Төсектегі мінсіз әйелдерге кеңес

0
Еркектер төсек ойынын жақсы көреді, ал ол ойынды жақсы көретін әйелдерді одан да қатты жақсы көреді. Сондықтан артық ұялшақтықтың және жыныстық сауатсыздықтың қажеті жоқ. Олардың көзіне аздап ақымақ болып көрінгеніңіз жақсы. Мамандардың нәзікжандыларға арналған бірнеше кеңесіне құлақ түріңіздер.

1. Тамаққа тойып алып жыныстық қатынасқа түсуге болмайды. Кешкі тамақтан кейін ер адам көбіне ержар кейіпте, ұйқыны қалап тұрады екен.
2. Жыныстық қатынасқа түсердің алдында теңіз өнімдерін жеген дұрыс дейді мамандар. Жемістер мен сүтті коктейльдерде артық етпейді. Болмаса қарапайым ғана жұмыртқа мен бутербродтар жеу ұсынылады. Бірақ міндетті түрде бірге тамақтанған жөн. Тәттімен «тәбет» ашуға да болады.
3. Мықты «көңілдес» әйел өз ерінің не қалайтынын өте жақсы біледі. Бикеш оны болжайды немесе сезеді. Жыныстық қатынас ойда басталып, төсекте аяқталуы қажет. Ортақ әңгіме мен ойдың, сенімнің болғаны жақсы.
4. Еркекті ештеңе ойландырмай мейірімге «көміп» тастасаңыз сіз ұтасыз. Ал басқа артық сөздермен мазасын алсаңыз өзіңіз үшін де қызықсыз болып қалады.
5. Нағыз мықты әйел ер адамның көңілін сөзбен, мимикамен, қылықтармен аудартатын түсінеді.
6. Сұлу бикеш өзініңі талғамын қадағалайды. Керек емес, жарасымсыз, ұсқынсыз киімдерге шоламайды.
7. Төсектегі қатынаста маңыздысы өзіңізде бардың барлығын беру. Өзіңіз туралы ойламау оған арнау және одан ол еселеп қайтатынын ұғыну.
8. Еркекке шағым айтпаңыз! Оларға біздің айтқан шағымдарымыз мардымсыз әлі күлкілі көрінеді. Сол себепті сүйіктіңізбен тек маңызды деген дүниелерге ғана арыз айтып, көмек сұраңыз. Болмаса көршіңіздің сіз туралы өсек айтқанын оған айтып қажет емес.
9. Жатын бөлмеңізді жайлы әрі әдемі етіп қойыңыз. Әрбір еркек ұқыптылықпен жиналған үйге кірген ұнайды емес пе?
10. Ғашықтык деген ер адамдар үшін аса маңызды емес екен. Сондықтан сізді қай дәрежеде сүйетін сұрамай-ақ қойыңыз.
11. Күйеуіңізді «оқытпаңыз»! Оны әлі мектеп партасында отырғандай етіп сезіндірмеңіз.
12. Өткен қателіктері мен ұрыс-керістегі сөздерін кешіріңіз. Кешіру-яғни ұмыту. Тым болмағанда сондай кейіп танытыңыз. Төсектегі реніш өз кедергісін келтіреді.
13. Әсемпаздық деген біздің бірінші қаруымыз. Оны ақылмен қолдана білуде маңызды.
14. Төсек қатынасы біткеннен кейін тұрып боянып, түріңізді ретке келтірудің қажеті жоқ. Ол естуге де күлкілі көрінеді емес пе? Еркектерге өзініңі сүйгенін таңертең бояусыз көрген ұнайды!