Трамп АҚШ пен Ұлыбританияның нацизмді жеңгенін айтты
АҚШ президенті Дональд Трамп Еуропадағы Жеңіс күніне арналған видеода АҚШ Ұлыбританиямен бірге нацизмді жеңгенін айтты. Ресейдің АҚШ — дағы елшісі жауап ретінде мұндай мәлімдемелерді Кеңес Одағының рөлін төмендетуге бағытталған «дезинформация науқаны» деп атады.
АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ пен Ұлыбританияның нацизмді 1945 жылы жеңгенін айтты. Ол бұл туралы 8 мамырда Ақ үйдің Twitter — де жарияланған видеода айтты.
«Еуропада Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан бері 75 жыл өтті, Еуропамен қарым — қатынас бұрынғыдан да мықты. 1945 жылы 8 мамырда АҚШ пен Ұлыбритания фашистерге қарсы соғыста жеңіске жетті. Бұл күнді атап өту кезінде біз сол ұлы ұрпақты әрдайым есімізде сақтаймыз. Американдық рух әрқашан жеңіске жетеді. Сайып келгенде, осылай болып жатыр», — деді Трамп.
Ресей бұл мәлімдемеге бұған дейін де реакция жасаған. Атап айтқанда, Ресейдің АҚШ — дағы елшісі Трамптың мәлімдемесін «дезинформация науқаны» деп атады.
«Бірқатар елдерде дезинформация науқаны өтіп жатыр және, өкінішке орай. бұл Кеңес Одағының рөлін төмендетуге тырысқанын көрсетеді. Америка Құрама Штаттары Екінші дүниежүзілік соғысындағы Кеңес Одағының ролі туралы ештеңе айтпайды, керісінше Кеңес Одағы Екінші дүниежүзілік соғысты бастады деп айтылады екен. Бұл біз қолдамаймыз», — деді Ресей елшісі.
Керімсал Жұбатқанов, Қазақ — Орыс халықаралық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты