Той думан

0

  1. 03. 2018ж.

3 «Б» сынып

 

Іс – шараның тақырыбы: «Той думан»

Іс – шараның мақсаты: 

  1. Білімділік: Қазақ халқының ежелден сақталып, атадан балаға мұра етіп қалдырған салт — дәстүрін, наурыз мейрамының мәнін түсіндіру, әрі дамыту және көркейту.
  2. Дамытушылық: Окушылардың ойлауын дамыта отыра, ой қиялын, өрісін, іздену негіздерін дамыту.
  3. Тәрбиелік: Оқушыларды ұлтжандылыққа, имандылыққа, инабаттылыққа, халқымыздың салт-дәстүрін қастерлеуге, сақтауға тәрбиелеу.

Қолданылған көрнекіліктер:  Наурыз мейрамын салынған суреттер, плакаттар, слайд, бейнефильм

Түрі: Сыныптан тыс іс – шара

Пән аралық байланыс: Бейнелеу өнерімен, Қазақстан тарихымен, қазақ әдебиетімен

 

Іс-шараның жүру барысы:

 

  • Наурыз туралы №1 бейнероликті көрсету

— Сәлеметсіңдер ме балалар. Бүгін біздің іс – шарамызға қонақтар, ата-аналар, ұстаздар келіп отыр. Сондықтан біз

 

Мұғалім: Мейірімді жүрекпен,

Ақпейілді тілекпен,

Қонақтармен амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық!

 

Балалар қонақтармен амандасады:

 

Үлкенге де «сіз»

Кішіге де «сіз»

Сәлем бердік сіздерге

Құрметпен «біз»              (бірге)

 

Өлеңдер

  • Уа, ағайын халайық,
    Мұнда назар салайық!

    Мерекесі халықтың
    Наурыз тойы бастайық! (Алихан)

 

  • Наурыз келдi елiме,
    Наурыз келдi жерiме.
    Байлық, бақыт тiлеймiн,
    Бүкiл қазақ елiне. (Самира)

 

  • Наурыз — той, наурыз — думан,
    Бар арман орындалған.
    Наурыз — бақ, наурыз — аспан,
    Барлық адам сыйласқан     (Тагир)   

Наурыз тойы әдемі

Әжем еске түсіреді.

Біздерге арнап әдейі

Наурыз көже пісірді.                          (Алина)

 

Ашылды да кебеже,

Дәм әзірлеу басталды.

Әжем наурыз көжеге

Жеті түрлі ас салды.                           (Төлеби)

  • «Хош келдің, төрлет, Наурызым!» әнін қарсы алыңыздар!

 

«Хош келдің, төрлет, Наурызым!» әні

 

  • Балалар, бүгін біз сендермен бірге ән айтамыз, би билейміз, яғни өнерімізді көрсетеміз. Сонымен қатар қазақ халқының ұлттық ойындар ойнаймыз.
  • Бірінші ойынымыз «Теңге алу» ойыны
  • Біріншіден «Теңге алу» ойыны туралы бейнеролик қарайық, сосын өздеріміз ойнаймыз.

 

«Теңге алу» ойыны

  • Оқушылар екі – екіден шығып, бір аяқта тұрып, жарысып, еденде жатқан теңгені көтеріп алуға тырысады.

 

(Музыка)

 

Өлеңдер

Бидай, күріш, тары бар,
Бар сүр ет пен шұжығы.
Ащы құрты тағы бар,
Көже – елдің ырзығы…                    (Равиль)

 

  • Таң шапағы қарсы алып наурызда,
    Құт-береке тілейміз ауылымызға.
    Ұлыстың ұлы күнін қарсы алайық,
    Шат көңілмен бәріміз ән салайық (Аяулым)

 

  • Кәне, достар, биле, биле,
    Құлағың сал ән мен күйге.
    Наурызды тойлағанда
    Отырмаңдар босқа үйде.
    Наурыз! Наурыз! Наурыз! (Ерасыл)

 

 Наурыз тойы тамаша,

Наурыз тойы жаңаша.

Табиғат та тамаша,

Тамылжып тұр жараса.

Наурыз тойы салтанат,

Наурыз тойы мархабат.

Әр жүректен ән тарап,

Шаттанады шартарап.             (Тамерлан)

 

-Тілеймін мен бар адамға

Жаңа бақыт, жаңа жыр.

Ата, әже, әке, ана,

Құтты болсын Наурыз!                    (Саяна)

 

  • «Наурыз-көктем» әнін қарсы алыңыздар!!!

 

«Наурыз-көктем» әні

  • Ал енді екінші ойынымыз «Көтермек» ойыны
  • Бірінші кім ойнайды?

«Көтермек»

  • Оқушылар екі – екіден шығып бірі – бірі көтеріп алуға тырысады

Балалар шеңберге тұрады. Өз ерігімен сайысам дегендер екі бала ортаға шығады, бір-біріне құрамалар бойынша қарама-қарсы тұрады және қарсыласты өзінің арқасына көтеріп алуға тырысады. Ойын күшті дамытады.

(Музыка)

 

  • «Қара жорға» биін қарсы алыңыздар!

«Қара жорға» биі

 

Ойын

  • Енді балалар келесі ойын ойнайық
  • Әр оқуша бір әріптен беремін
  • Наурыз мейрамына қатысты сөздерді құрастыру керек

 

  • праздник – той
  • қазақ халқының ұлттық тағамы – наурыз … (көже)
  • 22 наурыз қандай мейрам? (наурыз)
  • Богатство – байлық
  • Песня – ән
  • Счастье – бақыт
  • Народ – халық

(Музыка)

 

  • Балалар, бүгін біздің мейрамымызға мектеп директоры О.П. Шохина келді. О.П. сізге сөз береміз.
  • Балалар, бүгін біздің мейрамымызға сендердің сынып жетекшісі Калима Елеуовна келді. К.Е. сізге сөз береміз.

«Жылы лебіз» стратегиясы

 

  • Оқушылар бір – біріне, қонақтарына жақсы, жылы тілектер тілейді.
  • Қағаздарды көтеріп, тілектерін айтады (бір оқушыдан шығып айтады)

 

  • Наурыз құтты болсын! (Адель)
  • Жер түкті болсын! (Мария)
  • Халық жүрегі қуанышқа толсын! (Ева)
  • Ақ мол болсын! (Эмилия)
  • Қайда барсаң жол болсын! (Рома)
  • Наурыз құт әкелсін! (Вика)
  • Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! (Ерасыл)
  • Ұлыс береке берсін! (Артем)
  • Мейрам әр шаңыраққа бақыт, табыс, қуаныш әкелсін! (Алихан)
  • Аспан ашық болсын! (Варвара)

 

Наурыз! Наурыз! Наурыз!                
Құтты болсын!
Наурыз! Наурыз!
Құтты болсын Наурыз
!                 (бірге)

 

—           Қазақ халқының қандай жақсы, тәтті салт – дәстүрі бар?

 

— ШАШУУУУУ!!!! (қазақ халқының ұлттық киімдер киген қыз шашу шашады)

 

  • Құрметті қонақтар, бүгін ата-аналарымыз, балаларымыз қазақ халқының ұлттық тағамдар (бауырсақ, шелпек, наурыз көже) пісіріп, әдемі дастарқан дайындалды.
  • Біздің дастарқанымызға қош келдіңіздер!!!

 

Бейнеролик №2

Үлкенге де «сіз»

Кішіге де «сіз»

Сәлем бердік сіздерге

Құрметпен «біз»              (бірге)

 

Наурыз! Наурыз! Наурыз!                
Құтты болсын!
Наурыз! Наурыз!
Құтты болсын Наурыз
!                 (бірге)

 

Үлкенге де «сіз»

Кішіге де «сіз»

Сәлем бердік сіздерге

Құрметпен «біз»              (бірге)

 

Наурыз! Наурыз! Наурыз!                
Құтты болсын!
Наурыз! Наурыз!
Құтты болсын Наурыз
!                 (бірге)

 

Үлкенге де «сіз»

Кішіге де «сіз»

Сәлем бердік сіздерге

Құрметпен «біз»              (бірге)

 

Наурыз! Наурыз! Наурыз!                
Құтты болсын!
Наурыз! Наурыз!
Құтты болсын Наурыз
!                 (бірге)

 

Үлкенге де «сіз»

Кішіге де «сіз»

Сәлем бердік сіздерге

Құрметпен «біз»              (бірге)

 

Наурыз! Наурыз! Наурыз!                
Құтты болсын!
Наурыз! Наурыз!
Құтты болсын Наурыз
!                 (бірге)

 

Үлкенге де «сіз»

Кішіге де «сіз»

Сәлем бердік сіздерге

Құрметпен «біз»              (бірге)

 

Наурыз! Наурыз! Наурыз!                
Құтты болсын!
Наурыз! Наурыз!
Құтты болсын Наурыз
!                 (бірге)

 

Үлкенге де «сіз»

Кішіге де «сіз»

Сәлем бердік сіздерге

Құрметпен «біз»              (бірге)

 

Наурыз! Наурыз! Наурыз!                
Құтты болсын!
Наурыз! Наурыз!
Құтты болсын Наурыз
!                 (бірге)