Туфли тар болса
Аяқты қысатын туфлиді қандай жағадайда кеңейтіп әуре болмау керек, алдымен соған тоқталайық:
— ұзындығы кішкене;
— 2 не одан да көп өлшемге кішкентай;
— жиек тігісі тар;
— жасанды материалдан тігілген болса.
Туфлиді жаңадан сатып алған кезде аяқты қысып тұрса, сатушы сізге уақыт өте келе кеңейетінін айтады. Бірақ алғашқы күндері тар аяқ киімді қалай киеміз? Ол үшін сатып алған күні үй ішінде қалың шұлықпен киіп жүріңіз. Әрі сәл кеңейеді, әрі аяғыңыз үйренеді. Алдымен ішін медициналық спиртпен сүртіп алуға да болады.
Ішіне су құйып, мұздатқышта су мұз болғанша қатырып қоятын әдіс бұрыннан таныс болар.
Туфлидің өкше тұсы қатты болса, қолмен уқалап жұмсартуға не балғамен ақырын ұруға болады.
Не аяқ киімнің ішкі жағына кір сабын жағыңыз.
Газет те туфлиді кеңейтуге көмектеседі. Бірнеше бөлікке бөліп, сумен жібітеміз. Туфлидің ішіне салып қоямыз. Фенмен кептіреміз. Аяқ киім кеңіп шыға келеді.
Арнайы себу құралдарын пайдалануға не кәсіби шеберлер қызметіне жүгінуге де болады. Аяқ киім шеберханалары үшін бұл – бірер минуттық іс