Темпераменттің типтері, қасиеттері | Скачать Курстық жұмыс

0

Тақырыбы: Темпераменттің
типтері, қасиеттері

Жоспар

Кiрiспе
2-4

I. Темперамент жөніндегі түсінік
5
1. Темперамент пен мінез
6-7
2. Темпераменттің типтері мен қасиеттері
7-10
3. Тест Айзенка арқылы темпераментті анықтау
11-13

II. Темпераментті зерттеу әдістері
13
1. Темпераментті зерттеу әдістемелік анамнестикалық әдісі
15-17
2. Зертханалық әдісі
18-19

III. Темперамент төңiрегiндегi отандық және шетел психологтарының
зерттеулерi.

IV. Қорытынды
20

V. Қолданылған әдебиетттер тізімі

VI. Қосымша

КIРIСПЕ

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арналатын
жылдағы қатарда аталып, аса маңызды басымдықтар ретінде көтерілумен
келеді. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында
(Қазақстанның әлемдегі бләсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру
стратегиясы) атты Президент Жолдауында да аталған мәселелер жаңа қырынан
өткір қойылып отыр. Яғни қарқынды дамып, жылдан жылға жаңа асуларға
көтеріліап, өркендеп келе жатқан еліміздің ендігі тұста, бүгінгі белесте
байыппен, байсалдықпен, ең бастысы заман талабына, қазіргі әлемдік
өркениет сұраныстарына сай келетін шешімдер іздестіру мақсатына
осысаладағы бірнеше басты-басты міндеттер айрықша көрсетілді?
Білім беру жүйесін дамытуды ынталандыру мақсатында жеке сектор мен
мемлекет арасындағы серіктестікті нығайту, мемлекеттік –жекеменшік білім
беруге кредиттер бөлу жүйесін жетілдіру мақсатында айталған ұсыныс-
шаралар да Жоллдаудың ең бір маңызды істерге жол ашқандығы деп
қабылдауымыз қажет.
Бүгінгі заманның, бүгінгі экомикалық — әлеуметтік сұраныстардың
қайнаған ортасынан туындап отырған осы қажеттіліктерді ескермесек ертең
кеш болып қалады
Қазақстан қоғамында жастарға, жалпы азаматтарға үздіксіз білім
беру,соны мемлекеттік деңгейде қамтамасыз ету мәселесінің алдыңғы қатарға
шығуы- еліміздің экономикалық—әлеуметтік дамуындағы ең бір пайдалы,
тиімді әрі өнімді жол деп білеміз. Ендігі жерде осы міндетті әрі қысқа
мерзімде, әрі сапалы деңгейде жүзеге асыру үшін еліміздегі барлық
мектептерде оқу- тәрбие жұмысындағы әдіс- тәсілдердің қай—қайсысы болсын,
негізінде оқушылардың сана- сезімін, ақыл- ойын дамытуды мақсат ететін
болғандықтан, олардың дара ерекшеліктерін жете біліп, санасып отырудың
айрықша маңызы бар.Мұғалім оқу- тәрбие саласында қандай жұмыс жүргізсе
де, сыныптағы оқушылардың өзіндік ерекшіліктерін, айталық мінез-
құлықтарын жете білуі қажет. Сондықтан әр баланың түрлі қасиеттерін жете
біліп, соған сәйкес тиісті әдіс қолдануы керек.
Зерттеу нысаны: темперамент психикалық құбылыс түрінде.
Зерттеу пәні: темперамент типтері мен қасиеттері.
Зерттеу болжамы: темперамент типтері мен қасиеттерінің теориялық жинақтарды
анализдеу және жүйелеу. Темпераменттердің өзгеруі мен тәрбиелеуіне анықтау.
Зерттеу әдістері мен әдістемелері – болжамдарды іске асыру үшін қолданылды:
темперамент типттері мен қасиеттерін анықтауға бағытталған психологиялық
әдістемелер, темперамент типтерін өзгерту мен тәрбиелеу, психокоррекциялық
жаттығулар.

І. Темперамент жөніндегі түсінік
1.1 Темперамент пен мінез
Қазіргі таңда жалпы білім беретін оқу орындарында жүргізілетін оқу-
тәрбие үрдісінде әр түрлі педагогикалық жағдаяттарды шешуде мектеп
психологінің қызметі үлкен рөл атқарады. Өйткені, бүгінгі күн жаңашылдықты
(инновациялық үрдістерді) талап етіп отыр. Сондықтан жаңа технологияны
экспериментке енгізбес бұрын жалпы ұжымдағы, оқушылар арасындағы
психологиялық ахуалды зерделеу, қарым- қатынас шеберліктерін ұштау, ата-ана
– мұғалім – бала байланысындағы көңіл күйді анықтау, соған орай қажетті
кеңес беру секілді жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуі тиіс.
Оқыту үрдісінде оқушылардың мінез-құлқын ойдағыдай басқару мұғалімнің
психологиялық ерекшеліктерді терең білуімен сипатталады. Оқушының мінез-–
құлқының механизмі және оның қабілетінің даму факторы– темперамент.
Темперамент туралы алғашқы ой-пікірлер ғылымда өте ерте кездің
өзінде-ақ айтыла бастаған. Ежелгі Грецияның белгілі ғалымы, дәрігер
Гиппократтың (.э.д. 460-356 ) еңбектерінде бұл жөнінде біраз пікірлер
айтылған. Гиппократтың ойынша, әр түрлі темпераменттер адамдар мен
жануардың денесінде 4 түрлі сұйық заттарға байланысты. Олар: денені жылытып
тұратын – қан, салқындататын – шырын, құрғататын – бауырдағы сары өт, оған
дымдылық беретін қара өт. Осы төрт түрлі сұйықтар араласуының пропорциясын
грекше красис деп атаған. Латын тілінде бұл темперементум деп аталады.
Темперамент – адамның психикалық әрекетінің нақты динамикасын
айқындайтын психиканың дара қасиеттерінің жиынтығы. Бұл психикалық
ерекшеліктер адамның барша іс-әрекетінде оның мазмұны, мақсаты және сеп-
түрткілеріне тәуелсіз бірқалыпты көрінеді, есейген шақта да өзгеріске
түспей, өзара байланыста темперамент кейпін өрнектейді.
Темперамент – 25 ғасырдан бері ғылыми ойды қызықтырған
мәселелерінің бірі. Оған деген қызығушылықтың төркіні – адамдар бойында
болатын дара өзгешеліктер. Әр адамның жан дүниесі өз алдына бір болмыс.
Оның қайталанбастығы, бір жағынан, адам тәнінің биологиялық және
физиологиялық құрылымы мен дамуына байланысты болса, екіншіден- әлеуметтік
ерекше байланыстар мен қатынастарға негіз бола алуында. Темперамент адамның
биологиялық сипатынан көрінеді. Адамдар арасындағы көптеген психикалық
айырмашылықтар: эмоция тереңдігі, қарқындылығы, тұрақтылығы, ауыспалы-
қозғалғыштығы- бәрі осы темперамент табиғатымен түсіндіріледі. Дегенмен,
осы күнге дейін теиперамент мәселесінің шешілмеген, талас-тартысты қырлары
баршылық. Бірақ проблемаға байланысты көзқарастардың көптігіне қарамай,
ғалымдардың бәрінің мойындайтыны: темперамент – жеке адамның әлеуметтік
тұлға ретінде қалыптасуының биологиялық, яғни табиғи ірге тасы. Темперамент
көбіне адамға тума берілген әрекет-қылығының ұдайы қозғалыстағы сипатын
бейнелейді. Сондықтан, темпераменттік қасиеттер басқа психикалық
құбылыстарға қарағанда тұрақтанған, өзгеріске келе бермейді. Назар
аударарлықтай ерекшелік, темпераменттің әрқилы қасиеттері бір-бірімен
кездейсоқ қосылмай, заңдылықтар негізінде түрлі темпераменттің белгілі
құрылымын түзеді.
Темперамент түрлерінің жақсы не жаманы болмайды. Олардың әрқайсысы
өзінің ұнамды тараптарына ие, сондықтан басты назар темпераментті реттеп,
түзетуге қаратылмай, нақты іс-
әрекетте оның тиімді жақтарын саналы әрі өз орнымен пайдаланудың жолдарын
табуға бағытталғаны жөн. Адам ежелден-ақ әрқилы тұлғалардың психикалық
бітістерін айыра танумен, олардың барлығын жалпыланған бейнелер тобына
біріктіруге тырысқан.
Мұндай жалпыланған бейнелер бірігімін психология тарихында аалғашқыдан
темперамент типтері деп атаған. Темпераменттердің бұл бірігімдік
(типологиялық) жүйесі өмірлік іс-әрекет тұрғысынан өте тиімді, себебі оны
пайдалана отырып, нақты тұрмыстық жағдайларда белгілі темперамент типіне
жататын адамның болашақ әрекет-қылығын күні ілгері пайымдауға әбден болады.

1.2 Темпераменттің типтері мен қасиеттері
Қазіргі кезеңде психология ғылымы белгілі жүйеде темперамент
типтерінің бәріне толық психолгиялық сипаттама беруге негіз боларлықтай
деректер топтаған. Алайда, дәстүрлі қабылданған темпераменттің төрт
(сангвиник, холерик, флегматик, меланхолик) түрінің психологиялық сипатын
түзу үшін көбіне төмендегі аталған негізгі темперамент қасиеттері
қолдануда:
Сезімталдық-адамның қандай да психикалық жауап әрекетінің пайда болуына
себепші сыртқы әсер күшінің ең төменгі деңгейі мен сол жауап-әрекеттің
туындау шапшаңдығы.
Жауап-әрекетке келу – бірдей ықпалды сыртқы не ішкі әсерлерге болған
ырықсыз жауап-әрекет дәрежесі.
Белсенділік — мақсатқа жетуде адамның қоршаған дүниеге ықпал жасау және
кедергілерді жеңу үшін жұмсалған әрекет-қылығының қарқындылығы (табандылық,
зейн қою, бағдар таңдау т.б.)
Жауап-әрекетке келу мен белсенділік қатынасы – адам іс-әрекетінің өзін
пайда еткен себепке қаншалықты тәуелді екенін білдіруі: кездейсоқ сыртқы
немесе ішкі жағдайлар (көңіл-күйден, кездейсоқ оқиғалардан), болмаса ниет,
мақсат, талғам т.б.
Икемдлік – адамның сыртқы әсерлер мен өзгерген жағдайларға қаншалықты жеңіл
әрі жылдам үйренісе алуы немесе жаңа жағдайға салғырт, тіпті жат қылық
көрсетуі.
Жауап — әрекет қарқыны — әрқилы психикалық әрекеттер мен процесстер,
сөйлеу, ым-ишара қозғалыстары мен ой білдіру шапшаңдығы.
Экстраверсия, интраверсия – адамның жауап әрекеті мен іс қимылына себепші
жағдайлар – нақты мезеттегі сыртқы сезімдер немесе өткен мен болашаққа
байланысты санадағы бейне, елес пен ойлар.
Сезімдік, қызбалық – эмоционалдық жауап болуы үшін, қажет ең төменгі
әсердің шамасы оның туындау жылдамдығы.
Аталған қасиетерді ескерумен қазіргі заман психолоиясында темпераменттің
барша ғылыми қауым қабылдаған төрт типінің сипаттамасы төмеңдегінше:
Сангвиник (лат. sanguis (sanguinis) – қан ) – белсенді адамды белгілеу
үшін қолданылатын термин. Сангвиник типті адамның эмоциялық қозу шапшаң
күшті болады, бірақ көп тұрақтамайды. Көңіл-күйі әп-сәтте өзегерді.
Сангвиник — әсершіл адам. Ұнатқан, сүйсінген нәрсесінің елігіп әуестенуі де
оңай,жеңсігінің басылуы да жылдам. Төңірегіндегі оқиғаларға, нәрсенің мән-
жайына елең етіп, көңілденіп, басқа әсерге ауысып кетуі де тез.Көңілі
көтеріңкі келеді. Ұзақ уақыт мұңайып жүрмейді.Бастан кешкен сезім күйлері
санасында елеулі із қалдырмайды. Шапшаң да икемді, қозғалғыш та қызу, еті
тірі, сергек келеді. Сезім күйлерін сыртқы қимылдары әйгілеп тұрады.
Көтеріңкі, мәнерлі сөйлейді, мимика,қимылы көп. Ақ жарқын, ашық келеді.
Мұндай адам басқалармен тез тіл табысады, бірақ қарым-қатынасқа онша мән
бермейді. Қызықтырған ічке бейімділігі, талабы, талпынуы көп, бірақ оп-оңай
басылып қалады. Бастаған ісіне тыңғылықты болмай, жұмысы аяқсыз қалады.
Іске қатысуға әр уақыт дайын тұрады. Кейде бірнеше жұмысқа бірдей кіріседі.
Басында көңілді көтеріңкі болып, іс үстінде лезде суыйды.
Холерик (грек. сhole — өт ) – эмоциялық қозуы өте шапшаң, өзінің сезім
күйін бірден байқататын, қызу мінезді адам; темпераментің негзгі төрт
типінің бірі. Психикалық белсенділік деңгейі жоғары, жігерлі, іс-әрекет
шапшаң адуындау адам.
Холериктер көңіл ауаны, күрт өзгергіш, шамшыл, шыдамсыз болып келеді.
Эмоциялық тұрақтылығы босаң, кейде ұрыншақ та болуы мүмкін. И.Павлов
холерикті күшті, байыпсыз тип деп санаған. Тиісінше тәлім-тәрбие болмаса
эмоциялық байыптылықтың жеткіліксіздігі өмірлік қарекеттің қиын-қөыстау
жағдайларында өз мінез-құлқын бақылай алмай қалушылық секілді жағынсыз
қасиеттер ұласуы мүмкін.
Флегматик (грек. phlegma – шырыш) – эмоциялық қозуы әлсіз, тез қызып
желікпейтін, мінезі ауыр адам; темпераменттің бір түрі. Флегматик өзіне
әсер еткен заттар мен құбылыстарды баяу қабылдайды. Көңіл күйі байсалды
баяу, орнықты, бастапқы қалпын ұзақ сақтайды. Қимыл – қозғалысы да өте
баяу. Флегматик бала оқуда, ойында, еңбекте тиянақты, басқалар мен көп
араласпайды. Мінезінде байсалдылық, сабырлылық, тұрақтылық анық байқалады.
Олар кез келген нәрсеге сезім білдіре бермейді, асықпай баппен жүріп-
тұрады, сезімдері сыртқа шықпайды. Бұл темпераменттің бір осал жері —
қимыл – қозғалыстың баяулығы, өмірде болып жатқан жағдайларға селқос
қарайтындығы, оңтайлылықты жоқтығы. Бірақ мұның ұстамдылығы,
салқынқандылығы, адамның мінез бітістері үшін таптырмайтын қасиет болып
табылады. Темперамент ерекшеліктерінің мұндай тиімді немесе тиімсіз болуы –
үйретуге, тәрбиеге байланысты.
Меланхолик. Өте сізімтал, бірақ әрекетшеңдігі кем адам. Болмашы
нәрседен көзіне жас үйіріліп, өкпелегіш, сырттай әсерді күйзеліспен
қабылдайды. Ым-ишарасы жоқтың қасында, дауысы мен қозғалысы өте сылбыр.
Әдетте, өзіне сенімсіз, үркек, болмашы қиындықтан шегінеді. Меланхоликтің
жігері кем, тез шаршайды, қызметі болымсыз. Зейіні тұрақсыз, оның барша
психикалық процестері әлсіз. Көпшілік меланхоликтен өздерінің тұйықтығы мен
адамдардан оқшаулануынан ішіне түйгені көп – толық интраверт.
Әр адамның темперамент типі тума екендігі қалтқысыз дәлелденген, ал
қасиеттер байланысты белгілі типтің ұйымдасу проблемасы — әлі ғылыми
шешімін таппаған.

Темпераменттер Жақсы жақтары Жаман жақтары
Холерик Шапшаң, Ұстамсыз,
белсенді күйгелек
Сангвиник Пысық, оңтайлы Тұрақсыз, баяу
Флегматик Ұстамды, Сылбыр
сабырлы
Меланхолик Сезімтал Тұйық

Шәкірттердің психологиялық ерекшеліктері
Сынып оқушыларының педагогикалық психологиялық картасын жасау да мыналарды
ескерген жөн:
➢ оқушының қоғамдағы және еңбектегі белсенділігі;
➢ өнегелі тәрбиелілігі;
➢ оқуға деген қөзқарасы;
➢ мәдени ой өрісі;
➢ жаңа жағдайда бейімделуі;
➢ жұмыс қабілеті;
➢ түрлі әсердегі реакциясы;
➢ эмоциясының қарқынды түрде көрінуі;
➢ оқылған ақпаратты тыңдауы, жаза білуі;
➢ оқу дағдысы;
➢ өз ісіне бақылау жүргізу;
➢ жауапкершілігі;
➢ еңбексүйгіштігі, оқуға бейімділігі.
Оқушы психологиясының зерттей отырып, әр темперамент
ерекшелігін ескеріп жұмыс тапсыру мұғалім шеберлігін байқатады. Оқушылардың
ой-өрісі, мінез-құлқын тану, олардың еркін жұмыс істеуіне жол салу – ұстаз
мүмкіндігінің басты шарты. Бұлар оқу-тәрбие үрдісінде ауадай қажет.
1.3 Тест Айзенка. Темперамент және мамандық таңдау
Мақсаттары:
➢ темперамент және мінез туралы теориялық қалыптасудың көрінісі;
➢ өзіндік темпераментті оқыту;
➢ диагностикалық құжаттар мен жұмыс істеудің дамуы.
Тест Айзенка арқылы темпераментті анықтау
60 сұраққа иә- +, жоқ — — арқылы жауап беру
1. Сіз жан-жақта болған айқай-шуды ұнатасыз ба?
2. Өз достарыңыздың жұбату және қасыңызда болуды қалайсыз ба?
3. Егер де сізден бір нәрсе сұраса, сіз әрқашан да сұраққа жылдам жауап
бере аласыз ба?
4. Сіз ашуланып, заланасыз ба?
5. Сіздің көңіл-күйіңіз әрқашанда өзгеріп отыра ма?
6. Басқа балалармен араласудан көрі, өзіңіз жалғыз болуды қалайсыз ба?
7. Әр түрлі ойлар сізге ұйқы бермей мазалай ма?
8. Әрқашанда айтқан бойынша жүресіз бе?
9. Біреулерге ойнап айтқанды ұнатасыз ба?
10. Сіз өзіңізді жағдайсыз бақытсыз болып сезіндіңіз бе?
11. Сіз көңілді адамсыз ба?
12. Сіз мектепте мектеп ережесін бұздыңыз ба?
13. Сізді көбі заландыра ма?
14. Тез жұмыс істейтін жер ұнай ма?
15. Бәрі де жақсы аяқталса да, сіз болып қала жаздаған сәтсіздікті
уайымдап қорқасыз ба?
16. Сізге кез келген құпияны сеніп айтуға бола ма?
17. Көңілсіз отырған баланың көңілін көтере алассыз ба?
18. Егер ешбір болмаған жағдай да, жүрегіңіздің қатты соғылуын байқайсыз
ба?
19. Татуласу үшін сіз бірінші қадам басасыз ба?
20. Сіздің өтірік айтқан күніңіз болды ма?
21. Сіздің орындаған жұмыстың бір кемшіліктерін тапса, сіз оған ренжисіз
бе?
22. Өзіңіздің жолдастарыңызбен көңіл көтеріп, қызықты әңгімелер айтқанды
ұнатасыз ба?
23. Өзіңіздің ешқандай жағдайсыз шаршағын күндеріңіз бола ма?
24. Сабақ істер алдында сен ойнап аласың ба?
25. Сен әрқашан да көңілдісің және қанағатты жағдай да боласың ба?
26. Сен тез ренжисің бе?
27. Басқа балалармен ойнап сөйлескенді ұнатасың ба?
28. Үй шаурасы бойынша туыстарыңа көмектесесің бе?
29. Сіздің басыңыз қатты ауратын кездер бола ма?
30. Адамды сіз ыңғайсыз жағдайға немесе оны мазақ қылып күлген кездеріңіз
бола ма?
31. Сізге бәрі ұнамаған жағдай болды ма?
32. Сіз мақтанғанды ұнатасыз ба?
33. Адамдар арасында сіз үндемей отырасыз ба?
34. Сіз өте уайымдаған кезде бір жерде отыра аласыз ба?
35. Сіз тез арада шешім қабылдайсыз ба?
36. Мұғалім болмаған уақытта сыныпта сен қатты шулайсың ба?
37. Саған қорқынышты түстер түсіңе кіре ме?
38. Достарыңның арасында бәрін ұмытып, көңіл көтере аласыз ба?
39. Сізді бір нәрсе арқылы тез ренжітуге бола ма?
40. Біреу туралы жаман ойлар бола ма?
41. Өзіңізді еш нәрсе керек қылмайтын адам деп есептейсіз бе?
42. Бір келімсіз жағдай болғаннан кейін, сіз көп уайымдап жүресіз бе?
43. Көңілді және шулы ойындарды ұнатасыз ба?
44. Әрқашан сізге не берсе де соны жей бересіз бе?
45. Сізден бір нәрсе сұраса, сіз одан бас тарта аласыз ба?
46. Қонаққа барғанды ұнатасыз ба?
47. Өмір сүргіңіз келмейтін кездер бола ма?
48. Ата-аналарыңыз бен қатал болған кездеріңіз болды ма?
49. Өзіңізді көңілді адам деп санайсыз ба?
50. Сабақ істеген кезіңде басқа нәрселерге көңіліңізді аударасыз?
51. Ортақ көңілді жиындар да шеткері отырасын ба?
52. Әр түрлі ойлар кірген кезде ұйықтап кету өте ауыр бола ма?
53. сізге тапсырған жұмыстарды орындауға өзіңізге сеніп кірісесіз бе?
54. Өзіңізді жалғыз деп санайсыз ба?
55. Бөгде адаммен бірінші болып сөйлесе аласыз ба?
56. Кеш болып қалған жағдай да, тез шешім қабылдауға тырысасыз ба?
57. Сізге айқалайған жағдай да, сізде айқайлап жауап бересіз бе?
58. Ешқандай жағдайсыз уайымдап немесе көңіл көтере аласыз ба?
59. Әртүрлі ертеңгіліктерде, кештерде көңіл көтеруді ауыр жағдай деп
санайсыз ба?
60. Ойламай істеген нәрсені, сіз уайымдап жүріп аласыз ба?

Осы жауаптарды есептеп қорытында — тұжырым жасаймыз:
Кілттері:
І. Экстравесиялы – интроверсиялық
иә — (+) 1,3,9,11,14,17,19,22,25,27,30,35,38 ,41,43,46, 49,53,57.
жоқ — (-) 6,33,51,55,59
ІІ. Нейротизм:
иә — (+)
2,5,7,10,13,15,17,18,21,23,26,29,31 ,34,39,42,45,50,51,52,53,56,58,60
ІІІ. Өтірікші шкала
иә — (+) 8,16,24,28,44,
жоқ — (-) 4,12,20,32,36,40,48

ІІ. Темпераменттi зерттеудiң әдiстерi.

Темпераменттi зерттеуде әсiресе Павлов түсiнiгi бойынша, зертханалық
эксперимент әдiсi кеңiнен танымал болды. Оның жақтастарының пiкiрi бойынша,
жасырынған әсерден құтылудың ең тиiмдi жолы. Бұндай экспериментте әсер ету
факторының нақты өлшеммен алуға болады, бұның уақытша сипаттама алу үшiн
мiнез –құлық қуатының өлшемiне баға берудiң маңызы зор.
Тек зертханалық жағдайда ғана субъектiнiң санасын бақылай алмайтын
және сондықтан да өзiне тән темперамент ерекшелiгiн ашатын ырықсыз
реакцияны өлшеуге болады. Лабораториялық эксперимент жағдайының
маңыздылығын нерв жүйесiнiң түрлерiн зерттеумен айналысатын психологтар
атап көрсетедi. Темперамент диагнозын қою зертханалық әдiстер арқылы жүзеге
асуының кемшiлiк тұстары бар, ең бастысы өлшеу мерзiмiнiң аздығы, сол
себептен оның нәтижелерi кездейсоқ болуы мүмкiн. Бұл темпераменттiң
физиологиялық механизмi, бiз атап көрсеткендей, өте күрделi реакцияның
үдемелiлiгiн анықтайтын нерв жүйесiнiң тонусы әр деңгейде әртүрлi. Кейбiр
реакциялар тек жеке адамның темпераментiнен ғана емес, сонымен қатар басқа
да қағида бойынша бiр мезгiлде бақылауға көрiнбейтiн басқа да факторларға
байланысты.
Бұл қиыншылықтарды жеңу үшiн комплекстiк, полифункционалдық зерттеулер
қолданылады, онда темпераменттiң көрсеткiшi мен әртүрлi реакция тiркелген.
Бұндай зерттеулер қолданылған аппаратураны есепке алғанда өте қымбат және
тәжiрибе өткiзушiден дайындықты талап етедi.
Көптеген зерттеушiлер, әсiресе балалар темпераментiн зерттеушiлер
темперамент диагнозын анықтау үшiн табиғи тәжiрибе жасайды, тәжiрибе жасау
әдiсiнiң негiзгi белгiлерi бар, сонымен қатар ол бақылау әдiсiне жақын.
Бұл әдiс темпераменттiң жүруiн және шартын бақылауға мүмкiндiк бередi,
оны басқаруға сонымен қатар бұл қызықтыратын мәселенi табиғи жағдайда
қарастырамыз, ол баланың күнделiктi өмiрiне жақын. Бала өзiнiң бақылау
объектiсi екенiн, оның мiнез-құлқы және реакциясы тiркелiп, арнайы
жоспарланған тәжiрибеге бағытталғанын сезбейдi. Бала темперментiн зерттеу
үшiн зерттеушi әртүрлi қозғалмалы ойындарды ұйымдастыруы қажет. Эксперимент
шарттарын қанағаттандыру үшiн ойынның барысы мен ережесi зерттеушi
тарапынан қатаң бақыланып және тiркелiп отыруы шарт.
Психологтардың арасында да аса белгiлi емес, бiздiң ғасырымыздың 30ж.
Польшадағы алғашқы пионерлердiң бiрi С.Валегурскийдiң темпераменттi зерттеу
әдiсiне қысқаша түсiнiк бере кетсек:
Қозғалыс импульсын өлшеу үшiн белглi бiр бұйрыққа адамның шапшаңдығы
есепке алынады. 3-4 жастағы қыз балаларды бiр қатарға қойып, оларға
тапсырма түсiндiрiледi. Олар бұйрықтан кейiн экспериментаторға қарай
жүгiрулерi керек, бiрақ тек үш деген бұйрықтан соң ғана жүгiру керек
екенiн ескерттi. Тәжiрибе бес рет қайталанды. (Өзiн-өзi ұстай бiлу
И.П.Павловтың шартты тежелу күшi өлшемiнiң осыған сәйкес). Қозғалыс
импульсының көрсеткiшi болып уақыттан ерте реакция есептелiндi, тәжiрибеге
қатысушылардың импульсивтiгiн команда аяқталмай-ақ жүгiрiп кеткендiгiмен
есептелiндi. Уақыттан ерте реакциядан тежелу жолы (бiзде бүгiн өлшенiп
отырған), И.П.Павловтың шартты тежелу күшiн өлшеу түрiнiң сәйкестерiн еске
түсiредi.
Басқа жағынан темпераменттiң реакция жылдамдығы, әсер ету қарқыны
сияқты қасиеттерiн С.Валигурса бұйрық берiлген уақыттан орындалғанға
дейiнгi уақытпен өлшеген. Мысалы, екi кубиктi ал, оның бiреуiн орындыққа
қой да, екiншiсiн маған бер! деген бұйрық берiлген. Тапсырмалар әртүрлi
қиындықтармен болды. Осындай сегiз бұйрық берiлдi, олардың орындалу мерзiмi
жиынтық және жеке уақыт бойынша есептелiнедi. Келесi бiр тәжiрибеде дәл осы
мақсатта маржанды тiзу және фасольдi бұршақтан айыру секiлдi тапсырмалар
берiлдi.
Екi тапрсырмада да баланың осы жұмысты орындау барысындағы жылдамдығы
есептелiнедi. Осылайша автор көрсеткен темпераменттiң шыдамдылық,
ұстамдылық, батылдық сияқты түрлерi де өлшенедi.
Қалыпты жағдайда өткен қарапайым ғылыми тәжiрибе темпераменттiң
кейбiр қасиеттерiнiң сандық сипаттауына жағдай жасайды, бiрақ қолданылған
тапсырмалар өте жеңiл не қиын болмауы керек, әр балаға жеке тұрғыдан келу
керек. Педагогикалық жұмыс барысында оқушының психологиялық ерекшелiгi мен
темпераментiнiң дагностикасын жасаудағы әдiстiң бiрi – бақылау. Бiрақ жеке
тұлғаның темпераментiн және басқа да анықтау үшiн оның мiнез-құлқын бақылау
жеткiлiксiз.
Оқушының жалқаулығын, өтiрiк айтуы не өмiрге деген қызығушылығын
айқындау оның темпераментi туралы еш мағлұмат берiлмейдi, себебi бұл
ерекшелiктер баланың мiнезiне, қызығушылығына байланысты. Сонымен қатар бiз
баланың өзне тапсырылған iстi тез атқаратынын, кездейсоқ өмiр
жағдайларындағы және қиын жағдайлардағы мiнез-құлқымен танысамыз,
байқаймыз көптеген осындай бақылауларды негiзге ала отырып, олардың
темперамент ерекшелiктерi туралы айта аламыз.
Темпераменттi танудың ең нәтижелi жолы – бағытталған бақылау, оның
көмегiмен темпераменттiң жоғары және төменгi деңгейдегi ерекшелiгiн
көрсететiн мiнез-құлық үлгiсiн тiркеуге болады. Арнайы дайындығы жоқ
адамдарға мұндай бақылауды жүргiзуге бақылау бағдарламасын құрайтын бақылау
кестесi көмек бередi. Бұл кесте мiнез-құлықтың қай үлгiлерi мен
жағдайларына баса назар аудару керектiгiн нұсқайды.

2.1 Темпераментті зерттеу әдістемелік анамнестикалық әдісі

Психологиялық зерттеулерде анамнез екi түрлi қолданылады:
1)Темперамент қасиетi мен жеке психикалық ерекшелiктерiн анықтау үшiн.
2)Темперамент қасиетiнiң дамуының заңдылығы мен шығуын және басқа да жеке
психикалық ерекшелiктерiн анықтау үшiн.
Темперамент қасиетiн анықтау үшiн зертханалық психологиялық зерттеуде
осы мақсатта қолданылған барлық дерлiк категорияларда пайдалануға болады.
Темперамент қасиетiнiң даму заңдылығы мен шығу тегi тiкелей анамнеза
жолымен зерттеледi.
Бұл жағдайда зерттелетiн жеке ерекшелiктер дамудың әртүрлi кезеңiнде
көрiнуiн салыстыру негiзгi тәiл болып саналады. Дамудың ерте кезеңi өте
маңызды, әлi жеке тұлғаның қатынасы мен мативi жоқ болған жағдайда,
темпераммент … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz