Тіршіліктің ұйымдасу деңгейі | Скачать Материал

0





Жұмыс түрі: 
Материал

Көлемі: 8 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 500 теңге

Таңдаулыға:   




Тақырыбы: Тіршіліктің ұйымдасу деңгейі
Жоспары:
1.Тірі ағзалардың жүйелік ұйымдасуы
2.Тірі материяның ұйымдасу деңгейі туралы түсінік
3.Молекулалы — — генетикалық, онтогенездік, популяциялық- түрлік, биогеоценоздық деңгейлері.
Тірі заттың ұйымдасуында негізінен молекулярлық, клеткалық, ұлпалық, мүшелік, организмдік, популяциялық, түрлік, биоценоздық және ғаламдық (биосфералық) деңгейлерін ажыратады. Барлық осы деңгейлерде тіріге тән барлық қасиеттер көрінеді. Осы деңгейлердің әрқайсысы басқа деңгейлерге тән ерекшеліктермен сипатталады, бірақ әрбір деңгейдің өзіне тән айырықша ерекшеліктері болады. Молекулярлық деңгей. Бұл тірінің ұйымдасуында ең негізгі деңгей болып табылады жэне нуклеин қышқыларынан, белоктардан, көмірсулардан, липидтерден және биологиялық молекулалар деген атқа ие, жоғарыда айтылғандай, клеткаларда болатын стероидтердан тұрады.
Биологиялық молекулалардың мөлшерлері біршама алуан түрлілігімен сипатталады, олар тірі материяда алатын кеңістігімен анықталады. Ең кіші биологиялық молекулаларға нуклеотидтер, аминқышқылдары және қант жатады. Керісінше белок молекулалары үлкен көлемдерімен сипатталады. Мысалы, адам гемоглобинінің молекуласының диаметрі 6,5 нм құрайды. Биологиялық молекулалар төменгі молекулалық ізашарларынан синтезделінеді, олар көміртегі тотығы, су және атмосфералық азот болып табылады және олар метаболизм процесінде аралық қосылыстар арқылы молекулалық массасы үлкейетін (құрылыс блоктары) үлкен молекулалық массаға ие биологиялық макромолекулаларға айналады. Осы деңгейде тіршілік әрекеттерінің маңызды процестері (тұқымқуалаушылық ақпаратты кодтау және беру, тыныс алу, зат және энергия алмасу, өзгергіштік және т.б.) басталады және жүзеге асады.
Бұл деңгейдің физико-химиялық ерекшелігінің мәні сол, тірінің құрамына өте көп химиялық элементтер кіреді, деседе, тірі заттың қарапайым құрамын көміртек, сутек, азот түзейді. Атомдар тобынан молекулалар түзіледі, ал соңғыларынан қүрылысы мен қызметі жағынан ерекшелінетін күрделі химиялық қосылыстар қалыптасады. Клеткаларда бұл қосылыстардың көпшілігі нуклеин қышқылдары және белоктар түрінде болады, олардың макромолекулалары полимерлер болып табылады, олар мономерлер түзілу нәтижесінде синтезделген, соңғылары белгілі бір ретпен қосылған. Бүдан басқа макромолекулалардың мономерлері бір қосылыс шегінде бірдей химиялық топтарға ие және химиялық байланыстар көмегімен оларға тән емес бөліктерімен (учаскелерімен) қосылған.
Барлық макромолекулалар әмбебап, өйткені олар қандай түрге жататынына тәуелсіз бір жоспар бойынша құрылған. Әмбебап болғандықтан олар осымен қатар бірегей, өйткені олардың құрылымы қайталанбайды. Мысалы, ДНҚ нуклеотидтердің құрамына белгі лі төрт (аденин, гуанин, цитозин және тимин) азоттық негіздің біреуі енеді, нәтижесінде кез келген нуклеотид немесе ДНҚ молекуласындағы нуклеотидтердің кез келген реттілігі өзінің қүрамы бойынша қайталанбайды, осы сияқты ДНҚ молекуласының екінші құрылымы да қайталанбайды. Көптеген белоктардың құрамына 100-500 аминқышқылдары енеді, бірақ белоктар молекулаларындағы аминқышқылдарының реттілігі қайталанбайды, осынысымен оларды бірегей етеді.
Әртүрлі типтегі макромолекулалар бірігіп молекулаға дейінгі құрылымдар түзейді, оларға мысал нуклеин қышқылдары мен белоктардың жиынтығы болып табылатын нуклеопротеидтер, липопротеидтер (липидтер мен белоктардың жиынтығы), рибосомалар (нуклеин қышқылдары мен белоктардың жиынтығы) жатады. Бұл қүрылымдарда жиынтықтар нековалентті байланысқан, бірақ та нековалентті байланысу мүлдем өзгеше. Биологиялық макромолекулаларға ферменттер катализатор болатын химиялық реакциялар қамтамасыз ететін үздіксіз айналу тән. Бұл реакцияларда ферменттер субстратты реакция өніміне өте қысқа мерзімде (ол уақыт бірнеше миллисекунд немесе тіпті микросекунд құрауы мүмкін) айналдырады. Мысалы, ДНҚ-ның қос тізбекті спиралының репликация алдында оралу уақыты тіпті, бірнеше микросекундты құрайды
Молекулярлық деңгейдің биологиялық ерекшелігі биологиялық молекулалардың қызметтік ерекшеліктерімен анықталады. Мысалы, нуклеин қышқылдарының ерекшелігі сол, оларда белоктардың синтезі жайындағы генетикалық ақпарат кодталған. Мұндай қасиетке басқа биологиялық молекулалар ие бола алмайды. Белоктардың ерекшелігі олардың молекулаларындағы амин қышқылдарының ерекше реттілігімен анықталады. Бұл бірізділік әрі қарай белоктардың арнайы биологиялық қасиеттерін анықтайды, өйткені олар клеткалардың негізгі құрылымдық элементтері, клеткаларда жүретін эртүрлі процестердің катализаторлары мен реттегіштері болып табылады. Көмірсулар мен липидтер энергияның маңызды көздері болса, стероидтық гормондар түріндегі стероидтар бірқатар метоболизмдік процестерді реттеу үшін маңызды болады.
Биологиялық макромолекулалардың ерекшелігі сол сияқты, биосинтез процестерінің метоболизмнің белгілі бір сатысында жүзеге асуымен де анықталады. Оданда басқа, нуклеин қышқылдарының, аминқышқылдары мен белоктардың биосинтездері организмдердің қандай түрге жатуына тәуелсіз ұқсас үлгі бойынша өтеді. Осы сияқты май қышқылдарының тотығуы, гликолиз және басқа да реакциялар жан-жақты болып табылады. Мысалы, гликолиз барлық эукариот-организмдердің әрбір тірі клеткасында өтеді және 10 бірінен кейін бірі жүретін ферментативтік реакциялардың нәтижесінде жүзеге асады, олардың әрқайсысы арнайы ферментпен катализденеді. Барлық аэробты организмдер-эукариоттардың митохондрияларында молекулярлы машиналар болады, оларда энергияның босалуына байланысты Кребс циклі мен басқа да реакциялар жүзеге асады. Молекулярлық деңгейде көптеген мутациялар жүреді. Бұл мутациялар ДНҚ молекулаларындағы азотты негіздердің бірізділігін өзгертеді.
Молекулярлық деңгейде сәуле энергиясы тұрақталады және бұл энергияның химиялық энергияға алмасуын жүзеге асырады, бұл клеткалардағы көмірсуларда және басқа да химиялық қосылыстарда қор болып жиналады, ал көмірсулардың және басқа молекулалардың химиялық энергиясы қол жететін биологиялық энергияға, ол АТФ-да макроэнергетикалық байланыстар түрінде қорға жиналады. Ең соңында бұл деңгейде макроэнергиялық фосфаттық байланыстар энергиялары жұмысқа — механикалық, электрлік, химиялық, осмостық — айналуы жүреді, барлық метаболистік және энергетикалық процестердің механизмдері жан-жақты.
Биологиялық молекулалар, сол сияқты молекулалық және деңгейі бойынша одан кейінгі деңгейдің (клеткалық) арасындағы сабақтастықты қамтамасыз етеді, өйткені ол молекулаға дейінгі құрылымдардың материалы болып табылады. Молекулярлық деңгей клеткалық деңгейді энергиямен қамтамасыз ететін химиялық реакциялардың алаңы болып саналады.
Клеткалық деңгей. Тірі заттың ұйымдасуының бұл деңгейі тэуелсіз организм түрінде әрекет жасайтын клеткалардан (бактериялар, қарапайымдылар және … жалғасы

Ұқсас жұмыстар


Пәндер

Дереккөз: https://stud.kz