The Guardian таңдауы. Жылдың үздік 100 футболшысы

0

The Guardian таңдауы. Жылдың үздік 100 футболшысы

Ұлыбританияның The Guardian басылымы 2018 жылдың ең үздік футболшыларын анықтады. Сарапшылар таңдауы бойынша хорват Лука Модрич үздік деп танылды.

Жыл сайын ең үздік 100 футболшыны анықтайтын басылым дәстүрінен танған жоқ. Басылымның рейтинг түзуші құрамына 225 сарапшы кіреді. Олардың қатарында әр елдің журналистері, бұрынғы футболшылар және жаттықтырушылар бар.

Биылғы дауыс беру бойынша Лука Модрич 8552 ұпай жинап, үздік танылды. 8306 ұпай жинаған Криштиану Роналду – екінші орында. Ал үздік үштікті түйіндеген Лионель Месси 8268 ұпайға ие болған. Ал әйгілі бразилиялық футболшы Неймар ондыққа енбей қалған.


Дереккөз: https://massaget.kz/

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз