« Түйіндесулер.Лекальді және циркульді қисық сызықтар туралы түсінік

Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады
« Түйіндесулер.Лекальді және циркульді қисық сызықтар туралы түсінік
Бағыты: Сызу Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: 9 сынып
Материал сызу пәні мұғаліміне арналған сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: « Түйіндесулер.Лекальді және циркульді қисық сызықтар туралы түсінік,эллипс пен сопақшаны құру. Эвольмента және Архимед спиральі. » Мақсаты: Түйіндесулер туралы білім беру. Әр түрлі бұрыштарды, шеңберлерді және шеңбермен түзулерді түйіндестіруге үйрету. Оқушыны ұқыптылыққа және дербестікке тәрбиелеу.Оқушының кеңістікті көз алдына елестету қабілетін және график мәдениетін қалыптастыру.Күтілетін нәтиже: екі түзуді, шеңбер мен түзуді және екі шеңберді түйіндесуді жаттығу арқылы сызып үйренеді.
Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгеруӘдістері: практикалық жұмысҚұрал-жабдықтар: оқулық, тақта, сызба құралдары жұмыс дәптері
Сабақ барысыІ. Ұйымдастыру бөліміІІ. Үй жұмысын тексеру. Сызбалар арқылы тексеру.ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру Бір түзу сызықтың екінші түзу сызыққа біртіндеп көшуі – түйіндесу деп аталады.Түйіндесулерді салу үшін түйіндесу центрі мен нүктелерін табу керек. 1. Екі түзуді радиусы берілген доғамен түйіндестіру ( тікбұрышты, сүйірбұрышты және доғалбұрышты) Түйіндесу R – 10 мм
О О
2. Шеңбер мен түзуді радиусы берілген доғамен түйіндестіруа) түйіндесу центрін табу үшін шеңбердің О нүктесінен радиусы R + r болатын көмекші доға жүргізеді.б) АВ түзуінен r қашықтықта радиусы R + r доғасымен қиылысқанша, АВ түзуге параллель түзу жүргізеді. Шыққан О1 нүкте түйіндесу центрі.в) О О1 қосқанда М нүктесі пайда болады. О1 нүктеден перпендикуляр жібереміз, Н нүктесі пайда болады.г) М,Н түйіндесу нүктелерін r доғасымен қосып сызық жүргіземіз. О
О О
3. Екі шеңберді түйіндестіруА) І- шеңбердің диам. r1-30 мм, ІІ- шеңбердің диам. r2 –20 мм, түйіндесу радиусы R – 10 мм.Б) шеңбер ø r2 + Rекі шеңбер сызу, центрі О1 және О2ø r1 — Rв) қиылысқан нүкте О, О1О, О2О – қосамыз.Қиылысқан нүктелер А және В. Сырттай түйіндесу
4.Шеңберлер доғаларын түйіндестіру нәтижесінде алынған тұйық сызықты – сопақша (овал) деп атайды. Сопақшаларды біросьті және екіосьті деп ажыратады. Екіосьті сопақша осьтерінің ұзындықтарымен анықталады. Сопақша салу әдісі түсіндіріледі және оқушылар мұғаліммен бірге сызады.
ІІ. Бекіту . Үлкен осінің ұзындығы 80 мм, кіші осінің ұзындығы 50 мм болатын екіосьті сопақша салу.
ІІІ Бағалау. Өзіндік жұмыс бағаланады.
ІҮ Үй жұмысы. Түйіндестіру ережелерін сақтай отырып, 25, а-суреттегі фигураны өзің таңдап алған масштабпен сал. Өлшемдерін түсір.
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.