көрiнiс бередi — деп
сипаттаған. [3]
Л.И.Божовичтің балалар тұлғасының психологиялық зерттеу мiндетiнде
оның қалыптасуы мен заңдылықтарын бақылау және қолайлы немесе бөгет
жасайтын жағдайларды анықтау керектігін айтқан.
Қазақстанда тұлға мәселесi Ж.Ы.Намазбаева, Л.О.Сарсенбаева,
Р.Ш.Сабирова, Л.В.Пилипчук, С.Ж.Өмірбекова ғылыми зерттеу еңбектерiнде
белсендi түрде дамуда.
Ж.Ы.Намазбаева тұлға мәселесiн зерттеуiнде түрлi iс-әрекет (ойын, оқу,
еңбек) барысындағы жас ерекшелiк шамасының тұлғалық компоненттерiнiң
механизмдерi мен қызметтерін белгiлеуге түйiнделетiн кешендi көзқарастарды
жетiлдiрдi. В.Г. Асеева бойынша мектеп жасындағы жетілу немесе басқа сөзбен
айтқанда ерте жетілу — адамның туғаннан бастап физиологиялық, психологиялық
және азаматтық ересектік жетілу кезеңі.[44]
Мектеп оқушыларының өміріндегі ересектену (14 –15 жастан бастап 17–18
жас аралығында) өте құнды кезең. Осы жаста жасөспірімдердің мектептен оқу
процесі аяқталады. Физиологиялық жетілуі баяулап, жыныстық оқдасы ерте
жетіледі. Осының арқасында физиологиялық қызметі реттеледі және қан
айналымы жақсарады т.с.с. Жасөспірімдердің даму кезеңінде қан тамырларының
қан айналу жүйесі күшейіп, сол кезде жүрек ауруы, бас айналуы, қан
қысымының көтерілуі жойылады.
Жасөспірімдердің ерте жетілу кезеңдерінде орталық жүйке жүйесі ересек
адамдікімен теңеледі. Мидың салмағы мен көлемі және фукционалды
белсенділігі ересек адамдардың ойлауынан қарағанда айырмашылығы болмайды.
Сонымен қатар функционалды жетілу жалғасып, осы кезеңде мидың жетілуі
ерекше морфологиялық және функционалдық дамуымен анықталады.
Жасөспірім – барлық қатынас жағынан ересек адам деп қарастырады М.Ю.
Красовицкий. Бірақ оларды толы-ғымен жетілген адам деп айта алмаймыз,
сондай ақ нақты осы жасөспірім шақта тұлғаның әлеуметтік бейімделуі
белсенді жүреді. Мектеп пен ата – аналардың жасөспірімдерді, жұмысқа, оқу –
танымдық және қоғамдық – саяси іс — әрекеттерге, жанұя жағдайына, азаматтық
борышты өтеуге тәрбиелеуде үлкен маңызды мәні жатыр.[9]
Зерттеу мәселесіне байланысты психологиялық, педагогикалық,
медициналық, әдістемелік әдебиеттерге тақырып бойынша теориялық талдау
жасау; психологиялық тұрғыдан түзетімдік жасау технологиясын ендірудің
(Т.Дембо-С.Я.Рубинштейiн, Ф.Хоппе, С.А.Будасси, Е.С.Романова және
С.Ф.Потемкинамен бейімделген Р.Бернстің Өз суретін салу атты)
әдістемелеріне сипаттама және әңгімелесу, анкета жүргізу, жеке құжаттарын,
психологиялық-педагогикалық мінездемелерін талдау; тәжірибелік-эксперимент
жұмысын ұйымдастыру және оның нәтижелерін статистикалық өндеу, талдап
қорыту. Рувинский Л.И., Хохлова С.И еңбектерінде жасөспірім шақ — бұл
қоғамдық жүйедегі көз – қарасқа байланысты дүниетанымның бірінші элементі
байқала бастайды, бірақ та әлемге деген көз – қарасын толығымен пайымдай
алмайды. Тек жасөспірімдерде фило-софиялық ойлау әрекетінің қанағаттануы
мүмкін болса, пайда болады. Бұған арқау болатын түрткі — оқудағы білім,
тәртіп пен информация, әдеби оқулықтар және сыртқы ортадан алатын
көріністер мен үлкендермен қарым – қатынас.[10]
Ш. Бюллер жасөспірімдік кезеңді фаза бойынша бөліп қарастырады.
Негативті фаза пубертодты кезеңде басталады. Негативті кезеңге
жеткіншектердің дамуын қоюға болады. Ал, позитивті фазада өмірге деген
қызығушылықтың пайда болуы, адамға деген ыстық сезім, табиғатты түйсіну
т.с.с болады. Бұл фазаны жасөспірімдерге қатысты деуге болады [11].
М.И. Шардаков бойынша жасөс-пірімдік кезең адамның тұрмыстық
құндылықтары ретіндегі заттық дүниеге психологиялық тұрғыда тәуелді болып
қалады. Жасөспірім осы өмірге ой жүгірте бастайды. Соның арқасында ол
жасөспірімдік ортаға кіреді. Әр затпен дүниеге таңдау жасау арқылы
жасөспірім тұтынушыға айналады. Өз иелігіне заттарды жинай отырып әр –
түрлі құндылықтарды жинайды. Олар ақыл – ой, адамгершілік әлеуметтік
жағынан есейеді.[12]
Жасөспірімдердің әлеуметтік есейуін дамыту болашақ өмірге даярлау үшін
қоғамдық тұрғыдан қажет. Мұның өзі күрделі процесс, уақытты талап етеді
және жасөспірім ересектерге арналған нормалар мен талаптар жүйесінде өмір
сүре бастаса мүмкін болады. Ал бұл дербестік қажетті әр міндетті түрде
міндеттер мен құқықтарды ұлғайтумен байланысты. Тек осындай жағдайда ғана
жасөспірімдер ересектерге іс — әрекет етуге, ойлауға алуан түрлі міндетті
орындауға, адаммен қарым-қатынас жаса-уға үйрене алады.
А.В. Мудрик жасөспірім кезеңінің ең басты жағдайын ашып көрсетеді. Ол
екіжақтылық пен қарама – қайшылық деген. Педагогикада жасөспірімді өскен
адам, бірақ ересек адам емес ақпаратталған бірақ әлі жетік білмейді деп
пайымдайды [13].
Ст. Холл ең алғаш бірнеше негізгі қарама – қайшылықтарды бөліп көрсете
отырып, жасөспірім мінезіндегі амби-валенттілік пен пародаксальдылықты
сипаттаған. Жасөспірімдерде шектен тыс белсенділік — аяқ шалысқа шектен тыс
көңілділік — уайым, өзіне сенімділік — ұялшақтық пен қорқыныш жоғары
деңгейдегі адамгершілік талпыныстарының күрт төмендеуі ашық қарым –
қатынастық, өте нәзік сезімталдық апатияға, өткір құштарлық –
бірбеткейлікке оқуға деген ынта белгісіздікке, бақылау мен әуестілік сияқты
талқылаулар болады. Ол бұл кезеңді Боран мен тегеурін кезең деп атайды.
Ст. Холл жасөспірім кезеңнің мазмұнын өзіндік сана – сезім кризисі деп
сипаттайды. Тек осыны басынан өткеріп ғана жеке даралы сезіміне ие
болады.[14]
Келесі жасөспірім шақты зерттеуші неміс философы мен психологы Э.
Шпрангер болды. Ол 1924 жылы жасөспірім кезең психологиясы деген еңбекті
басылымға берді. Ол еңбегі бүгінге дейін қолданылып келеді. Э. Шпрангер
жасөспірім кезеңін толық қарастыра отырып, жас кезеңді қыз балаларды 13 –19
жас, ұл балаларды 14 – 21 жас деп қарастырды. Ол тәуелділік — еркіндік
мазмұны болып табылатын кризиспен сипатталады.
Э. Шпрангер жасөспірім кезеңнің мәдени – психологиялық концепциясын
жасады. Э. Шпрангер бойынша жасөс-пірімдік кезең мәдениет деңгейіне өсу
жасы. Ол психикалық даму жеке даралық психиканың осы дәуірде обьективті
және нормативті рухқа өсуі деп жазады.
Ст. Холл, Э. Шпрангер айтқан тұжырымдарын талқылай келе, жасөс-
пірімдердің даму деңгейінің үш типін бөліп көрсетеді:
1) Өткір ашулы кризистік уақытпен сипатталады. Ол қайта дүниеге келген
адамдай уайым – қайғыға түседі, түп тамырында оның жаңа өзіндік мені
пайда болады.
2) Өте баяу, ақырын, жайбасар тұлға. Жасөспірім ересектік өмірге
өзінің жеке тұлғасында ешқандай өзгеріс енгізбей аяң басумен сипатталады.
3) Жасөспірім белсенді және саналы түрде өзін тәрбиелейді, өзін — өзі
қалыптастырады. Өзінің ерік – жігерінің күшімен ішкі кризистерімен
мазасыздығын жеңеді, бұл өзіндік бақылау мен өзіндік мінез-құлқы жоғары
деңгейдегі адамға тән. Бұл жастағы ең басты жаңа құрылым — Э. Шпрангер
бойынша, өзіндік менінің ашылуы рефлексияның пайда болуы; өзінің жеке
даралығы саналы түрде түсінуі, тұлғаның өзіндік анықталуы.[15]
Психологияның ең негізгі міндеті тұлғаның ішкі әлемін тану деген
қағиданы ескерсек, оның мәдениетпен және тарихпен тығыз байланысты екенін
айтып кеткен жөн болар.
Әлеуметтік дамыған тұлғаны тек қоғамда қабылданған нормаларды
ұстанумен ғана емес, сонымен қоса белгілі бір топтарға, ұжымдық және
қоғамдық құндылықтарға бағытталғанымен ерек-шеленеді. Құндылықтар обьект
жайлы біліммен және оған деген қатынастан тұрады. Психологиялық тұрғыда
өзіндік анықталған тұлға — бұл өзінің нені қажет ететіндігін (мақсаты,
өмірлік жоспары, идеясы) саналы бағалаушылық жеке бас және денелік
қасиеттері, қолынан не келетінін субьект. Аталған элементтердің тұлғаның
өзімен байланыстыруы оның нақты қылықтары мен мінез – құлқының реттеушісі
болып, оның іс — әрекетінің дәрежесін, бағыттылығын, интенсивтілігін,
мазмұнын анықтайды. Өз мүмкіндіктерін ашу процесі, қоғам, топ талаптарын
саналы бағалау ұжым шеңберінде белсенді іс — әрекет етеді. Осы себептен
өзіндік анықталған тұлғаның көрсеткіші ретінде тек субьектіні қабылдау
әлеуметтік маңызды іс — әрекет жасауға даярлықтың, қатынасты жаңғыртуға
ғана емес, сонымен қоса шынайы іс — әрекеттің көрсеткіші болып табылады. Э.
Шпрангер, өзіндік – сана сезімді, құнды бағыт бағдарлықты жасөспірімдердің
дүниетанымын зерттеуге бастауы деп санады .
Э. Штерн жасөспірімдік кезеңді жеке тұлғаның қалыптасуының бір кезеңі
деп қарастырды. Психологияның қай бағыты болмасын, барлығының орталық
мәселесі, оның ойынша адам тұлғасының мәселесі болу керек.
Өтпелі кезең тек ғана ой мен сезімдерден талпыныс пен идеялдардан ғана
емес, сонымен қатар әрекеттің ерекше бейнесімен сипатталу қажет дейді.
Жасөспірім кезеңнің негізгі ерек-шелігі – дамудың бар жақтарын
өзгерту. Осы кезеңде адамның өз беттілігі өмірге деген дайындығымен
анықталады. Мұнда жасөпірімнің дүниетанымы, кәсіби іс — әрекетті таңдауы
және тұлғаның азаматтылық маңыздылығын нақтылау аяқталады. Факторлар
әсерінен тұлғаның қоршаған адамдармен қатынас жүйесі және өзіне деген
қатынас өзгереді. Осы әлеуметтік позицияның әсерінен оның қоғамдық пайдалы
іс — әрекетке, оқуға деген қатынасы өзгереді. Белгілі бір болашақ
мамандыққа деген байланыс қалыптасады. Берілген кезең жасөспірімнің
үлкендермен мінез – құлықтың барлық аймақтарында тәуелсіздігін көрсетеді.
Жасөспірімнің өз көзқарасы бар, жасөспірімдер үнемі өз жетістіктерін
өсіріп, кемшіліктерін азайтып отырады. Өз құрдастарының арасында болуға
ұмтылыс, оларды белсенді түрде үлкендер арасынан өзі соған ұқсағысы келетін
адам іздейді. Бұл жерде идентификация туындайды.
Жасөспірім тұлғасының индиви-дуалды дамуы мен қалыптасуы бірінше
кезекте белсенді өзара әрекет, яғни қоршаған ортамен әрекеттесу нәтижесінің
арқасында болады. Жас есейе келе адам психологиялық дамуында әлеуметтік
фактордың әсері күшейе түседі [16]
Д.Б. Эльконин 11-17 жас аралы-ғындағы жетілу кезеңін 2 фазаға бөледі,
бірінші 11-15 жас кіші мектеп оқушылары, яғни жеткіншектерге қатысты. Мұнда
жеткіншек әр жақты қарым-қатынасқа түсуге үйренеді.
Ал 15-17 жас жасөспірімдердің ең басты оқу-кәсіби іс-әрекетінің
арқасында жасөспірімнің танымдық-кәсіби қызы-ғушылықтары артады. Эмоция мен
психосексуалды дамуы жағдайына байланысты, жанұя құру деген бұл жаста
қарастырылмайды [17]
К. Юнг бойынша осы жас дағдарыс кезеңі. Шынайы өмірдің талаптарына
жасөспірім бейімінің сай келмеуі орын алады.[18]
1920-шы жылы психолог Л.С. Выготскийдің айтуы бойынша жасөспірім
кезеңіне қатысты психологияда біршама жалпы теория қарастырылған. Бұл
теориялар қазіргі заманда мәнді болып келеді. Кең түрде жасөспірім кезеңін
3 негізгі тұрғыда қарастыруға болады.[19]
1) Биогенетикалық биологиялық процес негізінде және дамудың басқа да
процестері қарастырды.
2) Социогенетикалық тұрғы тұл-ғаның өмір барысында алдына қойған
мақсаты мен әлеуметтік процестеріне басты зейін аударуын бекітеді.
3) Психологенетикалық — өзіндік даму негізіндегі психика процестерінің
қызметтерін негіз етіп қою.
Биологиялық теорияның өнімі американ психологы Ст. Холл ол даму
психологиясының басты заңы (рекапитуляция заңы) деп қарастырды. Мұнда
индивидуалды даму, финогендік басты сатысының қайталануы болып табылады.
Биогенетикалық концепциясының неміс өкілдері “Конституционная
психология” Э. Кречмер әртүрлі биологиялық фактор негізінде, тұлға
типолониясының басты проблемасын жасады. Адамның физиологиясы мен дамуының
арасында ерекше байланыс бар деді. Кречмер барлық адамдардың екі түрі
болатындығын көрсетті.[20]
Бірінші бағытқа циклоидты: көңіл күйі ауыспалы, тез қозғалғыш, мазасыз
т.с.с., ал 2 түріне шизоидты тұйық қатынасқа түспейтін эмоционалды тырыспа
адамдар.
Н. Кречмер мен Конорадта осыған байланысты жеткіншектерді циклоидқа,
ал жасөспірімдерді шизоидқа жатқызады.
Жасөспірім шизоидты тұлға ретінде күрделі алдында ұзақ мерзімді
жүреді.
В. Целлерді “Конституция и развития” — деген еңбегінде бала дене
бітімінің құрылысының дамуындағы өзгерістер самотикалық өзін сезінуі
психологияның және самотинзалық өзара байланысуы айтылады. Биогенетика
өкілдері психиканы және физиологияны дамуын өзара тәуелділігі бағыты қатты
қызықтырады.[21]
А. Гезел концепциясында “өсу мен даму” синоним, мінез-құлық, жүріс-
тұрысы қабілеті интеграциясы мен дифферен-циациясы мағынасын білдіреді.
Гезел қандай болмасын индивидті мәдениетке оқыту мен үйрету, оның
жетілуінде ешбір орын ауыстыра алмайды деп санайды. [22]
Жасөспірім баланың ересектікке өтуі. Гезел байынша 11 мен 21 жас
аралығын ең маңызды жас мөлшері.
15 жас Гезелдің жазуынша рухани ішкі жан дүниесінің өсуі, тәуелсіздік,
өз-өзін ұстамдылығы, өз — өзін тәрбиелеу мен өте сезімтал болады. 16 жаста
қайтадан салмақтылық пайда бола бастайды, ішкі жауапкершілігі ұлғайып,
эмоция байсалды, қарым-қатынасқа тез түсуі, болашаққа бағыт бағдар жасайды
Биогенетикалық тұрғыға қарама-қайшы социогенетика. Ол жасөспірімнің
құрылымын өздерін қоршаған адамдар мен қарым-қатынас жасау арқылы
анықталады.
Социогенетикалық тұрғыда неміс психологы Левин теориясын айта кеткен
жөн. Адамның мінез-құлық, жүріс-тұрыс қызметінің бір жағы тұлға екінші
жағынан оны қоршаған орта, бірақта да тұлға қасиеті мен қоршаған орта өте
тығыз байланысты.
Левин бойынша өтпелі кезеңдегі ең маңызды процесс тұлғаның өмірлік
әлемінің кеңейуі, қарым-қатынас жасайтын ортасы, өз үйренген топ және
адамдарға қатысты.
Жасөспірімнің мінез-құлқы ең алдымен жағдайды моральдылық қара-
стырумен. Баланың әлемінің ересекке ауысуында. Жасөспірім толығымен алдың-
ғысына да соңғысына да жатпайды. Бұл ең негізгі қоғам жағдайы мен
психикасынан көрінеді. Ашушаң, ұялшақ, ішкі қарама-қайшылықтар. Бұл қысым
мен қақтығыс көп болған сайын балалық пен ересектік шекарасының әртүрлі
айырма-шылықтарына байланысты ойыстай бастайды [23].
Левин концепциясының мәнділігі ол жасөспірімді әлемдік психологиялық
деп қарастырады.
Тұлғаның психиканы дамуының әлеуметтік жағдайда байланысты өзгеруі.
Левин теориясына түзеу жасаған англиялық психолог Д. Бомберам айтуынша
жалпы “Био” және социогенетикалық тұрғыда жасөс-пірімдерді ең басты
психикалық факторлар әсерінен дамуын қарасырады. Д. Бамберам осы екеуінің
арасындағы психогенетиканы жазады; ең алдымен психикалық даму процесін
алдына қояды, бұдан үш ағымды бөліп көрсетуге болады.
1) Эмоция мен мінез-құлық, жүріс-тұрыс жайлы ол психодинамикалық
концепция деп атады.
2) Интеллектуалдық және таным қабілеттеріне байланысты-“когнетивті”
яғни танымдық немесе “когнетивті-генетикалық” болып бөлінеді.
3) Тұлғаның біртұтастай дамуына “персонологиялық”- яғни персоналды деп
соңында бөлінеді.
Қазіргі заманда жасөспірім психодинамикалық теорияның басталуы өкілі
танымал американ психологы Э. Эриксон философия-методологиялық ұстамын
Фрейдтік психоанализ дамуының жалғасын жасаған. З. Фрейд ойынша дамудың ең
негізгі қозғалыс күші тұлғаның биологиялық жыныстың қызығушылығы (либидо)
дәлірек айтқанда психосексуалды қақтығыстың тууы. Біріқта Эриксон белгілі
мөлшерде биология мен поксексуалдықтан ауытқыды. Эриксон барлық өмір циклін
сегіз фазаға бөліп көрсетті.[25] Оның әрқайсысы болашақта дамудың қолайлы,
қолайсыз жағын шешетін ерекшелік.
Сонымен жасөспірім шақта адам өзінің өмір сүруіндегі мәнділікті
іздейді, өзінің біртұтастылығын игеруге талпы-нады, басқалар арасында өз
орнын табуға тырысады.
Сана психика дамуының жоғарғы сатысы ретінде, ең алдымен, жалпыны және
болмыстағы елеуліні тану қабілеті сияқты қасиетімен ерекшеленеді. Жалпыны
білу адамның болмыста мейлінше дұрыс бағдар ұстауын қамтамасыз етеді, істі
біліп әрекет жасауына, өзін дұрыс алып жүруге мүмкіндік береді. Жалпыны
біле отырып адам әрбір жеке міндетті практикалық тұрғыдан шеше алады.
Заңдылықтарды біле отырып, белгілі бір оқиғаның болатынын алдын ала болжай
да аласыз. Жалпы мен елеулі жайындағы білімдерді жинақтау ғылымды И. П.
Павловтың сөзімен айтқанда, болмысты және өз басымызды дұрыс алып жүруде
жоғары бағдарлылықты қалыптастырады. Ғылым, өнер, мәдениет (сөздің кең
мағынасында) қоғамдық сананы құрайды.[26]
Жеке адам санасы мен қоғамдық сана диалектикалық, бір-лікте — болады.
Жеке адам санасы оның болмысын ғана бейнелеп қоймайды, сонымен қатар
адамзат жинақтаған білімді меңгеру нәтижесі де болып табылады. Екінші
жағынан, қоғамдық сана жеке адамдар мен бұқара көпшіліктің творчестволық іс-
әрекетінің нәтижесінде қалыптасады.
Сана объективтік болмыс жайында қорытылған білімнен ғана емес, сондай-
ақ сол болмысқа белгілі түрдегі қатынастардан да көрініп отырады. Бір
жерде орын алып отырған қандай да болсын катынас,—деп жазды. К. Маркс пен
Ф. Энгельс — мен үшін болып жатады; хайуандар ешнәрсеге де қатыспайды
және жалпы қатынас емес; оның басқа хайуандарға қатынасы дейтін қатынас
болмайды.[27]
Демек, адам өзін табиғаттан бөліп алады, белгілі автономия танытады,
белгілі дәрежеде бағалай отырып, оқиғаларға байқастап жанасады. Адам
қатынастарды интеллектуалды (бағалау арқылы) және эмоционалды (сүю, ұнату,
өшпенділік, жек көру, жирену түрінде керінеді) сипатта болуы мүмкін. көп
жағдайларда саналы қатынастар интеллектуалды-эмоционалды сипатта, екеуі
аралас келеді.
Сана адамның творчестволық қабілеттілігінен көрінеді. Адамның санасы
объективті дүниені бейнелеп қана қоймайды, сонымен қатар оны жасайдыХайуан
еш нәрсені де орната алмайды. Егер ол езі мекендеген жердің жағдайын
өзгертсе оны саналы түрде түсініп істемейді, оның тіршілік етуі соған
жеткізеді. Мәселен, ешкілер грек тауларындағы бұталарды жеп қойып, соның
нәтижесінде елдің климатын өзгертті дейді Ф. Энгельс.
Адам дүниені саналы түрде өзгертуге талаптанады, оны өз қажетіне
бейімдегісі келеді, тіпті ол табиғаттың жеке элементтерінен табиғатта
кездеспейтін жаңа заттар жасайды. Творчество адамның бүкіл Жерді
мекендеуіне және космосқа да жол табуына мүмкіндік береді.
Сананың аса маңызды қасиеті оның есеп беруі болып табылады. Адам
өзінің ниеті мен күйзелісі, ойы мен түйсігі туралы өзіне-өзі есеп береді,
демек, сана тек қана сыртқы білімді емес, өзің білуді де қамтамасыз етеді,
яғни сана өзіндік сана-сезім түрінде де көрініс табады. Адам есеп беруінің
арқасында өз күшін реттей алады, өзін түзетіп және дамытып отырады.
Білім негізінде жеке адамның іс-әрекетіндегі және мінез-құлқындағы
саналылық мөлшерін анықтауға болады. Жеке адам мінезі мен іс-әрекетінде
білімге сүйенеді, ол өткендегіні ескеру және болашақты болжай отырып,
неғұрлым тиімді тәсілді таңдап алады. Бұл ретте адам өзін-өзі бақылайды
және өз күшін жоспарына қарай реттеп отырады.
Өзндік сана-сезім
Адамның жануарлардан айырмашылығы — ол өзін танитын және білетін, өзін
түзетіп және жетілдіріп отыруға қабілетті тіршілік иесі.
Өзіндік сана-сезім — сананың өзіңді білу мен өзіңе қатынастың бірлігі
ретінде көрінетін бір түрі. Өзіндік сана-сезім сыртқы ортаны және өзіңді
өзің танудың бейнеленуінен біртіндеп қалыптасады.
Басқаларды тану арқылы өзіңді тану. Жас бала бастапқыда өзін қоршаған
ортадан бөліп қарамайды. Ол ойыншықты қозғап та, аяғының башайларын
қимылдатып та — бірінен-бірін айырмай ойнай береді. Бірте-бірте ол өзін,
өзінің органдары мен тұтас денесін қоршаған заттардан бөле қарап, ажырата
бастайды. Бұл физикалық саралау процесі сыртқы дүние мен өзін танудың
нәтижесінде және алғашқы кезде проприоцептивтік деңгейінде (өз органдарының
қалыпты жайы мен қимыл-қозғалысын сезіну) өтеді. Баланың өзін өзі
аңғаруынан кейін,— деп жазды И. М. Сеченев,— есейгенде адамның өз санасының
актілеріне сын көзбен қарауға, яғни өзінің бүкіл ішкі дүниесін сырттан
келіп қосылатын барша құбылыстардан бөліп қарауға, оны талдауға және
сыртқымен қатар қоя қарауға (салыстыруға) — бір сөзбен айтқанда, өз
санасының актін зерттеуге мүмкіндік беретін өзіндік сана-сезім туады.[28]
Күрделі психикалық кұбылыстарды, әсіресе өз басының қасиеттерін танып-білу
іс-әрекет және қарым-қатынас процестерінде өтеді. К. Маркс былай деп
көрсетті: адам алдымен айнаға қараған сияқты, басқа адамға қарайды. Павел
дейтін адамға өзі сияқты адам деп қарау арқылы Петр дейтін адам өзіне адам
деп қарай бастайды.
Қарым-қатынас процесінде адамдар бірін-бірі біліп, біріне-, бірі баға
береді. Өзгенің осындай бағалауы әр адамның өзін-өзі бағалауынан көрініс
танытатын болады.
Адамның өзін-өзі тануында, оны басқаның бағалауы мен коллективтік
бағаның маңызы ерекше. Егер бір адамның іс-әрекеті мен мінез-құлқын сыңар
жақты бағалау тұрақты сипат алса, онда сол адам өзінің қабілеті немесе
мінезі жайындағы осы сыңар жақ бағаны малданып алады да соған мойын
ұсынады.
Өзін-өзі тану өзіндік сана-сезімнің қалыптасуында маңызды роль
атқарады. Өзін-өзі тану — адамның өз психологиялық және физикалық
ерекшеліктерін зерттеп-білуі. Адам өзін тікелей де, жанама түрде де танып
біледі. Жанама таным неғұрлым күрделірек тікелей танымның алғашқы сатысы
іспетті.
И.М.Сеченев. Таңдамалы философиялық және психологиялық шығармалары.
М., Мемлекеттік саяси баспа.
Өз іс-әрекеті мен мінез-құлқын талдау арқылы адамның өзін-өзі тани
алуы. Өзін жанама тану өз іс-әрекетінің нәтижелерін талдау жолымен жүзеге
асырылады. Белгілі бір саладағы жетістіктерін талдай және бағалай отырып,
жұмысқа жұмсалған уақыт пен күшті есептей отырып, өз қабілеттерінің
деңгейін анықтауға болады. Қоғамдағы өз мінез-кұлқын бағалау арқылы адам өз
басының адамгершілік және психологиялық ерекшеліктерін танып, біледі.
Жанама танымда өзін-өзі зерттеп жүрген жеке адамға айналасындағылардың өзі
жайындағы көзқарасын талдаудың да маңызы зор. Жақын адамдардың, қызметтес
жолдастардың объективті бағасы өзіңді тереңірек танып білуіңе көмектеседі.
Өз басыңның қасиеттеріне берген өз бағаң мен басқа жұрттың бағасын
салыстыру да маңызды. Ол өз танымының өзгелердің ойымен бірдей шығу-
шықпауын, өзін-өзі не артық, не кем бағалап жүргенін айқындауға мүмкіндік
береді.
Бұдан шығатын қорытынды, басқа адамдармен неғұрлым кең қарым-қатынаста
болу өз басыңның жағымды және жағымсыз жақтарын жан-жақты салыстыруға,
танып білуге кемектеседі екен
1.2 Тәрбие процесінің субъект категориясы және субъектілердің өзін-өзі
дамытуы
Субъект категориясы философияда, әсіресе онтологияда, негізгі орын
алатыны белгілі (Аристотель, Декарт, Кант, Гегель). Ол қзіргі кездегі,
психологияда да өзіне үлкен назар аудартуда (С.Л.Рубинштейн,
К.А.Абульханова-Славская, А.В.Брушлинский, В.А.Лекторский).
С.Л.Рубинштейннің айтуынша, онтологияның негізгі мәні … түрлі
формалардағы субъектілерді, тіршілік ету тәсілдерін, қозғалыстың түрлі
формаларын ашу. Мұның ішіне іс-әрекет субъектілерін қозғалыстың негізгі
формаларының бірі ретінде ашып көрсету енеді.
Біріншіден, субъект категориясы әрқашан объект категориясымен
сәйкестендіріледі. Осыған орай С.Л.Рубинштейн, болмысты танып білуге,
болмыстың танымға ашылуына осы танылып отырған болмыстың танып білуші
адамға қатынасына екі өзара байланысты жақтарды қояды: 1) болмыс
объективтік шындық ретінде, адам тарапынан саналы түсіну объектісі ретінде;
2) адамды болмысты танушы, ашушы, оның өзіндік сана-сезімін іске асырушы,
субъект ретінде.[29]
Екіншіден, танушы субъект, немесе ғылыми таным субъектісі-бұл өзі
танып отырған болмысты қоғамдық-тарихи қалыптасқан формаларда саналы
түсінуші қоғамдық субъект. Осы жерде А.Н.Леонтьевтің жалпы субъекивтік пен
объективтік арасында қарама-қайшылық абсолютті емес деген қағидсын атап өту
маңызды. Олардың қарама-қайшылықтары дамудан келіп туындайды, тіпті бүкіл
оның даму барысында олардың арасындағы, біржақтылықты жоюшы, өзара өтулер
сақталады.[30]
Үшіншіден, қоғамдық субъект іс-әрекетте де, нақты индивид болмысынд
да тіршілік құрып, жүзеге асады.
Төртіншіден, Мен және басқа адам проблемасы мәселесін қарастыра
отырып С.Л.Рубинштейін келесі жағдайға назар удартды: Мен қандай да бір
іс-әрекетті ұйғарады және керісінше, ырықты, басқарылушы, саналы түрде
реттелуші іс-әрекетті әрекеттегі адам, осы іс-әрекеттің субъектісі-берілген
индивидтің мені тиісті ұйғарады.Бұл қағида тек субъектінің ғана емес,
сонымен қатар іс-әрекеттің өзінің де негізгі сипаттамаларының бірі ретінде
болады.
Бесіншіден, субъект- саналы әрекеттенуші-оның өзіндік сана-сезімі-бұл
өзін дүниені саналы түсінуші және оны өзгертуші тіршілік иесі ретінде
түсіну, оның іс-әрекет процесінде әрекеттенуші субъект ретінде-практикалық
және теоретикалық, сондай-ақ саналы түсіну іс-әрекетінің субъектісі ретінде
түсіну. Бұл анықтма С.Л.Рубинштейін теориясында Адам өмір субъектісі
ретінде афоризмі формасын алады.
Алтыншыдан, әрбір нақты субъект өзінің басқаға қатынасы арқылы
танылады (мұны тағы А.Смит, К.Маркс айна теориясында атап өткен, бұл теория
бойынша Петр деген адам Павелге айнаға қарағандай қарап, оның бағалауын
қабылдай отырып, өзн-өзі бағалауды қалыптастырады).
Жетіншіден, әрбір Мен жекеше де, қоғамдық та болғанымен, ұжымдық
субъект болып табылады. Әрбір мен, ол мендердің жалпылығы
болғандықтан, ұжымдық субъект, субъектілер ынтымақтастығы, субъектілер
республикасы, тұлғалар ынтымақтастығы болып табылады; бұл мен іс жүзінде
біз болып табылады.
Субъектінің сегізінші сипаттамасы – іс-әрекет, субъектісі осы іс-
әрекеттің өзінде өзі қалыптасып, жасалатынында болып табылады, оның пән
мазмұның ашуда субъектінің өзін айқындап және анықтауы мүмкін.
С.Л.Рубинштейн бойынша, субъект өзінің істерінде, өзінің шығармашылық
дербестік акттерінде тек қана табылып және көрініп қоймайды; ол мұнда
жасампаздалады және анықталады. Сондықтн оның не істегеніне қарап, оның кім
екенің білуге болады; оның іс-әрекетінің бағыты арқылы өзін анықтп және
қалыптастыруға болады. Тек осыған ғана педагогиканың мүмкіншілігі жоқ
дегенде, үлкен стильдегі педагогиканың мүмкіншіліктері сүйенеді.
Субъектінің тағы бір, тоғызыншы сипаттамасын атап өтейік, ол бейнелеу
процесін гносеологиялық және өзіндік психологиялық талдаудан,
субъективтік бейне категориясынан туындайды (А.Н.Ленотьев бойынш).
А.Н.Леонтьев пікірінше танымды шын бейнесінде үнемі белсенді субъект болады
(құмарланған), ол өзі орналасқан объектімен байланыстырады модельдейді. Іс-
әрекеттің мотивтерімен, эмоцияларымен, субъект ұстанымдарымен
шарттастығының жалпы психологиялық тезисіне негізделе отырып, А.Н.Леонтьев
бейнелеудің құмарланғандығы түсінігін оның іс-әрекет субъектісіне
тиістілігі ретінде енгізеді.
Субъект түсінігінен бсқа операционалдық позициялрдан келе отырып,
Ж.Пиаже де белсенділікті оның жетекші сипаттамаларының бірі ретінде
қарастырғанын айта кету маңызды. Объект субъектіге дайын күйде
берілмеген, ол тек соңғысы трапынан жаңа білім құрылымында жаңғыртылады,
оны өзі үшін тұрғызғандай, тура сол сияқты субъектіде өзіне өзінің барлық
ішкі құрылымдарымен берілмеген; өзі үшін объект ұйымдасытра отырып,
субъект өзінің жеке операцияларын да конструкциялайды, яғни өзін-өзі шындық
жасайды.[31]
Ж.Пиаже бойынша, субъект үнемі қоршаған ортамен өзара әрекеттесуде
болады; оған бейнелеудің функционалды белсенділігі тән, оның көмегімен
субъект өзіне әсер етуші ортаны құрылымдайды. Белсенділік әрекеттерден
байқалады, олардың арасында әртүрлі өзгертулер болып отырады.
Адамның дүниедегі болмысының өзін-өзі детерминацияла қасиетін саналы
түсінуші субъектілігі мдеясы, берілген психология аймағы үшін демеуші
ретінде қарастырылады. В.A.Петровский, осы категория арқылы тұлғалық пен
субъектік арасындағы ішкі байланысты қарастыра отырып: Тұлға болу
дегеніміз… іс-әрекеттің, қарым-қатынастың, өзіндік сана сезімнің
субъектісі болу, — деп көрсетеді. В.А.Петровскийдің дәлелдерін
келтірейік:[32]
Біріншіден тұлға болу- өз өмірінің субъектісі болу, дүниемен өзіндік
виталдық қатынастарын құру. Бұл адамның табиғатпен және әлеуметтік
ортасымен өзара қатынстарының физикалық, психофизикалық, психологиялық
әлеуметтік жақтарын қамтиды.
Екіншіден, тұлға болу-өзі әрекеттенуші ретінде болатын заттың, іс-
әрекеттің субъектісі болу.
Үшіншіден, тұлға болу – ол қарым-қатынастың субъектісі болу, мұнда
В.А.Петровский бойынша, өзара әрекеттесуші жақтардың өзра көрінулерін
қамтамасыз ететін ортақ нәрсе қалыптасады. В.А.Петровский, осы
категориялардың байланысын ұғыну үшін маңызды ойды атап өтеді, яғни қарым-
қатынас субъектісі ретінде тұлға болу-адамның басқа адамдар өмірінде қандай
да бір мөлшерде идеалды бейнелеуінсіз мүмкін емес.
Төртіншіден, В.А.Петровский бойынша, тұлға болу дегеніміз-өзіндік сана-
сезім субъектісі болу, мұның өзі өзін-өзі бағалауды, өз Менін ашуды және
де бсқа өзіндік-тұлғалық конституенттерді қамтиды. Субъектілікті тұлғаны
құрастыратын сипаттамасы ретінде қарасытра отырып, В.А.Петровский
педагогикалық психология үшін маңызды түсініктерді енгізеді: Виртуалды
субъект түсінігін қалыптасу, осы күйге өту мезеті ретінде, бұл адамдағы
тұлғалықтың пайда болуымен байлныстырады; бейнеленген субъектілік
түсінігін-нағыз субъект өз-өзі үшін субъект және сонымен біріге алмайды
және сонымен бірге басқа біреу үшін өзінің болмыс субъектісі болмай
қалмайды.
С.Л.Рубинштейін бойынша, іс-әрекет субъектісінің маңызды сипаттамасы-
оның іс-әрекетте қалыптасуы және дамуы. Адамның дамуы тәрбие мен оқыту
процесінде жүріп қана қоймай үнемі өзін-өзі дамытуын да ұйғарады. Өзін-өзі
дамыу кез келген жаст бола бермейді, оның табиғи заңдылығы блады. Мысалы,
өзін өзі меңгеру, әрекет-қылығын ерікке бағындыру біртіндеп … жалғасы