Торғай диалектілерін топтастыру | Скачать Дипломдық жұмыс

0
367

Мазмұны

Кіріспе … … … … … … … … … … … … … … … … 4
… … … … … … … … .. … … … …
1 Диалектология ғылымы, зерттелуі … … … … … … … … … … . 7
1.1 Диалектология ғылымының 7
қалыптасуы … … … … … … … .. … … ..
1.2 Диалекті сөздерді атау тұрғысынан 19
топтастыру … … … … … … … …
2 Торғай өңірі және өңірлік тілдік 21
ерекшеліктер … … … … … .. … … …
2.1 Торғай 21
топырағы … … … … … … .. … … … … … … …
… … … … … … …
2.2 Торғай диалектілерін 22
топтастыру … … … … … … … … … … … … ..
2.2.1Мал шаруашылығына, жан-жануарлар дүниесіне байланысты 24
атаулар … … … … … … … … … … … … … …
… … … … … … … … .. … … ..
2.2.2Киім-кешекке байланысты 29
атаулар … … … … … … … … … … … … … .
2.2.3Азық-түлік, тағам 33
атаулары … … … … … … .. … … … … … … …
… … ..
2.2.4Ыдыс-аяқ атауларына байланысты 38
сөздер … … … … … … … … … …
2.2.5Үй құрылысына, үй шаруашылығына, бұйымға байланысты 42
атаулар … … … … … … … … … … … … … …
… … … … … … … … .. … … ..
2.2.6Кәсіпке байланысты 47
атаулар … … … … … … … … … … … … … …
… …
Қорытынды … … … … … … . … … … … … … … … … 53
… … … … … … … … .. … … .
Пайдаланылған әдебиеттер 55
тізімі … … … … … … … … … … … … … … … …

Қосымша 56

Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Әр ұлттың жан-дүниесі, болмысы,
дүниетанымы оның өзі жасаған материалдық және рухани байлығы арқылы
көрінетіні, ал оны жеткізуші құрал тіл екені, тілін жоғалтқан халықтың өз
тамырынан, тарихынан, ұлт ретіндегі бет-бейнесінен айырылатындығы белгілі.
Ұлттық тілдің бүкіл болмысын зерттеп, зерделеп, кейінгіге қаларлық дүниелер
жазған ғалымдардың ересен еңбектері сондықтан елеулі орынға лайықты. Ұлан-
байтақ даланың әр бұрышындағы тілдік ерекшеліктерді ерлікпен пара-пар еңбек
арқылы, шашыраған қазынаны бір қоймаға жиғандай етіп, қазақтың тіліндегі
диалектілер мен говорларға ғылыми тұрғыда сипат беру ХХ ғасырдың алғашқы
ширегінде жүзеге асты. Ана тілді зерттеу маңызы артып, өз алдына ғылым
болып қалыптасты. Қазақ диалектологиясы іргесінің қалануы жалпыхалықтық
тілдің дамуына, қазақтың жазба әдеби тілінің қор жинап, өрістей түсуіне көп
ықпал берген еді. Диалектілік ерекшеліктерді зерттеу қазақ
диалектологиясының теориялық мәселелерін көтеріп, кейбір қорытындылар
жасауға мүмкіндік берді. Соның нәтижесінде қазақ диалектологиясы қазақ тілі
мен әдебиетінен маман даярлап шығаратын жоғары оқу орындарында арнаулы пән
ретінде енгізілді. Әр аймақтағы сан қилы тіл тұтынысы қазақтың тілдік қорын
байытты. Алайда тек Торғай жерінің қолданысындағы сөздер аймақтық
түсіндірме сөздіктерден ұшырасқанымен, бәрі дерлік жалпыхалықтық сөздер
ретінде анықтама беріліп қала берді. Мұны жұмысымыздың алғашқы және соңғы
тарауларында кеңінен айтпақпыз.
Диалектологияның болашағына еншіленетін мәселе әлі де көп. Мәселен,
аталмыш ғылымның негізгі зерттеу объектілері қазақ тілінің аймақтық
диалектілері мен говорлары. Әуелде егіз, кейін әртүрлі ұғымға ие болған бұл
екі нысан, диалектологтар пікірінше, әлі түбегейлі зерттеліп бітпеген
дүниелер. Өйткені, біріншіден, әлдебір ғалым қазақ тілінде диалектінің
мүлдем жоқ, тек говорлар ғана кездесетінін алға тартқан тұжырым жасаса,
келесі бірінің көзқарасы бұған қарама-қайшы. Өз дәлелдерін алға тартқан
алауыз пікірлердің қайсысы жөн екендігіне, өзімізше, баға беріп көреміз.
Екіншіден, қазақ диалектологиясын құрушылардың бірі С.Аманжолов диалектілік
аймақты үш топқа бөліп, солардың әрқайсысына фонетикалық, лексикалық,
грамматикалық талдаулар жасап келеді де, соңғы үшінші солтүстік-шығыс
диалектісіне кең тоқталмайды. Ол аталмыш аймақта тілдік ерекшелік жоқ
дегенді көлденеңдеткен. Яғни, біз осы жұмысымыздың өзегіне айналып отырған
Торғай диалектологиясы мүлдем зерттелмеген деуге болады. Алайда кейінгі
буын ғалымдардың солтүстік-шығыс тіл еректігі турасындағы тұжырымдары
С.Аманжоловтың пікірлерін бұрысқа балайды, десе де жіктеп-жіліктеп, жіпке
тізіп берген дәйектер жоқтың қасы. Торғай – қазақылығының қаймағы
бұзылмаған өлкелердің бірі, тілі шұбарланбаған аймақтың бірегейі. Сонда да
болса, бұл төңіректегі тіл тұтынысында өзгешелік жоқ емес. Осыған тетелеу
тоқталатын боламыз. Жалпыхалықтық тілге ие деген сақалды пікірдің
тұғырынан түспей келуі – осы өңірге ғылыми назардың жеткіліксіз
салынғанынан болса керек. Торғай өңіріндегі тілдік ерекшеліктің жоқтығын
желеу етіп жүрген сыңаржақ тоқтамдарға, шама-шарықша, қарсы жауап іздеп
бақпақпыз.
Зерттеу нысаны. Жалпы қазақ диалектологиясы, диалектілер мен говорлар,
олардың ара-жігі, Торғай жеріндегі тілдік ерекшеліктер.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеті. Зерттеу жұмысының мақсаты –
қазақ тілі ғылымының маңызды бөлігі саналатын диалектология саласының
теориялық негізін анықтап, торғайлық диалекті және говор сөздерді сүзіп
алып, қалыпқа сәйкес бағасын жасау. Осы мақсатқа сай мынадай міндеттердің
шешімін табу көзделеді:
– Диалекті мен говордың ара-жігін ажырату олардың түрлеріне
сипаттама беру;
– Торғай аймағының тілдік ерекшеліктеріне я диалекті, я говор, не
болмаса сөзжасам тұрғысында сипат беріп, жан-жақты талдау жасап,
мәнін ашу;
– Торғай халқының тұрмыс-салт, тарихының тілдік ерекшелігімен өзара
байланысып, астасып жатқандығын негізге алу, тереңіне бой жіберу;
Зерттеу жұмысының дереккөзі. Қалиев Ғ., Сарыбаев Ш. Қазақ тілінің
диалектологиясы. –Алматы: Ана тілі, 1991, Қазақ тілі энциклопедия –Алматы:
1998, Мұсабаев Ғ. Қазақ тіл білімінің мәселелеріВопросы казахского
языкознания. –Алматы: Арыс, 2008, Сарыбаев Ш. Қазақ тіл білімі
мәселелеріВопросы казахского языкознания. –Алматы: Арыс, 2000, Қордабаев
Т. Қазақ тіл білімінің қалыптасу, даму жолдары, Алтын дала; Костанайская
область; фотокнига сост. Г. Дильдяев; осн. фотосъемка В. Бугаева; предисл.
С. Кулагина.- Алматы: Атамұра, 2005, Қазақ тілінің аймақтық сөздігі 22000
сөз. –Алматы: Арыс, 2005, Абай тілі сөздігі. –Алматы: Ғылым, 1968, Қазақ
тілінің түсіндірме сөздігі. 50 мыңға жуық сөз бен сөз тіркесі. –Алматы:
Дайк-пресс, 2008, Этимологиялық қысқаша сөздік, Синонимдер сөздігі.
–Алматы: Арыс, 2007, Қазақ әдеби тілінің сөздігі 15 томдық. -Алматы Арыс,
2006, Диалектология сөздігі. -Алматы Арыс, 2007.
Зерттеудің әдіс-тәсілдері. Зерттеу жұмысында тарихи және салыстырмалы,
дәстүрлі сипаттама, семантикалық компоненттік, талдау әдістері қолданылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Қазақ тілінің диалектілік лексикасын
тілдік таным тұрғысынан бейнелеуді нысанаға алуы.
– Қазақ тілінің диалектілік бай мұрасы шығу, қалыптасу, даму жасына
қарай толық сипатталып сараланды.
– Торғай өңірі диалектісі семантикалық топтау арқылы, заттық, атау
ұғымында жүйеленеді.
Зерттеу жұмысының теориялық маңызы. Қазақ тілі диалектілік лексикасын
зерделеуде бағдарға алынған теориялық тың ойлар мен этимологиялық деректер,
одан туындайтын ойтүйіндер қазақ диалектологиясы мен әдеби тілінің елеулі
мәселелерін талдауда, сипаттап түсінуде маңызды болмақ.
Зерттеу жұмысының практикалық мәні. Зерттеудің нәтижелері жоғарғы оқу
орындарының филология мамандығының жалпы тіл теориясы, диалектология,
лексикология салаларына қатысты пәндер мен тіл және мәдениет арақатынасын,
тіл тарихын оқытуда теориялық материал ретінде қолданыс табады. Сондай-ақ
жинақталған, талданған материал диалектологиялық сөздік түзуге, ауызекі
сөйлеу ерекшелігін анықтауда қажетке жарайды деуге болады.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, тараулар
тармақтардан, қорытынды мен әдебиеттер тізімінен және қосымшадан (сөздік)
тұрады.

1 Диалектология ғылымы, зерттелуі

1.1 Диалектология ғылымының қалыптасуы
Тіл – түсіністіктің, түсіністік – татулықтың, татулық – бірліктің
негізі, ұлттың ұйытқысы. Бұл – тіл атты маңдайалды фактордың мәртебесінің
асқақ болғаны аса маңызды екенін меңзеп тұр. Демек, төл тілінің тұтыныс
деңгейінің жоғарылығы, тамырының тереңдігі арқылы кез келген елдің мызғымас
беріктігі мен жарқын болашағын болжамдауға болмақ. Өйткені ең басты байлық,
яғни рухани байлық – тіл… Кез келген ұлт, қайбір ел үшін де солай. Біздің
де теңдессіз қазынамыз – ана тіліміз! Түркі тектес елдер ішіндегі ең таза,
ең бай тілі бар ұлт – қазақ ұлты екенін ғылымның жілігін шағып, майын ішкен
европалық ғалымдар мойындады. Жөн-ақ! Ұлан-ғайыр даланы мекен еткен алаш
жұрты бір мойындатса, туған тілінің мөлдір де мөрлі, көркем де көл-
көсірлігімен мойындата алады.
Әуелгі алға тартарымыз – қазақ тілі қорының, сөздік құрамының аса бай
екендігі. Одан кейін, тарих қойнауынан сыр тартпақтайтын болсақ, Үйсін
ұлысының тілі біздің жыл санауымыздан бұрын басталған, ол үздіксіз дами
келіп, қазақтың бір тұтас халық тілі болып қалыптасты деген дерекке
қанығамыз. Махмұд Қашқари өзге түркі тілдес ұлттар ішінен бізге жақынырақ,
жазбаларының біздің тілімізге тікелей қатысы бар. Міне, осы аталмыш
бабамыздың деректері ана тіліміздің төркіні үйсін тайпасынан екенін
куәландыратын қазынамыз. Диуани Лұғат ат түрк – үйсін тілінің лексика-
фонетикалық грамматикалық құрамы жағынан қазіргі қазақ тілінің тұма-
бастауы. Бұл – тарихи үзік дерек.
Бертінгі турасында не тарқатамыз? Қазақ қазақ болғалы қанша уақыт өтсе
де тілдік теориясы әлі толық жүйеленіп біткен жоқ деуге келеді. Кең даланың
әр өңірінде, ауызекі сөйлеу тұрғысынан, тіл тұтынысы әрқилы. Мәселен, бір
өлкедегі күнделікті қолданыстағы кәнігі сөз, екінші бір аймақ үшін архаизм
болуы мүмкін немесе мүлдем басқа мағына беруі ғажап емес. Үшінші бір өңір
үшін тіпті де таңсық болуы ықтимал. Мінекей, осы ретте бесаспап сөздерді
өз географиясына байланысты мағыналарын жіті жіктеу, тете талдау әлі болса
қажет етеді. Бір елдің екініші ел үшін таңсық сөздерін егер ұнамды, құнарлы
деп саналса, жалпы халық зейініне ұсынылуы тиіс. Сондай-ақ белгілі бір
өңірлер ғана мандытып отырған шаруашылық түрлері бар (мақта немесе бау-
бақша егісі, кен өндірісі т.б.), мінекей, сол шаруашылық аясында
қолданылатын кәсіби сөздер де тізімге алынуды қажет етеді. Диалектология
дегеніміздің басты мұраты да осы. Бұл мұрат, сәйкесінше, біріншіден ана
тіліміздің қорын одан әрі байытуға, екіншіден, әу бастан бар ұғымдас
сөздердің синонимдік қатарын молайтуға септігін тигізер еді. Мәселенің
екінші ұшы туралы Қазақ диалектологиясы оқулығында (Ғ.Қалиев, Ш.
Сарыбаев) былай делінген: Заттың не ұғымның жалпы халыққа бірдей түсінікті
баламасы тұрғанда, тек тіл байытуды мақсат етіп, жергілікті сипаты бар
сөздерді орынсыз кіргізе беруге болмайды [1, 37б.]. Бұл тұста орыс
әдебиетінің алыбы М.Горькийдің: Жергілікті сөздердің, провинциализдердің
тіл байытуы өте сирек болады, олар көбінесе тілге тән емес, түсініксіз
сөздерді ендіріп, тіл шұбарлайды, [6, 587б. ] – дегенін ескеру керек
болады. Сондықтан осы мәселеде асыл мен жасықты ажыратып бере алған,
ықылымнан бері жиылып-терілген жазбалардың синтезі деп атай аларлықтай,
табанды да тыңғылықты еңбектің нәтижесінде жарық көрген оқулықтар қашанда
қажет. Десек те, осы күнге дейін аз еңбек жазылып, аз мәлімет қатталған
жоқ. Түсіндірме сөздіктерді томдап санауға болады. Тарих тұңғиығына
бойламағанның өзінде, тәуелсіздік жылдарынан бері қарай да бірқыдыру
құнарлы жинақтар зерттеліп-зерделенді, сарапталып-сұрыпталды. Тиісінше, сол
арқылы диалектологияның жеке-дара ғылым ретіндегі қанат жайып, өрістеп-
өркендеу процесінің іркіліссіз ілгері ілбіп келе жатқанын көреміз.
Диалектология дегеніміздің өзі не? Қайдан шыққан сөз? Атқарар қызметі
қандай я болмаса зерттеу объектісі қайсы? Мінекей, әуелі осы сұрақтарға
жауап іздеп көреміз.
Сонымен, алғашқы кезекте диалек сөзіне тоқталып өтейік. Жалпы, алаш
жұртының бағзыдан кең даланы әуел баста тайпа болып, бертін келе жүз болып
шоғырланғанын білеміз. Ал ауыл дегеніміздің өзі белгілі бір рулардың
қауымдастығынан ірге көтерген. Әлі күнге дейін кез келген ауылдың тарихы
соны айтып береді. Демек, осыларға сүйене келе, тілдік ерекшеліктердің
байқалуын тереңнен іздеуді қисынға саламыз. Ғалым Ғ.Мұсабаевше айтсақ,
рулық сипат сақталған елдердің тілінде диалектінің ізі сақталуы мүмкін [3,
174б.]. Аталған ғалым: Ерте дәуірдегі диалектіні – әрбір жеке рулардың
тілі деп түсіну керек. Кейініректегі, феодализм дәуіріндегі , диалектиканың
тағдыры олардан мүлде басқаша… [қайт, 3, 174б.] дейді тағы да. Енді
диалектісөзінің өзіне сипаттама іздейік.
Сөйтіп, қазақ тілі энциклопедиясына жүгінсек, бұл (грек. Dialektos –
сөйленіс, наречие) – белгілі бір аймақ, облыс тұрғындарына қызмет ететін
жалпыхалықтық я ұлттық тілдің тармағы. Диалектінің өзі жергілікті және
әлеуметтік болып екіге бөлінеді. Жергілікті диалект өзіне тән дыбыстық,
грамматикалық, сөзжасамдық, лексикалық ерекшеліктері бар халық я ұлт
тілінің құрамды бөлігі. Осындай ерекшеліктеріне қарап бір диалектіні
тілдегі басқа диалектіден айыруға болады. Мысалы батыс диалектикасына тән
дүние – оұ алмасуы: қолдану – құлдану; өү: өгей – үгей, дөнен – дүнен;
дж: Домалау – жұмалау, біздің – бізің, барған – барулы, жатқан – жатырған,
жеткеру – жеткізу, сақын – сақтану, кішірейт – кішірт. Синонимдік мәнде –
күдер үзу – баз кешу, шара қолдану – шара көру, қабырға газеті – жер
газеті, қисын – ұтыр, жұдырық – мұш, әлсіз – шебік, әуелгі – ілкі, анда-
санда – шанда т.б. Жергілікті диалект күрделі де өте ұзақ даму процесінен
өткен. Негізі көне замандарда қаланған. Қалыптасуына сол дәуірлердегі
тайпалық тілдер де, көрші жатқан басқа тілдер де, жергілікті жердің өз
жағдайына байланысты тарихи-әлеуметтік өзгерістер де әсерін тигізген. Ал,
енді, әлеуметтік диалект дегеніміз – қоғамдағы белгілі бір әлеуметтік
топтардың я арнайы кәсіппен шұғылданатын адамдардың тілі. Мұндай диалект
жалпыхалықтық тілде кездесетін арнаулы сөздер мен терминдерден, ерекше
фразеологиялық тіркестерден тұрады. Мәселен, балықшы, диқан, аңшы, мақташы
сияқты ірі кәсіптерге, бақташылық, зергерлік, өрімшілік, тоқымашылық сияқты
ұсақ кәсіптерге байланысты арнайы сөздер жатады. Әлеуметтік диалектілер де
арго (жаргон) және кәсіби сөздер болып екіге бөлінеді.
Арго, яғни жаргон сөздерді (француз сөзі) таптық диалект деп атауға
келеді. Өйткені мұндай сипаттағы сөздер шағын ғана әлеуметтік топтарға
қызмет ететін, сол топтардың ұнатуына сай келетін арнаулы сөздер мен
сөйлемшелер. …Жаргондар көбінесе дворяндық аристократия мен буржуазияның
жоғарғы таптары арасында қолданылған (авторлар бұл тұста пайда болу тарихын
тұспалдап тұр деп ойлаймыз). Жаргондардың өз алдына сөздік қоры,
грамматикалық құрылысы жоқ. Бірақ жалпыхалықтық тілдегі сөздерді өз
мақсатына қарай мағынасын өзгертіп, басқаша түрде қолданады деген түсінік
берілген [қайт, 1, 31б.]. Қазақ тілінде шын мәнінде жасанды тіл
дәрежесіне жеткен жаргон, арго болған емес. Бірақ әр кезде белгілі
әлеуметтік ортада пайда болып, қазір біржола жоғалып бара жатқан кейбір
жаргондық, арголық сипаты бар сөз бен сөйлемдер болды. Ондай жаргондық
элементтерге, мысалы, бұрынғы үстем тап өкілдерінің, қожа-молдалардың
тілінде кездесетін халықтық сипаты жоқ, түсініксіз сөздер мен сөз
тіркестерін жатқызуға болады,- делінеді. Осы жолдардан түйсінетініміз,
авторлар пікірінде, жаргондар – жалпыхалықтық түсінікке ие бола алмайтын
сөздер. Ықшам ғана әлеуметтік топтар арасында пайда болатындықтан. Авторлар
мысалдарды да тым көне және ХХ ғасыр әдебиетінен келтіреді. Ал енді
заманауи көзқарасқа салып көрсек, біздің пікір сәл өзгешеленетін секілді.
Мәселен, бір ғана Базар жоқ сөзін алайық. Мұны жаргондық сипатқа жатқызып
жүрміз. Жалпыхалықтық түсінікке ие емес десек, қателескен болар едік.
Қазіргі кезде бұл тіркестің қандай мағына беретінін еңбектеген баладан,
қарияға дейін тәптіштеп бере алады. Сондай-ақ, жаргон (немесе арго…
бәлкім, осы екеуінің айырмашылығы да осында болар, яғни базар жоғымыз
жаргон емес арго болып шығуы ғажап емес) құраушы сөздер де ешқайсысымызға
бөтен емес. Ауызекі тілдегі мұндай сөздер жетіп-артылады… Жалпы, бұл –
қазақта жасанды тіл жоқ деген ұлы ғалымдар еңбегіне әсте күйе жағу емес.
Керісінше, жаңғырту немесе толықтыру жасауға пейіл болған әрекет. Одан
бұрын, жеке позиция…
Арготизм деген де термин бар. Бұны да ғалымдар жаргонмен ағайындас
ретінде таниды. Бұл жасырын әрекетті, құпия сырды бүркемелеу мақсатынан
туған. Ия, тек терминдік атауын екінің бірі емес, екеуі де білмейтінбіз,
бірақ бала күнімізде қызықтап қолданатынымыз есімізде. Нақтылай түссек, әр
сөздің буынының арасына әріп салып, ежелеп сөйлеу (көбіне п, с, ф, к, з).
Мұндағы мақсат – әңгімеге куә болып тұрған үшінші тұлғаға ештеңенің
түсініксіз болуын күйттеу. Мысалы, Менің дипломдық жұмысым деген сөзді
арготизмге салсақ, былай болады: Мепе-ніпің дпи-пл-опом-дыпық жұпы-мыпы-
сыпым.
Енді әлеуметтік диалектінің тағы бір тармағы – кәсіби сөздердерге аз-
мұз тоқталып кетейік. Мұндай сөздер жаргон сияқты халыққа түсініксіз болу
үшін әдейі бұрмаланған жасанды сөздер емес, белгілі кәсіптің ұзақ уақыт
бойы дамуы нәтижесінде пайда болған сөздер. Олар халықтық тіл негізі
ретінде дамып, толығып отырады. Кәсіби сөздердің қолданушысы жергілікті
халық болғандықтан, олардың халықтық сипаты, қоғамдық мәні бар. Жаргон
сөздер нақ мұндай сипатқа ие бола алмайды. Терминдік лексиканы
қалыптастырудағы негізігі арналардың бірі болып табылатын да – осы кәсіби
сөздер. Мәселен: мұрап, бағбан, көшет, дақыл, сақман, т.б.
Мінекей, диалектіні, бөлімдерімен қоса, бастан-аяқ шолып өттік. Енді
нақ осы диалект тұрғысында жан-жақты айтылған тағы бір еңбекке,
салыстырмалы түрде, көз жүгіртсек, Ғ.Мұсабаев Қазақ тілі білімінің
мәселелері кітабында диалектіні территориялық және тайпалық деп екі топқа
бөлген [қайт, 3, 173б.]. Алайда атауларында өзгешелік болғанымен,
жоғарыдағы дәйектермен айналып келгендегі анықтамалық мағыналары бірдей.
Диалекті дегенде говорға соқпай өтуге мүлде болмайды. Мәселенің бәрі
осы екі ұғымның ара-жігінде жатыр. Неге десеңіз, диалекті диалект
аталғалы бері говор термині қасынан елі ажырап көрген емес. Алғашында
(диалектология ғылымы тәй-тәй баса бастаған кездері) екеуі ұғымдас сөздер
болды. Кейін келе, қазақ диалектологиясы кемелдене, ширатыла келе,
ертедегі, кешегі, бүгінгі тұжырымдар мен пікір-көзқарастардың жүйеленуі
арқасында, диалект пен говордың өз алдына жеке қызмет атқаратыны
айқындалды. Көптеген ғалымдар қазақ тілінде диалект жоқ, говор ғана бар
деген пікір түйіндеп жүр. Бұған кейінірек тоқталамыз… Мәліметтерге көз
жүгіртсек, говордың ауыспалы және жергілікті деп екіге бөлінетінін көреміз.
Ауыспалы говор дегеніміз – басқа тілден жергілікті халықтың бір бөлігіне
ауысып, басқаларына таралмаған тіл ерекшелігі. Мұның пайда болуына қазақ
халқының қонысының (географиялық) жағдайы мүмкіндік туғызған, яғни өзіне
көрші халықтармен араласудың нәтижесінде, сол аймақтарда тұратын
тұрғындардың тілінен өзіне сөз ауысып алып отырған… Оңтүстік Қазақстан
говорының лексикалық кейбір ерекшеліктері – өзбек, қырғыз тілдерінің
ықпалы. Мысалы, әдеби тілдегі мақта деудің орнына пахта, үлкен деудің
орнына кәтта және басқа сөздер көрші өзбек тілінен енсе, әдеби тілдегі тазы
деудің орнына тайған деген сөз қырғыз тілінен енген [қайт, 3, 175-177б.].
Ал жергілікті говор – ру, тайпа тілдерінің қалдығы, сонымен қоса белгілі
территорияда ғана қолданылатын дублетті сөздер. Мысалы, азар деген сөздің
орнына қазіргі қазақ әдеби тілінде реніш деген сөз қолданылды… Сіле деген
сөз көне түркі тілдерінде марлі мағынасында болса, кейін бұл сөз ұмытылып,
орнына өлген адамды орайтын кебін деген сөз қолданылған[қайт, 3, 177-
179б.].
Ал, енді, диалектизм – диалектіден де, говордан да ауқымы кеңірек
ұғым. Тағы да энциклопедияға жүгінелік. Сөйтіп, бұл –жергілікті диалектілер
мен сөйленістерге тән тіл ерекшеліктері. Диалектизм көркем шығармаларда
әдеби тіл нормасынан ауытқу түрінде орын алады. Сондай-ақ мұның бірнеше
түрі бар. Фонетикалық диалектизм: ө орнына ү аталуы (болат – полат), ш
орнына ч (малшы – малчы), ж орнына й (бұл жақ – бұйақ, сол жақ – сойақ),
грамматикалық диалектизм: көсемшенің әдеби -ғалы, -гелі тұлғасының -айы,
-гейі (барғайы, келгейі) арқылы, бұйрық райлы етістіктің көпше 1 жағы -лы,-
лі арқылы жасалуы: біз баралы (барайық орнына), келелі (келейік орнына),
көмектес септігінің -мынан,-бынан, пынан қосымшалары арқылы айтылуы:
атпынан (атпен), пойызбынан (пойызбен). Лексикалық диалектизм өз ішінде
бірнешеге бөлінеді: нағыз лексикалық диалектизм – әдеби нұсқалармен
мағыналас, бірақ дыбысталуы басқаша сөздер. Сол себепті олар әдеби
сөздермен синонимдік қатынаста болып келеді, яғни бір зат бір ұғым
Қазақстанның әр жерінде әртүрлі аталады. Әдеби баламалары болмағандықтан,
нағыз лексикалық диалектизмдер әдеби тілге енбейді: сіріңке – шырпы, оттық,
кеуірт, шақпақ. Лексика-семантикалық диалектизмдердің дыбысталуы әдеби
сөздермен бірдей, бірақ мағынасында ерекшелік бар. Ондай сөздер өздерінің
әдеби түрлерімен омонимдік қатынаста болып келеді: нұсқау – Оралда тәртіп,
сым – Алматыда шалбар мәнінде. Этнографиялық диалектизм белгілі бір жерге
тән заттар мен құбылыстарды білдіреді: жозы (Алматы облысы) – аласа
дөңгелек үстел, әттік (Каспийде) – қармақтың тілі т.б. Түйіндей келіп,
диалектизмнің көркем шығармаларда кейіпкерлер сөзінде қолданылып,
шығарманың тілдік бояуын арттыру үшін қызмет ететінін тілге тиек ету керек.

Диалектология – өз алдына бір төбе ғылым. Жоғарыдағы диалект пен
диалектизм арналары осынау үлкен дарияға құяды десек болады. Анықтама бере
болсақ, бұл – белгілі бір тілдегі диалектілер мен сөйленістердің қазіргі
қалпын, тарихын зерттейтін тіл білімінің бір саласы. Негізгі зерттеу
объектілері – тілдегі диалектілік (дыбыстық, грамматикалық, сөзжасамдық,
лексикалық) ерекшеліктер, солардың шығу тегі, таралу сипаты, ұлттық және
әдеби тілге қарым-қатынасы. Бұл да өз ішінде тарихи және сипаттама
диалектология болып екіге бөлінеді. Тарихи диалектологияның міндеті – жазба
ескерткіштердегі және этнографиялық т.б. тарихи мәліметтерге сүйене отырып,
диалектілердің даму сипатын, қалыптасу тарихын ашу. Ал сипаттама
диалектологияның міндеті – диалектілер мен сөйленістердегі ерекшеліктердің
қазіргі жайы мен таралған көлемін сипаттап түсіндіру, әдеби тілден қандай
ерекшеліктері бар екенін анықтау. Әдеби тілден ерекшелігі дегеннен шығады,
қазақ тілінің орыс және басқа тілдерден ерекшелігі – әдебиеттегі тілі мен
тұрмыстағы тілі екі бөлек, айқын айырмашылық болады. Мәселен,
европалықтардың әдебиеттегі және күнделікті тұтыныстағы сөздері бірдей.
Сонымен, қазақ диалектологиясының негізі қашан салынды? Материалдарда
алғашқы зерттелуі ХХ ғасырдың алғашқы онжылдықтарында қылаң берді деген
деректер айтылады. Қылаң берді дейтініміз, ол кезде қазақ диалектілері
арнайы зерттелген жоқ. Тек соларға қатысты деректер, мардымсыз жекелеген
пікірлер Қазан төңкерісіне дейінгі В.Радлов бастаған, Н.Ильминскиий
қостаған түркологтар еңбектерінде ұшырасты. Олардың ешқайсысы қазақ
тіліндегі жергілікті ерекшеліктермен шұғылданбады, тіпті қазақ
диалектілерінің төңкерістен бұрынғы жайын көрсетерлік арнаулы еңбек жоқ.
Ал, арнайы зерттелуі 1930 жылдың 2-жартысынан бастау алды. Нақтырақ
айтқанда, 1937 жылдары. Диалектологияға қатысты материалдар экспедициялық
жолмен ел арасынан жиып-теру нәтижесінде мүмкін болды. Сонымен қоса, бұл
іске лингвистикалық жағрапия әдістері жұмылдырылды. Алайда бұл іс бақандай
15 жыл бойы жөнді қарастырылмады, барлық жинақталған материалдар баспа
беттерінде ғана мақала ауқымында жарық көріп жүрген. Тұңғыш оқулық 1944
жылы ғана жарық көрді. Уақыт өте бұл іс қарқын алып, диалектологтар қатары
да арта түскен еді. Ерен еңбектерімен ересен нәтижелер шығарып, қазақ
диалектологиясы қоржынына қомақты үлес құйған ғалымдар есімі филология
тарихында қалды. Ғ.Бегалиев, С.Аманжолов, Ж.Досқараев, Н.Сауранбаев т.б.
зерттеушілерді қазақ диалектологиясының негізін салушылар деп танимыз. Осы
саладағы тырнақалды еңбектердің қатарында Қазақ тілінің жергілікті
ерекшеліктері (1951), Қазақ әдеби тілінің қалыптасып, дамуы және
диалектология мәселелері (1952), Орысша-қазақша әскери сөздік (1942),
Орысша-қазақша сөздік (1946), Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі (1959,
1961) Орфографиялық сөздік(1963) сынды сүбелі жинақтар бар.
Диалектология тарихында алғашқы болып жарық көрген оқулық (авторлары –
Н.Сауранбаев пен Ғ.Бегалиев, 1944ж.) педучилищеге арналып жинақталды.
Саладағы алғашқы тұжырымдар мен қағидалар, бағамдаулар мен жіктелулер осы
оқулықта көрініс тапқан еді. Авторлар мұнда қазақ тілі диалектісін сөздік
және дыбыстық диалекті деп екіге бөледі және әрқайсысына мысалдар келтіріп
отырады. Бұдан әрі диалектінің пайда болуын үш жолмен қарастырған: оның
бірі – тарихи жол, екіншісі – шаруашылық, кәсіп түрлеріне қарай пайда
болады, үшіншісі – көрші тілдердің әсерінен туады дейді. Тиісінше, әрбіріне
дәлел де келтіре өтеді [5, 85-86б.]. Алайда кейінгі толқын филологтар
осынау оқулықтан олқылықтар тапты, қателіктерін шығарды, пікірлердің тым
жұпынылықтарына көз сүріндірді. Тыңнан салынып тұрған түреннен
кемшіліктердің кездесуін заңдылық деп қарауға болатын еді. Кім қанша жерден
қалай сынаса да бұл еңбек қазақ диалектологиясының әліппесі болып қалары
сөзсіз!
Мұнан соң бірін-бірі толассыз толықтырып отырған еңбектер араға аз
уақыттар ғана тастай отырып, дамылсыз жарық көре бастады. Мәселен, алғашқы
ғылыми зерттеу ретінде сала тарихында қалған Ж.Досқараевтің еңбегі қазақ
тілі диалектісін қоныс ыңғайына қарай кеңірек көлемде қараған елеулі дүние
болды. Автор тақырыбын Оңтүстік диалектілерінің кейбір мәселелері деп
атап, 1945 жылы кандидаттық диссертация қорғады. Кейін, осы тақырып
негізінде, 1946 жылы Некоторые вопросы южного диалекта деген мақала
жариялады. Бұл – қазақ диалектологиясынан қорғалған тұңғыш диссертация ғана
емес, сонымен бірге, тұңғыш ғылыми мақала болатын.
Диалектологиялық сөздіктер – саланың тамшыдан құраған дариясы іспетті.
Мұны диалектология ғылымының пайда болу, қалыптасып-даму жолынан, бір
сөзбен, эволюциялық ізінен көреміз. Ғ.Қалиев пен Ш.Сарыбаевтің
тұжырымдауына сүйене айтсақ, диалектологиялық сөздіктің теориялық та,
тәжірибелік те маңызы зор. Олар әдеби тілде баламасы жоқ сөздерді жарыққа
шығарып, әдеби тілде жиі қолдану арқылы көпшілік қауымның игілігіне
айналдыруда бұл сөздіктердің маңызы қыруар екендігін айтты. Қос ғалым
диалектологиялық сөздікке кірмейтін сөздерге мыналарды жатқызды: а) әдеби
тілде норма болып қалыптасқан сөздер, ә) құрамында фонетикалық
ерекшеліктері бар сөздер (мышық-мысық, т.б.) б) құрамында грамматикалық
ерекшеліктері бар сөздер (барың, баражақ, барасыңыз т.б.), в) жалпыхалықтық
сипаты бар кәсіби сөздер (жүгері, қарбыз, мақта, шортан т.б.) г)
қарттардың тілінде сақталып қалған кітаби тіл элементтері (ләкін, міллет,
ғаділ, мәшһүр, ғұмыр т.б.), д) топономика мен ономастика топтарына жататын
сөздер [қайт, 1, 36б.].
Демек, диалектологиялық сөздіктерді өзге түсіндірме сөздіктермен
шатастыруға болмайды. Айналасы жұп-жұмыр, теп-тегіс жинақтардың пайда
болуы диалектология ғылымының талғағын басар еді. Ол ол ма, септігін өзге
де салаларға тигізеді. Осы орайда Ғ.Қалиев пен Ш.Сарыбаевтің мұндай
сөздіктің қажеттілігі туралы: Текстологиямен шұғылданып жүрген ғалымдарға
да сөздік диалектілік ерекшеліктердің сырын ашуға белгілі дәрежеде көмегін
тигізеді. Жоғары оқу орындарының студенттеріне қосымша оқу құралы болуымен
қатар, мектеп мұғалімдері үшін оқушылардың жазба жұмыстарындағы диалектілік
сипаттағы қателерді танып, оларды түзетіп отыруда да диалектологиялық
сөздіктің мәні зор. Оны этимологиялық зерттеулер үшін де, жалпы қазақ
тілінің лексикология мәселелерін зерттеуде де кең пайдалануға болады,
[қайт, 1, 37б.] -деп түйген ойларын тілге тиек етпеуге болмайды.
Диалектологиялық сөздік көнетоз кебінде қалып кетпей, үнемі жаңғырып, ұдайы
тазарып, ылғи зерде сүзгісінен өтіп отыруы тиіс деген көзқарас танытамыз
біз де.
Диалектология тарихын әуден бастап тарамдау өз алдына бір бөлек
міндет, ал бүгіні мен ертеңіне бағам жасау – осы жұмысымыздың басты
нысаналарының бірі. Оны басшылыққа алатын себебіміз, қай ғылым болмасын бір
орында тұраламайды, дамып, жаңғырады, түрленеді, тарам-тармаққа бөліне
береді. Сондықтан да аталмыш саланың тамыр соғысын тап басып, тыныс
алысын қапысыз тыңдауды мақсат тұтамыз. Қош, дәстүр бар жерде
жаңашылдықтың болары даусыз. Айта кету керек, қазіргі техногенез дәуірінде,
жаһандану уақытында жалпыға ортақ тұтыныс ретінде шет тілдік терминдер
тілімізді төркіндеп алды. Мәселен, детонация, экстрополяция, метасемиотика
секілді тілді күрмейтін бізше баламасы жоқ кірікпелер жаңбырдан кейінгі
саңырауқұлақтай қаптап берді. Жасырын емес. Алайда, қалай айналдырсаң да,
заманның талабы сол. Тек қазақ диалектологиясының мойынындағы тағы бір
міндет – осы типтес терминдерге қазақша түсінік немесе ұтқыр балама
даярлауға атсалысу. Бұл түйткілді Қазақ тіл білімі мәселелері [4, 17б.]
атты еңбегінде Ш.Сарыбаев сөзге өзек етеді: Осындай ұғынықсыз атауларды
түркі тілдері материалдарының негізінде түсіндіру, талдау, уағыздау жағы
бізде жетіспей жатыр [қайт, 4, 17б.]. Рас, бізде І.Кеңесбаев пен
Т.Жанұзақовтардың авторлығымен шыққан Тіл білімі терминдерінің орысша-
қазақша сөздігі [қайт, 4, 17б.] бар. Бұл сөздік терминологиялық
сауаттандырғыш ретінде аса бір құнды еңбек болғанымен, тым шағындау
көлемде құрастырылғандықтан оған көптеген терминдер енбей қалған. Осы
сөздікті толықтырып, әлем лингвистикасындағы жаңадан пайда болған
терминдерді көптеп енгізіп, қайта бастырып шығару жағын оластырған жөн.
Тағы бір зейін аударуға сұранатын жәйт – олқылық немесе беймаралдық,
тиянақсыздық, қателіктер. Диалектологияда мұндайдың ұшырасуына жол беретін
бірден-бір себепші – пікір-көзқарастардың көп жағдайда сыңаржақтығы,
тұспалға жүгінушілік пен байыпсыздық, буынсыз жерден пышақ ұру. Бұл, өз
кезегінде, аса сақтықты қажет етеді. Мысалы, саладағы ғылыми жазбаларды
жаңғыртушы авторлар кейбір сөздерді дәлел-деректің жұпынылығына байланысты
немесе көзқарас-пікірінің ұқсастығына қарап, алдыңғы автордың еңбегін
пайдаланып, көшіре берген дейтіндер де бар. (Т.Қордабаевтің Қазақ тіл
білімінің қалыптасу, даму жолдары еңбегіне сүйеніп отырмыз, [қайт, 5,
84б].) Өйткені, әсіресе, аймақтық сөздіктерге енгізілген мұндай сөздіктерде
ағаттыққа жол береді. Мәселен, кескір сөзі белгілі бір өңірлерге ғана тән
диалект ретінде, ал енді бір жинақтарда жалпықазақстандық ұғымы бар сөз деп
көрсетіледі. Шынтуайтында да, аталмыш сөз Торғай өңірінде де
(көрсетілмегенімен) күнделікті тұрмыста, сол мағынада қолданылып келеді.
Бұл – нақтылықсыздыққа қатысты бір ғана мысал… Ш.Сарыбаевтің аталған
еңбегінде әркелкілік мәселесі турасында келтірген мынадай жолдар бар:
…Кейбір диалектологиялық терминдерді түсіндіруде бірауыздылық жоқ.
Мысалы, орыс, түркі диалектологиясында диалект, говор, наречие сияқты
атам заманнан қолданылып келе жатқан атауларды түсіндіруде алауыздық бар.
Түркі тілдерінің диалектологиясы бойынша өткізілген мәжілістің күн
тәртібіне осы терминдердің қолданыстары жөнінде арнайы бірнеше
баяндамалардың енгізілуі – осындай ала-құлалықты болдырмау ниетінен туған
әрекет еді… [қайт, 4, 18б.]. Бұл аталған жайттар қазақ
диалектологиясының әлі де шыңдалуы қажеттігін, кірпияздыққа икемделе түсуі
керектігін меңзесе керек.
Ғалымдар еңбектеріне көз жүгірте отырып, мына жайтқа кезігеміз: Қазақ
тілінде диалекті бар ма? деген сұраққа келгенде сала майталмандарының
пікірлері қаққа айырылады. Әуелі, әріден бастасақ, сонау Қазан төңкерісіне
дейінгі орыс түркологтарының топшылаулары екіұдай болғанын көреміз:
В.В.Радлов, П.М.Мелиоранский (алғашында), А.М. Позднеев қазақ тілінің
диалектілерге бөлінуін жоққа шығарды. Ал, Н.И.Ильминский, Н.Ф.Катанов,
П.М.Мелиоранский, М.Терентьев т.б. қазақ тілінің барлық жерде біркелкі
емес, өз ішінде диалектілік ерекшеліктері бар екенін мойындайды [қайт, 1,
129б.]. Бірақ бертінгі ғалымдар – Ғ.Қалиев, Ш.Сарыбаев нақтылы деректерді
алға тарта отырып, диалектінің бар-жоғы турасына келгенде, төңкеріске
дейінгі түркологтардың пікірлеріне сүйену орынысыз екенін кесіп айтты және
бұл тұлғалардың қазақ даласында диалектілік ерекшеліктердің белгілі бір
мөлшерде сақталып қалғандығын құптайтындар қатарынан екендіктерін көрсетті.
Енді, керісінше, диалектолог Ғ.Мұсабаев: …Қазақ тілінде ешқандай диалект
жоқ. Өйткені қазіргі қазақ тілінде жергілікті диалект жасауға керекті
жағдайлар болған емес… Қазақ тіліндегі диалект жайында қазақ тілі
мамандарының арасында әртүрлі пікірлердің болуы диалектінің зерттелу
дәрежесінің төмен болғандығынан, тілдегі бар диалектіні анықтау мәселесі
шегіне жетпегендіктен еді деу де дұрыс емес, оның (диалектінің) әлсіз,
айтуға тұрарлықтай еместігінен, көзге бадырайып тұратын жергілікті
диалектінің жоқтығынан деп түсіну керек. Қазақ тілі мамандарының
кейбіреулері қазақ тілінде үш диалект бар десе, кейбіреулері екі диалектіге
бөлінеді дейді, ал үшіншілері диалект жоқ деп айтысуларының себебі –
жергілікті диалектінің айтарлық жоқтығына толық дәлел,-дейді [қайт, 3,
175б]. Қазіргі қазақ тілінде тайпалық диалектінің де бар екендігіне үзілді-
кесілді қарсы пікір айтады бұл кісі. Сөзінше, өзіне тән грамматикалық
құрылыс пен өзіне тән сөздік құрам болмайынша ешбір сөзді диалекті деп
атауға келмейді.
Осы пікірді М.Балақаев өзінің Қазақ әдеби тілі кітабында негізге
алыпты. Түркологтардың біразы, – дейді ол,- қазақ тілін диалектілік
айырмашылықтары аз, көрші тілдердің әсерінен туған диалектілік
ерекшеліктері бар тілдер тобына жатқызады. Ол топқа қазақ тілінен басқа
қырғыз, ноғай, қарақалпақ, құмық, гагауз тілдері де жатады. Қазақ тілінің
диалектілік құрамы осындай босаң, әрі жадағай болуына қарап, қазақ тілі
мамандарының көпшілігі ондағы жергілікті тіл айырмашылықтарын говор
дәрежесінде таниды [7, 355б.]. Ал, осы говорды диалектімен ұғымдас деп
қараған ғалымдардың да жазбалары бар. Тек әрине, олар ертеректе жарық
көрген еңбектерде кездеседі. Бұл өз алдына бөлек әңгіме. Әуелі сан түрлі
ғалымдардың сан алуан пікірлерін тізбектеп алғанды жөн көреміз.
Белгілі ғалым С.Аманжоловтың айтқаны алдыңғы әріптестерінікінен
басқаша. Ол тырнақалды еңбектерінің бірінде К истории изучения казахских
диалектов, 1948ж еңбегінде қазақ тілін төңкерістен бұрын зерттеген орыс
түркологтарының ешқайсысының да диалект мәселесімен жөнді айналыпағанын,
олардың барлығының дерлік қазақ тілін диалектіге бөлінбейтін біртұтас тіл
деп санағанын, бірақ соған қарамастан олар жинап бастырған тілдік
материалдардан, олар жазған грамматикалық еңбектерден қазақтың үш жүзінің
де диалектілік ерекшеліктері байқалатынын айтқан. Т.Қордабаев та: …Әдеби
тіліміздің негізін белгілі бір жүз тіліне ықпал жасаған және жасап та келе
жатқан негіз диалектінің болғаны қазіргі әдеби тіліміз фактілерін әр
түстіктің тілдік ерекшеліктерімен салыстыра қарағанда айқын байқалатын
тәрізді, [қайт, 5, 86-87б.] -деген тұжырым айтады. Негізі, бұл төңіректегі
дауға әлі күнге дейін нүкте қойылған жоқ. Қойылса да, әрбір ғалым
субъективті пікірде қалып келгенін байқаймыз. Қазақ диалектісі я бар я жоқ
деп, бір жақты топшыға ойысып, бір жерден үн шығаратын әдет әлі тумағанына
көз жетеді.
Енді осынау екіұдай пікірлер айтысынан біз қандай ой қорыта аламыз?
Тұлға-болмысына қарасақ, диалекті дегеніміз бөлек сөздік құрамнан,
басыбайлы грамматикалық бітім-құрылыстан тұруы керек екен. Осы талап
үдесінен шығатын сөздің қазақ тілінде (тіпті қолданысында) мүлдем болмауы
мүмкін. Ал, тек бір ғана өңірдің сөйлеу тілінде қолданылып, өзге баламалары
әуел бастан қабыл етілмей келе жатқан сөздерді диалект деуге келмейді.
Айталық, бәдірен Қазақстанның оңтүстігінен басқа ешқандай жерінде
қолданылмайды. Мүлдем жат сөз екені көзге ұрады. Немесе әгүршік дейік.
Екеуінің де грамматикалық құрылысы бар, сөздік құрамы бөлек. Екеуі де
қазақтың түсінікті тіліндегі қияр. Осы секілді диалектикалық ерекшелікті
түркі тілдес елдермен арқа тірескен өлкелерден тауып алуға болады. Олардың
ешқайсысы да қазақы диалект емес. Олар – ауыспалы говорлар (говор түрлері
хақында жоғарыда кең тоқталып өткенбіз), мүмкін, өзбек тілінен енген
сөздер. Мұндай төркіні жат сөздер көптеп кездеседі. Диалекті мен говор
турасындағы күллі деректерді, оқулықтарды парақтап,сүзгілеп, ой-таразыға
сала отырып, үзілді-кесілді қазақ тілінде диалект жоқ деген тұжырымға
табан тіреуге мәжбүр боламыз. Түсінігімізше, диалектіні алға тартқылап,
барға балаудың берері жоқ, сөйлеу тілінде де, әдеби тілде де көрінер
пайдасы шамалы, кедергіден бөлек келтірер қызметі ада-күде. Сөзімізге
тұздық, орайлы тұста диалектіде келешек жоқ, жойылады деп топшы айтқан
Ғ.Мұсабаевтің мына пікірін алға тарталық: Мектептерге арналған бірыңғай
қазақ тілі оқулықтарының, газет-журналдардың, көркем әдебиеттердің
мемлекеттік бір тұтас тілде жазылып шығуы және қазақ халқының бір-бірімен
жиі араласуына жасалған жағдай қазақ тіліндегі кейбір диалектілік
ерекшеліктерді толығымен жоюға мүмкіндік туғызды. Диалектінің келешегі жоқ,
ол – жойылып бара жатқан құбылыс. Өйткені бұл құбылысқа қажетті жағдай әр
формацияда әрқилы болып отырады. Бұл жалпы қағида. Қазақ тілі бұл қағидадан
да ерекшеленеді. Қазақ тілінде жергілікті, ру-тайпалық айқын диалект болған
жоқ, диалектизмнің элементтері ғана болды. Ол диалектизмдік қалдықтар
социализм тұсында мүлде жойылып, әдеби тіл дамып келеді. Міне, қазақ
тілінің шындығы – осы [қайт, 3, 179б.]. Алып-қосамдық танытудың өзі
ағаттық болар еді. Қоса кетер тағы бір жаңсақ пікір – кез келген елдің
тілінде тірек диалект болуы керек деген тұжырым. Бұл, – білуімізше, –
еуропаның да, түркі әлемінің де тілдік ерекшеліктерін зерттеген ғалымдардың
жауырды жаба тоқыған синтездік топшылары болу керек. Етек алып кеткен бұл
пікірге де Ғ.Мұсабаев: Біздіңше, бұл мәселені әрбір тілдің кокрет
жағдайына қарай шешу қажет. Ең алдымен, орыс, украин тілдері тұрғысынан
айтылған пікірді сол күйінде қазақ тіліне тели салуға болмайды,- деп жауап
қатады,- Украин, орыс тілдері көп диалектілі болғандықтан, олардың әр
диалектісі әдеби тілінің жасалуына тірек болуы заңды. Сондықтан көп
диалектілі татар, башқұрт, қырғыз, түрікпен, әзербайжан тағы басқа тілдерде
тірек диалект болуы мүмкін. Ал, қазақ тілінде тіпті басы ашық диалект
дегеннің өзі болмағандықтан, тірек диалектіні іздеу – қателескендік. Оның
болуы – барлық тілге міндетті емес. Біріншісінде болып, екіншісінде болмауы
тарихи жағдайға байланысты. Сондықтан, қазақ тілінің тарихи жағдайы тірек
диалектіні қажет етпегендіктен, қазіргі қазақ әдеби тілі ешбір тірек
диалектіге мұқтаж болмаған[қайт, 3, 179-180б.].
Ғалымдар түйіндеген тұжырым, біз білдіріп отырған позиция қазақ
диалектологиясының аталған таласты түйткіліне майлы нүкте бола алмасы
айдан анық. Сақалды мәселенің түйіншегін тарқату – әлі де болса
болашақтың еншісінде. Осылай түйіндей тұрайық…
Ендігі кезекте тілімізде диалектінің жоқ екенін (екіұдай көзқарас
болғанына қарамастан) алға сүйрейтін пікірлерге сүйенсек те, осы диалекті
мен говор біртұтас ұғымда тұтынылған кезеңге қайта айналып соғуға ниетті
болып отырмыз. Себебі қазақ диалектологиясының негізін салушылардың
бірегейі саналатын С.Аманжоловтың алғаш қазақ диалектісін топтарға бөлуін
сөз етеміз. Мұндағы мақсат – жұмысымыздың негізгі тақырыбына ойыса түсу.
Сонымен, аталмыш ғалым қазақ диалектісін үш топқа бөлді:
1) Оңтүстік диалектісі – Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарын
және Талдықорған мен Қызылорданың кейбір оңтүстік аудандарын қамтиды;
2) Батыс диалектісі – Батыс Қазақстан, Гурьев (Ақтау), Ақтөбе
облыстарын және Қызылорданың солтүстік аудандарын, Қостанайдың кейбір батыс
аудандарын қамтиды;
3) Солтүстік-шығыс диалектісі –Ақмола, Павлодар, Семей, Шығыс
Қазақстан, Көкшетау, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарын және
Қостанай мен Талдықорған облыстарының кейбір аудандарын қамтиды [қайт, 1,
143б.].
Біздің тоқталарымыз – соңғысы, яғни солтүстік-шығыс диалектісі.
Ғ.Қалиев пен Ш.Сарыбаевтың Қазақ диалектологиясы оқулығындағы
мәліметтерге жүгінсек, С.Аманжолов солтүстік-шығыс диалектісіне бұрынғы
керей, найман, арғын, қоңырат және қыпшақ тайпаларының тілін жатқызады. Бұл
тайпалар ерте замандардан бастап-ақ Ертіс, Есіл, Тобыл, Торғай өзендері
бойын; Алтай, Тарбағатай алқабын, Арқа жерін мекен еткен… [қайт, 1,
143б.].
С.Аманжолов солтүстік-шығыс диалектісін қазақтың әдеби тілінің
негізіне жатқан диалект деп есептейді. Қазақ тілінің диалектілері мен
қазіргі әдеби тілін фонетикалық, лексикалық және грамматикалық жағынан жан-
жақты салыстыра келіп, басқа диалектілерге қарағанда, солтүстік-шығыс
диалектісінің қазіргі әдеби тілге әлдеқайда жақын екенін көрсетеді. Әдеби
тілдің негізіне жатқанына қарамастан, аталмыш аймақ диалектісінде қазір де
сақталып қалған, әдеби тілге енбейтін жергілікті тілдік ерекшеліктер
кездесетінін де ескерте өтеді. [қайт, 1, 143-144б.]
Алайда ол аталған үш топтың ішінде солтүстік-шығыс диалектісіне аз
тоқталған. Деректерді қарай отырсақ, тек солтүстік-шығыс диалектісінің ғана
дыбыстық (фонетикалық), грамматикалық, лексикалық ерекшеліктері туралы бір
ауыз сөз қозғалмаған. С.Аманжоловтың өз еңбектерінде нақ осы топқа кеңінен
тоқталып, талдау жасамауының себебін кейінгі буын өкілдері (ғалымдар –
Ғ.Қалиев, Ш.Сарыбаев т.б.) екі жағдаймен түсіндіреді. Біріншіден, солтүстік-
шығыс диалект ұлттық әдеби тілдің негізіне жатты деген көзқараста болуында.
Екіншіден, С.Аманжоловқа дейін осы аудандардағы халық тілінің басқа
жерлерге қарағанда нашар зерттелуінде. Енді, ғалымның неліктен солтүстік-
шығыс диалектісі әдеби тілдің негізіне жатты деген көзқараста болғанына
жауап іздеп көрелік.
Жалпы қазақтың жаңа бағыттағы жазба әдебиетін қалыптастыруда (ХІХ
ғасырдың 2-жартысы) Абай мен Ыбырайдың шоқтығы биікте тұрғанын бүкіл ғалым
айтып та, жазып та, мойындап та болған. Ал енді осы қос алып жаңа бағытты
әдеби тіл негізін қандай тілдік материалға сүйене отырып жасауы мүмкін?
Қарапайым ғана қисынға салайық: олардың қолында қазақ даласының бүкіл
бұрышының тілдік ерекшеліктері тізілген сөздіктер я басқа да деректер
болмағаны анық және өз еріктерімен бүкіл қазақ жерін аралай алмағаны, өз
туған өлкелерінен көп ұзап шықпағаны тағы белгілі. Тіпті бір дәуірде өмір
сүргендігіне қарамастан, Абай мен Ыбырай бірін-бірі білмеген. Олардың таныс
болғандықтары туралы мәлімет жоқ. Мінекей, осы себептерге байланысты, олар
барлық шығармаларын өздерінің кіндік қаны тамған өлкелеріндегі халықтық тіл
материалы негізінде жазған. Жергілікті халық тілін әдеби қалыпқа келтіріп
пайдаланғандықтан, олардың тілі бүкіл қазақ халқына ортақ әдеби тілдің
нормалық негізінде қабыл етілді. Осылайша, белгілі бір аймақтағы жергілікті
халық тілінің грамматикалық құрылыс мен сөздік қоры ұлттық әдеби тілдің
негізі ретінде қабылданды.
Бұл хақында Ғ.Қалиев пен Ш.Сарыбаев өз еңбектерінде: Әдеби тілдің
қалыптасуындағы Абай мен Ыбырайдың тарихи ролі өз шығармаларын осы
диалектінің негізінде жазуында емес, өздері өмір сүрген ортадағы жергілікті
халық тілін сұрыптап, шығармашылық електен өткізіп, оның жалпыға бірдей
әдеби тіл болуына жол, негіз салуында. Олар өз шығармалары арқылы халық
тілінің байлығын пайдаланудың, сөзді, сөз тіркестерін сұрыптап қолданудың
үлгісін көрсетті. Олар бастаған үлгіні әдебиет майданында еңбек етушілер
онан әрі дамытты, [қайт, 1, 39-40б.] – деп тұщымды тұжырым жасады. Сөйте
тұра қос диалектолог әдеби тіл бірте-бірте дамып отыратындықтан, қазіргі
қалпы солтүстік-шығыс диалектісімен бірдей деуге болмайтынын да қадап
айтты.
Ендігі мәселе – Абай-Ыбырай сүзгісінен өтпеген, әдеби тілге
енгізілмеген, ғалымдардың назарына ілікпеген-міс жергілікті тіл
ерекшеліктерін іздеу. Қазан төңкерісіне дейінгі және кейінгі зерттеулердің
сыңаржақтығы солтүстік-шығыс диалектісінде тілдік ерекшеліктің жоқтығын
алға тартып келді (проф. Аманжоловқа дейін). Тек тәуелсіздіктен былайғы
жылдарда осы стереотипте сынықша пайда болды, яғни жаңа буын ғалымдар
аталмыш аймақта тілдік айырмашылықтардың белгілі бір мөлшерде кездесетінін,
таралу сипаты әр түрлі болғандықтан, өз ішінен шағын говорларға бөлінетінін
айта бастады. Алайда нақтылы фактілерді сүзіп беру жолындағы әрекеттер әлі
сиырқұйымшақтап жүргенге ұқсайды…
Солтүстікшілдеп қалғанымыздың мәнісі – Қостанай облысының, нақтылай
түссек, Жангелдин ауданының тілдік ерекшеліктерінің бар я жоғын көрсетуге
ұмтылу. Табан аудармастан Торғай диалектологиясына қатысты дереккөздер
іздеп, парақ паршалаудың нәтижесі мынаған әкеліп маңдай тіретеді: беймарал
пікірлер, дүдамал көзқарастар, мардымсыз деректер, сөздік біткеннен ілуде
бір көз сүріндіретін (Торғайға тән) сөздер… Осыған қарамастан, қарт
Торғайдың тілдік ерекшеліктерін екшеуге бел буындық.

1.2 Диалекті сөздерді атау тұрғысынан топтастыру
Қазақ тіліндегі көптеген сөз Қазақстанның әр түкпіріндегі тұрғындардың
бәріне ортақ болғанымен, әр жерде өзіндік мағына береді. Алайда айтылуы
бірдей болғанына қарап, бұларды омоним деуге болмайды. Өйткені, мәні сәл
бұрмаланған сөздер кездеседі. Мысалы, азбырай сөзі Қызылорда облысында ер-
тұрман, ат әбзелдері сөзімен ұғымдас болса, Шымкент, Түркістан жақтарында
бұл сөзді үйдің керекті заттары мағынасында қолданады. Ал әңгіме синоним
туралы болса, онда бір мағынаны әртүрлі өңірде әрқилы сөзбен сипаттайтынын
айтамыз. Тиісінше, ондай әрқилылық жергілікті бір жердің синонимдік
қатарына қосыла қоймауы мүмкін. Біздің жіті тоқталғалы отырған
тақырыпшамызда бір мағынаның … жалғасы