Теміртауда әйел адам балконнан құла кетті |
Қала тұрғыны Нина Климова 9-қабаттан адамның құлағанын көрген деп жазады etemirtau.kz.
«Құрбыммен келе жатқанбыз. Бір уақытта төбеден бір нәрсенің құлап бара жатқанын көзім шалды. Куртка деп ойлайын десем, ол ондай дәу де емес. Бір уақытта жерге адам түсті», – дейді жантүршігерлік жағдайдың куәгері болған әйел.
Басқа куәгерлердің айтуынша, балконнан құлаған әйел оқиға орнында қаза тапқан. Анық болғандай, әйел жалғызбасты екен. Бірақ күн сайын оған ұлы келіп, қажетті заттарын әкеліп тұрған.
Қарағанды облысының Полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты ақпарат бөлісе алмайтындарын мәлімдеді.