Тренинг:»Біз бір-бірімізге сенеміз бе?»

0
Тренинг:»Біз бір-бірімізге сенеміз бе?»

 

Автор: Адильгереева Гулжан Сапиевна

 

Бағыты: Психология Бөлімі: Тәлімгерлерге Сыныбы: 10 сынып

 

Жарияланған уақыты: 2019-01-05

 

Материал туралы қысқаша түсінік

 

Мақсаты: оқушылардын өзіне және өзгелерге деген сенімділігін
арттыру. Бір-біріне деген қарым-қатынас нығайту.


Тақырыбы: Біз бір-бірімізге сенеміз бе?

Мақсаты: оқушылардын өзіне және өзгелерге деген сенімділігін арттыру. Бір-біріне деген қарым-қатынас нығайту.

Таныстыру жаттығуы.Сабаққа қажетті құралдар: ватман, түрлі түсті шарлар,қарандаштар, әуен.

Сабақтың жүру барысы:

Психолог: Құрметті бүгінгі тренингке келген ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі тренинг сабағымызға кош келдіңіздер! Сабағымыздың тақырыбы «Біз бірімізге сенеміз бе?»Бүгін мен сіздермен тренинг өткіземін бір-бірімізден ұялмайық, ойымызды ашық айтайық , өзімізді еркін ұстайық, белсенділік танытайық, дос болайық.І. «Танысу » жаттығуы (әуен қосылады)Жалпы білім беретін Родник негізгі мектебінің психологы Шайхиева Ботагоз Тагаллимқызымын казір біз бір-бірімізбен танысамыз.Нұсқау: Ортаға бір адамды есімен шакырамын, сол оқушы менім алақаныма өзінің қолың қояды, келесі оқушы шақырады, әрі қарай жалғасады.Рефлексия:Жаттығу ұнады ма?Бір-бірімізге жылылық сездіңдер ме?Алақандарымыз кандай пішінге ұқсайды?ІІ «Бір- бірімізге сенімді болу үшін не істей аламыз?» (постер қорғау)«Топқа бөлу» жаттығуыНұсқау: Жасыл және сары шарлар беріледі оқушылар өздеріне ұнайтын түстерді таңдап түстер арқылы екі топқа бөлінеді. (түстердің мағынасы ашылады) Психолог: — оқушылар мен сендерге жылы түстер таңдап алдым. Сары түс-адамды болашаққа бағыттайды жеңілдік, қуанышты, сабырсыздықты білдіреді.Жасыл түс- еркіндікті, табандылықты мақсаткерлікті білдіреді.Оқушылар топқа бөлініп ватманға өз пікірлерін, ойларын сурет арқылы түсіреді.Топ басшы қорғайды.ІІІ. «Керемет дүкен» жаттығуыМақсаты: құндылықтардың адам өміріндегі маңызын түсіндіру.Психолог: Мен «Керемет дүкеннің сатушысымын, менің дүкенімде сендерге қажетті құндылықтар сатылады, ол құндылықтарды алу үшін сіздер маған өздеріңіздің қажетті құндылықтарыңызды айырбастайсыздар»Дүкенде сатылатын құндылықтар: сенім, жеңіс, мақтау, белсенділік, денсаулық, жетістік.

  • Кімге қиын болды? Неліктен?
  • Неліктен айырбастамадық?
  • Психолог қатысушылардың ойын тыңдап болғаннан кейін адам өз өміріндегі құндылықты ешкімге және ештенеге айырбастамауы қажет және бағалай білу керектігін айтып өтеді.

ІV. «Би терапиясы»Мақсаты: Сенімділік арттыру, қамқор болуға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.Нұсқау: Алдын ала дайындалған ақ плакатка адамның табанының суреттері салынады, екі түрлі түспен. Оқушылар ортаға шығып, музыкаға ілесе отырып, өз табан іздерінен шықпай билеуі керек.

  • Қандай сезімде болдыңыздар?
  • Музыка мен би біздің сезімімізге әсер ете алады ма.

 

Бостандық орта жалпы білім беретін мектебі

(Аудандық семинар)10 сынып

Мектеп психологы: Адильгереева Г.С

2017-2018 оқу жылы>

Материалды сайттан тегін жүктеу

 

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!

 

Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.