Тіл — рухани көрсеткіш | Скачать Реферат

0

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Көкше Академиясы

Гуманитарлы-педагогикалық департаменті

Р Е Ф Е Р А Т

Тақырыбы: ХХ ғасыр лингвистикасы

Мамандығы: 5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті

Орындаған:_________________Рахым І.С.

Қабылдаған:__________Молгаждаров Қ.К.

Көкшетау 2014 жыл

Жоспар

І.
Кіріспе … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … .3

ІІ. Негізгі бөлім

1. ХХ ғасыр тіл білімі туралы жалпы түсінік

1. XX ғасыр тіл білімінде қалыптасқан сөздер мен
заттар … … … …3

2. Осы кезеңде қалыптасқан бағыттар және олардың
түрлері … … .6

3. ХХ ғасыр тіл біліміндегі мектептер
жайлы … … … … … … … .. … .11

ІІІ.
Қорытынды … … … … … … .. … … … … … … … … … … ..
… … … … … … .17

ІV. Пайдаланылған
әдебиеттер … … … … … … . … … … … … … … … … … .1
8

І . Кіріспе

Қазіргі заман тіл білімі жас грамматистерге қарсы күресте туып,
қалыптасты. XIX ғасырдың соңғы он жылы мен XX ғасырдың бас кездерінен
бастап Батыс Европа тіл білімінде жас грамматистік бағыт қатты сынға
алынады. Тіл білімі тұйыққа тірелді, дағдарыска ұшырады деген үндер жиі-жиі
естіле бастайды. Зерттеудің жаңа әдісі, бұрынғыдан өзгеше амал-тәсілдері
іздестіріледі. Әр елде, әр жерде жас грамматизмге қарсы бағытта біріккен
лингвистикалық мектептер пайда болады. Олардың қатарына Сөздер мен
заттар, Эстетизм, Неолингвизм, Социологизм деп аталатын мектептерді
жатқызуға болады. Жас грамматизм бағытын сынауда бұл мектептер өкілдері
бірауызды болғандарымен, тілдің өзіндік сипатын, мәнін айқындауға келгенде
әрқайсысының өзіндік көзқарастары, ұстаған жолдары болды.

Негізгі бөлім

1. ХХ ғасыр тіл білімі

1. XX ғасыр тіл білімінде қалыптасқан сөздер мен заттар

Сөздер мен заттар. Бұл – тіл білімі тарихында жас грамматикалық
бағыттан біржола және үзілді-кесілді бас тарту ұранын тұңғыш көтерген
мектеп. Оның өкілдері 1909 жылдан бастап Рудольф Мерингердің1859-1913
басқаруымен шыға бастағанАвстрияда Сөздер мен заттар деп аталатын
журнал төңірегінде топтасқандықтан, соның атымен аталғанЖурнал ХХ ғасырдың
40 жылдарына дейін шығып тұрды. Бұл мектептің ең көрнекті өкілі – роман
тілдері мен жалпы тіл білімінің маманы Австрия тіл ғалымы Гуго Шухардт
1842-1927. Г. Шухардт тек роман тілдерін ғана емес, басқа да көптеген
тілдерді зерттеген, жан-жақты, терең білімді адам болған. Ол тіл білімінде
бірталай тың да қиын проблемаларды батыл көтеріп, өз көзқарасын білдіріп
отырған. Бұл мектептің өкілдері зат пен оның атауы арасындағы қарым-
қатынасқа ерекше мән береді. Г. Шухардт Заттар мен сөздер деген
еңбегінде: сөз затты білдіреді, зат-алғашқы, ол ешнәрсеге тәуелсіз, өзі
үшін өмір сүреді, ал сөз затқа қарағанда соңғы, кейінгі, ол – затқа
тәуелді, оның өмірі затқа байланысты, зат жоқ болса, оған қойылатын атау да
жоқ, тілдегі әр сөздің өзіндік тарихы бар, оны тек лингвистикалық талдау
арқылы ғана емес, заттар тарихы арқылы да зерттеуге болады, заттар тарихы
мен сөздер тарихы арасында толық паралилизм де, сондай-ақ күрделі және
нәзік қарым-қатынастар да бар, тіл білімінің міндеті – соны ашу дейді. Осы
талаптарға орай бұл ағым ғалымдары Г. Шухардт. Р.Мерингер, В. Мейер-
Любке,т.б. сөздер тарихын сол сөздер атау болған заттар тарихына
байланыстыра отырып, ұқыптылықпен, көп жағдайда өте шебер зерттелген. Бұл
мектеп өкілдері әсіресе Г. Шухардт тілдік элементтер сөздер
мағыналарының өзгеруіне, дамуына ерекше мән береді. Бұлардың семантикалық
мәні жөніндегі пікірлері бұл мәселенің кейінгі дәуірде дамуына елеулі
әсерін тигізді. Г. Шухардт тілдерді туыстық жақындықтарына қарай жіктеудің
дәлдігіне, ата тіл болды дегенге күмән келтіреді, генеалогиялық
классификациялау орнына тілдерді географиялық ыңғайына қарай қарауды
ұсынады. Географиялық жағдайына, қоныс ыңғайының өзгерісіне қарай бір тіл
екінші бір тілге ауысып отырады дегенді айтады. Біраз мәселеде бұл мектеп
өкілдері индивидуаалистік психологизм ағымдағылармен пікірлес болды.
Шухардтың пікірінше, тіл – жеке сөйлеушінің индивидумның жемісі. Сөздер
тарихы – сол сөздерді қолданушы индивидумдар тарихы дейді. Көптеген құнды
пікірлермен қатар бұл ағымның қайшылықтары да болды. Бұларда айтарлықтай
тұрақты, өзіндік жүйелі принцип болмаған. Сондықтан тек шартты түрде ғана
болмаса, Сөздер мен заттар бағытындағыларды қалыптасқан лингвистикалық
мектеп еді деу қиын. Бұл мектептің өкілдері 1909 жылдан бастап шыға
бастаған Сөздер мен заттар деп аталатын журнал төңірегіне
топтасқандықтан, соның атымен аталған. Сөздер мен заттар мектебінің ең
көрнекті өкілі — роман тілдері жалпы тіл білімінің маманы — Австрия
лингвисі Гуго Шухардт (1842—1927). Шухардт тек роман тілдерін ғана емес,
басқа да көптеген тілдерді зерттеген жан-жақты, терең білімді адам болған.
Ол тіл білімінде бірталай тың да қиын проблемаларды батыл көтеріп, өз
көзқарасын білдіріп отырған. Бұл мектептің өкілдері зат пен оның атауы
арасында қарым-қатынасқа ерекше мән береді. Г.Шухардт Заттар мен сөздер
деген еңбегінде: сөз затты білдіреді; зат – алғашқы; ол ештемеге тәуелсіз,
өзі үшін өмір сүрді; ал сөз затқа қарағанда соңғы, кейінгі, оның өмірі
затқа байланысты, зат жоқ болса, сөз де жоқ; тілдегі әр сөздің өзіндік
тарихы бар, оны тек лингвистикалық талдау арқылы ғана емес, заттар тарихы
арқылы да зерттеуге болады; заттар тарихы мен сөздер тарихы жарыса қатар
жүріп отырады; бұл екеуінің тарихы арасында толық параллелизм де, сондай-ақ
күрделі және нәзік қарым-қатынастар да бар; тіл білімінің міндеті – соны
ашу дейді. Осы талаптарға орай бұл ағымға жататын ғалымдар (Г.Шухардт,
Р.Мерингер, В.Мейер-Любке, т.б.) сөздер тарихын сол сөздер атау болған
заттар тарихына байланыстыра отырып, асқан ұқыптылықпен, көп жағдайда өте
шебер зерттеген. Бұл мектеп өкілдері тарихы зерттелетін сөз қоғамдағы
өмірдің қай саласына, қай мамандыққа жатса, сөзбен бірге сол сала, сол
кәсіп те профессионалдық дәлдікпен зерттелу керек деп есептеп, өздері де
солай істеді. Мысалы, Шухардт француз тіліндегі trouber (табу) деген сөздің
латын тіліндегі turbare (балық ұстау) деген сөзден шыққанын дәлелдеу үшін
балық аулау процесін жан-жақты зерттеген. Сол сияқты, Р.Мерингер ауыл
шаруашылығына байланысты қолданылатын біраз сөздер тарихын айқындау үшін
бір шаруаның үй-жайы туралы үлкен монографиялық зерттеу жазған, Крогман
құдалық деген мағынаны білдіретін немістің бір сөзінің тарихын түсіндірмек
болып, құдалықтың алуан түрлі салттарын жан-жақты баяндайды, т.б. Әрине,
сөздер тарихын сол сөз атау болған заттар тарихына байланыстыра қараудың
тарихи лексикологияға берері көп, бірақ тіл білімі үшін әр сөз атау болған
заттарды жоғарыдағыдай зерттеу әрдайым қажет бола бермейді. Олай істеу көп
жағдайда лингвистерді негізгі объектіден ауытқытып, тіл білімі үшін қажеті
жоқ нәрселермен айналыстырады. Шухардтың пікірінше, тіл – жеке сөйлеушінің
(индивидуумның) жемісі. Индивидуумның тұрмыс жағдайы, мінез-құлқы,
мәдениеті, жасы тілге әсерін тигізеді, сөйтіп, индивидуалдық стиль
қалыптасады. Сөздер тарихы дегеніміз – сол сөздерді қолданушы индивидумдар
тарихы. Бұл жағынан алғанда Шухардт индивидуалистік психологизм
ағымындағылармен үндеседі. Г.Шухардт өзінің Фонетикалық заң туралы деген
мақаласында жас грамматистердің тілде бұлжымайтын фонетикалық заң бар
дейтін негізгі принципіне қарсы щығады: бұлжымайтын фонетикалық заң деген
жоқ, тілде кездейсоқ фонетикалық өзгерістер бола береді; жас
грамматистердің бұл принциптері ғылымның ілгері дамуына бөгет жасайды
дейді. Сонымен бірге ол тіл дамуында тілдердің араласуының, тоғысуының
ерекше мәні барлығын айтады. Көптеген құнды пікірлерімен қатар бұл ағымның
қайшылықтары да болды. Олардың айтарлықтай тұрақты өзіндік жүйелі принципі
бола қоймады. Сондықтан тек шартты түрде ғана болмаса, Сөздер және заттар
бағытындағыларды қалыптасқан лингвистикалық мектеп еді деу қиын.

2. Эстетизм, неолингвизм, социологиялық мектеп, структуралық лингвистика
бағыттары жайлы.

Эстетикалық бағыт. Жас грамматизм бағытына қарсы XX ғасырдың бас
кезінде Батыс Европада пайда болған лингвистикалық мектептің тағы бір түрі
— эстетизм. Оны қалыптастырушы — неміc ғалымы, роман тілінің маманы, әрі
лингвист, әрі әдебиетші проф. Карл Фосслер (1872—1949). Онымен бірге бұл
мектеп құрамында роман тілдерінің мамандары Е. Лерх, Л. Шпитцер болған.
Эстетизм мектебінің негізгі принциптері К. Фосслер Тіл біліміндегі
позитивизм мен идеализм (190 Тіл — творчество және даму (1906) т.
б. деген еңбектерінде баяндалған. Мектептің эстетизм деп аталатын себебі
оның өкілдеpi: тіл — жеке индивидумның рухани творчествосы. Тіл — рухани
көрсеткіш; рухани творчествоның барлығы да эстетикалық құбылыс болып
табылады. Творчество болғандықтан тіл де эстетиканың қарауына жатады. Ал
объектісі эстетикалық құбылыстар қатарына жатқандықтан, тіл білімінің
эстетикалық ғылым болмасқа әдісі жоқ, — деп есептейді. Эстетистер тіл
білімін эстетикаға стилистика арқылы жатқызады. Олар: тіл — индивидуалдық
рухани творчество;.. сөйлеудің қандайы да, индивидуалдық рухани әрекет, ал
ол әрекетті, яғни индивидуумның стилін стилистика зерттейді дейді де,
осыдан барып, тілді индивидуум жасап, индивидуумның тілін (стилін)
стилистика зерттейтін болғандықтан, тіл білімінің бастамасы, негізі
стилистика, яғни тіл білімі дегеніміз — стилистика. Стилистика -—
эстетиканың бір саласы. Олай болса, тіл білімі эстетиканың бөлінбейтін бір
бөлшегі деген қорытынды жасайды. Бұл мектептің эстетизмі индивидуализммен
ұштас жатыр. Сондықтан бұларды кейде эстетикалық индивидуализм деп те
атайды. Эстетистер де тілдің қоғамдық мәнін ескермейді, оны жеке адамның
рухани табысы деп қарайды, түгелдей индивидуалдық рухқа тәуелді, бағынышты
етеді: қанша индивидуум болса, сонша стиль (тіл) бар; айтудың, хабарлаудың
әрбір кұралы (яғни тілдік элементтер) бастапқыда индивидуалдық,
стилистикалық болады; жалпы халықтық, диалектілік тілдер деген өмірде жоқ;
тілдіқ жалпылық мәнінің өзі де индивидуалдық тілдің жай жиынтығы деп
қарайды. Ал тіл индивидуумның табысы болса, ол қалайша қатынас кұралы бола
алады деген сұрауға эстетизм мектебінің басшысы К. Фосслер: Егер адамдар
тіл арқылы өз ара қатынас жасай алатын болса, ол тілдік заңның, тілдік
материалдардың, немесе тілдік құрылымның жалпылығынан емес, тілдік
дарындылықтың жалпылығынан, ортақтығынан болады. Тілдің пайда болуы, өмір
сүруі, дамуы — бәрі де осы сөйлеу дарындылығының жалпылығына, барлық адамға
бірдей тәндігіне байланысты. Соның арқасында әр түрлі тілде сөйлейтін
адамдар белгілі уақыттан кейін бірін-бірі түсіне алады деп жазады.
Эстетистер тілдің коммуникативтік ролін әлсіретіп, бірінші орынға оның
экспрессивтік функциясын қойды. Олар тіл тарихы мәселесін де дұрыс шешкен
жоқ. Тілдегі өзгеріс-құбылыстарды реттеп тұратын нәрсе — индивидуалдық рух,
тілдің дамуы соған тәуелді. Тілді жасайтын да, қалыптастыратын да,
қозғалысқа келтіретін де рух. Сондықтан тіл білімінің міндеті — рухты
зерттеу,— есептеді. Эстетизм өкілдері жас грамматизм бағытын да,
психологизм бағытын да сынға алады. Бірақ оларды сынағанда идеалистік
тұрғыдан сынайды. Эстетистер тіл білімінің алдына стилистиканы, жазушылар
тілдерін, мәдениет тарихы мен тіл тарихының байланысын, т. б. зерттеу
міндеттерін қойды. Бірақ бұл міндеттерді өздері субъективтік, идеалистік
тұрғыдан қарастырды. Басшылыққа алған философиялық принциптері дұрыс
болмағандықтан, еңбектерінде пікір қайшылықтары да кездесіп отырды.
Лингвистикалык мектеп деп аталғанымен, эстетистердің принциптерін
жақтаушылар аз болды.

Неолингвизм. гр. нео – жаңа және лингвистика атауларының бірігуінен
туған. Сонда неолингвистика жаңа лингвистика деген мағынаны білдіреді.
Неолингвизм де жас грамматизм бағытына қарсы ХХ ғасырдың бас кезінде
қалыптасқан лингвистикалық мектеп. Бұл мектеп Италияда қалыптасты. Оның
негізін салушылар Маттео Джулио Бартоли1873-1946, Джулиано
Бонфанте,1904, В. Пизани 1899ж. т.б. Неолингвизмнің тілдердің
географиялық орнына шешуші мән беретіндіктеріне қарай кейде оны ареалдық
лингвистика деп те атайды. Ареалдық лингвистика немесе лингвистикалық
география – тілдік құбылыстардың тараған аймағын, шекарасын зерттейтін
ғылым. Неолингвизм өкілдерінің бір табысы – лингвистикалық география
ілімінің принціптерін айқындап, жетілдіріп, оны тіл біліміне ендіріп
таратты. Жас грамматистер тілді бір ғана диахронды тұрғыда зерттесе,
неолингвистер оны синхрондық тұрғыда да зерттейді. Жас грамматистер тіл
білімінің міндеті сөйлеу тілі фактілерін зерттеу дегендерімен, іс жүзінде
жазба тіл фактілерін көбірек зерттеді. Неолингвистер сөйлеу тіліндегі
диалектілік ерекшеліктерді зерттеуге ерекше мән берді. Неолингвизмнің ең
басты кемшіліктері – тілдің жүйелік, құрылымдық сипатына жеткілікті мән
бермей, экстралингвистикалық мәселелерге көп көңіл бөліп, тіл өміріндегі
индивумдар ролін асыра бағалаулары болды. Неолингвистер жас грамматистерді
сынаған, өз принциптерін баяндаған көптеген еңбектер жазды. Сонда
еңбектердің бірі — 1925 жылы Дж. Бартони мен М. Бартоли жазған
Неолингвистиканың қысқаша очеркі атты кітап. Онда лингвистикалық жаңа
мектептің әдістері мен принциптері қысқаша баяндалды. Бұдан кейін Дж.
Бонфант өзінің Неолингвистиканың ұстаған жолы (194 атты еңбегінде
неолингвизмнің жас грамматизм бағытынан қандай өзгешелігі барлығын елу бір
тармаққа бөліп тәптештеп баяндап берді. Осының алдында сөз болған эстетизм
өкілдері сияқты, бұл мектеп өкілдері де өздерін идеалистерміз деп
жариялайды. Неолингвизм бір-біріне үйлесе қоймайтын әр түрлі көзқарастағы
ғалымдардың В. Гумбольдттың, Г. Шухардттың, К. Фосслердің, кейбір мәселеде
Г. Паульдің — принциптеріне сүйенеді. Сондықтан бұл мектеп кейде
эклектикалық неолингвизм деп те аталады. Неолингвизм жас грамматистердің
бір ғана фонетикалық заң әдісіне сүйеніп, тіл білімінің объектісін мейлінше
тарылтқандарын сынай келіп, өздерін тілдің барлық мәселесімен де
шұғылданатын нағыз лингвистерміз деп жариялады. Екіншіден, бұлар жас
грамматистер концепцияларының негізі саналатын бұлжымайтын фонетикалық
заң доктринасын жоққа шығарды: өмірде бұлжымайтын заң деген жоқ; тілдегі
әрбір сөзде, әрбір форма әрбір дыбыста өзіндік ерекшелік, жалпы заңнан
ауытқушылық бола береді. Ол — өмір заңы ,— дейді. Тіл дегеніміз не? —
деген сұрауға неолингвистер: Тіл — эстетикалық творчество. Ол — индивидуум
творчествосы. Тіл өнер туыңдылары қатарына жатады. Сондықтан ол адамның
рухани өмірінің бір бөлшегі. Тіл — эстетикалық көрсеткіш, т. б. дегең
анықтама береді. Неолингвистер де тілдің қоғамдық мәнін елемейді: қоғам
тілі, коллектив тілі деген — абстракция; конкретті, ақиқат бар нәрсе —
индивидуумның тілі; тілдегі латын өзгеріс-құбылыстардың барлығы да
индивидуумнан тарайды; тіл — индивидуумның ерікті творчествосы; оны адамдар
бір-біріне еліктеу (имитация) арқылы қабылдайды да, өзінше ассимиляциялай
отырып, бірден-бірге таратады; тілдің қандай дәрежелі тіл болуы
индивидуумның творчестволық күшіне, әлеуметтік ықпалына, әдеби атағына
байланысты дейді. Тілдік фактілердің тараған аймақтарын анықтаудың тіл
білімі үшін мәні барлығы даусыз. Мұндай зерттеу арқылы тілдік субстрат,
суперстрат, адстрат айқындалады. Субстрат – латын сөзі, тіл білімінде
белгілі бір аймақтағы тілден бұрынғы тіл деген мағынаны білдіреді.
Суперстрат – латын сөзі, мағынасы – бір тілдің үстіне қабаттасқан екінші
тіл. Адстрат – латын сөзі. Тілдердің тең дәрежеде қатар өмір сүретін екі
түрі деген мағынада қолданылады.

Социологиялық бағыт. Социологиялық мектеп ең алғаш Францияда
қалыптасты. Сондықтан оны кейде Франция социологиялық мектебі деп те
атайды. Оны қалыптастырушылар және дамытушылар Фердинант де Соссюр
(1857—1913), Антуан Мейе (1866—1936), Жозеф Вандриес (1875—1960) Эмиль
Бенвенист (1902), т. б. болды. Социологиялық мектеп — XX ғасыр тіл
біліміндегі бір беделді және өте кең өріс алған бағыт. Бұл мектеп
қалыптасқаннан кейін тіл білімінде пайда болған елеулі еңбектердің қай-
қайсылары болса да ол көтерген мәселелерге соқпай кеткен емес. Оның
социологиялық деп аталатын себебі бұл бағыттағылар, индивидуалистік бағытқа
қарама-қарсы, тіл — қоғамдық, әлеуметтік құбылыс. Ол тек адам қоғамы бар
жерде ғана өмір сүре алады. Тілді дүниеге келтірген де оны ілгері дамытатын
да қоғамдасқан адамдар. Тіл әлеуметтік құбылыс болғандықтан, ол басқа
әлеуметтік құбылыстармен тығыз байланыста зерттелу керек деп санайды. Бұл
мектеп тілдің қоғамдық сипатын, әлеуметтік мәні барлығын мойндаудан туған.
Тілде әлеуметтік сипаттың барлығын, қайта өркендеу дәуірі мен ХVIII-XIX
ғасырлардың бірсыпыра ойшылдары да баса айтқан, дегенмен, бұл мәселе ХІХ
ғасырдың екінші жартысына дейін жүйелі зерттелмеді. Тіл қоғаммен
байланысты, тіл – қоғамдық құбылыс дегендердің тезис ретінде алынып, тіл
білімінің күрделі бір проблемасы ретінде арнайы сөз болуы өткен ғасырдың
екінші жартысынан басталады. Социологиялық зерттеу тіл біліміндегі
натуралистік, индивидуалдық көзқарастарға қарсы бағытта туып қалыптасты.
ХІХ ғасырдың аяқ кезі мен ХХ ғасырдың бас кезінде тілдің әлеуметтік сырын
ашумен көбірек шұғылданғандар француз ғалымдары болды. Осы себептен тіл
білімі … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz