«Тігін машинасының шығуының тирихы»

0







Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




«Тігін машинасының шығуының тирихы»

Автор: Мирзаимова Ақмарал Махмутқызы

Бағыты: Технология Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: 5 сынып

Жарияланған уақыты: 2018-12-31


Материал туралы қысқаша түсінік

тәгін машинасының тарихы туралы айтып, түсіндіріп өту




5сынып Сабақтың тақырыбы: Тігін машинасының шығу тарих түрлері Білімділік мақсаты: Машинатану негіздері, тігін машинасының шығу тарихымен таныстыру.Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыта отырып, көргендерін еске сақтап ,оны қайта жаңғыртуға үйрету .Тәрбиелік мақсаты: әсемдікке, ұқыптылыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.Сабақтың түрі: аралас сабақСабақтың әдісі: әңгімелеу, ойын, сұрақ жауап.Сабақтың көрнекілігі: слайд, тігін машинасы, плакаттар.Сабақтың барысы:I. Ұйымдастыру кезеңіОқушылармен амандасу. Сыныпты түгендеу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.II. Өткен сабақты пысықтауӨткен сабақты пысықтау үшін біздер қазір «Дұрыс па, әлде бұрыс па» деген ойын ойнаймыз. Балалар менің кеңестерімді тыңдаңдар :Тот басқан инелер, қайшылар сенің достарың.Жұмыс орныңда зат көп шашылып жатса жақсы болады, керек затыңды тез тауып аласың.Кеңестердің барлығы бірдей пайдалы бола бермейді екен.Тап- тап тап жорға, табаны жоқ боз жорға.Желіп кетсе жеткізбес, жерге түссе таптырмас (ине)Екі семсер айқасқан,Оқта –текте шайқасқан. (қайшы)“Машинатану негіздері. Машинаның шығу тарихы”Дәптермен жұмыс.Машина- бұл материалдарды, энергияны өңдеуге арналған, механикалық қозғалыс жасайтын құрылғы. Тігін машинасы аяқ киім, киім және тағы басқа тігін бұйымдарын дайындауға қолданылады.Тігін машинасы қол жетегінде, аяқ жетегінде және электр жетегіндегі машиналар болып бөлінеді. Заманауи тұрмыстық машинасы негізінен электр тоғының күшімен жүргізіледі.Тігін бұйымдарын дайындауға арналған жабдықтардың ең негізгісі – тігін машинасы.Ал сен үйде қол және аяқ жетегіндегі немесе қазіргі заманғы бағдарламамен басқарылатын машинаны қолдана аласың ба ? Мұндай машиналар компьютер көмегімен көптеген тігін операцияларын ( кестелеу, ілмек жасау, түйме қадау және т. б.) орындай алады.Ең дұрысы, тіке тігісті орындайтын қарапайым машинамен тігуді үйрене бастау керек. Тігін бұйымдарын дайындау көбіне тігін машинасында жұмыс істеуді игеруге байланысты.ТІГІН МАШИНАСЫМЕН ТАНЫСУБиыл сендер заманауи тігін машинасының көмегімен тігіс операцияларын – түзу және ирек тігістертерді сапалы орындай аласыңдар.Тігін машинасы қол жетегіндегі, аяқ жетегіндегі және электр жетегіндегі машина болып бөлінеді. Жетек – бұл машинаның жұмысшы бөлігін қозғалысқа келтіру қондырғысы.Заманауи тұрмыстық электр жетегіндегі тігін машинасы өте шағын, оны жұмысқа тез дайындай аласың.Тігін машинасын жұмыс орнында жарық сол жақтан түсіп тұратындай етіп орналастырады.Тұрмыстық тігін машинасы өзінің құрылымы, техникалық мүмкіндігі және сыртқы көрінісі бойынша түрліше болып келеді. Бірақ олардың құрылысы, реттеуі және пайдалану ережелерінің көпшілігі ортақ.(Слайдпен машина құрылысын көрсету)Практикалық жұмысТігін машинасы оқулық, жұмыс дәптері1.Жұмыс орнымен таныс. Бұл- тігін машинасы қондырылған және қажетті құрал-саймандар, құрылғылар мен бөлшектер қойылатын үстел . Тігін машинасымен жұмыс жасаған кезде дұрыс отыру ережесін сақтау керек, ережеге кіретіндер:Түзу отыру;Көз бен жұмыс үстелінің арақашықтығы 30-40 см болу керек;Қолы машина тұғырында ал, шынтақтары – үстел үстімен деңгейлестірілуі керек; Тігін машинасымен жұмыс істер кезде жұмыс орны жарық болуы керек. Үстел бетінде тек технологияорындауға арналғанөңделетін бөлшектер, құрал-саймандар мен құрылғылар ғана болуы керек.2. тақтадағы тігін машинасының құрылысы құрылымының негізгі элементтерін анықтап қарап, оларды машинадан тап3. Өз денсаулығына зиян келтірмес үшін тігін жұмыстарын орындау кезіндегі техникалық қауіпсіздік ережелерімен таныс:Саусағыңды инемен шаншып алудан сақтан;Шаштың немесе киім шетінің машинаның айналып жатқан бөліктеріне оралып кетуінен және электр тоғының соғуынан сақ бол;Машина үстінде бөтен заттар болмасын;Жұмыс соныңда машинаны сөндір және жұмыс орнын тазала.Қорытындылау .Жаңа материал бойынша сұрақтар қою:1) Тігін машинасының жобасын ұсынған кім?2) 1870- АҚШ-та Исаак Зингердің ашқан зауыты қалай аталады?3) Машинаның құрылысын атаңдар4) тігін жұмыстарын орындау кезіндегі техникалық қауіпсіздік ережелеріТалдау жасау

  • XV – ғасыр – Леонардо да Винчи – тігін машинасының жобасын ұсынды.
  • 1755 жыл – Англия, Карл Вайзенталь – бір жіпті тігін машинасын ойлап тапты.

1834 жыл – Уолтер Хант шөрнекті машина жасады1870- АҚШ-та Исаак Зингер – “Зингер” фирмасын ашты.1900 – Ресейде Подольск қаласында “Зингер” зауытын ашты. 1900 – Ресейде Подольск қаласында “Зингер” зауытын ашты. Оқушыларды бағалауЖұмыстан қорытынды шығару. Сынып қалай жұмыс істеді. Оқушы қандай жаңа нәрсені үйренді. Қай оқушы ерекше тырысты. Оқушыларды салыстырмалы түрде бағалау.Үйге тапсырма беру.Тігін машинасының шығу тарихы. .







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.