Топ-5: 2019 жылы шығатын мультфильмдер

0

Топ-5: 2019 жылы шығатын мультфильмдер

2019 жыл киносүйгіш көрермендерді жаңа кинотаспалармен ғана емес, танымалдылыққа ие жаңа мультфильмдермен де қуантады. Заманауи мультипликаторлар өздерінің туындылары түрлі жастағы адамдарға ұнағандығын қарастырады. 2019 жылы көбінесе бұрыннан бізге таныс мультфильмдердің жалғасы шығады. Сондықтан, сүйікті кейіпкерлеріңізбен қайта кездесуге дайындалыңыз!

1. Мұзды өлке 2 (Холодное сердце 2)

«Мұзды өлкені» соңғы жылдардың ең танымал және табысты мультфильмдеріне жатқызады. Осы мультфильмнен соң әлем бойынша, қаншама кішкентай қыздар Эльзаға еліктеп, оның киімі мен қуыршағын сұрап, әнін айтып жүр. Дисней студиясы Эльза және оның достарының жанкүйерлерін қуантып, мультфильмнің жалғасын түсіруді қолға алды. Дисней студиясы мультфильмнің екінші бөлігінің сюжетін құпия ұстап отыр. Жалпы мультфильмнің тұсаукесері 2019 жылдың 27 қарашасына жоспарланған.

2. Аждаһаны қалай үйретуге болады 3 (Как приучить дракона 3)

2019 жылы көрермендер барлық үрейін жеңіп, аждаһаны үйрете алған викинг-бала туралы оқиғаның үшінші және соңғы бөлімін көре алады. Оның бірінші және екінші бөлімі арасына 4 жыл салды. Ол әлем бойынша, балалардың да, ересектердің де көңілінен шықты. Мультфильмнің үшінші бөлімінде түнгі фурияның жалғыз еместігі, ол сияқты күндізгі фурия бар екендігі анықталады. Сонымен қатар, викинг жаңа құпия аждаһалар әлемін табады. Мультфильм 2019 жылдың ақпан айында шығады.

3. Үй жануарларының құпия өмірі 2 (Тайная жизнь домашних животных 2)

«Үй жануарларының құпия өмірі» мультфилімінің бірінші бөлімі үй жануарларының қызықты өмірі және олардың иелерімен қатынасы туралы болды.  Мультфильмнің жалғасы 2019 жылдың көктемінде шығады.

4. Лего. Фильм 2

LEGO апокалипсис әлемі жаңа оқиғаға тап болады. DUPLO планетасынан өзге ғаламдықтар келеді. Олар Люси мен басқа тұрғындарды ұрлап кеткенде, құрылысшы Эммет достарын құтқаруға жолға шығады. Мультфильм 2019 жылдың ақпан айына жоспарланып отыр.

5. Ойыншықтар тарихы 4 (История игрушек 4)

Атақты ковбой Вуди, ғарыштық рейнджер Базз Лайтер және басқа да ойыншықтар өздерінің иесі өсіп кеткендіктен, Бонни есімді қыздың қолына тиеді. Көпшілік осымен бұл мультфильм аяқталды деп ойлады. Бірақ, қоштасуға асықпаңыз, ойыншықтарды жаңа оқиғалар күтіп тұр. Ол 2019 жылдың маусым айында шығады.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз