тілектер, құттықтаулар, жақсы лебіздер жаңа жыл 2019

0
Жаңа жылға арналған құттықтаулар
Жаңа 2019 жылыңызбен!

Жұмысыңызға табыс, жүрекке тыныштық, мықты денсаулық, дастарханыңыздың молшылықта болуын тілеймін. Бұл жылда барлық тілектердің орындалуын, сәттіліктердің жалғасуын, тыныштық пен құт-береке болсын!

***

Сізді Жаңа 2019 жылыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Баршамыз жаңа 2019 жылмен бірге ізгі жаңалықтардың келуін күтеміз. Келер жаңа 2019 жыл Сіздің барлық істеріңіз бен бастамаларыңызға ақ жол ашып, мол табыстар ала келсін, жетістіктерге толы болсын. Сізге зор денсаулық, қуаныш пен шаттыққа толы ұзақ ғұмыр, отбасыңызға бақ-береке, ашық аспан, шуақты күндер тілейміз.

***

Жаңа Жыл сіздерге мықты денсаулық, баянды бақыт, жаңа жетістіктер және татулық әкелсін! Керегелеріңіз кеңейіп, шаңырақтарыңыз биіктей түссін!
Әрбір жаңа бастамаларыңыз тек қана жеңіс пен сәттілікке үлесе берсін!

***

Құрметті достар!

Сіздерді Жаңа 2019 жылмен шын жүректен құттықтаймын!

Жаңа 2019 жылда жағымды жаңалықтар мен телегей табыс мол болсын! Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбасыңызға баянды бақыт пен бақ-береке келсін!

Мерейіңіз үстем, беделіңіз биік, абыройыңыз асқақ болуына тілектеспін!
Ізгі ниетпен, кандас бауырларың.

***

Жаңа 2019 жылмен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа 2019 жыл бақыт, шаттық, қуаныш, құт-береке әкелсін! Жаңа 2019 жылда ырыстарың көп болып, табыстан табысқа жете беріңдер! Жаңа 2019 жылдағы жоспарларың іске асып, тілектерің орындалсын!

***

Жаңа 2019 жылың жаңа нұр ала келсін
Қуанышқа құшағың тола берсін.
Ескі жылың есіркеп көкейіңде
Қимас шақтың бірі боп кала берсін!

Келді тағы жаңа 2019 жыл,
Қуантуға біздерді.
Құтты болсын қуаныш,
Құттықтаймыз сіздерді!

***

Жаңа 2019 жыл! Жаңа күн! Жаңа өмір! Бұл күн болмастағы боядың барлығын үміттен, қуаныштан, махаббаттан алып, айналаға нұр болып шашылады, Осы шашылған нұр әрбіріміздің шаңырағымызға шуақ болып турайды. Қай -қайсымыз болсақта осы мерекелік кештен келесі Жаңа 2019 жылға дейін жүрегімізге есте қалатындай бір сезімді себелейміз, ол сезім бізді келесі жылға дейін үмітпен жетелеп отырады. Жаңа 2019 жыл әрбір шаңыраққа құт, береке, ырыс алып келсін!

***

Барша қазақстандықтарды жаңа 2019 жылдарымен құттықтаймын! Жаңа 2019 жылда жаңа бақыт, жаңа табыс әкелсін! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын, ауыз біршілігіміз берік болып, жарқын болашаққа деген сенім нық болсын!

***

Жаңа Жыл – бірлік пен татулықтың жылы болсын! Әр отбасы үшін ырыс пен береке жылы болсын. Мен барша Қазақстандықтарды Жаңа Жылмен құттықтаймын. Аспандарымыз ашық, денсаулықтарымыз мықты болсын!