Тізбек және заңдылық

0







Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




Тізбек және заңдылық

Автор: Іззатова Гүлназ Серікқызы

Бағыты: Математика Бөлімі: Ашық сабақ Сыныбы: Мектепке дейінгі балалар

Жарияланған уақыты: 2018-12-28


Материал туралы қысқаша түсінік

мектепалды даярлық сыныбына арналған




Пәні:Қарапайым математикаСабақ: Достарыммен жасаймын. тізбек жəне заңдылық. Мектеп:№262 мектеп-гимназиясыМұғалімнің аты-жөні:Іззатова Гүлназ Серікқызы
Күні: Сынып: МАД «Б» Қатысқандар: Қатыспағандар:
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 0.2.3.2. 1-ден 20-ға дейінгі сандардың реттік қатарында қалып қойған санды атау. 0.2.3.4.Заңдылықты талдап, бұзылысты мұғалімнің көмегімен табу.
Сабақ мақсаттары: Барлық тəрбиеленушілер: -түрлі фигуралардың, заттардың орналасу бірізділігін анықтайды
Көптеген тəрбиеленушілер: -түрлі фигуралардың, заттардың орналасу бірізділігін анықтайды жəне оны жалғастырады.
Кейбір тəрбиеленушілер: -фигуралардың, заттардың бірізділігін өз бетінше құрастырады.
Тілдік мақсат: Дағдыларын дамыту: -бірізділік жасалған белгілерді құрастыра алады, заңдылықтың бұзылғанын түсіндіре алады.
Пəндік лексика жəне терминология: -бірізділік, алдымен, кейін.
Пікір алмасуға арналған сұрақтар: – Фигуралардың орналасу заңдылығын түсіндіре аласыңдар ма? – Көрсетілгеннен кейін қандай фигура келуі керек? –Ұсынылған фигуралардан өздеріңнің заңдылықтарыңды құрастыра аласыңдар ма? Жазу: фигураларды салу, бояу, фигуралардың бірізділігін жалғастыру.
Алдыңғы оқу: Фигуралардың, сандардың немесе заттардың түсі, пішіні, көлемі, мақсаты, бірізділігі.
Жоспар
Жоспарланған уақыт есебі Жоспарланған жаттығу түрлері

ресурстар

Басы0–5 минут Ынталандыру. Педагог достық туралы видеролик көрсетеді. Миға шабуыл.Видеороликтегі көрсетілген көрініспен ой бөлісу,тақырыпты ашу.Əрі қарай балалар достарымен бірге қандай қызықты істермен айналысуға болатыны туралы əңгімелеседі. Шаттық шеңбері. Жылы тілектер айтып,бүгінгі күнге сәттілік тілейді.Қолдың жұдырықтарымен бірігіп: «Аққуды атпаймыз,достықты сатпаймыз» ұранын айтады.Өзектендіру. Достарымен бірге түрлі заттарды таңдап,олардан тізбек жасайды.Топқа бөліну.1 топ Моншақ көздері2 топ түймелер3 топ кір қыстырғыштар4 топ резеңкелерМақсат қою (проблемалық жағдай). (Ұ)Педагог тақтаға орындары ауысқан сандарды реттілігін,қалып қойған санды табады. Топтық жұмыс. (Т) қолдарында топқа бөлініп алған заттармен тізбек жасайды.Оларды ақ қағазға түсіріп, жоба қорғайды.Тізілген заттардың реттілігін атайды және санап бояйды. Өздік жұмыс. (Ө) 2-тапсырма. Жұптасып жұмыс істеу. Балалар бас киімдердің тəртібіне – үшбұрыш, шаршы; қолдарының орналасуына – екеуі төмен, біреуі жоғары, дененің пішіні мен түсіне – көк шаршы–көк шеңбер, екі қызыл шаршы, көк шаршы–көк шеңбер назар аудара отырып, кішкентай адамдардың орналасу бірізділігін талқылайды. Содан кейін қажетті фигураны жиектейді.

Моншақ көздері,жіп,түймелер,кір қыстырғыштар,резеңкелер

Ортасы

6-25

Өткен материалмен жұмыс. (Т) Өткенді бекіту үшін «Геометриялық мозаика» ойынын өткізуге болады. Ол балалардың геометриялық фигуралар туралы білімін бекітуге арналған, оларды түрлендіру іскерлігін қалыптастырады, қиялын жəне шығармашылық ойлауын дамытады, фигуралардың орналасу тəртібін талдауға, фигура құруға, үлгіні негізге алуға үйретеді. Педагог балаларға алдымен үлгі бойынша, содан кейін өзінің ойлағаны бойынша өрнек (қайталанып отыратын нақышпен) жасауды ұсынады. Сергіту сәті.Оқушылар қыз,ұл заңдылығын сақтап сапқа тұрады.Қателікті мұғалім көмегімен анықтайды.Көңілді әуенге билеп,әуен тоқтағанда мұғалім нұсқауымен бас,қол,иық жұптасып ұстап қалады. (Ө) №3 тапсырманы түсіндіре отырып орындау ұсынылады. Педагог фигуралардың заңдылығын атауды ұсынады. Талқылаудан кейін балалар өз бетінше фигураларды толықтырып салады жəне бояйды. Тапсырманы жиынтық полотноның көмегімен тексеруге болады. Балаларға кесілген материалдан өздерінің заңдылығын құрастырып,оны жолдастарына жалғастыруды ұсынуды тапсыруға болады.

https://z1.fm/artist/1216620

жиынтық полотно

Соңы

26-30

Рефлексия. Педагог қорытынды жасап, балаларды смайликпен мадақтайды. Сабақтағы өз жұмысын «Термометр» арқылы бағалауды ұсынады. Педагог түсіндіреді: егер қателіктер көп болса, төменгі сатыда 0-5 арасына қолдарында сабақ басындағы топқа бөлінген заттардың суретін қоюға болады. Қателіктер аз болса, ортаңғы сатыда 6-8 арасына қоюғаболады. Қателіктер болмаса жəне бала барлығын жақсы түсінсе,8-11 арасына жоғарғы сатыда қоюға болады.

термометр

Қосымша мәліметтер
Саралау(дифференсация) Бағалау Пәнаралақ байланыс
СмайликпенБас бармақӨн бойында Жапсыру,сауат ашу.







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.